Сабаққа өзіндік талдау Пән: биология, физика Сынып 8 «А» Сабақтың өту күні: 24. 04. 2015ж. Мұғалім



бет1/7
Дата18.02.2017
өлшемі1,98 Mb.
#10324
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
«Теміртау қ. № 4 ЖББОМ» КММ

Біріктірілген биология және физика сабағына өзіндік талдау
Тақырыбы:
«Айналадағы электр құбылыстары»

Өткізген: биология пәнінің мұғалімі А.С.Рахимова,

физика пәнінің мұғалімі А.Н.Омирбаева

2014-2015оқу жылы



Сабаққа өзіндік талдау

Пән: биология, физика

Сынып 8 «А»

Сабақтың өту күні: 24.04.2015ж.

Мұғалім: Рахимова Анар Сайлауовна (биология пәні )

Омирбаева Асем Нуралыевна (физика пәні )
Биология мұғалімінің өзіндік білім көтеру тақырыбы: “Биология сабағында деңгейлеп және дамыта оқыту технологиясынының элеметтерін қолдана отырып, оқушылардың өз бетінше іздене білім алуға дағдыландыру” ( Жаңа қосымша тақырып: “Биология сабағында интерактивті тақта арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру” )

Физика мұғалімінің өзіндік білім көтеру тақырыбы «Оқушыларға физика пәнінен логикалық есептерді шығаруды үйрету»
Мақсаты

Қазіргі заман талабына сай жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерімен танысып, қолайлы элементтерін өз тәжірибемізге еңгізіп, қолдану


Міндеттері:

  • Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерімен танысу және қолдану;

  • Интерактивті технологияны қолдану.


Оқушылардың даму үшін:

  • Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, білімді өз бетінше меңгеру, ойлау, есте сақтау, ауызша және жазбаша қабілеттерін дамыту;

  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Ғылым мен білімге ізденіс қалыптастыру.

Біз 8«А»сыныбында «Табиғаттағы электр құбылыстары»тақырыбы бойынша практикалық жұмыс: «Жемістер мен көкөністердегі ( лимон, алма, қияр, картоп) электр құбылыс», «ЭКГ»GLX модуль арқылысабақ өткіздім.


Сабақтың негізгі мақсаты

оқушылардыңтабиғаттағы электр құбылыстары туралы білімін қалыптастыру және практика жүзінде оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру .


Сабақтың міндеттері:

  1. Электр құбылыстары туралы алған мәлімет арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру;

  2. Оқушымен жақсы қарым-қатынасты орнату;

  3. Баланың дамуына жағдай тұғызу және өзіндік сенімін арттыру.


Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасы

3.Жаңа материалды түсіндіру

4. Қорытындылау. Оқушылардың тәжірибе жұмысы

5.Бекіту кезеңі

6.Үйге тапсырма

7.Оқушыларды бағалау

8.Сабақты қорытындылау, рефлексия

2. Сабақ барысы үй тапсырмасын сұрақ –жауап арқылытексеруден басталды.

Физика мұғалімі:

- Электр тогы дегеніміз не?

- Электрленген дене дегеніміз не?

- Аттас заряд, әраттас заряд дегеніміз не?



- Алғаш рет «Электр тогы» түсінігін физикаға енгізген ғалым кім?
Бұл кезеңде оқушылар оқулықтағы мәтінді талдағандары еске түседі.Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.

3.Жаңа тақырып «Найзағай» бейнетаспасын көрсетуден басталды, сонан соң сұрақ-жауап арқылы түсіндірілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет