Сабақ тақырыбы Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару



бет13/15
Дата24.09.2024
өлшемі36,61 Mb.
#204972
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
18.09.2024ҚМЖ9сыныпАлгебра

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, анализ



І.
А деңгейі:
Бірінші кран бассейінді 8 сағатта, ал екіншісі 10 сағатта, үшіншісі 40 сағатта толтырады. Үш кран бірлесіп осы бассейінді қанша сағатта толтырады? Жауабы: 4.


В деңгейі:



Екі бригада ағаш отырғызды. Әр күні бірінші бригада екіншіге қарағанда 40 ағаш артық отырғыза жүріп, барлығы 270 ағаш отырғызды. Екінші бригада біріншіге қарағанда 2 күн көп істеп барлығы 250 ағаш отырғызды. Әр бригада неше күн жұмыс істеді?

Жауабы: 3 күн; 5 күн.
С деңгейі:



Екі бригада орындықтар жасады, сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада 1 күнде екіншіден екі орындық артық, бірақ одан 1 күн кем жұмыс жасады. 2 бригада бірлесе отырып бір күнде қанша орындық жасады?



Жауабы: 24.
Дескриптор: Білім алушы
- есеп шартына сәйкес айнымалыны/ айнмалыларды енгізеді;
- барлық жұмысты бір бөлік деп есептейді;
- жұмыс өнімділіктерді анықтайды;
- бір айнымалыдан тәуелді теңдеу құрады;
- теңдеуді/ теңдеулер жүйесін шешеді;
- ізделінді шаманы/ шамаларды тауып, жауабын жазады.


ІІ.
А деңгейі:
Моторлы қайық өзен ағысымен 40 мин, ағынға қарсы 1 сағат жүзіп, осы уақытта барлығы 37 км жол жүрді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,5 км/сағ болса, онда қайықтың тынық судағы жылдамдығы қандай? Жауабы: 22,5 км/сағ.


В деңгейі:
Поезд жолда 6 мин-қа тоқтады да, өзінің кешігуін 20 км-лік жол кесіндісінде жойды. Ол үшін поездың қозғалыс кестесі бойынша жорамалданған жылдамдығынан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүруіне тура келді. Берілген жол кесіндісіндегі поездың кесте бойынша жорамалданған жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 40 км/сағ.


С деңгейі:



Пойызға асыққан жолаушы бірінші сағатта 3,5 км жүргеннен кейін, осы жылдамдықпен жүре берсе пойызға 1 сағат кешігетінін есептеп білді. Ол қалған жолды 5 км/сағ жылдамдықпен жүре отырып, пойызға 30 минут ерте келді. Жолаушы қанша км жол жүрген?

Жауабы: 21 км.


Дескриптор: Білім алушы
- есеп шартына сәйкес айнымалыны енгізеді;
- жолды табу формуласын қолданады;
- қайықтың/поездың/жолаушының жолын анықтайды;
- теңдеу құрады;
- теңдеуді шешеді;
- ізделінді шаманы тауып, жауабын жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет