Сабақ Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!


Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары



бет2/9
Дата26.10.2019
өлшемі273,76 Kb.
#50651
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 класс алматы баспа



Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп_______________Мерзiм____________№_2 сабақ
Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз.

Құндылық: Ақиқат құндылығы

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік, ұқыптылық

Мұғалiм:

Cыныбы Оқушылар саны




Сабақ мақсаты:

Жалпыадамзаттық ақиқат құндылығы туралы түсінік беру.



Міндеті:

1. Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

2. Оқушылардың бойында адалдық, шыншылдық қасиеттерін ашуға ықпал ету;

3. Оқушыларды мейірімділікке, шыншылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, жайлы әуен



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

5 Т ережесін қайталау



Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау



  1. Дәйексөз.

Ақиқаттың кемесі сынбас
- Ақиқат, шындық адамның өмірінде ең маңызды орын алатын қасиеттер. Ақиқат жолы ешкімді адастырмайды. Ақиқат жолымен адам адал өмір сүреді. Адалдық - адам бойындағы таза ниет. Адал адамның ойы таза, сөзі шынайы, ісі игілікті болады. Адалдықпен өмір сүру –өмірдің басты заңы.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

М. Мақатаевтың «Шындық туралы» өлеңін оқып, мысал келтіріп, өлеңді талдаңдар .

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,

Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба?

Ар ақиқат үкімі жасалғанда,

Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.

Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да

Ат жалынан мал тапқан жылымдар да,

Арамзаны, ұрыны жұлып түспей

Ақиқаттың алмасы суынған ба?

Шындық деген шымылдық біреулерге,

Қалқа қылып шындықты жүрер пенде

Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,

Шыбыны ұшып, бейшара кірер жерге.

Сұрақтар:

1. Адамды адам ететін қандай қасиеттерді білесің?

2. Адамның жағымды жақтарын қалай байқауға болады?

3. Өмірде өздерің үлгі тұтатын адамдарды атаңыздар?

4. Өмірде адамдарды байланыстыратын қандай күш бар?

Оқушылар өз ойымен бөліседі
Мәтінмен жұмыс

Түлкі мен ешкі Ыбырай Алтынсарин
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

— Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? — депті.

— Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, — депті түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», — деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты

-Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма? Неліктен?

-Әрдайым шындықты айтқан жөн бе?Неліктен?

-Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысалдар келтіріңдер.

-«Түлкі мен ешкі»ертегісінен не үйрендіңдер? Айтып беріңдер.

Сұрақтар:


  • Түлкі қайда түсіп кетеді?

  • Ол ешкіге не деп айтты?

  • Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма? Неліктен?

  • Түлкінің бойында қандай қасиеттер бар?

  • Әрдайым шындықты айтқан жөн бе? Неліктен?

  • Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысалдар келтіріңдер.

Оқушылар өз ойымен бөліседі

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын. Мұғалімнің сыйы (аңыз айту)Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


Дәптермен жұмыс

Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің суреттін салыңдар.







  1. Топпен ән айту.

«Ертегілер елінде»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет