Сабақ Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!


Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары



бет6/9
Дата26.10.2019
өлшемі273,76 Kb.
#50651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 класс алматы баспа



Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп_______________Мерзiм____________№ 6 сабақ
Тақырып: Өзіңмен үйлесімді өмір сүру.

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: Шыдамдылық, сабырлық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны



Сабақ мақсаты:

Оқушыларға ішкі тыныштық құндылығының мәнін ұғындыра отырып,сабырлылық,шыдамдылық,адами қасиеттерін меңгерту.



Міндеттері:

- сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру;

- жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- шыдамдылыққа, сабарлылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен



Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

5 Т ережесін қайталау


Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау



2. Дәйексөз
«Ақыл –адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»

М. Әуезов

Оқушыларға дәйексөзді қайталатып, оқушы ойын ортаға саламын. Қосымша дәптерге жазғызамын.
-Ақыл мен сабыр арқылы атқарылған іс қандай нәтижеге жетелейді?

-Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңызды рөл атқарады?

Сабырлы адам барлық уақытта шыдамдылық көрсетіп, төзімділік танытады.

Сабырсыздық адамды орынсыз ашуландырады. Ал орынсыз ашу асығыстыққы жол береді. Асығып қабылдаған шешім, сөздер барлық уақытты оң бола бермейді. Ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей, ойланып алу сабырлылықты білдіреді.



Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын, оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.


3. Әңгiмелеу (сұхбат)
Мәтінмен жұмыс
«Қайыңның көз жасы» Т. Әбдірайым

Сұрақтар:

- Қапан не істеді?

- Қапан қартқа қандай сұрақ қойды?

- Қарт қалай жауап берді?

- Қапан не үшін ұялды?

- Қапанның бойында қандай қасиет бар екенін байқадыңдар?

- Ар-ұжданымен өмір сүретін адамды қалай сипаттар едіңдер?

- Сендердің өз қылықтарыңа ұялған сәттерің болды ма? Неліктен?

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

«Шыдамдылық пен сабырсыздық» аңыз әңгіме
Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді . Ақыл мен Шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешссе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс- керіс , болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздықкері бұрылып отырады.

Бір күні Шыдамдылық пен сабырсыздық кез болады ......./ары қарай не болады?/Өз ойларымызбен жалғастырайық/



  • Шыдамдылықтың ісі қандай болды?

  • Сабырсыздықтың ісі қандай болды?

  • Сабырсыздық шыдамдылықпен неге келіспеді?

  • Бұл мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

  • Сабырсыздық деген қандай қасиет?

  • Қандай қасиеттер бізді ақылға жүгіндіреді?

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау

Суреттерге қараңдар. Ондағы теріс қылықтарды қалай түзеуге болады?



Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орында.



Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді.

5. Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Әнін жазған: Ф. Жолдасова

Сөзін жазған: С. Молдасанұлы




Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.




«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 7
Тақырып: Сүйіспеншілік сый талап етпейді.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны




Сабақтың мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. оқушыларға риясыз сүйе білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру;

  2. оқушылардың қоршаған ортаға аялы қарым-қатынас жасауға баулу арқылы қайырымдылық қасиетін дамыту;

  3. оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.



Сабақ барысын талқылау:

  1. 2. Дәйексөз


Сүйіспеншілік - жүректе.

Халық даналығы


  • - Сүйіспеншілік, ол жалпыадамзаттық құндылықтарының бірі. Ол барлық адамдарда болады. Яғни біз біреуді жақсы көрсек, шын жүректен жақсы көреміз. Сондықтан сүйіспеншілік біздің жүрегімізде.

(дәйексөзді бірнеше рет топпен қайталау)




  1. 3. Әңгімелесу

  2. «Мейірбан әйел» (37 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • - Кімдер автобуспен жол жүрді?

  • - Олар автобустан түскен кезде неге тап болды?

  • - Кім балаға көмектесті?

  • - Әйелді мейірбандық іске қандай қасиеттері жетеледі?

  • -Осындай жағдайларда қандай адамдар көмек қолын созады деп ойлайсындар?

- Сендердің өмірлерінде риясыз сүйіспеншілі көрсеткен адамдар болды ма?

Сүйіспеншілік пен Өмір Сүйіспеншілік жайлы аңыз айту.
Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті. Олар: Байлық, Тәкаппарлық, Мұң, Бақыт және Сүйіспеншілік екен. Бір күні  аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді. Байлық әдемі кемемен келіп:

–   Менің кемемде ақша мен алтындарым көп, саған орын жоқ, сені ала алмаймын,– деді.

Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады. Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

–   Сүйіспеншілік, мен саған көмектесе алмаймын. Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,– дейді.

Енді сүйіспеншілік Мұңнан көмек сұрайды. Мұң айтады:

–   Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,–дейді.

Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп  бара жатқанын көрді. Бақыттың  бақытты болғаны сонша, Сүйіспеншілікті естімеді. Бір кезде бір дауыс естілді:


  • «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»– деді.

Мұны айтқан қария еді. Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті.  Олар жерге жеткен соң, қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен кім екенін сұрады. Сонда Білім:

– Ол– Уақыт,–деді.

–   Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектесті?–деді.

Білім күліп, ақылмен жауап берді:

– Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі,–деді.
Риясыз сүйіспеншілік туралы әңгіме
- Риясыз сүйіспеншілік – асыл құндылық. Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат. Адамның шынайылығы оның ақ ниеті, таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен көрінеді. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету – әрбір адамның парызы. Риясыз сүйіспеншілік марапат, сый талап етпейді. Риясыз сүйіспеншілік – адамға берілген сый.





4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Дәптермен жұмыс

Өздерің жақсы көретін адамдарға арнап сурет салыңдар.

(балалар өз қалауы бойынша сурет салады)

Суретті салып болған оқушы, кімге арнап салды және не

салғаның айтады.





5. Топпен ән айту.

«Ақ мамам» өлеңі мен әні Сағит Садықовтікі








«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 8
Тақырып: Сүйіспеншілік сый талап етпейді.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны




Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет арқылы айналадағы адамдарға сүйіспеншілікпен қамқорлық жасау керек екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

1. қамқорлық туралы түсінік беру;

2. жанашырлық, аяушылық сезімдерін дамыту;

3. қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.




Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз
Қайырымдылық – жылы жүректен

Халық даналығы

- «Қайырымдылық» дегеніміз адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қиналған, сырқатталған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық көрсету жылы жүректікті білдіреді. Осындай жылы жүректен туған жақсылық қайрымдылық болып табылады. Сондықтан да халық «Қайырымдылық – жылы жүректен», деп тегін айтпаған.








4. Әңгімелесу.
Оқушылар риясыз сүйіспеншілік туралы әңгіме айтады.

Сұрақтар:

  • - Риясыз сүйіспеншілік дегеніміз не?

  • - Сен кімге риясыз сүйіспеншілік жасадың?

  • - Ал саған біреу риясыз сүйіспеншілік жасады ма?

  • - Адамның бойында сүйіспеншілік болғанда ол қандай істер жасайды?

  • - Ол шың жүректен жасай ма, әлде қиналып па?

    1. - Ал саған адамдарға жақсылық жасаған ұнайды ма?




    1. «Асқан асыл сыйлық» Ертегі айту

(айналадағыларға сүіспеншілікпен қарау, мейірімді болу)

Сұрақтар:

  • - Сендерге қай қыздың жауабы ұнады? Неліктен?

  • - Адамдар неліктен сүйіспеншілікті жүрекпен байланыстырады?

  • - Өздерің ата-аналарыңа қандай тілек тілер едіңдер?

2. Ұлы бабаларымыздың ізгілік, қайырымдылық туралы айтқан сөздерімен таныстыру.


- Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби — ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.
Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.

Ж. Баласағұни






5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Жағдаятты шешу. (сахналау арқылы)

«Мысал әңгіме»

  • Мысал әңгімедегі қыз қай ойын жүзеге асырғаны дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен?


Дәптермен жұмыс

Тестілеу. Мұғалімнің көмегімен дұрыс жауапты тауып айт та дәптерге белгіле.






6. Топпен ән айту.

«Ақ мамам» өлеңі мен әні Сағит Садықовтікі







«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп_______________Мерзiм____________№ 9 сабақ
Тақырып: Менің үйім.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік, татулық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны



Сабақ мақсаты:

Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.



Міндеті:

- оқушыларға отбасы ұғымының мәнін ұғындыра отырып, жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту;

- оқушыларды отбасын құрметтей отырып жауапкершілікке, мейірімділікке, татулыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен



Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін қайталау


Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау



2. Дәйексөз
ОТАН-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
- Отан дегеніміз не? Отан үлкен, әрқайсымыздың отбасымызды бірге қоссақ, сонда олардың барлығы Отан болады екен. Мысалы, сендердің сыныптарыңда 13 оқушы бар, әрқасымыздың отбасымыз бар, яғни 13 отбасы болады. Ал мектепте қанша оқушы бар, қаламызда, республикамызда қанша адам бар? Барлығынын өзінің отбасы бар, сонын барлығыны қосқанда бір Қазақстанды құрайды.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

3. Әңгiмелеу (сұхбат)

«Отбасы татулығы» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның ашу.



Сұрақтар:

  1. - Ертегіде не туралы айтылған?

  2. - Отбасы қандай болған?

  3. - Ол туралы кім естіп қойыпты?

  4. - Содан кейін патша не істеді?

  5. - Ол не көрді?

  6. - Ол кімге сұрақ қойды?

  7. - Ақсақал отбасының қандай қасиеттерін атады?

  8. - Сендердің отбасыларын қанша адамнан тұрады?

  9. - Отбасында сендер бір-біріне қандай көмек бересіңдер?

- Ата, ана, бала, аға, апа туралы. Осыларды бір сөзбен қалай айтуға болады?

( Отбасы мүшелері)

- Сенің отбасыңда неше адам бар?

- Олар кімдер?



Оқушылар өз ойымен бөліседі

Мұғалімнің сыйы

Сүйіспеншілік жайлы аңыз айту.

«Жақсылық» ертегісі
Ерте заманда анасы мен баласы өмір сүріпті. Бір күні анасы ауырып қалады екен. Емші анасы шөп арқылы ғана жазылады депті. Ол шөп тек қана алтын бұлақтың жағасында өседі екен. Баласы сол шөпті іздеуге жолға шығады. Алдында бір кәрия ауыр арбаны зорға сүреп келе жатыр екен, сонда бала ақсақалға көмектесіп ауыр жүгін көтерісіп, үйіне жеткізіп тастайды. Жолға шығып келе жатса алдынан әрен келе жатқан әжені кездестіреді, бала әженін қолтығынан сүйемелдеп, үйіне шығарып салады. Ары қарай келе жатса, бір дауыс істиді екен «Менің көзімді ашып жіберші» деп алтын бұлақ өтінеді екен, бала алтын бұлақтың көзін ашады. Алтын бұлақ рахметін айтып, балаға шөпті сыйлайды. Бала шөпті анасына әкеліп береді, сонымен анасы жазылып кетеді екен.

Сұрақтар:

- Ертегіде кімдер туралы айтылады?

- Анасына не болып қалады?

- Баласы не істейді?

- Бала қандай әрекет жасады?

- Ол кімге жақсылық жасады?

- Баланың бойында қандай қасиеттер бар?

- Ал сендер өмірлеріңде кімге жақсылық жасадыңдар?



Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту) Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топтық тапсырма.

1 тапсырма

Оқулықтағы суреттерге қараңдар. Отбасы мүшелерінің арасындағы ізгі қарым-қатынастарды тауып, әңгімелеп беріңдер. Өз отбасыларыңды да мысалға келтіріңдер.



2 тапсырма

Отбасындағы мінез-құлық ережесін жасаңдар.



3 тапсырма

Мына суреттердегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріңе тенер едіңдер? Айтып беріңдер.



Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орында.



Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді. Олар: коллаж жасау, сурет салу.

5. Топпен ән айту.
«Мен әдепті баламын» Өлеңі Ә. Асылбеков

Әні И. Нұсіпбаев



Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.




«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп_______________Мерзiм____________№_ 10 сабақ
Тақырып: Менің үйім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік, татулық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны



Сабақ мақсаты:

Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.



Міндеті:

- оқушыларға отбасы ұғымының мәнін ұғындыра отырып, жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту;

- оқушыларды отбасын құрметтей отырып жауапкершілікке, мейірімділікке, татулыққа тәрбиелеу..



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен



Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін қайталау.


Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау



  1. Дәйексөз

Өз үйім - өлең төсегім
- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Әрине қонаққа барған жақсы, бірақ өз үйінде демалаған одан да жақсы екен. Өткені қасында жақсын адамдарын бар, өзіңнің сүйікті ойыншықтарын, заттарын бар.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат)

- Отбасы менің байлығым дегенді қалай түсінесіңдер?



Оқушылар өз ойымен бөліседі
Мұғалімнің сыйы

Сүйіспеншілік жайлы аңыз

Бір ананың жеті қызы

Бір ананың жеті қызы болады. Бірде ол алыста тұратын ұлының үйіне кетті.Үйге бір аптадан кейін оралады.Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.

- Мен күн сәулесінен күткен көкнәр гүліндей сағындым,-деді біріншісі.

- Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім,-деді екіншісі.

-Мен енесін сағынып шырылдыған балапандай болып жыладым,-деді үшіншісі.

- Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын,деді төртіншісі.

-Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,-деді бесіншісі.

-Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым,-деді алтыншысы.

Жетінші қызы үндеген жоқ.Ол шешесінің туфлиін шешіп,аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.

Сұрақтар:

- Қыздарының анасы қайда кетті?

- Қыздар анасына деген сағынышын қалай білдірді?

- Қыздардың іс-әрекеттері қандай болды?

- Сендерге қай қыздың іс-әрекеті ұнады?

- Сендер аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетер едіңдер?

-Өздерің риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

Мәтінмен жұмыс

«Ғажайып»

- «Ғажайып» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өз отбасыларыңда қандай адамгершілік қағидалар бар?

- Өлеңде неліктен ата,әже,анаәке,аға,апке,інінің іс-әрекеттерін ғажайыпқа теңейді?

- Өз отбасыңда сен үшін не ғажайып?

Оқушылар өз ойымен бөліседі.


Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту) Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ: Бірлік 2-топ: Достық

3-топ: Болашақ 4-топ: Жалын

Топтық тапсырма.

Отбасы мүшелеріне арнап, ашық хаттың суретін салыңдар.



Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырманы орында.



Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді. Олар: коллаж жасау, сурет салу.

  1. Топпен ән айту.

«Мен әдепті баламын»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.






«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп_______________Мерзiм____________№ 11 сабақ
Тақырып: Менің достарым

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: достық, түсіністік, сыйластық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны



Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.



Міндеті:

- оқушыларға достық ұғымының мәнін ұғындыра отырып, сыйластық қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиетін дамыту;

- оқушыларды досың құрметтей отырып, достыққа, түсіністікке, сйыластыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер, слайд, сурет, шар, гүл, жүрекше,электронды оқулық.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін қайталау


Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау



2. Дәйексөз
Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа
- Жақсымен жолдас болсаң, өзіне жақсы боласың, ал жаманмен жолдас болсаң жаман боласың. Сондықтан сендер кіммен жолдас болғанын қайлайсыңдар? Әрине жақсымен дос болу керек, сонда ңана сендер дұрыс ірекет жасайсыңдар, ал дұрыс әрекет жасасаңдар онда әдепті бала боласыңдар, бақытты өмір сүресіңдер.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын, оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

3. Әңгiмелеу (сұхбат)

«Достар» (52 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның ашу.



Сұрақтар:

1. Әңгімеде кімдер туралы айтылған?

2. Балалар қайда барды?

3. Кім жаман баға алды?

4. Оған кім көмектесем деді?

5. Ол баланың бойында қандай қасиеттер көрінеді?

6. Адамға дос не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

7. Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады?

8. Досыңмен өзінің қарым-қатынасың қандай?

9. Сендер достарына қандай көмек көрсеттіңдер?



Оқушылар өз ойымен бөліседі.

- Дос дегенді қалай түсінесіңдер?

- Сенің достарын кім?

- «Достық қымбат өмірде» дегенді қалай түсінесіңдер?



Оқушылар өз ойымен бөліседі

Мұғалімнің сыйы

Достық жайлы әңгіме
«Жақсылықты есте сақта, жамандықты ұмыт» аңыз әңгіме
Бірде екі дос шөл даланы шарлап келе жатыпты. Кенеттен олар өзара дауласып, бір досы екіншісін шапалағынан тартып жібереді. Шапалақ алған досы ауырсынып тұрсада ештеңе білдіртпестен құмға былай деп жазады: «Мені бүгін ең жақын досым шапалағымнан тартып жіберді».

Олар ары қарай жүріп, бір көлге кезігеді. Көлге шомылғысы келеді. Шапалақ алған досы суға түсіп шомыла бастаған кезде кенеттен бала суға батып кетеді. Осы сәтте досы ойланбастан суға сүңгіп барып досын құтқарып алды. Суға батқан досы есін жиып, тасқа былай деп жазады:

«Мені бүгін ең жақын досым өмірімді құтқарып қалды».

Бетінен ұрған және оны құтқарған жігіт досынан :

- «Неге жаңа мен сені ренжіткен кезде оны құмға, ал құтқарған кезде тасқа жаздың?» деп сұрапты. Сонда досы былай дейді:-«Сен мені ренжіткен кезде оны құмға жазғаным, жел ұшырып әкету үшін. Ал маған жасаған жақсылығынды тасқа қашап жазған себебім, жел оны өшірмес үшін» деген екен.

Сұрақтар:

1. Әңгіменің мазмұнынан нені түсінуге болады?

2. Досының жасаған ісін дұрыс әрекет деп қабылдай аламыз ба? Неге?

3. Неге досының ренжіткенін бала құмға жазды?

4. Ал жасаған жақсылығын неге тасқа жазды?

5. Осы екі достың орнына өзімізді қойып көрсек, сіздер қандай әрекет жасар едіңіздер?



Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін,мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топтық тапсырма

Оқушылар дәптерге «Досыма сыйлық» тақырыбында сурет салады.

Оны әңгімелеп береді.


Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді. Олар: коллаж жасау, сурет салу.

  1. 5. Топпен ән айту.

«Дос боламыз бәріміз»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет