Сабақ Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!


«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары



бет8/9
Дата26.10.2019
өлшемі273,76 Kb.
#50651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 класс алматы баспа



«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 13
Тақырып: Бір-бірімізге көмектесеміз.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық, ақпейілділік

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны



Сабақтың мақсаты: оқушыларға көмек, көмектесу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

1.оқушыларға көмек, көмектесу ұғымдарының мәнін ұғындыру арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру;

2.оқушыларды айналадағыларға жанашырлыққа үйрете отыры, қамқорлық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

3.оқушыларды ақпейілділікке, қамқорлыққа, жанашылыққа, тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.


Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз
Қайырымды іс жаса,

Қайырлы болар әр ісің.

Халық нақылы
- Адамға қиналған сәтте қол ұшын беру, жақсы, жылы сөздер айтып, демеу, жақсылық жасау – ол қайырымды іс болады. Ал қайырымды іс жасасақ айналадағылар бізге ризашылығын білдіреді. Оларды риза ету бізге қуаныш сыйлайды.




3. Әңгімелесу

«Жай бір адам» (60 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • Кім әжеге көмектесті?

  • Баланың әрекетін қалай бағалайсыңдар?

  • Ал қыздың ше?

  • Басқаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесің? Неліктен?

  • Басқалар саған көмектескенде не сезіндің?

- Айналадағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсыңдар?
«Арыстан мен тышқан» Ертегі

  • Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Мені жібере салшы, мен де саған жақсылық жасармын», - дейді ол. Арыстан тышқанңың «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді.

Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа танып тастайды.Тышқан арыстанңың ақырғанын естіп,жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып: «Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне тышқанңаң да қайырымдылық келетінін көрдін» - депті.

- Көрдіңдер ме, балалар, кішкентай тышқанда арыстанға көмектесе алады екен.



Сұрақтар:

- Арыстан тышқанға қалай көмек көрсетті?

- Тышқан арыстанға қалай оны қайтарды?
Әңгімелеу

- Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек.

Дұрыс, ізгі ой-ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі.

Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады.

Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады.

Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектесеміз.



Әңгімелеп беру

Оқушылар өздеріңе басқалардың көмектескендерін немесе өздері біреуге көмектескенің естеріңе түсіріп, әңгімелеп береді.






5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау «Достық көмек»

3 оқушы тақтаға шығады. (Алмат, Елжан, Әділет рөлін ойнайды.) Екуі есіктің сыртына шығады. Автор мұғалім.

Автор: - Бүгін Алмат көңілсіз. Математика пәнінен үй тапсырмасын орындамағаны үшін нашар баға алып қалды. Қанша тырысса да сол тапсырманы түсінбей ақ қойғаны. Үйге барғанда анасы не дер екен... Осылайша ой құшағында отырғанда сыныптастары кіріп келді.

Елжан: - Алмат, неге көңілсізсің? Мен қазір үй тапсырмасын тездетіп орындайын. Сен үзілісте менен көшіріп ала сал.

Әділет: - Алмат, қажет етсең, сабақтаң кейін біздің үйге барып, бірге дайындалайық. Мен саған есептің шығару жолдарын түсіндіріп берейін. Шығару жолын түсінбей, баған түзелмейді.

Автор: Алмат қай досының көмегін қабылдарын білмей, ойланып тұрып қалды.



Сұрақтар:

  • - Сендер Алматтың орнында болсаңдар, кімнің көмегін қабылдар едіңдер?

  • - Қай бала Алматқа шын достық көмек көрсеткісі келді?




    1. Жағдаятты шешу.

Жағдаятты оқып, өз көзқарасыңа сәйкес келетін жауапты таңдап алып, дәлелдеп беріңдер.
Дәптермен жұмыс

Суреттерге қара. Оларды боя. Балалар қандай көмек көрсетіп жатыр? Әңгімелеп айтып бер.







6. Топпен ән айту.

«Мен үлгілі баламын» өлеңі А. Байғожаевтікі

әні Ә. Молдағайыновтікі





«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 14
Тақырып: Бір-бірімізге көмектесейік.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны




Сабақтың мақсаты: Қамқорлық, жанашырлық үғымдарын дұрыс әрекет құндылық арқылы адам өміріндегі маңзыдылығын ашу.

Міндеті:

1. қамқорлық пен жанашырлық адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру;

2. қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;

3. қамқорлыққа, жанашылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.


Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз
Бірлесе көтерген жүк жеңіл.

Мақал

- Бір істі бір адам жасаған жеңіл ме, әлде көп адам осылып жасаған жеңіл бола ма? Мысалы, үй жинағанда біреуіміз сыпырып, екіншіміз еден сүртіп, үшіншіміз жан сүртсек онай бола ма, немесе барлығын тек бір адам жасаған оңай ма? Сол үшін халық айтады екен бірлесе жасаған жұмыс жеңіл болады деп.






3. Әңгімелесу
«Отбасы татулығы» аңыз әңгемесі бойынша сұрақ қою арқылы

әңгіменің мазмұның айту.



Сұрақтар:

  • - Зоя кімге көмектесті?

  • - Зояның жасаған әрекеті дұрыс па? Неге?

  • - Табиғатта кездейсоқ нәрсе бар ма? Себебін түсіндіріп беріңдер.

  • - Әңгімедегі кімге көмектесер едіңдер? Қалай?

  • - Өздерің табиғатқа қалай көмектесесіңдер?


Ертегі айту
- Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.

 Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.


Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
Әңгімелеу

Төмендегі сөйлемдерде көмектің қай түрі (ой, сөз, іс) айтылғаннын тауып, әңгімелеп беріңдер.


Суреттерді қарап, қамқорлық туралы әңгіме құрастырыңдар.





5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау

«Әрқашан көмекке әзірміз»

1. Ақылды бала

2. Елгезек бала

3. Пысық бала

4. Мейірімді бала

5. Жомарт бала

Оқушылар алдына ала суреттерге қарап, сосын тақтаға шығып сахналайды


Ойын «Біз де»
Балалар шеңбер құрып дөңгелене отырады. Мұғалі ортаға шығып, «көмек», «көмектесу» іс-әрекеттеріне қатысты сөйлемдер айтады. Балалар айтқан сөздерін дұрыс деп тапса, «біз де» деп жауап беруі керек. Ал қосылуға болмайтын сөзге «біз де» деп айтып қалған бала, өнерін көрсетеді.

Мұғалім: Мен әрқашан көмекке дайынмын.

Оқушылар: Біз де

Мұғалім: Мен көмек беруге асықпаймын.

Оқушы: Біз де десе қателеседі.

Дәптермен жұмыс

Мұқтаж жаңдарға көмек ретінде өз қолдарымен сыйлық дайындау.





6. Топпен ән айту.

«Мен үлгілі баламын» өлеңі А. Байғожаевтікі

әні Ә. Молдағайыновтікі






«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 15
Тақырып: Алғыс айту – игілік сыйлау!

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыпайылық, сыйластық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны



Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі алғыс айтудың маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

1. оқушыларға алғыс айту, ризашылық білдірудің мәнін ұғындыру арқылы сыпайылық қасиеті туралы түсінік беру;

2. оқушыларды риясыз жақсылық жасауға баули отырып, сыйластық қасиетін дамыту;

3. оқушыларды сыпайылық, сыйластық қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.


Сабақ барысын талқылау:

3. Дәйексөз

Алтын алма, алғыс ал,

Алғыс деген – ел сыйы.

Мақал

- Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Адам алғыс алғанда қуанады. Сондықтан алтын алма, алғыс ал дейді, өткені алтын бағалы болғанымен ол жай ғана зат, ал алғыс ол жақсы тілек. Сені қаунтатын, жадырататын, сенің көңіл-күйінді көтеретін.






4. Әңгімелесу.

«Автобуста» (68 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.



Сұрақтар:

  • - Автобусқа кімдер мінді?

  • - Кім үлкен кісіге орын берді?

  • - Ол не айтты?

  • - Ол қандай сөздер?

  • - Сендер соңдай сөздерді білесіңдер ме? Күнделікті өмірде қолданасыңдар ма?

  • - Қандай адам алғысқа бөлене алады?

  • - Жақсылықты тек алғыс алу үшін жасау керек пе? Неліктен?

- Өз істеріңе алғыс алғанда қандайсезімге бөленесіңдер?

Ертегі айту «Сыпайы қоян»

   Бір күні мейірімді және сыпайы қоян  көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек бірақ қайда.Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті.Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді.Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу қажет екендігін түсінеді.

  • Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сылағандай. Маған кіруге рұқсат етші, — дейді.

   Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның даусын естіп, оны шақырады. Жыланның даусынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян:

  - Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, — деп қаша жөнеледі.

   - Осы бір сиқырлы сөздер-ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, — деп өкінеді жылан.

Сұрақтар:

  - Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі бар?

  - Жақыс сөз адамдарға қалай әсер етеді?

   - Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады?
Әңгімелеу

Адам біреудің жасаған жақысылығына риза болғанда алғыс айтады. Алғыс айту әдептілікті білдіреді. Жақсылық жасау – әрбір адамның парызы. Адамға жақсылығы үшін алғыс айту игілік сыйлаумен тең. Алғысқа бөлену – бақыт.


Ағыс айту

Ата-анаңа, Отан-анаға, Жер-анаға ризашылықтарыңды білдіріп, алғыс айтыңдар.







5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды шешу.

Енді балалар мен сендерді үш топқа бөлемін.Мен сендерге жағдаяттар беремін, сол жағдаяттарды пайдалана отырып көрініс көрсетесіңдер.

1-топ:Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

2-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым қатынасы.

3-топ:Емханаға келген дәргер мен науқас арасындағы диалог.

    Ізетті, сыпайы болу, жақсы, жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана білу адамның жақсы қасиетін білдіреді.
Дәптермен жұмыс

Ата-анаңа, Отан-анаға, Жер-анаға ризашылық білдіріп,

сурет сал.

(балалар өз қалауы бойынша сурет салады)

Суретті салып болған оқушы, кімге арнап салды және не

салғаның айтады.







6. Топпен ән айту.

«Ризашылық әні» сөзі мен әні Луиза Хейдікі








«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 16
Тақырып: Алғыс айту – игілік сыйлау.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, ізеттілік

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың “сөз”, “бақыт” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

1. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; 

2. Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

3. Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

5Т ережесін еске түсіру.


Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жақсы сөз - жарым ырыс»

Халық мақалы

- Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.




3. Әңгімелесу

«Әдеп» (70 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.



Сұрақтар:

  • - Арман мен Аян қайда тұрады және қай сыныпта оқиды?

  • - Олар бірге қайда кетіп бара жатты?

  • - Кім әжеге орын берді?

  • - Ал Арман не істеді?

  • - Әжей неліктен екі балаға да алма берді?

  • - Арман не үшін қысылды?

- Адамды қандай іс-әрекет қуантады?

Әңгіме айту

Телефон шырылдайды. Телефонды Самалдың анасы алады.

Әсел:

- Самал үйде ме? Телефонға шақырып жіберіңізші. Телефонды анасы Самалға береді.

- Әй,Самал,математика пәнінен қандай тапсырма берді?

Самал: -Сәлем, Әсел! Халың қалай? Кешір мен де кеше сабаққа бара алмадым.

Әсел: -Неге?

Самал: -Кеше кішкене қызуым көтеріліп тұрған соң анам бір күнге үйде бол, қызуың түссін, сабақта ауырып қаларсың деді.

Әсел: -Жарайды онда,басқа қыздарға телефон соғып білермін.

Сұрақтар:

  • Балалар бұл көріністе Әсел қандай кемшілік жіберді.(амандасуды, сәлемдесуді ұмытып кетті)

   Біздің мақсатымыз жақсы сөздерді қолдана білуге үйрету, ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу, жақсы сөздің адам өмірінде маңыздылығын білеміз.

Әңгімелеу

- Адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге адалдықты, ақылдылықты, қарапайым кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттен, ұнамсыз қылықтан аулақ болуға тырысу керек.Әдепті, ақылды балалар қандай сөздер айту керек екенін мына күннің шуағындағы сөздерді оқып білуге болады.

 - Айналайын! Сәлеметсіз бе! Кешіріңіз! Рақмет! Бақытты бол! Сау болыңыз! Өркенің өссін! Көп жаса! Құлыным!

Сұрақтар:

  • Осы сөздерді көбіне біз қай жерлерде қолданамыз?

  • Қандай кездерде сендер жақсы сөздер қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Өздеріңе жақын адамдарға қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?




4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналық көрініс

- Балалар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Әлгінде оқыған Данышпан атаның алғыс сөздерін сахналау кезінде қолдануымызға болады.Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.

І топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;

ІІ топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;

ІІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

(интерактивті тақтада сахналайтын бейнелердің суреттері беріледі)



Ойын

- Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі. Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.


Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Сахналау

Суреттегі ризашылық іс-әрекеттерді сахналап көрсету.



Дәптермен жұмыс

Тестілеу




5. Топпен ән айту.

«Не деу керек?» өлеңі Ә. Дүйсенбиев

әні Ө. Байділдаев






Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп Мерзiмі № 17
Тақырып: Жақсылық жолымен жүреміз.

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: ізгілік, саналылық, риясыздық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны



Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

1. оқушыларға жақсылықтың мәнін ұғыныдыра отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру;

2. оқушыларды ізгі қарым-қатынас жасауға баулу арқылы риясыздық қасиетіне үйрету;

3. оқушыларды ізгігік, иясыздық, саналылық қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау.



5Т ережесін еске түсіру.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз
Жақсылық жан азығы.

Мақал


  • Адам баласы бұл өмірге жақсы адам болу үшін келеді. Айналасына, қоршаған ортаға, басқаларға тек жақсылық жасау арқылы өзінің мерейін үстем ете алады. Өйткені жақсылық жолмен жүрген, жақсылық жасаған адамның жаңы тыныштықта болады. Ал жаңы тыныш болса, онда ол уайымдамайды, қобалжымайды, қайғырмайды, көңіл күйі жақсы болып, бақытты өмір сүреді.




3. Әңгімелесу
«Бір жұлдызды құтқару» (79 бет) әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұның айту.

Сұрақтар:

  • - Теңіз жағасында кім жүрді?

  • - Бала не істеді?

  • - Бір кісі оған не деп айтты?

  • - Бала қалай жауап берді?

  • - Баланың жасаған іс-әректін қалай сипаттар едіңдер?

- Жасаған жақсылықты неліктен міндет етпеу керек?

Ертегі айту «Жақсылық пен жамандық» 
Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда  Жақсылық «істе» десе, жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп, адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып: 
Адам, ана балыққа көмектесіп жібер- десе, Жамандық:
Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма- дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрғандай болады.  Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. 
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: 
Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,- дейді.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру жаратылысың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.
    Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
    Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аясының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара  жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәннен айырып тастағысы келіп оқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол
     Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзіңнен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп, жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп –кішкене  тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.
Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:
Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді. 
 
Әңгімелеу

- Өзі жақсы адамның айналысы қашанда жақсылыққа толы болады. Ол өзін осы ортада ерекше бақытты сезінеді. Себебі оны адамдар, айналасы жақсы көреді. Ол осындай жетістіктерге өзінің жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық: Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,- дейді. Сол себепті: шамамыз жеткенінше, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Себебі жасаған жақсылығымыз ешқашан зия кетпейді. Оның шарапаты өзіңе, жақын туыстарыңа, еліңе тиеді. Сондықтан әр уақытта жақсылық жасау арқылы алғысқа бөленіп, ризашылыққа  кенеліп жүрейік.




Суреттер арқылы әңгімелеу
- Суреттерді мұқият қараңдар, Мұндай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болады? Айтып беріңдер.




4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Тапсырма

І. «Жақсылық тамшысы»  Оқушылар жасаған жақсы істерін естеріне түсіріп, тамшыға әрқайсысы бір-бір тамшыдаң қосады. Оны тақтаға іледі. .


ІІ. «Жақсылық ағашына» мына жердең бір суретті таңдап іліндер. 
- Айналадағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтар едіңдер.

Дәптермен жұмыс

- Дәптерге «Жақсылық» деген сөздің әрбір әрпінен

басталатын адами қасиетті білдіретін сөз жазыңдар.
Ойын. «Мен сені танимын»

       Ойынға қатысушылардың барлығы қол ұстасып тұрады. Әрбір ойынға қатысушы, жүргізуші  оң жағымен көршісіне бұрылады. Оның атын айтады да, мінез-құлқына сәйкес келетін сөздерді айтып,  мейірімді сезімдерін білдіреді. Сөз атының бірінші  әріпінен басталады. Мысалы: Анар-ақылды, Салтанат-сенімді, Мадина-мейірімді. 





5. Топпен ән айту.

«Бақыт әні» өлеңі Т. Молдағалевтікі

әні И. Нұсіпбаевтікі








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет