Топтық жұмыс. Практикалық маңызы бар есептер шығару Мұғалім оқушыларды деңгейлер бойынша біріктіреді, себебі топтық жұмысқа деңгейлері әртүрлі тапсырмалар ұсынылады.
Тапсырманың мақсаты келесі құндылықтарды дарыту: өмір бойы білім алу, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, сынға түсіністікпен қарау, топта жұмыс жасай білу, өзінің жұмыс бөлігіне жауапкершілікпен қарау.
№1 топ.
Үйдің төбесі табаны шаршы болатын пирамида болып табылады. Шаршының өлшемдері 9 м × 9 м. Пирамиданың әрбір бүйір жағы табан жазықтығына 450 бұрышпен көлбеленген. Қаңылтыр табақтарының өлшемдері 1,25 м × 2,5 м. Егер қалдықтарға 10% қосу керек болса, онда қажетті қаңылтыр табақтарының санын анықтаңыз.
Шешуі:
Бір қаңылтыр табағының ауданын табамыз: 1,25 × 2,5 = 3,125
Қалдықтарға 10% қосу керектігін ескере отырып, қаңылтыр табақтарының санын анықтаймыз:
артығымен дөңгелектейміз – 41
Жауабы:41 қаңылтыр табағы.
Дескрипторлар:
қалдықтарға 10% қосу керектігін ескере отырып, қаңылтыр табақтарының санын анықтайды.
№2 топ.
Біздің отанымыздың астанасының көрнекі жерлерінің бірі – Бейбітшілік пен келісім сарайы. Оның пішіні табаны шаршы болатын дұрыс пирамида. Табан қабырғасы 61,8033988 м-ге тең. Пирамиданың биітігі де 61,80339887 м. Бұл Алтын қима қағидаттарына негізделген.
Cарайдың қасбетін жуу қажет. Клинингтік компания ғимараттардың қамбеттерін жуу келесі кесте бойынша жүргізеді:
Аудан, ш. м
Бағасы, теңге./ш. м
До 100
360
100-500
300
500-5000
180
5000-нан астам
150
Cарайдың қасбетін жуу бағасын анықтаңыз
Тапсырмадағы берілгендерді бүтінге дейін дөңгелектеңіз. Жауабыңызды мыңдықтарға дейін дөңгелектеп жазыңыз.