І. Ұйымдастыру: амандасу, түгендеу
ІІ. Оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру:
Арқа-арқа, бетпе-бет стратегиясы.
Сұрақтар:
1. Күш туралы не білеміз?
2. Өлшем бірлігі км, м, см, мм болатын қандай шаманы білеміз?
3. Ауырлық күші дегеніміз не?
4. Күш моменті қандай шамаларға тәуелді?
5. Жай механизмдердің қандай түрлерін білеміз?
ІІІ. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:.
Топқа бөліну: Атомдар мен молекулалар
1-топ. Күш.
2-топ. Күш моменті
3-топ Иіндік
4-топ. Блок.
№1 тапсырма:
Белсенді оқыту әдісі: «Орын ауыстыру» әдісі.
Тапсырмасын орындап болған оқушылар келесі топқа барып, оның есебін шығарады.
Жеке жұмыс
І топ
1-тапсырма
Келтірілген сызбанұсқадан иіндіктің күш иіндері мен иіндеріне түскен күштерді көрсетіңдер
2-тапсырма
Иіндіктің кіші иініне 300 Н күш, ал үлкен иініне 20 Н күш түсті. Кіші иіннің ұзындығы 5 см, үлкен иіннің ұзындығын анықтаңдар.
Жауабы: 75 см.
ІІ топ
1-тапсырма
Келтірілген сызбанұсқадан иіндіктердің қайсысы тепе-теңдік жағдайда болады?
2-тапсырма
Иіндіктің кіші иінінің ұзындығы 5 см, үлкенінікі 30 см. Кіші иінге 12Н күш түссе, иіндікті тепе-теңдік қалпына келтіру үшін үлкен иінге қандай күш түсіру керек?
Жауабы: 2 Н.
ІІІ топ
1-тапсырма
Келтірілген сызбанұсқадан иіндіктің иіндеріне түскен күштерді көрсетіңдер.
2-тапсырма
Иіндіктіктің кіші иінінің ұзындығы 5 см, ал үлкенікі 2 м. Кейінгісіне түсетін күш 12 Н. Иіндік тепе-теңдігін сақтау үшін кіші иініне қандай күш түсіру керек.
Жауабы: 480 Н
IV топ
1-тапсырма
Келтірілген сызбанұсқадан иіндіктердің қайсысы тепе-теңдік жағдайда болады?
2-тапсырма
Күш моменті М1= 1Н*м. Рычагтың айналу осінің оң жағындағы салмағы 4Н жүк ілініп тұр, рычаг тепе теңдікте болуы үшін қандай қашықтықта орналасуы керек?
Бағалау критерийі: Күш моменттер ережесін есептер шығаруда қолданады
Дескриптор
|
- күш моменттер ережесін біледі;
- күш иіні мен күштердің түсу нүктесін біледі
- күш моменттер формуласынан күш иінін анықтайды;
- күш моменттер формуласынан түсірілген күшті анықтайды;
| |