Сабақ тақырыбы Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару



бет11/15
Дата24.09.2024
өлшемі36,61 Mb.
#204972
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
18.09.2024ҚМЖ9сыныпАлгебра

ІІ. А деңгейі:
47.



Екі пристанның ара қашықтығы 24 км-ге тең. Бұл аралықты катер төмен қарай өзен ағысымен жүргенде, кері бағытқа қарағанда 30 мин тез жүріп өтеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса, катердің меншікті (тынық судағы) жылдамдығын табыңыз.



Жауабы: 14км/сағ.
50. Ара қашықтығы 462 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі машина шықты. Біреуінің жылдамдығы 86 км/сағ, ал екіншісінікі 68 км/сағ болса, онда 2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қанша болады?
Жауабы: 154 км.
В деңгейі:
27.



Моторлы қайық өзен ағысы бойымен 14 км, ал сонан соң ағысқа қарсы 9 км қашықтықты жүзіп өтуі үшін барлығы 5 сағ уақыт жұмсады. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 5 км/сағ деп алып, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.



Жауабы: 2 км/сағ.
30. Екі автобус бір уақытта бір қаладан екінші қалаға қарай шықты. Екі қаланың ара қашықтығы 36 км. Бірінші автобус, екіншіге қарағанда белгіленген уақыттан 15 мин бұрын келді. Егер бірінші автобустың жылдамдығы екіншіден 2 км/сағ артық болса, бірінші автобустың жылдамдығы қандай? Жауабы: 18 км/сағ.
С деңгейі:
14. Турист өзен ағысымен 90 км-ді қайықпен жүзді де, қалған 10 км-ді жаяу жүріп өтті. Оның жаяу жүріп өткен уақытындай жаяу жүрсе, ал жаяу жүріп өткен уақытындай қайықпен жүзсе, онда олардың жүрген жолдары біріне-бірі тең болар еді. Турист қанша уақыт жаяу және қанша уақыт қайықпен жүзіп өтті? Жауабы: 2 сағ; 6 сағ.
18.



Ұзындығы 60 м-ге тең шеңбер бойымен бір бағытта қозғалатын екі нүкте әрбір 1 минут өткенде кездесіп отырады. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда шеңберді 5 с ерте айналып өтеді. Әрбір нүктенің жылдамдығын табыңыз.



Жауабы: 4 м/с; 5 м/с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет