Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:
2В Ежелгі Үндістан. Буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы
|
Мектеп:
|
Күні: 30.10.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны: 25
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Ежелгі Мохенджо – Даро қаласы қалай жойылып кетті?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.4.1.3. Ежелгі өркениеттің шаруашылық жүйесін сипаттау.
5.2.2.3. Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру.
|
Сабақ мақсаты
|
Барлығы: Ежелгі Үндістанның Хараппа мәдениеті мен Мохенджо-Даро қаласының өркениетінің ерекшеліктерін біледі.
Көпшілігі: Мохенджо-Даро қаласының жойылу себептерін анықтайды.
Кейбірі: Ежелгі Үнді өркениетінің ерекшеліктерін талдайды және бүгінгі күнмен салыстырады. Арий тайпаларының өркениетке тигізген әсерін анықтайды.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
Ежелгі Үнді өркениетінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Мохенджо-Даро қаласының жойылу себептерін анықтайды.
Ежелгі Үнді өркениетінің ерекшеліктерін талдайды
Арий тайпаларының өркениеттің дамуына тигізген әсерін сипаттайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кеткендігінің себебін түсіндіреді
Пәндік лексика және терминдер
Хараппа мәдениеті.Үндістандағы арий тайпалары.Мохенджо-Даро қаласы. Үндістандағы ведалық кезең. Үндістанға арий тайпаларының келуі.Санскрит тілі. Тілдік мақсатға жету үшін Голосарий ұсынамын. Арий-тайпа атауы.
Санскрит-арийліктердің тілі
Ведалық кезең-санкрит тілінде қасиетті кітаптар
Диалогқа/ жазылымға қажетті сөз тіркестер
Менің ойымша , ежелгі Мохенджо-Даро қаласының жойылуына әсер етті.
Менің пікірімше.....
Менің ойлауымша....
|
Құндылықтарды дарыту
|
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Өндірісті, білім мен ғылымды дамытуға, техникалық және кәсіби мамандарды үйренуге баулу.
|
Тарихи концепт
|
Дәлел - өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды.
|
Пәнаралық байланыстар
|
География – картадан ежелгі Мохенджо-Даро қаласының орналасу орнынын белгілеу
Әдебиет – тарихи деректерден үзінділер танысу және зерттеу;
Қазақ тілі – тапсырмалар орындау барысында тіл құзыреттіліктері(тілдік, сөйлеу,тыңдау,жазу) көрініс табады
|
Алдыңғы білім
|
Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін біледі
|
|