болжау стратегиясы, фильм дидактикасы, сұрақ-жауап, ой бөлісу, талдау «Егер де мен...».
Әдіс-тәсілдер
Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті
Дереккөздер
І Ұйымдастыру кезеңі
Сынып ахуалын қалыптастыру
1 минут
Қима қағаздардан мозайка құрастырып, топтасуды сұрайды. Мозайкада берілген суреттер арқылы топасуды тапсырады.
Суретте Төлеген мен Жібек не не жайлы сырласып тұр деп ойлайсыңдар?
Мозайка құрастырғанда әр топ мүшелерінде суреттер шығады. Әр топ мүшелері топ ішінде ақылдаса отырып, ойларын жүйелей отырып, суреттегі кейіпкерлерің атынан сөйлейді.
Слайд Таратпа қағаздағы суреттер
ІІ Үй тапсырмасы Білу
Сұрақ-жауап
5 минут
Жырды алдын-ала оқып, танысу берілген.
Жыр бойынша білімдерін еске түсіру үшін сұрақтар қойылады:
1. «Қыз Жібек» жырының біз оқыған нұсқасын кім бастырып шығарды? 2. «Қыз Жібек» қай ғасырдың еншісіне тиісті? Нақты деректермен айтыңдар.
3. Жағалбайлы жұрты қазір қай жерлерде бар?
4. Жыр қалай аяқталды?
5. Жырдың басты кейіпкері Төлегеннің есімін неге Төлеген қойған?
Болжам жауап: Азан шақырып ат қою. Бала өміріне мән беру. «Төлеген деп қойыпты ұлдың атын... Жұрт жиып Сансызбай деп атын қойды». Ат қою тарихын айту. Қазақ халқының ат қоюға аса үлкен мән бергені. Қазір балаға ат таңдауда шетелдік аттарға үйірсектік болып бара жатыр.
Махаббат жайлы сөз болғанда Жібек пен
Төлегенді, Қозы мен Баянды, Қалқаман мен Мамырды, Еңлік пен Кебекті айтпай кетуге болмайды. Ендеше махабатты қазіргі жастар қалай түсінесіңдер? Махаббат қандай болу керек?
Халық ауыз әдебиетінде «Қыз Жібек» жыры осы тақырыптағы шығармалардың бірі.
Бүгінгі сабақта біз жырдың мазмұнына үңіліп, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасап, түрлі талдау жұмыстарын жүргіземіз.
«Қыз Жібек»жыры халқымыздың сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз, ол өзінің көркемдік ерекшелігімен оқырманды өзіне баурап алады. Жырдың-идеялық мазмұны, көркемдік сөз саптауы, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан үздік жыр.
Теңеуді, эпитетті, метафораны, құбылтудан әсірелеу мен кішірейтуді, айшықтаудан зарлай арнауды ұтымды пайдалана білген.