Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.
5 Т ережесін қайталау
Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
3. Дәйексөз
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы - Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.