№3 топ. Жылыжайдың төбесі дұрыс алтыбұрышты пирамида болып табылады. Жылыжайдың қабырғалары табаны 2 м болатын тіктөртбұрыштар. Есіктің биіктігі 1,85 м. Төбенің биіктігі 0,50 м.
Жылыжайды қайтадан полиэтиленмен қаптау қажет. Қоймадағы материал ені 1,5 м орамдарда сатылады. Бағалары келесідей:
жекелеп (00 м2-ге дейін) 400 теңге/метр;
көтермелеп (100 м2-ден бастап) 350 теңге/метр
Жылыжайдың жөндеуінің бағасын анықтаңыз. Қалдықтарға 10% қосу керек.
Жауабыңызды жүздіктерге дейін дөңгелектеп жазыңыз. Шешуі: (пирамида)
(призма)
Қалдықтарға 10% қосу керектігін ескере отырып, екі фигураның ауданын анықтаймыз:
Жауабы: 9700 теңге.
Дескрипторлар:
Зергерлік бұйымдарға арналған көрме-сөресі табаны ортақ болатын екі дұрыс пирамидадан құрылған: үстіңгі толық (биіктігі 40 см) және төменгі қиық (биіктігі 15 см). Қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 30 см және 20 см.
Екі сөре жасап шығару керек: біреуінің өлшемдері көрсетілгендей және екіншісінің өлшемдері біріншісіне қарағанда 2 есе кем. Жалпы қанша шаршы сантиметр шыны керектігін анықтаңыз. Қалдықтарға 15% қосу керек. Жауабыңызды бүтінге дейін дөңгелектеп жазыңыз. Шешуі: (толық пирамида)
(қиық пирамида)
(берілген фигура)
Өлшемдері 2 есе кем болатын фигураның толық беті 4 есе кем болады.
Қалдықтарға 15% қосу керектігін ескере отырып, екі фигураның ауданын анықтаймыз: