Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Жер – шар тәрізді дене . Глобус – жердің дәл үлгісі .
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
● Білімділік. Оқушыларға глобус – Жер шарының пішінін дәл бейнелейтін
шағын үлгісі екендігін, оның бетіне градус торын құрайтын параллель және меридиан сызықтары қалай түсетіндігін түсіндіру.
● Дамытушылық. Оқушылардың аспан әлемі, жер планетасы туралы танымын шындау, қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен айналысуға баулу.
● Тәрбиелік. Өзі өмір сүріп отырған планетасын сүюге, құрметтеуге, қамқор болуға, экологиялық, апаттардан қорғауға тәрбиелеу.
● Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
● Сабақтың әдісі. Сұрақ - жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар.
● Сабақтың көрнекілігі. Глобус, жарты шарлар картасы, Магеланының Жер шарын айналу саяхатының картасы. «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы
|
|
Психологиялық ахуал
|
а) «Не артық» ойыны
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам
ә) «Кім көп біледі?» Жер сөзіне байланысты бірнеше сын есімдерді қатастырып айту.
Байтақ жер, Кенді жер, Бай жер, Туған жер,
б) «Жер» сөзін топтастырып жазу.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалімнің түсіндірмесі :
Оқушылар, Жердің шар тәрізді екендігіне көзіміз жетті. Осы жердің шар тәрізді екендігін зерттеп болған соң, ғалымдар жердің үлгісін жасай бастады. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады.
«Глобус» - латын тілінде «шар» деген сөзді білдіреді.
Глобус біздің көз алдымызға жердің дәл үлгісін елестетіп қана қоймайды, онымен түрлі тәжірибелер жасауға болады.
Картадағы сияқты глобуста да Жер беті түрлі - түсті бояулармен кескінделеді. Онда бүкіл жер шарында құрлық пен судың таралуы көрсетілген.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар мәтіннен глобус – Жер шарының кішірейтілген үлгісі екендігін және онда материктер мен мұхиттардың таралуы жайындағы бөлімін оқиды.
Пысықтау сұрақтары.
- Глобус неліктен Жер шарының дәл үлгісі деп аталады?
- Глобуста жер беті қалай бейнеленеді?
- Жер бетінде қандай мұхиттар бар?
- Қандай материктер бар? Біздің еліміз қай материкке жатады?
Глобуспен жұмыс.
Әр партаға бір - бір глобус таратылып беріледі. Оқушылар глобустан полюстерді, экваторды, параллель және меридиан сызықтарын табады. Материктер мен мұхиттардың орнын анықтайды. Осыдан кейін мәтіннің градус торына қатысты бөлігін тауып оқиды.
Кескін сызбаға глобустың белгілерін жазу.
Картамен жұмыс. Картадан Ф. Магелланның Жер айналу саяхатын көрсету.
|
|
Сергіту сәті
|
«Не артық?» ойыны.
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам
|
|
Ой толғаныс
|
Электронды оқулықтан тест өткізу
-Сабағымызды қорыта келе, Күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін Сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын!
|
|
Үйге тапсырма
|
«Жер - Ана» тақырыбына шығарма жазу..
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |