Гүлжан Марқабаева
4- кезең. Атқарылатын жұмыстар:
«Әдебиет стратегиясы» бойынша ой талқысын жүргізу (сынып оқушыларына әртүрлі тапсырмалар беру)
Сілтеме табушы: мәтіннен дауыстап оқығысы келетін жерін тапқызу
Іздеуші: мәтінге қатысты қосымша ақпарат жинау
Қуғыншы: кейіпкер әрекетін хабарлау
Дәнекер: мәтінді өмірмен байланыстыру
Сұрақ қоюшы: сыныптастарын сөйлету үшін сұрақ дайындау
Сөз тапқыш: бейнелі сөздерді табады
Реттеуші: сыныптастарының тақырыптан ауытқымауын қадағалайды
Мінездеме беруші: кейіпкерге мінездеме береді
Бейнелеуші- суретші: мәтін бойынша сурет салады
Жазушы : талданған мәтін бойынша пікір жазады
1. Шығармаларында көтерілген тақырыптар: Өмірлік тартыс, тарихи шындық, туған жер т.б.
2. «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі жазушының айтпақ болған ойы:
1. Шет елдегі қазақтардың туған жерге , елге, Отанға деген сағынышы т.б.
Қорытынды . Әңгіме неге «Қаздар қайтып барады» деп аталған ?
1. Жазушының айтпақ болған ойы не?
2. Әңгімені оқу барысында қандай ой түйдіңдер?
Үйге тапсырма. Әңгімені толығымен оқу. Композициялық құрылысына талдау жасау.
2. Сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу. 3. Қосымша деректер жиыстыру.
ІҮ тоқсандық сабақ жоспарлары
Сабақ №1
Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов”Арғымақ”,
“Қыз қуу”,”Махамбетке”
Сабақтың мақсаты;1.Ақын өлеңдерінің идеясын ашу.
2.Олжас Сүлейменов туралы білімдерін пысықтау әрі кеңейту.
Оқушылардың бойында ұлттық мінез, әрбір елдің өзіндік сұлулығын қалыптастыру; ұлттық мақтанышты,а тадан балаға келе жатқан баға жетпес асыл мұраны сақтай білуге жетелеу ; жеке тұлғаны елін, жерін,отанын сүюге баулу; ,ойлау,суреттеу , көркем сөйлеу шеберліктерін дамыту.
Сабақтың түрі : практикалық -шығармашылық сабақ
Сабақтың типі,жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс;тарих,ән-күй, бейнелеу, этнопедагогика,әд/тану.
Сабақтың өту әдіс-тәсілі; Жаңғырту(репродуктивті),эвристикалық(Іздендіру),СТО страиегиялары ,талдау,жинақтау,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер : 1.Ақын суреттері, өлеңдері,интерактивті тақта, док. фильм
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру.
2.Жаңа сабақ.Ақын туралы не білеміз?
Кластер құру,оқулықпен жұмыс
“Семей-Невада”қозғалысына тоқталу.
Өлеңдерді мәнерлеп оқу, идеясын ашу. (Үш топқа үш өлеңі беріледі, ватманға негізгі ойларды түсіріп қорғайды)
Мағыныны тану.Оқулықпен жұмыс.
Арғымақ” Өлеңін мәнерлеп оқу.
“Арғымақ”өлең туралы пікір айту.
3. Шығармашылық жұмыс. Сөзбен сурет салу. Теңеу үндестігін табу
4. Іздендіру тапсырмалары: Өлең жолдарынан халықтық салт-дәстүр,ұлттық мінез,таным-түсініктерін танытатын жолдарды анықтатау
5. “Қыз қуу” өле ңін оқығанда көз алдыңа не елестейд і?
6. Мәтінмен жұмыс. Өлеңді оқып,өлеңнен қайталауларды тауып,көркемдік қуатын айт,бейнеле.
“Қыз бен жігіт “фильмін еске түсір.
7.Қандай ұлтты қойындарды білесіңдер? Топтастыру
Өлеңді талдаудың семантикалық картасын толтыру
ТЕҢЕУ ҮНДЕСТІГІ
|
ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ
|
ТАНЫМ- ТҮСІНІК
|
САЛТ-
ДӘСТҮР
|
ҚАЙТАЛУ
ТӘСІЛІ
|
ӨЗ ПІКІРІҢ
|
|
|
|
|
|
|
Махамбетке өлеңі бойынша:
1.Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Өлең мақсатын, идеясын анықтау
3. Өлеңді оқи отыра Махамбет портретін елестетіп салу
4. Өлең жолдарынан ақын бейнесін ашатын көркемдік құралдарды анықтау
Қорытынды :
Ақын өлеңдер інен алған әсерім . Эссе . Үйге тапсырма: Ақын өлеңдерін жаттау
Сабақ №2
Сабақ тақырыбы: Т. Айбергенов «Ана», «Аруана – бауыр дүние»
Сабақ мақсаты: ақын өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беруе отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын меңгерту; түсініп оқы дағдысын дамыту; ананы құрметтеуге; туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық (өлеңді талдау)
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Өмірі туралы оқу, негізгі мәселелерді анықтау (тірек конспект арқылы)
Т.Айбергенов – ақын.
Туған жері: Қарақалпақ елінің «Қоңырат» деген жері
Қайтыс болған: Нөкіс қаласында (29.08.1967ж)
Білімі: Ташкент педиститутын бітірген
Алғаш 1957 жылдан баспасөздерде жариялана бастады. Тұңғыш «Жас дәурен» жинағына 1961 жылы енді.
Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелді. Оның өлең құрылысы 18-19 буынды болып келеді. Өлең құрылысына жаңалық әкелген.
Поэтикалық жыр кітаптары «Өмірге саяхат» (1963ж), «Құмдағы мұнаралар» (1967ж) Ленин комсомол сыйлығын алған, «Аманат», «Бір тойым бар».
«Біргемін мен сендермен» атты естелік кітабы бар.
а) Мәнерлеп оқу
ә) Негізгі тақырыпты, ойға қатысты тірек сөздер жазу.
Айға сіңлі, Жерге қарындас;
теңдесі жоқ құдірет;
қуаты Жердің күшінен де басым;
онсыз тіршілік жоқ;
оны сыйлау үшін даналық керегі жоқ;
Шат жүріп қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде – деген өлең жолдарынан нені аңғаруға болады?
Бүгінде қандай мәселелер бар?
Ұрпақ тәрбиесі Қарттар үйі
Қандай адам қасиеттері суреттелген? (анаға деген махаббат, пасықтық, тасбауырлық, т.б)
ә) Аруана – бауыр дүние
Өлең аруана жайлы аңыз негізінде құрылған.
Өлең идеясы: туған жерге деген сүйіспеншілік.
Лирикалық кейіпкер - ақынның өзі (ақын сезімін білдіретін өлең жолдарын оқу)
Тапсырмалармен жұмыс
5 тапсырма
«Күй» аңыз әңгімесі
|
«Аруана бауыр дүние»
|
Ботасы өлген аруана
|
Ботасын шайнап өлтіреді
|
Ботасына деген сағынышы басым
|
Туған жерін сағынады
|
Күйге елтиді
|
Туған жеріне ұшады
|
*Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау
Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: а) ұнаған өлең шумақтарын жаттау
ә) ана тақырыбына ойтолғау жазу
Сабақ 3-4
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» хикаяты . Әңгімеге арқау болған ұлттық тәрбие (8 – сынып. 2 сағат)
Мақсаты
1. «Қонақтар» хикаятын оқып-талдау ырысында ұлттық сананы қалыптастыру
3. Ата – анаға махаббат, сүйіспеншілікті дамыту, жат қылықтан жирендіру
2. Топпен жұмыс істей білуге баулу шығармашылық қабілеттерін шыңдау
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: «ЖИТСО», «Пікірталас кестесі»,
«Аялдамамен оқу», «Ассоцация» әдістері және «Блум» жүйесі.
І Үй тапсырмасын тексеру
* «Блум жүйесі» * Білім Үй тапсырмасын тексеру
1) Д.Исабековтың «Әпке» драмасы.
* Талдау «Жақсылық жасау үшін өмір сүру керек» ой-толғауын талдау.
* Түсіну Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ СКТ
Төлеген Әбдіков
1942 жыл
Торғ. обл. Жанг.ауд.
1965 ж.
«Жалын» журн.
«Қазақфильм» киностудиясы
«Қазақ әдебиеті» газеті
Франц Кафка ат.алтын модель
«Қонақтар» хикаяты
ІІІ «Аялдамамен оқу» стратегиясы
1-аялдама .Баласын тағатсыздана күткен әке-шеше
2-аялдама. Көп күткен қонақтар
3-аялдама. Өз үйіне өзі қонақ болған Сапабек
4-аялдама .Ақталмаған үміт
* Талдау 1. Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға келдік?
* Қолдану 1-топ
Шығарманың негізі түйіні – ұрпақ тәрбиесі. Қалада қызмет істейтін жалғыз ұлын сабырсыздана күткен қартайған әке-шешенің жан сезімі шынайы суреттелген. Мәтіннің соңына дейін әлдебір сиқырға сенетін сияқтысың, үміттері ақталса екен деп тілейсің. Ал оны оқып біткен соң, көңілің құлазиды, бірге қайғырасың. Шығармада басты назар Ерғабыл шалға аударылған, ал оның кемпірі туралы көп суреттелмеген. Әкенің баладан күткен үміттің ақталмағаны қиын екен.
* Комментарий 2-топ
Бізге ерекше әсер еткен - өз үйіне өзі қонақ болған Сапабек бейнесі. Тіпті әйелі де, баласы да өзіңе сай көрінеді. Осындай әке тәрбиесін көрген бала қандай болмақ? Халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгісін Сапабек білмейтін көрінеді. Әйтпесе, баласын тастап кетпес пе еді. «Екі қарттың ортасында өскен бала дана болар» деген нақылға сай қитар көз ұл әкесіне қарағанда, мейірімдірек болар еді, кім білсін? 12 айда келетін еңбек демалысын қарттардың жанында өткізгені дұрыс еді, олардың қанша өмірі қалды дейсің? Бізге Ерғабыл шал ұнады. Күткен үміті ақталмай қалғанда, жылаған жоқ, ешкімге мұңын да шаққан жоқ. Өзінің күнделікті тіршілігіне араласып кетті, бірақ жүрегі қатып қалған сияқтанды. Ең өкініштісі – баласының өзін жерлеген туралы қиялының іске аспайтындығы.
Жинақтау 3-топ
Ең бастысы, ата-ана, туған-туыс, ел –жұрт алдындағы парыз туралы түсінігі таяз Сапабектің біздің халықтың ұлы екендігінде. Өзіне ұқсаған әйелі, олар өсіріп жатқан бала туралы ойласаң, жүрегің қан жылайды. Өзі туып-өскен ауыл адамдарымен ортақ тіл табыса алмаған Сапабектен басқа не күтуге болады? Бұл – ащы шындық. Екінші жағынан, тәрбиесі де дұрыс болмаған сияқты. Мүмкін, жалғыз бала болған соң, көп еркелетті ме? Бірақ жазушы суреттеген Ерғабыл көзқарасы басқа сияқты. Қалай болғанда, ұлттық сана, ұлттық тәрбие бірінші орында тұру керек қой.
ІІ топ
3. Сапабектің өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмауы сөзсіз, сонда ол оқуды бекер бітірді ме?
ІІІ топ
4. Жылына бір рет келетін демалысын ел көпір, жер көріп өткізген дұрыс қой. Әрі баласының да есінде қалады.
І топ
5.Ауыл адамдарына Сапабек әңгімесінің қызықсыз болуының себебі – ғылым негіздерін түсіебеуінен.
ІІ топ
6. Бар кінәні Сапабекке аудару дұрыс емес, бұл жерде әке-шешенің де кінәсы бар, дұрыс тәрбие бермеген.
|
|
ІІ топ
3. Баласының кемпір-шалға суық болуына кінәлі – Сапабектің өзі, дұрыс тәрбие бермеген.
ІІІ топ
4. Сапабек ауылда туып, ауылда өскен, олай болса, ауыл адамдарына ортақ әңгімені неге айтпады?
І топ
5. Әке-шешенің қартайып, қажығандығын біле тұра, ауылға демалысқа келмеуі, шөбін шауып, көмек көрсетпеуі – одан үміт күтуге болмайтындығының дәлелі.
ІІ топ
6. Әке-шешенің үмітін алдап, баласын тастамай кеткені – қатыгездік.
|
- Сонымен, біз бүгін сөз еткен, жазушы Төлеген Әбдіков көтерген ұрпақ тәрбиесі, ұлттық сана –сезім дегеніміз не? Парыз бен сананың қандай жақындығы бар? Осы төңірегіндегі ойларыңды қағазға түсіріңдер, қорғаңдар.
Ұлттық сана
Парыз
Отан алдындағы парыз
Ата-ана алдындағы парыз
Борышты өтеу
Қызмет ету
Азаматтық парыз
Перзенттік парыз
Ұлттық салт-дәстүрді бойға сіңіру
Ата-анаға тағзым
Елге пайда келтіру
Өзіндік із қалдыру
Мұрагер тәрбиелеу
Бар мүмкіндікті пайдалану
Қамқорлық жасау
Туған-туысқа құрмет
Басқаларға үлгі бола білу
Басқаларға үлгі бола білу
Өтелген парыз
- Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі өз биігінен көріне алады екен. Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын! «Өз үйіне өзі қонақ» болған жандардан сақтаныңдар.
Үйге тапсырма: «Мен қазақ болғанымды мақтан етемін» тақырыбына ой-толғау жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |