Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»


Абай атындағы мем.сыйлықтың лауреаты Драматург



бет8/17
Дата23.10.2016
өлшемі2,07 Mb.
#23
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Абай атындағы мем.сыйлықтың лауреаты Драматург

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ой қозғау
«Нар идірген» күйі тыңдалады.
- Күй өнері туралы не білеміз?

шығу тарихы, өнер түрі домбыра, қобыз , ұлттық мұра, әуен, саз

оқиға, жағдай

Жаңа сабақ «Мағынаны тану» әдісі бойынша басталады.

1) Кейіпкерлерді топтастыр

2) Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу

І қатар – Естемес пен Оразымбет портретін табу

ІІ қатар – Жаңыл мен қарт бейнесін табу.

3) Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.

(оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)



Оқиғаның басталуы (экспозициясы

Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.



Оқиғаның дамуы

Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.



Оқиғаның шиеленісуі

Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.



Оқиғаның шарықтау шегі

Жаңа күйдің пайда болуы.



Оқиғаның шешімі

Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.



4) Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)№ кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы .Адамгершілік қасиеті. Кейіпкерлерге баға

1 Естемес. Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді. жақсы

2 Оразымбет. Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт. Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал. жоғары

3 Жаңыл. Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді. Кішіпейіл, ибалы, өжет. жоғары

4 Қарт. Жоғары, жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан. Көпті көрген, қонақжай, есті кісі. жақсы

5) Тест тапсырмасы (ACTIVote арқылы орындау)

Кімнің сөзі:

«Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

«Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

«Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

«Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

«Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

«Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

«Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

6) Тест интервью.1 Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты.

2 Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты.

3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.

4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ.

5 Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?

ІV. Сабақты бекіту:

«Екі жақты күнделік» стратегиясыӘңгімеден алған әсерің? Несімен әсер етті?



VІ. Үйге тапсырма: «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа эссе жазу.

VІ. Бағалау.

Сабақ 12
Тақырыбы: Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» эңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Т.Ахтановтың өмірі мен әңгімесін оқыта отырып, білім-білік дағдыларын арттыру.

Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, таным-түсініктерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Сауатты жазып, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу. Елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау, түртіп алу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар,мултьтимедия, плакаттар

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Сабақтың барысы

I Үйымдастыру кезеңі. Cәлемдесу. Түгелдеу. Оқушы назарын сабаққа аудару.Педагогикалық талап қою, психологиялық дайындық.

II Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.

Кейіпкерлері арқылы мазмұнын шығарып талдау.

Бақтығүл кім? Қараш-қараш оқиғасында қандай әрекеттері мен көрінеді?

Сәлмен қандай адам болып көрінеді?

Жарасбай Бақтығұлды өзіне жаны ашып жақындатты ма?
III Үй тапсырмасын қорытындылау. Осы шығармада жазушының айтайын деген ойы, идеясы қандай?

М. Әуезов ...

IV Жаңа сабақ.

Түртіп алу әдісі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып өту. Жазушының алғашқы әңгімесі - «Күй аңызы». Өнер құдіретінің ботасы өлген бозіңгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырғанын баяндайды. Осы әңгімені түсіндіре отырып, оқушыларға интерактивті тақта арқылы күйді тыңдатқызу.



V Дәптермен жұмыс. Түртіп алу әдісі бойынша оқушылардың пікірлерін жазу

VI Жаңа сабақты пысықтау.

І.Қарт күйшінің өнері, мінезі, осы күйді шығарудағы толғанысы қандай болды?

Қыз неге інгеннің иіп тұрғанын білдірмеді?

«Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астарында не бар еді?

Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті? Әсер етсе, жолда күй неліктен толық шықпады?

VII Үй тапсырмасын беру. «Қазақ күй өнері» тақырыбына шығарма жазу.

«Нар идірген» атты күй қалай дүниеге келіпті? Әңгімені тұтас, көркем мазмұндап келу.



VIII Бағалау.

Сабақ №13

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы.

Табиғаттың жүрегі жараланып...

Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау,ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру,поэманың тақырыбы мен идеясы компазициясы туралы теориялық білім беру

а)Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту,қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету.

ә)Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі,қасиеті,киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.

Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру,өз ойын дұрыс тұжырымдап,дәлелмен жеткізе білуге,еркін сөйлеуіне дағдыландыру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасай білу,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға,көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап,сұлулығын сезіне қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей отырып,экологиялық мәдениетін қалыптастыру

а)Экологиялық білім мен тәрбиенің алғышарты.

1.Танымды,мінез-құлықты тәрбиелеу.

2.Оқушының танымдық,шығармашылық дамуына жол ашу.3.Табиғатты аялау,қорғау сезімін оята білу.



Сабақтың түрі:Интеграциланған (дамыта оқыту)сабағы.

(Әдебиет сабағын театр,әуез,көкемсурет,сөз өнерімен интеграциялау)

Пәнаралық байланыс:Экология,бейнелеу өнері,музыка,география т.б.

Сабақ көрнекілігі:ақын суреті,техникалық құралдар,компьютер,аққу туралы жазылған нақыл сөздер,тақырыптық суреттер,көрініс,сызба- кестелер, “Жетім көл”суреті бейнеленген аққудың,шыршалы тоғайдың көрінісі.

Сабақтың әдіс-тәсілдер:

1. Мәнерлеп өлең оқу. “Мұқағали-әлеміне саяхат”.

2. Сахналық көрініс.

3. Компазициялық жоспар (сызба кесте)-талдау.

4. Шығармашылық ізденіс бағытында:“Дебат-пікір- сайыс ”.

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру.

1.Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.(С.Тұрысбеков “Көңіл толқыны ” ойналады)

2.Мәнерлеп оқу: “Мұқағалиды аңсау”

II.Үй тапсырмасын пысықтау.

а)Поэзия минуты.

ә)Қызығушылығын ояту сайысы.

Ойшақыру “Менің Мұқағалиым”атты үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасының шарты:ақынның өзіңе ұнаған өлеңдерін жатқа оқы және сенің Мұқағалиың екенін дәлелде.

III.Мұқағали әлеміне саяхат:

-Балалар,поэзия әлемінде Мұқағали мұрасы-жалпақ елдің жүрегінде,ой-парасатында,жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап нұр беруде.

Тірлігінде шекпен кимей,шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай

От боп жанып өтіп кеткен ақынға,

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай,-деп

Айтақын ағамыз жырлағандай,өлеңімен рухани азық,күш жинап,қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақынымыз ешкімнен кезінде енші сұраған емес-ті.

Мінеки,бұл Мұқағали әлемі.Әр ғасырдың біртуар адамы болады.Зымыран уақыттың пешенесіне жарық жұлдыз болып қадалған Абай,Мағжан,Қасым,Мұқағали болатын. Мұқағали “Абай жаққан сәулені”сөндірмей,“Жыр сәулені”лаулатар ақынның келетініне сеніп кеткен ақын.

Ол:

Туады,туады әлі нағыз ақын



Нағыз ақын бал мен у тамызатын

деген болатын.

Өз сезіміне өзі өртенген Мұқағали жыры бүгінгі күні шартарапқа жыр шуағы болып төгілуде.

- Балалар, мен Мұқағалидың анасы Нағиман әженің, жазушыға, баласының ақындығы туралы айтқан естелігін сендерге оқып берейін.

(Мұқағали жайлы естелікті оқу)

Әр ақынның өлең-өнер болмысында бір қасиет өзгелерінен басымырақ болады.

Мысалы: Абайда-ой, Мағжанда-махаббат, Қасымда-от, Мұқағалида тазалық (қасиет деген ұғым)басымырақ болады.

Табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді.

Табиғат

Жанымды алсаң,



Алшы менің,

Бір түйір жерге түскен, тамшы едім.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.

Артымда қалсын жерім,

Қалсын елім, - деген Мұқағали

барлық өлеңіне бойындағы сезімнің ағынымен барып таусыла жазды.Барлық шығармасын соңғы өлеңіндей жазды.Өйткені,

“Мұқағали-бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей ірі талант иесі”.

“Бір өлеңі бір елдің мұрасындай поэзия пайғамбары”.

“Мұқағали поэзиясы - тірі поэзия”.

“Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды”деген еді Шелли.

Қане, Мұқағали поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.

Бізде, енді - Мұқағали әлемінде поэзия дәуірі басталды. а) “Поэзия - жүрек тілі”, - ақын шығармаларынан мәнерлеп оқу.

(Өлеңді жақсы оқитын белсенділік танытқан 2-3-оқушыдан)

ә)Диалогиялық әңгіме. “Менің Мұқағалиым”.

( “Мен Мұқағалидан не таптым?”деген сұрақ айналасында диалогиялық әңгіме жүргізу

Ой шақыру:

Сұрақтар: - Балалар, ақынның жұбайы Лашын апай

“Мұқағали өмірді сүйіп өткен ақын”деп жазды.

1. Сендер Мұқағали өлеңдерінен оқи отырып, Мұқағалидан не таптыңдар?

2. Сенің Мұқағалиың қандай?

3. Сенің Мұқағалиың не дейді?

б)Сурет,бояу құдіреті.

- Балалар, жаңа сендер өлең оқығанда Мұқағали сағынған Қарасуды біз де сағындық.Бояуын көрдік, қурайдың үнін естідік.

Егер сендер суретші болсаңдар Мұқағалидың туған жерге деген сағынышын көркемсурет өнерімен,бояу сырымен қалай бейнелеп берер едіңдер?

(Белсенділік танытқан оқушыдан сұрау)

3.Мұғалім:

- Балалар, сендердің жауаптарың бойынша біріншіден “Мұқағали – туған жерін сүйіп өткен, оны аңсап өткен ақын”дейміз.

Екіншіден,ол өмірден “Сәби болып”өткен ақын сияқты.Өз ортасы ондағы күншілідік,жамандықтан жиренген ақын бейкүнә сәби қалпын сақтап қалғысы келді.Солай болып қалды да !

Ән «Сәби болғым келеді» (Бекзат)

Мұғалім:

Мұқағали ақын –поэзия әлемінде диолог тәсілін яғни сұрақ-жауап түріндегі әдісті поэзияда қолдануында өте шеберлік танытады.Оның «Қош махаббат» драмасы бойынша «Махаббат диологі» дастанынан үзінді келтірейік.

Көрініс: «Махаббат диологы

(«Қош махаббат» драмасынан үзінді қою)

(инеценировка сипатында)



а) Автор бейнесіндегі оқушы:

Ей, күнадан пәк жас жандар,

Қапелімде қателікке баспаңдар!

Қосыларсың қол ұстасып саспаңдар,

Махаббатпен ойнағанды тастаңдар

Ей, күнадан пәк жас жандар!

Қапелімде қателікке баспаңдар!

Ал көріңдер, ол туралы дастан бар

ә) «Махаббат диологі»(екі оқушы орындайды)

-Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім

-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің

-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім

-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

-Жел боп қуып, ақыры жетер едім

-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

-Қойшы сәулем бәрінде көтеремін

б) Топтастыру әдісі \ дәптермен жұмыс\

Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-

деп поэзия құдіретіне сеніп кеткен-

«Мұқағали қандай ақын?

ІІІ. Ой толғау. Поэма \қасиет, қасірет\ туралы.

а\ «Поэма осылай туған еді».

- Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда»- ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

Мұқағали:

Қазақтың қара өлеңі - құдіреттім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай жыры «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой толғаймыз.

Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді.

\М.Мақатаев шығар.жинағы 1991ж «Мұқағали жайлы ойласам» деген алғысөзден оқып беру\.

- Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың. Жақсы дүние туралы мақтау сөздің өзі - бос сөз.Онан да балалар осы поэма негізінде «Ана қасіреті...» атты сахналық көріністі көріңіздер.

ә\ Сахналық көрініс: «Ана қасіреті...»



IV. Поэманы талдау.

1. Проблемалық сұрақтар

Поэмада негізгі мәселе не?

Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңай түсті ме?

2. Поэманың композициялық элементтері.

Поэманың композициясы туралы не айтасыңдар?

Оқиға қалай басталады?

Оқиғаның байланыс қандай?

Оқиғаның дамуын қалай түсінесіндер?

Психологиялық шегініс жасасақ, ананың қандай

көңіл – күйі берілген?

Оқиғаның шиеленісуі не?

Оқиғаның шарықтау шегі?

Оқиғаның шешімі?

Оқиға соңы? Эпилог.

3. Анаға мінездеме. \тірек - сызба

V. Сабақты бекіту:

1. Шығармашылық жұмыс.\пікірсайыс\

Міндеті: «Жеңіске жеткін келе ме, ізден, ойыңды дәлелдей білуге үйрен, біліміңді ұшта»

1.Жақтаушы топ:

Тақырыбы: “Аққулар ұйықтағанда”-экология тақырыбындағы поэма.

Кілт сөздер: “Аққуды атуға болмайды”.

Дәлелдеме: 1.Көлдің сәні-аққулар.

2.Аққу киесі оңдырмайды



2.Даттаушы топ:

Тақырыбы:

“Аққулар ұйықтағанда”поэмасының тақырыбық экология емес.



Кілт сөздер: “Ана-махаббатымен құдіретті”

Дәлелдеме: 1.Бәрі де адам үшін жаратылған.

2.Наным-сенімнен де ана махаббаты құдіретті.



VI. Қорытынды:

- Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар.

Бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы.Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

- Ал біз, адамдар, солай етіп жүрміз бе? Жоқ, керісінше, біз қаталдық пен жауыздықты бірінші соларға көрсетіп жүрген жоқпыз ба?

- Қасиетке оқ атқызған (анаға) қандай күш.

Баласы үшін өлімге де баратын ана қасиетке (аққуға) оқ атты. Ол ана үшін өліммен бірдей еді. Қасиетке оқ ату қасірет болды.



VII. Үйге тапсырма:

1. “Жетім көл аққулары» - эссе жазу.

2. «Ақын және аққу» тақырыбына өлең жазу.

3. Поэманы оқып, өзіңе ұнаған шумағын жаттау.

4. «Аққуға атылған – оқ». \әңгіме диалог түрінде\

Сабақ №15

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады».

Мақсаты: Жазушының өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту. Шығармаларының өзіндік ерекшеліктері мен тақырыптарын анықтату. Ақын көтерген мәселелер негізінде оқушылардың туған жеріне деген махабаттарын ояту. Өз Отандарын сүюге баулу.

С.түрі: Жазушының өмірі мен шығармаларына талдау жасау сабағы.

С.әдісі: ұжымдық оқыту әдісі. СТО стратегиясы

Қолданылған әдебиеттер: 8- сынып мектеп оқулығы. 2. Жазушы шығармашылығы жайлы пікірлер, еңбектері, т.б.

С.барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

3-кезең. Жазушы шығармашылығы , өмірі жайлы оқушы түсінігін ортаға салу.


  1. Қосымша деректермен жұмыс жасату .

  2. Шығармалары, марапаттаулары, пікірлері, шығармаларының тақырыптары

Қосымша мәліметтер

Өмірбаяны

Қабдеш Жұмаділов 24 сәуірде 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1998).

Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).

«Қазақ әдебиеті» газетінде (1965-1967) «Жазушы» баспасында (1967 –1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 – 1981) қызмет істеген.

1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген.

Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы көш» (1974-1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары, «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние» (1998) ғұмырнамалық «Қылкөпір» (2003) романдары.

Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде басылып шыққан.

Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, (1983), Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты,Үржар ауданының «Құрметті азаматы».

Үржар аудандық «Уақыт тынысы», «Пульс времени» газетінің журналисі Зоя Асылхановна Буланова Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясын орыс тіліне аударды. Үржар ауданының «Құрметті азаматы»

Қабдеш Жұмаділов. Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері

• 1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді.

• 1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.

• 1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.

• 1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.

• 1954-жыл. Үрімжіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.

• 1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.

• 1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыды.

• 1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.

• 1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.

• 1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.

• 1965-жыл. Өзімен тағдырлас Сәуле Әукенқызына үйленді.

• 1965-1967 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді.

• 1967-1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.

• 1976-1981 жылдар. Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.

• 1981-жыл. Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.

• 1983-жыл. «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.

• 1989-жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.

• 1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

• 1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.

• 1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.

Шығармалары:

1. «Жас дәурен». Өлеңдер жинағы: «Жазушы».— Алматы, 1966.

2. «Қаздар қайтып барады». Әңгімелер жинағы: «Жазушы», 1968.

3. «Көкейкесті». Роман. «Жазушы», 1969.

4. «Зов» — «Көкейкесті» романының орысшасы: «Жазушы», 1972.

5. «Соңғы көш». Роман, І-кітап: «Жазушы», 1974.

6. «Бақыт жолында». Роман, әңгімелер: «Жазушы», 1976.

7. «Саржайлау». Повестъ, әңгімелер: «Жазушы», 1978.

8. «Последнее кочевье» — «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Орыс тілінде: «Жазушы», 1980.

9. «Соңғы көш». Роман-дилогияның екінші кітабы: «Жазушы», 1981.

10. «Шарайна». Роман. повесть, әңгімелер: «Жалын», 1982.

11. «Көштен соңыра» - «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Түрік тілінде: Стамбул, 1983.

12. «Сәйгүліктер». Повестер топтамасы. «Жазушы», 1984.

13. «Атамекен». Роман. «Жалын», 1985.

14. «Тағдыр». Роман. «Жазушы», 1988.

15. «Екі томдық таңдамалы шығармалар». Повесть, әңгімелер: «Жазушы», 1989.

16. «Последнее кочевье». Роман-дилогия. Орыс тілінде: «Жазушы», 1992.

17. «Дарабоз». Тарихи романның бірінші кітабы: «Шабыт», 1994.

18. «Земля отцов» — «Атамекен» романының орысша аудармасы; «Жалын», 1996.

19. «Дарабоз». Тарихи романның екінші кітабы: «Жазушы», 1996.

20. «Соңғы көш». Роман-дилогиясы көп жылдан кейін бірінші рет қайта басылды: «Жазушы», 1998.

21. «Дарабоз». Тарихи роман-дилогия. Орыс тілінде: «Сөздік», 1999.

22. «Қалың елім, қазағым». Пікірлер, ойлар, толғаныстар: «Қазақстан», 1999.

23. «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999.

Пайдаланылған әдебиет

• Жұмаділов Қ. К. Таңғажайып дүние: ғұмырнамалық роман. — Алматы: Тамыр, 1999. — 624 бет.

«Ақын – жазушы кім десеңіз, ол – бүкіл өмірі символға айналған адам. Егер мен өзім жайында айта бастасам, оның замана туралы, жалпы адамзат туралы хикая болып шығарына сенемін.

Пікірлер, көзқарастар

Қабдеш Жұмаділовті білмейтін қазақ кемде-кем. «Қаздар қайтып барады» және «Қылкөпір» романы Жұмаділовты жұмыр жерге танытты. Қаламгер-классик туралы Еуразия университетінде толымды туынды дүниеге келді.

Докторлық диссертация авторы – Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтының доценті Руда Зайкенова. Айта кеткен жөн, жазушы туралы мұндай көлемді еңбек бұрын-соңғы жарияланбаған болатын.

Қазіргі қазақ әдебиетінің классигі. Қабдеш Жұмаділов туралы замандастары, бүгінгі оқырман қауым осылай дейді. Қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы – қашанда тарихшы. Қабдеш ағаның бүкіл романдары – тарихи немесе тарихи сипаттағы туындылар. Бүгінгі ғылыми жұмысқа да жазушы еңбектеріндегі тарихилық, деректілік элементтері арқау болыпты7

Серік Негимов, ЕҰУ профессоры:

Бұл кісі қазақ әдебиетіне үлкен олжа салды. Қазақ оқырмандары өте жақсы көретін сүйікті жазушымыз. Бұл кісінің басқа жазушылардан өзіндік ерекшелігі бұл кісінің романдарындағы оқиғалар ол төрт мемлекеттің территориясында өткен.

Еңбек авторы – Руда Зайкенова, Алматы қыздар Педагогикалық институтының доценті. Ғылыми жұмысты бастан-аяқ жазып шығуға 6 жылын арнапты. Қабдеш Жұмаділов шығармаларында 3 ғасыр қапталады. 18 ғасырдағы қазақ-жоңғар шайқасы «Дарабоз» романында айқын көрініс тапса, 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басындағы аласапыран «Тағдырда» суреттелген, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрес – «Атамекен» романында айтылады. Докторлық диссертация авторы, бұл роман эпопеялардың тарихи таңбаларына қарап 4 бөлімде жеке-жеке қарастырған. Руда Зайкенова, Алматы қыздар педагогикалық институтының доценті:

Бұл мәселе әлі күнге дейін бірде-бір арнайы зерттелген жоқ. Ауызды қу шөппен сүртуге болмайды әрине, ол кісінің тілі, стилі туралы еңбектер жарық көріп жатыр.

Қабдеш Жұмаділов, Қазақстанның халық жазушысы:

Докторлық үлкен еңбек. Ұлт тағдыры дейді. Шынымен, менің шығармашылығым ұлтпен байланысты. Қуаныштымын, әрине. Сәттілік тілеймін.

Жауһар туындыларымен қазақ әдебиетінің қазынасын толтырған жазушы туралы еңбек өз оқырмандарына жол тартты. Сондай-ақ, кеше Қабдеш Жұмаділовқа ел мәдениетіне қосқан сүбелі үлесі үшін «Күлтегін» медалі тапсырылды7



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет