Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек»



бет3/4
Дата27.05.2022
өлшемі342,74 Kb.
#145325
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
7-сынып. Көксерек
2 5429195883163944690, Ï?í òóðàëû æàëïû ì?ë³ìåòòåð Ï?í î?ûòóøûëàðû, 1582268276339
Оқиғаның байланысы:Көксеректің ауыл тұрғыны болуы, оның ауылда өсуі, мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері.Көксеректің өз тұқымын тануы, бірнеше рет жоғалып кету, қасқыр үйіріне қосылуы.Ақ қасқырмен жұп болуы.
Шиеленісуі:Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып, төңіректегі ауылдырды шулатуы. Қорадағы қойларды жаралауы.
Шарықтау шегі:Көксеректің Құрмашты өлтіруі.
Шығарманың шешемі:Аққасқаның Көксерекпен айқасы.Көксеректің өлімі.Құрмаштың әкесінің Көксеркті басқа теуіп, Құрмашын жоқтауы.
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе - кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
Ж-Ж.Саралау тапсырмасы
«Жуан және жіңішке» әдісін қолдану сұрақ қою мәнерін жетілдіреді. «Жіңшке» сұрақтар-бірсөзді жауапты талап ететін, сұрақтар. «Жуан» сауалдар- ойлауды ,қосымша білімді тарататын, талдай білуді талап ететін сұрақтар.
-Жазушы әңгімені неге «Көксерек» деп атаған, Мқхтар ойын қалай түсіндіре едіңіз?(Жазушы шығарманы «Көксерек» деп атағанмен, мұнда қасқыр тағдыры ғана сөз болмайды, адам мен табиғит арасындағы күрделі өзекті мәселе көтеріледі)
-Әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсысы деп ойлайсың?( Табиғитқа жасалған қиянат)
-Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма?(Ақтауға болмайды.Себебі жазушы өз шығармасында табиғитқа қиянат келтіретіндерді « екі аяқтылар» деп суреттеген)
-Табиғатқа қиянат келтіру ,оныің тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?(Табиғитқа қиянат жасау,оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе)
-Әңгіме қалай аяқталады?Қарғыспен аяқтауына не себеп?(Әжесінің қарғысымен аяқталады.Әжесінің қарғысы-заңғар жазушының озбырлық пен қаталдыққа деген қарғысы.
-Бұдан нені ұғамыз?жазушы неге үндейді?(Жазушы жер бетіндегі тіршілікті татулыққа шақырады)(Құрмаштың қазасы,Көксеректің жазасын тартуы)
-Көксеректі жауыздыққа,соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не?Әлде табиғаттың қатал заңы ма,қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма?

Дескриптор:


-Оқушылар диалогқа түсіп, берілген жуан сұрақтарға тура жауап қайтармай,ой елегінен өткізіп,сыни пікір айтады.
Қ.Б «Жұдырық-алақан» әдісі арқылы бағаланады.-
-Мақсатқа толықтай жеттім десе, ашық алақан,-
-Жартылай әлі де толықтай жұмыс істеу керек десе, үш саусағын көтереді,
-Елеусіз ғана табысқа жеттім деп есептесе,жұдырығын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет