2 – жаттығу. Берілген диалект сөздердің қатарын оқып шығып, дәптерге көшіріп алып, есте сақтаңыздар Жар – үйдің қабырғасы. (Орал, Казталовка, Жәнібек, Жымпиты). Құнт – қамшы. (Көкшетеу, Щучинск). Ләгөн – (леген) қол жуатын шылапшын. (Жәнібек, Орда). Тәртіп – белгілі бір қоғам мен ұйым мүшелеріне берілген ереже. Ызбайлы – сыпайы, әдепті. (Орал, Жәнібек) Құлынжарғақ – құлынның не тайдың терісінен істелген сырт киім. (Шымкент, Арыс). Аша – үйдегі тіреу, бағана. (Көкшетау, Еңбекшілдер). Аңызғақ – аңызақ, қапырық.(Көкшетау). Ересен – орасан, үлкен, өте, тым. (Алматы). Аржайы – жайдары, жарқын мінезді (Арал, Орал, Орда) Бескөз – матаның түрі ( Алматы, Жамбыл) Бөртік – бөрткен (Гурьев, Маңғыстау) Дағара – темірден, мыстан жасалған үлкен ыдыс (Жамбыл, Шымкент) Далаба – дау, жанжал, машақат (Маңғыстау) Ежіл – қожыл болу – сыр айтысып шүйіркелесу (Торғай) Есебі – мысалы, айталық (Көкшетау, Семей) Жеңсіз – кәжекейдің қысқа түрі, шолақ жең (Түрікменстан, Ташкент) Қақыраю – кекірею (Қостанай, Торғай)
3 – жаттығу. Берілген мақал-мәтелдердегі диалект сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңыздар. Түйе шудасын, Жылқы жалын, Пада мүйізін төсейді. Ерді кебенек ішінде таны. Басы бапан, аяғы сапан. Су болса, түсіп өлейін, Ұшпа болса, ұшып өлейін. Көнектен шошынған бие оңбас Көптен бөлінген үй оңбас. Батырдан сауға Мергеннен сыралқы. Ылдисыз өр болмайды. Қапысын таппас ер болмайды. Қойды қорадан сат, Астықты ұрадан сат. Кері кеткен еріншек, Кеусен сұрауға да ерінеді. Шөп жаманы қоға, Құс жаманы шажа. Ел қадірін білмеген-зәнталақ, Көл қадірін білмеген-дуадақ.
4 – жаттығу. Берілген кірме сөздерді дәптерге жазып алып, есте сақтаңыздар. Әдеби тілдегі кірме сөздер мен диалектілік кірме сөздерді бөліп жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |