5 – жаттығу. Сөйлемдерден диалект сөздерді тауып, мағынасын ашыңыздар. Қандай кәсіпке жататын сөздер екенін ажыратыңыздар.
1. Ауыл ақсақалдары ашымақтан ауыз тиіп болған соң, біздер де жайғастық. («Тұмар» журналы, 3/2008)
2. Баланың қатты қорыққаны соншалық, шаңдатып қозыхананың ар жағынан бір шықты. («Тұмар» журналы, 3/2008)
3. Ет базарының ал жағындағы тексеру шеккісінің жанына аяңдады. («Таңшолпан» журналы, 3/2002)
4. Кеңес осы жолы ұтырлы шешім қабылдады. (М.Мағауин «Көк мұнар»)
5. - Ат үстінен түскен жаңағы сықпытсыздау жігіт сені іздеп жүрген. («Ізденіс» журналы, 3/2006)
6. Қолын қалтасына сүңгітіп жіберіп, тұянадай кітапша алып шықты. («Ізденіс» журналы, 3/2006)
7. Ертіп келгені - өз баласындай еркесоқ бала. («Педагог» журналы,5/2006)
8. Күнсұлу легеннің қасында, тақтайда жатқан сабынды ұсынды. (Ғ.Мүсірепов «Ашынған ана»)
9. - Ауыз үйге кестапандай мөшек әкеліп қойғансың ба? («Таңшолпан» 4/2007)
10. - Бұл Амантайдың баласы жүдә өнерлі екен,- деді таңдана қарап. (С.Мұқанов. «Ботагөз»)
Достарыңызбен бөлісу: |