Сабақтың көрнекілігі
|
Тұздар, қышқылдар және негіздердің ерігіштік кестесі, күкірт қышқылының ерітіндісі, натрий мен магний сульфаты, барий хлориді, күміс нитраты, натрий және барий гидроксиді, темір (III) хлориді және темір (III) сульфаты, натрий карбонаты ерітінділері, фенолфталеин, сынауықтар мен тұрғы.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру .
I нұсқа
Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, берілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:
CuO, Cu(OH)2, Ca(OH)2, H2SO4, K2SO4, BaSO4, AgNO3, AgCl, FeCl3, PbCO3.
II нұсқа
Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштік кестесін пайдаланып, I нұсқада келтірілген кестеге мына заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:
Fe(OH)2, Ba(OH)2, Fe2O3, H3PO4, Na2CO3, PbSO4, Ba(NO3)2, CaCO3, AlCl3.
|
«Ой қозғау»
|
Түрткі сұрақ: «Ион» дегеніміз не?
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқиды.
І топ.
Тұнба түзіле жүретін реакциялар.
ІІ- топ
Газ бөліне жүретін реакциялар.
ІІІ- топ
Су және басқа аз диссоцияацияланатын заттар-түзіле жүретін реакциялар.
Топтық тергеу әдісі бойынша мәтінді қорғайды.
Баяндамашы- мәтінді мазмұндап айтады.
Сұрақ қоюшы- мәтінге байланысты сұрақ қояды.
Сілтеме табушы- мәтіннің ішіндегі термин және түйін сөздерді табу.
Дәнекерлеуші- оқып отырған мәтінді өмірмен байланыстырады.
Бейнелеуші, суретші- осы тақырып аясында сызбалар дайындайды, реакция теңдеулрін жазады.
Топтар постер қорғайды. Топтғы оқушылар бір- бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.
№1 лабораториялық тәжірибе
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |