Сабақ тақырыбы Есімдікті қайталаймыз



бет5/5
Дата09.10.2019
өлшемі127,83 Kb.
#49509
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақ тілі
джт

Оқу ісінің меңгерушісі: 11 .09.2018ж.

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Күні: 18.09.2018ж.

Сынып: 4Б

Мектеп: №7 жалпы орта

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дыбыс үндестігіне байланысты жаттығулар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініпп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жаттығулар орындайды, сұрақтарға жауап береді

.Көптеген оқушылар: тақырып бойынша жұмыс жүргізіп, сөйлем құрайды

.Кейбір оқушылар: тапсырмаларды орындайды, сөйлем мүшелеріне талдау жүргізеді, сұрақтар қояды

Бағалау критерийлері





Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

  • Сөйлемнің түрлерін ажыратады, мысал келтіреді, сөйлем құрайды.

түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

бастауыштық-баяндауыштық қатынас,үйірлі мүше.



Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сөйлем мүшелері деген не?

Бастауыш қандай қызмет атқарады?





Жазылым бойынша:

Үйүрлү мүшө- үйірлі мүше



Құндылықтарды дарыту




Пәнаралық байланыстар

әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары




Бастапқы білім


Сөйлем мүшелері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру 3мин
Үй тапсырмасы 7мин

Түгелдеу. Оқу құралдарын тексеру, зейінін сабаққа аудару

Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба? /иә/

Біз мектептің мақтанышы боламыз ба? /иә/

Қазақ тілінен «5» алып, нәтижеге жетеміз бе? /иә/

Өте жақсы!



Психологиялық дайындық

«Ақ тілек. Әсем күлкі».
«Мен бәрін орындай аламын»

Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рахмет.

Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет.

Мен барлық жерге барамын, сол үшін аяқтарыма рахмет.

Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рахмет.

Мен барлығын білемін , сол үшін басыма рахмет.



Үй тапсырмасын тексеру:

Буын үндестігі деген не?

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата.

Мына сөздерден буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді тап

Тілмаш, дәрігер, достық мұғалім

Тілмаш сөзінің түбірі мен қосымшасын ажырат
Қызығушылықты ояту.

1. Қайталау «Мен саған, сен маған» ойын сұрақ-жауап , допты лақтырып мен сұрақ қоямын, оқушы жауап беріп қайтарады . Дыбыстар нешеге бөлінеді?


Үндестік заңы дегеніміз не?

Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

Дыбыс үндестігі деген не?





Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ 15 мин


Күн ретін жазу . Көркем жазу.

Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымдасингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:

  1. Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)

  2. Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)

  3. Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б

Оқулықпен жұмыс.

Екі бағандағы сөздерді оқып, айтылуы мен жазылуын салыстыр.



Айтылуы Жазылуы

жұлдышша жұлдызша

жолбашшы жолбасшы

көмбеді көнбеді

көссіз көзсіз

Бұл сөздердің жазылуын есте сақтаңдар.



Шығармашылық тапсырма

1-топ: Сөздер жұбынан дұрыс жазылған сөз тіркесін теріп жаз.

2-топ: мазмұнды суретпен жұмыс

3-топ: Торы ат, ала кел, атың кім, екі қыз сөйлем құрап жаз. Есіңде сақта!



Айтылуы Жазылуы

көк өрік көгөрүк

ақ ешкі ағешкі

жібек мата жібегмата

құнан бәйге құнамбәйге

он бір омбір

он бес омбес

Жеке суреттермен жұмыс

Сөз құрап, жазылуы мен айтылуы бойынша жазу.



8+көз 1+қазан

сегізкөз – сегізгөз бірқазан – бірғазан

-Сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?





Қосымша мәлімет

*Сегізкөз – құйымшақ омыртқаларының бір-бірімен сүйектене байланысу нәтижесінде түзілген сүйек.

Бұл сүйек адамда сегізкөз, жануарларда құйымшақ деп аталады. Сегізкөз бел және құйрық омыртқаларының аралығында орналасып, омыртқа бағанын құрауға қатысады



*Бірқазандар – ескекаяқты құстар отрядына жататын құстар. Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады.




Сабақтың соңы

Қорыту 10 мин



Үй жұмысы, бағалау 5мин

Қорытынды Білгенге маржан. (Пысықтау сұрақтары )
Дыбыс үндестігі дегеніміз не? 
Дыбыс үндестігінің неше түрі бар?
Ілгерінді ықпал деген не?
Кейінді ықпал деген не?

Дыбыс үндестігі

Үй жұмысы.

5-жаттығу.




Бағалау критерийі

1.






2.




3.




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Оқу ісінің меңгерушісі: 18 .09.2018ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет