Сабақтың басы
2 мин
4 + 4 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)
Сабақтың басында назар аудару:
– оқушылардың зейіндерін шоғырландыруына
– оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын тұжырымдауына
– оқушылардың «жақын даму аймағын» және сабақтың күтілетін нәтижелерін анықтауына.
Стартер. Топтық жұмыс
Тапсырма: оқушыларға топтарда Frayer Model кестесін толтыруға тапсырма ұсынылады.
1-ші топ – Кез келген толық пирамиданың бүйір және толық беті ауданы
2-ші топ – Кез келген қиық пирамиданың бүйір және толық беті ауданы
3-ші топ – Дұрыс толық пирамиданың бүйір және толық беті ауданы
4-ші топ – Дұрыс қиық пирамиданың бүйір және толық беті ауданы
Оқушылар топтарға кез келген ретімен біріктіріледі.
Уақыт шыққан соң топтар өз кестелерін сағат тілі бойымен келесі топқа береді, басқа топ мүшелері жазғандарын оқиды, қажет болған жағдайда түзейді және толықтырады. Кестелермен алмасу кесте өз тобына жеткенше дейін жүргізіледі.
Тапсырманың мақсаты келесі құндылықтарды дарыту: өмір бойы білім алу, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, сынға түсіністікпен қарау, топта жұмыс жасай білу, өзінің жұмыс бөлігіне жауапкершілікпен қарау.
|
Презентация
Қосымша 1_Frayer Model кестесі
|