Сабақтың басы
7 минут
|
Ұйымдастыру сәті.
Сыныппен амандасып,түгендеу.
Саралау тәсілі "Жіктеу"арқылы 3 топқа бөлу (аралас гендерлік топ).
Қағаз қиындыларын суырып, ондағы мысалды ауызша есептеп, шыққан нәтижеге байланысты «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» топтарын өздері құрып, топтың атын қорғайды.
Өткен сабаққа шолу мақсатында деңгейлік сұрақтар қойылады.
«Ашық микрофон» белсенді оқу әдісімен
«Сенен сұрақ, менен жауап» арқылы оқушылар мен мұғалім тиімді диалогқа түседі.
Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан деген не?
Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?
Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?
Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?
Жай бөлшек пен аралас санның жазылуында қандай ұқсастық және айырмашылық бар?
Өмірде жай бөлшектер қолданыла ма?
Қалыптастырушы бағалау : Қошемет
Үй тапсырмасын тексеру: «Өзара тексеріс» әдісі. Оқушылар дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып, үй тапсырмасын интербелсенді тақтада көрсетілген жауаптар арқылы тексереді.
Қ. Б : Бірін-бірі бағалау. (оқушыларға геометриялық үшбұрыш, төртбұрыш,бесбұрыш фигураларын беремін, бір - бірін бағалайды. )
1.Тапсырма сауатты орындалды, жауабы дұрыс;
2. Тапсырма орындауда кемшіліктер бар, жауабы дұрыс;
3. Тапсырмада қателер орын алған, жауабы жартылай дұрыс.
Төртбұрыш, үшбұрыш алған оқушылар топтың белсенді оқушыларынан көмек алады.
Мұғалімнің мадақтамасы : «Жарайсыңдар!»
«Мен не білемін, не білгім келеді, не білдім» кестесі ұсынылып, алдыңғы екі графасын толтырады.
Тақтаға ілініп, топтардың жай бөлшектермен амал орындағысы келетіні, соның ішінде бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу, азайтуды білгісі келетіні анықталып, жаңа сабақ басталады. Анықтау барысында қосымша жетекші сұрақтар қоюға болады.
Қандай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз?
Ендеше, олармен арифметикалық амал орындауға бола ма?
|
«Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» мысалдары жазылған қағаздар.
Фигураларды, кестені үлестіру
Интербелсен ді тақта
Тақтада кесте
|
Сабақтың ортасы
20 мин
5 мин
6 мин
|
Топтық жұмыс: «Жигсо» әдісі.
- оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау мақсатында
Топ мүшелері санау арқылы 1-ден 5-ке дейін нөмерленіп, өз нөмерлеріне сай мысал есептерді алып танысады, алгоритм көмегімен өздігінен орындайды. 2 минуттан соң, 5 кіші топша құрып, топшада талдайды, түсінеді, шығарады. Өзіңді өзің тексер арқылы шығару жолын, жауабын тексереді.Топқа қайта оралып, топта түсіндіреді.
Алгоритм: 1.Берілген бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер.
2. Бөлімдері бірдей бөлшектің қосындысын (айырмасын) табыңдар.
№1. +; №2. -
№3 . +; №4. -;
№5 3--.
|