с лайд Жабайы қызғалдақ
Жабайы қызғалдақ Қазақстанның далалары мен шөлдеріне сән береді. Қазақстан қызғалдағы дүниежүзі елдерінің қала көшелері мен саябақтарын көркейтіп тұрған қызғалдақ гүлдерінің арғы тегі болып саналады. Демалушылар оларды ретсіз жұлып әрі таптап кетеді. Жабайы қызғалдақтың біраз түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Қызыл кітап не үшін керек?
Жойылып кеткен немесе жойылуға қауіп төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді енгізу үшін керек.
2. Жұмбақты шеш:
Көлдің көркі, еркесі,
Қанаттары – көрпесі.
Бойын күтіп, баптайды,
Ешкім оны атпайды. (Аққу)
3. Қазақстанда неше қорық бар? Тоғыз
4. Құлан қандай жануарларға ұқсайды? Жылқы мен есекке
5. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің аттарын не үшін білу керек?.
Оларды қорғап, қамқор болу үшін
6. Елімізде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қандай шаралар жасалады?
«Табиғатты қорғау» туралы Заң бар, қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылған
7. Жұмбақты шеш:
Тұрқы, күрі
Жылқы тектес жалы бар,
Шөп жеп түрлі,
Түзде өскен жануар. (Құлан)
ІІ деңгей тапсырмалары
Суреттердің ішінен Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді көрсет.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Өсімдік пен жануарлардың жойылып кетуінің себептері сенің ойынша неде? Себептерін шеңберлерге жаз.
Топтық жұмыс. Тақырып бойынша жануарлар мен өсімдіктерді қорғауда адам жасап жатқан шаралар туралы ой қозғау.
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауда адам қандай шаралар атқарады?
Берілген сурет бойынша табиғатты қорғау ережелерін құрастыр.
1-топ
2-топ
3 -топ
Есіңде болсың!
Біздің елде «Табиғатты қорғау» туралы Заң бар.
Оны ересектер де, балалар да орындау керек.
Бұл заңды сен де орында! Табиғатты сақта!
V8Сабақты қорыту. Қызыл кітап шыққаннан кейін көптеген елдерде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды. Ондағы жануарлар табиғи ортада тіршілік етеді, ешкім ұстамайды және ауламайды. Бұл мезгілсіз кеткен адам қолынан опат болған саны азайып бара жатқан табиғатты жан- жануарлардың тізімі жазылған құжат. Оларды сақтау әр ұрпақтың борышы.
Кері байланыс «Жетістік баспалдағы»
|
Достарыңызбен бөлісу: |