ІІІ. А деңгейі: 19. Цифрлары бірдей екі таңбалы сан берілген. Егер бұл санның үлкен разрядына 1-ді, ал кіші разрядына 2-ні қосып, оны берілген санға көбейткенде 2464-ке тең болатын екі таңбалы санды табыңыз. Жауабы: 44.
20. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер бұл санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда ізделінді саннан 18-ге артық болатын сан шығады. Осы санды табыңыз. Жауабы: 57.
В деңгейі: 19. Қайсыбір екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы осы цифрлардың екі еселенген көбейтіндісінен 4-ке артық. Осы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 4-ке және қалдық 9-ға тең болады. Ізделінді санды табыңыз. Жауабы: 57.
20. Екі таңбалы санның цифрларының көбейтіндісі оның цифрларының қосындысынан 2 есе артық. Егер ізделінді саннан 27-ні шегерсек, сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Осы санды табыңыз. Жауабы: 63.
С деңгейі: 19. Үш таңбалы сан х цифрымен аяқталады. Егер оны санның басына жазса, онда бастапқы берілген саннан 18-і артық болады. Осы санды табыңыз. Жауабы: 202.
20. Қандай да бір екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 4 есе артық, ал көбейтіндісінен 3 есе артық. Осы санды табыңыз. Жауабы: 24.
5-Қосымша. Жеке жұмыс.
«Мәтіндік есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шешу» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау
Білім алушы - Бірлесіп жұмыс істеуге берілген мәтіндік есептерді шығарады; - Бір мезгілде әртүрлі құбырлармен толтырылатын бассейндер туралы мәтіндік есептерді шығарады; - Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарады; - Сандардың формуласы қолданылатын мәтіндік есептерді шығарады.