4. 02. 2015ж
|
Қазақ тілі
|
2 «б» сынып
|
9 мектеп
|
Бақтығали Бақытгүл
|
Сілтеме
|
ҚР Мемлекеттік стандарты. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2 сынып «Қазақ тілі» оқулығы авторлары: Г.И.Уайсова, Р. С. Әміров, Ә. Е. Жұмабаева;
|
Сабақ тақырыбы
|
Сөз таптары
|
Мақсаты
|
Сөйлем ішіндегі керекті сөздерді танып, ол сөздерге сұрақтарды дұрыс қойып, сұрақ қойылған сөз екінші сөзбен логикалық байланыста болатынын біліп, сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс түсінетін болады.
|
Міндеттері
|
Оқушылар сөздерді мағынасын қарай ажыратып бірнеше сөз таптарына бөлінетінін есте сақтау.
Ұйымшылдыққа, бір – бірін сыйлауға, білімге деген саналы көзқараста тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижелері
|
Оқушылар сөздердің мағынасына қарай бірнеше топқа бөлуге болатынын байқайды.
|
Негізгі идеялар
|
Оқушының ойында сөз таптары туралы топтастырылған ұғым қалыптасып, білімін кеңейтеді.
|
Дереккөздер
және жабдықтар
|
Интернет сайты. Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Мультимедиялық проектор, А3қағаз, түсті маркерлер, қарындаш, стикерлер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.
|
Тапсырма VII модульді кіріктіру
|
«Бір айналым сөйлесу» әдісі (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер)
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Оқушының іс - әрекеті
|
2 мин
|
Ұйымдастыру.
Балалар, бәріміз ортаға шығып, «Шаттық шеңберін» құрайық. Қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін, ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік.
-Жарайсыңдар, балалар! Достарыңа деген лебіздеріңді естіп, қуанып тұрмын.
|
- Сен нағыз доссың, - Қайырымдысың,
- Ең әдемі қызсың, - Мейірімдісің,
- Адал доссың, - Әдептісің, - Өнерлісің,
- Еңбекқорсың, - Ақкөңілсің, т. б. сияқты қасиеттерін атайды.
|
2 мин
|
Топқа бөліну. Сөз таптары «Зат есім, етістік, сын есім, сан есім» болып төрт топқа бөліну кезінде көңілді әуенмен әсем музыка жіберіледі.
Топта топ жұмысын ұйымдастырушы – топ басшысы, жұмыс нәтижесін жазып отыратын – хатшы, сынып алдында топ жұмысын баяндайтын – баяндамашы, топ мүшелерінің айтқан ойын жинақтаушы – тәлімгер, флипчартты безендіруші – суретші сайлап алуын ескерту.
|
Сөз таптары арқылы (зат есім, етістік, сын есім, сан есім) 4 топқа бөлініп, өз орындарына жайғасып,
есте сақтайды.
Топта топ мүшелері өз қызметтерін бөліп алады.
|
7 мин
|
«Бәйге» ойыны арқылы өткенді еске түсіріп, білімдерін тексеру.
Оқушыларға «Жұрнақ пен жалғау туралы қандай ой түйгеніміз жөнінде түсінік беріп, бекіту.
|
Әр топтың берілген сұраққа жауабы нақты болмаса топ мүшелері көмекке келе алады.
Топ болып бір – бірін тексеріп, бірін – бірі ОүБ құралдарының бірі «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
|
1 мин
|
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
|
20 мин
|
Оқушы қызығушылығын ояту.
Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, ерте, ерте, ертеде біз білмейтін шексіз бір үлкен елде Сөздер өмір сүріпті. Ол ел – Сөз таптары елі деп аталыпты. Дүниедегі сөз біткеннің бәрі сол бір елде, кең сарайда тату – тәтті бірге тұрыпты. Бір күні сөздер бір нарсеге келісе алмай, «Сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағына бересің, анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір ғана мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» - деп, кең сарайға бастары сыймай, айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып: - Сендер, өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа, өзіндік ерекшеліктеріне қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек-бөлек үй қылып қоямын, - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай топқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша «Сөз таптары» еліне айналады. Хан өз еліндегі сөз таптарын қалай атағанын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.
- Сонымен, бүгін біздер, сол әлемдегі ең үлкен – «Сөз таптары» еліне саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Тапсырмаларды мүдірмей орындап, сөз таптарын дұрыс табуларыңа тілектеспін.
312 – жаттығу. «Адасқан сөздер» ойыны. Жаттығуда сөздер жазылып тұр. Бұлар – «Адасқан сөздер». Сендер адасқан сөздерге сұрақ қойыңдар. Бірнеше сөздің өзара ұқсас белгілеріне, оларды мағынасына қарай сұрақ қойып, топ – топқа бөліп, топтаған сөздеріңді өз үйшігіне орналастырып, жазуларың керек.
Зат есім тобы: Зат есімді табады.
Етістік тобы: Етістікті табады.
Сын есім тобы: Сын есімді табады.
Сан есім тобы: Сан есімді табады
|
|
2. Тірек - сызбамен жұмыс:
Зат есім
|
Кім? Не? Кімдер? Нелер ?
|
Сан есім
|
Қанша? Неше? Нешінші?
|
Сын есім
|
Қандай? Қай?
|
Етістік
|
Не істеді? Не қылды? Қайтіп?
|
313-жаттығу.«Жигсо» әдісі. Шарты: тапсырманы оқушылар оқиды, топпен бірлесіп талқылаған тапсырмаларын түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік алады. Топ ақылдасып, бір шешімге келіп түйінді ой айтып, қорғайды.
Әр топ жаттығудағы жұмбақты оқып, жатқа жазып, шешуін табады.
Зат есім тобы: Заттың атын білдіретін сөзді табады.
Сын есім тобы: Заттың сынын білдіретін сөзді табады.
Сан есім тобы: Заттың санын білдіретін сөзді табады.
Етістік тобы: Сөйлемдегі сөздердің байланысын табады.
Сергіту сәті: Видео көрсетіледі.
314- жаттығу. «Бір айналым сөйлесу» әдісі.
Шарты: Жаттығу бойынша әрқайсысы жеке сөздерден сөйлем құрастырып жазып, топтаса бірігіп, құрастырған сөйлемдерін қорғайды.
Жаттығудағы ребусты шешіп, шешуіндегі сөзді қатыстырып әр топ 1 сөйлем құрайды.
Ребус: 40 ,,, З ,,,40
|
Зат есім тобы: Кім? Не? Күн, ата, жазушы. адам, үй.
Етістік тобы: Не істеді? Жазды, шықты, келді.
Сын есім тобы: Қандай? Ақ, көк, үлкен.
Сан есім тобы: Қанша? Неше? Отыз, екі, қырық.
«Диалог» әдісімен әр топтағы сөз мағыналарының әр басқа екені, оларға қойылатын сұрақтардың да әр бөлек екендігін түсіндіріп, дәлелдейді.
Қорытынды: сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім – сөз таптары д.а.
«Жигсо» әдісімен топ болып, 313-жаттығу орындайды. Жұмбақ
Торы тай,
Табанында төрт ай. Ш: (Таға)
Зат есім тобы: Тай, ай.
Сын есім тобы: Торы
Сан есім тобы: Төрт
Етістік тобы: Сұрақ қойылған сөздің екінші сөзбен байланысуын дәлелдейді.
Сергіту сәтіне жаттығу жасап сергіп алады.
«Бір айналым сөйлесу» әдісімен 314- жаттығуды орындайды.
Шешуі: (қызық)
Зат есім тобы: .... ...... ..... . Етістік тобы: .... .... .... .
Сын есім тобы: .... ..... ..... . Сан есім тобы: .... .... .... .
|
6 мин
|
Қорытынды:
315 – жаттығу.«Зерттеушілік әңгіме».
Шарты: Тапсырманы оқиды. Сонан соң өзара талдау жасап өз жұмыстарын өмірмен салыстыра отырып, дұрыс- бұрыстығына көз жеткізеді.
Жаттығуда бірінші бағандағы көп нүктенің орнына Сын есім тобы: Заттың сынын білдіретін сөзді тауып, неліктен осы сөзді жазғаныңды дәлелде.
Екінші бағандағы көп нүктенің орнына Етістік тобы: Заттың қимылын білдіретін сөзді тауып, неліктен осы сөзді жазғаныңды дәлелде.
Үшінші бағандағы көп нүктенің орнына Сан есім тобы: Заттың санын білдіретін сөзді тауып, неліктен осы сөзді жазғаныңды дәлелде.
Зат есім тобы: Заттың атын білдіретін сөзді тауып, неліктен осы сөз екендігін дәлелде.
|
«Зерттеушілік әңгіме» арқылы 315 – жаттығуды орындайды.
Төрт топта ақылдасып, бірінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың сынын, екінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың қимылын, үшінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін сөздерді тауып жазып, неліктен сол сөзді жазғанын дәлелдейді. Өзара ортақ шешімге келіп, дәлелдейді
Сын есім тобы: Қызыл бояу. Үлкен үй. Таза ауа.
Етістік тобы: Сиыр мөңіреді. Қар жауды. Құс келді.
Сан есім тобы: Бес дәптер. Екі қалам. Төрт сызғыш.
Зат есім тобы: Бояу, үй, ауа, дәптер, сиыр, қар, құс, қалам, сызғыш.
|
3 мин
|
Ауызша. «Кім көп біледі?» ойыны.
Бекіту сұрақтары
1-сұрақ:Зат есімдерге қатысты сын есім ойлап айтыңдар?
2-сұрақ: Зат есімдерге қатысты сан есім ойлап айтыңдар?
3-сұрақ: Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тап?
4-сұрақ: Зат есімдерге қатысты етістік ойлап айтыңдар?
5- сұрақ: Сөз таптары туралы не білдік?
|
«Кім көп біледі?» ойыны.
Бекіту сұрақтары
1. Ағаштар – (биік, аласа, жасыл, т.б.); Таулар – (аласа, кіші, биік.)
Жұмбақ
2. Бір ағаштың он екі бұтағы бар, Әр бұтағында отыз жапырақ бар. (жыл, ай, күн мен түн)
3. Тәтті: алма, тәтті қарбыз, тәтті кәмпит, тәтті торт.
4. Жел,қой, қоңырау.(Жел соқты. Қой маңырады. Қоңырау соқты).
Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Олар: зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
|
1 мин
|
Үйге тапсырма 316- жаттығу. 117 – бет. «Байқоңыр – ғарыш айлағы » тақырыбына мәтін құра.
Ғарыш туралы қысқаша мағлұмат беру.
|
1 мин
|
Бағалау. Әр топқа баға беру. Оқушының әр жетістігіін мадақтап, «ОүБ» құралдары «Шаршылар» арқылы бағалау.
Сабақ үшін рақмет, балалар!
|
Бағалау «Бағдаршам».
Шарты: Бәрін түсіндім, сабаққа белсенді қатыстым, 5 – ке жауап бердім деп санаса жасыл бағдаршамды алып, яғни өздеріне «5» қояды.
Жауапты толық бере алмадым, жақсы жұмыс істедім деп ойласа - сары бағдаршамды алып, яғни өздеріне «4» қояды.
Бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе қызыл бағдаршамды алып, яғни өздеріне «3» қояды.
|
2 мин
|
Рефлексия.
Сабақты талдау.
|
Маған қызық болғаны ........
|
Маған қиын болғаны ........
|
Бәрінен де маған ұнағаны ....... .
Бәрінен де маған ұнамағаны ......... .
|
Күн
ата
ақ
отыз
көк
екі
жазды
шықты
үлкен
жазушы
келді
қырық
адам
үй
Кім? не ?
Не істеді?
Қандай?
Қанша?
ККікккКі
Сөз таптар
сұрақтары
Достарыңызбен бөлісу: |