Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»



бет3/17
Дата23.10.2016
өлшемі2,07 Mb.
#23
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Кейіпкерлерді талдау

Айша бейнесі

Эпиграф: Жылу – Анадан!

Жылу – Алладан!

Жылу – Күннен!



Бөлімдері

Іс-әрекет

Қырау қанат балапан

Мұртаза ұсталып, Айша балаларымен жалғыз қалды, тағдыр тәлкелігіне ұшырады

Бір тарының қауызы

Мұртазаны іздеп түрмеге барды

Саусақ сорғыш бала

Емшектегі баласын тастап, колхоз жұмысына шықты.

Ай шуақ түндер

Шамсыз, қараңғы, ұзақ кеште балаларына әңгіме айтты, ана тәрбиесі.

Аққыз

Қаны тасып, қатты ауырды.

Үш ешкінің қайғысы.

Аш малдары үшін колхоз шөбін ұрлады.

Жалақсары финагент

Жылмақай финагентті өткір тілімен қуып шықты. Намысын қорғады.

Айлы түн, арықта сусап тыйылды

Күнкөріс қамымен тары егіп, суарды.

Артына бұрылып, мөңіреген сиыр

Тасбеттің кесірінен үйінен айырылып, Әулиеатаға көшті.

Безгек

Ауырған Барсханды аналық мейіріммен емдеді.

Тескетаудың қуысында,

Бір Алланың уысында



Жоқшылықпен күрес жолында, тігін машинасын әкелу барысында жүк поезынан құлай жаздады.

Ай мен Айшаның көз жасы

Туған үясына оралды.

Қорытынды: Айша – тағдыр талқысында жігері мұқалмай, балаларына өмірлік адами мәнді жұмыстарға араласуына бағыт-бағдар берген, намысқой, жігерлі, төзімді қазақ әйелі.



Барсхан бейнесі

Эпиграф: Ана сүтін ақ ішкен ақ ұлға



Дүниенің төрт бұрышы болар тұлға

Бөлімдері

Іс-әрекет

Боз ала таң

Әкесімен бірге 1 май мерекесіне барды. Балалық еркелігі

Қырау қанат балапан

Әкесінен айырылып, ерте есейді

Бір тарының қауызы

Түрмедегі әкесімен кездесуге барды

Саусақ сорғыш бала

Жасы алтыда, бауырын қарау міндеті жүктелді. Ойын қызығына түсіп, анасынан таяқ жеді.

Бақа жұтқан жылан

Жыланнан бақаны құтқарды.

Ноха

«Халық жауының баласы» деп мектепте қабылданбай, Ноханың көмегімен мектепке алынды.

Жалаңаш қасқыр, қоңыраулы еліктер

Ана әңгімелерін қызыға тыңдады.

Киіз доп

Өзегі талып жүрсе де, ойыннан қалмады.

Қара арпа, қара бие

Колхоз жұмысына, өгіз соқаға шықты.

Аққыз

Айша ауырғанда басқарма атын мініп, емшіге баруы,ұйқысыз түн өткізді.

Өскенбай

Жылқы күзетті. Ат құлағында ойнады.

Шолақ Сияқұл

Соғыстан жаралы келген жауынгерлердің өтініші бойынша хат жазды.

Шақпақтас

Оттық әкелу жолында боранда үсіп кете жаздады.

Көк ала үйрек

Аштықтан қиналды.

Шалдар ысқырады

Кеселді болған Сүлейменге қымыз әкелуге барды. Тасбеттің қорлығына ызаланып, айыр ала ұмтылды.

Қаратаудың «Күйік» деген асуы бар

Туған жерін қимай қоштасты, нағашы ағаларының аулында қонақта болды.

Тентек көше

Үйсіз қалып,туған жерінен көшті.

Молотов мектебіне қабылданды.



Алғашқы сынақ

Әдебиет, тарихқа жүйріктілігін, дүниетанымының мол екенін көрсетті.

Көк қалпақ.

Ұстаз Мұхаметжан Қаратаев сабағын тыңдады

Шолақтаудың шойын жолы.

Ауру нағашы апасы Зибаға көмектесуге ұмтылысы сәтсіз болды.

Қарашай қамбашы

Өз қоймасына өзі түскен қоймашыны әшкерелемеді.

Қалайы қасық

Қорлық пен мазаққа төзбей Сейсеннің маңдайын жарды.

Сұңғыла соғыс

Қауын егіп, арамшөп жұлып, айдалада жападан-жалғыз еңбек етті, еңбегі еш болды.

Арыз

Безгек ауруымен ауырды. Әнге, әуенге құмарлығы оянды.

Ерулік

Фабрикадан жүн иіртіп, алғаш рет ақша тауып, анасын қуантты.

Құмарпаздар ойыны

Кірпіш тасып, ақша тапты. Оны шарик-малик ойынында ұтқызды.

Фамилия дауы

Өз тегін әкесінің аталуы бойынша сақтап қалды.

Төрт күрек тіс

Әлімжеттікке қарсы төбелес

Шақпақтың желі

Айша мен бауырлары туған жеріне оралды, өзі оқуын жалғастыруға кетті.

Қорытынды: Барсхан қиын-қыстау күндерді басынан өткізсе де, өмір ерте есейткен ақылды, еңбекқор, өжет, туған жеріне, адамдарға деген ізгілігін жоғалтпаған кейіпкер.

Қорлық-азапқа жаны қас, балаға тән аңқаулығы бар, ойын баласынан ойлы балаға айналған.

Жуанқұл, Тасбет

Эпиграф: Басшы ақылсыз болса – елге азап

Жуанқұл

Бөлімдері

Іс-әрекет

Қара арпа

Баланы түнгі арпа күзетіне қойды, халық жауының баласы деп аузын аштырмады.

Қара арпа, қара бие

Егіндікте масақ қырыққан екі баланы (Қорғанбай, Барсхан) қамбаға қамап, соттатамын деп қорқытты.

Сүдігерде изен ызыңдайды

Ақжол күшікті атып тастады.

Жілігімді жағайын

Айша аштықтан, суықтан бейнет көргенде, көмегін Айшаның киіз үйіне айырбастады.

Шалдар ысқырады

Жағдайы жақсы үйінде қымызы бар. Дімкәс Сүлейменге бір жұтым қымыз бермеді.

Тентек көше

Жаңадан көше саламыз деген желеумен Айшаны отбасымен үйінен қуды, далада түнетті.

Тасбет


Бөлімдері

Іс-әрекет

Аққыз

Шешесі ауырып қасында қалған Барсханды қамшының астына алды. Контра деп тілдеді.

Мал дөктірі шығыпты, малың ауру деген сылтаумен сиырын тартып ала жаздады.



Шалдар ысқырады

Ұятсыз. Әр маяның түбіне бір жатады. Мұқтаждық қысқанда «тырқ» еткізіп жел жібереді.

Қырман басында әртүрлі тілдеулер айтып, Айшаны боқтайды.

Жұмыстан себепсіз кетті контра түрмемен сес көрсетеді.


Қорытынды: жүректерінде мейірім жоқ, имансыз, обал-сауаптың не екенін білмейді. Сол кездегі атқамінерлердің жетім-жесірлерге істеген қиянаты көп болатын.


Айша мен Барсханның тілеулестері

Эпиграф: Адамдардың маған істеген жақсылығы – Алланың нұры

Қапаста қалмағаным – соның арқасы

Нәметқұл

Мешел болып қалған Батырханды қамқорлыққа алды.

Нәметқұл бөдене аулауға ертіп шықты. Еңбекке баулыды.



Ноха

Барсханға әліппе, дәптер, қалам, қарындаш әкелді.

Қамқа

Жоғалған ешкілерін табуға көмектесті.

Аққыз

Ауырған Айшаға емшілік шарапаты тиді

Арыз

Нағашылары Сәли, Қали, Бөпетайлардың қамқорлығын көп көрді.

Хасен Өзденов

«Көйлегің тозғақ, өмірің озғақ болсын» киіммен көмектесті.


Салыстыру

Осыған ұқсас шығармаларды еске түсіру, салыстыру.


Пәнаралық байланыс

Тарихи деректер

1929-1933 ж. нәубат – жаппай ұжымдастыру, мал-мүлікті кәмпескелеу, қуғынға ұшыраушылар, көрнекті тұлғалар, ауылнай-билер, діни қызметкерлер, сонымен қатар тіпті Кеңес өкіметін орнатуға тікелей қатысқандар малшы-қосшыларда бар. Үш миллион қазақ аштан қырылған.

Қазақстан 1937 жыл – “халық жауларын” ұстау. Көрнекті тұлғалар, “Алаш” партиясы өкілдері қуғындалды, атылды.

1941-1945 ж. – Қазақстан – тыл, соғысқа аттану, майданға көмек

Берілген білімді бекіту

Мақсат: берілген білімді оқушының қай дәрежеде қабылдауын пайымдау.
Тест

1. Сияқұл алғашқы хатын кімнің атына жазды?

А) Сталин

В) Калинин

С) Ворошилов

D) Молотов

2. Заман соққан жел. Біз – қаңбақ. Троптың қандай түріне жатады?

А) теңеу


B) эпитет

C) метафора

D) символ

3. «Ай мен Айшаны» жазғанда жазушының жасы нешеде болды?

А) 30-40 аралығы

B) 40-50 аралығы

C) 50-60 аралығы

D) 60-70 аралығы

4. Ш.Мұртазаның туған жері?

А) Мыңбұлақ

B) Көксай

C) Ақсай


D) Әулиеата

5. Түрмеден Мұртаза не жіберді?

А) сыйлық

B) тамақ


C) кітап

D) ине


6. Барсханның алдына жан салмайтын ойыны?

A) доп ойнау

B) тығылыспақ

C) демалмас

D) жүзу

7. «Үйшік-үйшік» ойынын ұйымдастырушыны белгіле



А) Тұрымтай

B) Әсем


C) Мүнира

D) Жолдасбек

8. Барсханның туған күні?

А) 28.09


B) 28.10

C) 21.09


D) 27.10

9. «Мұхтар Әуезов: Абай» кітабын Барсхан қайдан алды?

А) Дүкеннен

B) Кітапханадан

C) Нәметқұлдан

D) Досмырза Нұрпейісовтен

10. Кетпе деп кәріқыз, ошаған, тікен, алабота, қарасора, тобылғы, аяққа шырмауық оралды. Табиғат ана көз жасын төкті. Троптың қай түріне жатады?

А) теңеу


B) кейіптеу

C) метафора

D) эпитет
Сабақты қорытындылау

Проблемалық сұрақтар:(Өзіндік сыни баға беру)

Шығарманың «Ай мен Айша» аталуы...

Жазушының балалық шақта алған тәрбиесі қазіргі азаматтық ұстанымына әсер етті ме?

Қамқаның «Тәңіртаудың басындай болмасаң да, бауырындағы тасындай бол» деген батасы орындалды ма?

Қандай тәлім-тәрбие алдыңдар ?Не ұнады,не ұнамады?

Бағалау

Үйге тапсырма: Жазушының тіл шеберлігі

«Ай мен Айша» романының көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.

Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы: «Ай мен Айша» романының көркемдік ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: жазушының сөз қолданысы мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасау арқылы, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлауын қалыптастыру; тапқырлық, шешендік, ойшылдық, адамгершілік сияқты халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіру

Сабақ типі: білімді бекіту сабағы

Сабақ түрі: дәстүрден тыс, сайыс сабақ

Сабақ әдісі: талдау, іздендіру, сұрақ-жауап, рөльде ойнау

Шешілетін мәселе:


  • Жазушының халықтық сөйлеу тілден әдеби тіл жасау шеберлігін;

  • Қарапайымдылығын, шыншылдығын;

  • Адам характерін сомдау шеберлігін;

  • Шығарма композициясын құру ерекшелігін;

  • Әңгіменің тіл нәрін (портрет, суретттеу, баяндау);

  • Юмор, сатираның тиімді қолдана білуін дәлелдеу, сезіну;

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

а) амандасу; оқушы назарын сабаққа аудару

ә) топқа бөлу; сабақ мақсатын айқындау

ІІ. Өткен материалды бекіту

І кезең. «Мықты болсаң, тауып көр»

А) Мақал-мәтел, нақыл, тыйым сөздердің қай оқиғаға байланысты айтылғанын тап.

1) Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды



  1. Шашты аяқ асты тастауға болмайды

  2. Мың сіз бізден – бір шыж-быж

  3. Бай баласы - байға ұқсайды,

Байланбаған тайға ұқсайды

  1. Адам басы – Алланың добы

  2. Еңбек етпей тапқан мал бойға сіңбес

  3. Нысап – тойым, нәпсі – тойымсыз

  4. Түсі игіден түңілме

  5. Жетімнің басынан сипаған қол

Жер астында да шірімейді

  1. Мылқаудың астына түспе



  1. Бауырын қараусыз қалдырып, Айшадан таяқ жегенде;

  2. Айшаның шешектен шетінеген 3 баласы жайлы әңгімесінде;

  3. Аштықтан бұратылып ұйықтай алмай жатқанда;

  4. Дала алай-түлей.Шырпы әкелуге жұмсағанда;

  5. Өзге ұлт өкілдерін Қазақстанға жер аударғанда;

  6. Молотов мектебіне бір сыныпты оқыдым деп сыныбын қосып айтқанда;

  7. Алғаш рет ақша тауып, Айшаны қуантқанда;

  8. Мектепке ұстаз Қаратаев келгенде;

  9. Нағашыларының ауылына көшіп барғанда;

  10. Дүйінбайды қорлық көргенде;


Ә) Портреттердің кімдікі екендігін тап.

1) Өңірінде өңірінде қара ши барқытпен тысталған көмкерілген жосалы сары тон, басында дәл сондай теріден тігілген телпек. Оның жиегі қара қозының елтірісі; соқалы сарыдан қызғылттау. (Мұртаза)

2) Сталин фурашкелі, галифе шалбар, сары гимнастерка, белдік, иығында қайыс сөмке, шикілсары, орыстан аумайды, даусы жіңішке, бірақ удай. (Финагент)

3) Айша шамалас, бәлкім одан да жас па екен, бірақ самай шашы ағарған, екі езуінен жоғары қарай терең сызық түскен, шап-шақ қана кісі екен. (Үбәйда)

4) Қоладан құйғандай шомбал денелі, түр-түсі тотыққан, дидары мейлінше пейілді, көзқарасы ибалы, жұмсақ. (Мұхаметжан Қаратаев)
ІІ. «Кейіпкер болып, ойнап көр» (жазушының адам характерін сомдау шеберлігі)

Шарты: Қалаулары бойынша ұнаған кейіпкер, нанымды кейіпкер, шебер жасалған кейіпкер рөлінде ойнау, жеке де топпен де

ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»

Шарты: Екі топ романның композициялық құрылысына байланысты сұрақтар әзірлейді, бір-біріне қояды.

ІV. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Шарты: Эпитет, тұрақты тіркес, метафора, кейіптеу т.б. бейнелі сөздерді тез әрі көп жинау.

V. «Шешен болсаң, сөйлеп көр»

Шарты: Шығармадағы Ай, көк бөрі, жылан, тау, қырғи символдық бейнелерін негізге ала отырып, өз шешендіктерін көрсету.


Қорытындылау

Бағалау


Үйге тапсырма: Қалаған тақырыптардың біріне ойтолғау жазу, тақырабын өзі ойластыруына болады.

«Қайран біздің аналар», «Шерхан – шебер суреткер»,

«Көк бөрінің тұқымы», «Рухты елдің белін ешкім сындыра алмайды»


Сабақ №3

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.

М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.

2. Дамытушылық.

«Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік.

Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: қалыпты, аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.

Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.


Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында









Мағжан – лирик, сыршыл ақын

Мағжан – ұлы ақын

Мағжан – эпик ақын

Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.



  1. Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?

1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.

2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?

2 – оқушы: Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?

3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.

Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.

Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,

Жалғаны жоқ бәрі сенен жан – тәнім.

Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы

Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.



Өлеңді түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату

4 – оқушы: Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, далагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.

Мұғалім: Балалар, М. Жұмабаевтың ақындық өнері туралы өте тамаша баяндадыңдар. М.Жұмабаевтың ақындығы, суретшілігі туралы Ж. Аймауытов қандай пікір айтты? Қане, кім айтып жібереді?

5 – оқушы: «Мағжанның ақындық» күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі – «Баянда» толық көрінеді. Абай айтқан сөз патшасы «Баянда» бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, батырды, соғысты, өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. «Баян» - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс.

Мұғалім: Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар аударайық.

1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»

(М.Әуезов)

2. «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»

(Ғ.Ибрагимов)

3. «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов»

(С.Мұқанов)

Халқымыздың осындай аптал азаматтарының пікірлеріне қарап, М.Жұмабаевтың жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырағанын байқауымызға болады.

М.Жұмабаев өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен. Қане, туған жер, атамекен тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет