Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
1) Таулы жердің ауа райы, ондағы өсетін өсімдіктермен жануарлар туралы мағлұмат беру;
2)Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу;
3)Танымдық қабілеттерге дамыту.
Көрнекілігі:Суреттер, карта, жазбабет, т.б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Кең дала, көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен
Әне, сол анам еді мені тапқан,-деп Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай, Қазақстан-кең,байтақ өлке.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалемнің түсіндірмесі
. -Балалар, картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған қандай жерлер?
-Қызыл түспен боялған таулы жерлер.
-Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат аламыз. Әр оқушының алдында карта тұрады, олар талған тауларды түсіріп отырады.
1. Алтай тауы.-Солтүстік батыста орналасқан. Алтай тауы түркі тілінен аударғанда «Алтай» -алтын деген сөзді білдіреді. Ол Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай, кенді Алтай болып бөлінеді.
2. Сауыр-Тарбағатай тауы.Бұл тауды Шоқан Уәлиханов пен досы Потанин зерттеген.
3.Жоңғар Алатауы- Оңтүстік шығыста Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Ең биік шыңы –Бесбақан шыңы. Пайдалы қазбаларға өте бай. (жанғыш, тақтатас,қоңыр көмір, вольфрам т.б) Мұнда «Достық» темір жолы салынған.
4. Тянь-Шань. Азия материгіндегі ең ірі таудың бірі. Қытай тілінен аударғанда «Тәңір шыңы», «аспан тауы» дегенді білдіреді. Полиметалға бай. Емдік қасиеті бар минералды бұлақтар кездеседі. Бұл тау орыс географы П.П.Семенов –Тянь-Шаньскийдің атымен аталған.
Таулы жер өсімдіктері: (Тақтадаь таулы жер өсімдіктерінің суреті тұрады.) Көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма, т.б. өседі.
Таулы жер жануарлары: (тақтаға ілінеді)
-Балалар, Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанды ненің символы ретінде алды?
- «Қазақстан-2030» жылдары Орта Азия барысына айналады,яғни біздің мемлекетіміз ең ірі ,алпауыт мемлекеттермен терезесі теңеледі деген.
-Осындайғы барыс қандай аң және қандай аймақта өмір сүреді деп ойлайсыңдар?
-Барыс өте епті, жылдам, жыртқыш аң. Ол биік тау құздарын мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір қорғауға алынды. Барыстың шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер өте көп.
Арқар-өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта түседі. Сондай-ақ таутеке, марал, ақбөкендер т.б мекендейді. (әр жануарға жеке-жеке сипаттама беру).
Таулы жер құстары.
- Таулы жер құстары өте көп. Биік тасты құздарда ұлар тіршілік етеді.
Ұлар-ірі, түсі тас реңдес сұрғұлт құс. Ол 5-10-нан топтасып жүреді. Олар Қыста тау қуысына топтасып қонақтайды. Олар бірін-бірі жылытып, суықтан қорғайды.
Қозықұмай-ол тік құздарды мекендейтін құс.Қозықұмай еліктің лағы,суыр,арқардың қозықасы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жануарларға да шабуыл жасайды. Екпіндеп ұшып, оларды қанатымен қағып,құздан құлатады. Бұлардан басқа тау ормандарында бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ т.б құстар тіршілік етеді.
Шаруашылықтары. Бұғы шаруашылығы. Омарта шаруашылығы дамыған.
1. Мәтінді тізбектей оқыту.
2. Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.-Сонымен, біз, балалар бүгін таулы жерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлар туралы мағлұмат алдық.
|
|
Сергіту сәті
|
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
|
|
Ой толғаныс
|
Венн диаграммасын тақтаға сызып. 5 оқушыны шығару (құстар, өсімдіктер, жануарлар).
Тапсырмалар. (5оқушы шығады)
1-топқа: Өсімдіктер аттарын түсіру, жаңа сөздер бойынша Қазақстан табиғатына әңгіме құрау.
2-топқа: Картаға тауларды түсіру және өлең құрастыру.
3-топқа: Жануарлардың аттарын түсіру және бір жануардың суретін салу.
|
|
Үйге тапсырма
|
Мәтінді оқу, мазмұнын айту, сурет салу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың таулы жер өсімдіктері мен жануарлары және оларды қорғау жайлы білімін тереңдету, тақырып мазмұнын меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, жеке шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға, қорғай білуге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Жануарлар суретінен фотоальбом. Өсімдіктер суреті. Жануарлар дүниесі салынған кесте. Таулардың, қорықтардың суреттері. Буклеттер. Карта.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ынтымақтастық, ұжымдық және топтық оқыту, дамыта оқыту.
Әдіс - тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика.
Оқыту құралдары: Оқулық, компьютер, слайд, дәптер.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалемнің түсіндірмесі
Қазақстанның таулары
Орталық Азиядағы Тянь - Шань тауының құрамында көптеген Алатау деген жоталар бар. Алатауды түрік, әзербайджан, түрікмен халықтары “Аладаг”, қырғыздар“Алатоо”, алтайлықтар “Алатуу”, өзбектер “Олотог” дейді. Ол қар, мұз белдеулерінің айқын көрінуінен “Алатау” деп аталған. Талғар шыңының айналасында Алматы қорығы ашылған. Қорықта Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген арқар, тауешкі, ұлар және т. б. мекендейді.
Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері.
Ұлытау - Қарағанды облысының аумағында орналасқан аласа тау. Ең биік жері - Әулие Ақмешіт. Етегінде көктерек, аққайың өсетін орман кездеседі.
Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылды.
Тарбағатай – Қазақстанның оңтүстік – шығысы мен Қытай мемлекетінің аумағындағы орташа тау.
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі – Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланың тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені – 30 км, орташа биіктігі – 450 - 500м.
Қазақстан қорықтары
Ақсу - Жабағылы қорығы. Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорық. Ол Батыс Тянь - Шань тау жоталары сәлемдерінің, Талас Алатауы мен Өгей тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл алқаптың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары түгелдей қорғауға алынған. Мұнда “Қызыл кітапқа” тіркелген сары жылан, ұлар, сақалтай, бүркіт, ителгі, арқар, сілеусін т. б. жануарлар кездеседі.
Алматы қорығы. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Бұл қорықта да өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бай қоры бар. Оның ішінде сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аюды, арқарды, ұларды атауға болады.
Наурызым қорығы. Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы құрғақ далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Қорық жерінде ертеден сақталып қалған Наурызым қарағайлы орманы мен далалы аймақтың көптеген шағын көлдері бар. Дуадақ, ителгі, қызық жемсаулы қаз және басқа да “Қызыл кітапқа” тіркелген құстар бар.
|
|
Сергіту сәті
|
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
|
|
Ой толғаныс
|
Сөзжұмбақ шешу.
1. Жер бетінің ерекше биік тұстары қалай аталады?
2. Тұзды көл
3. Көзге көрінбейді,
Ұстасаң қолға ілінбейді.
4. Қыста азығын табиғаттан іздейтін аң.
5. Мүйізінен дәрі жасалатын жануар.
1. Жүрісі бар, түрі жоқ,
Үні бар да, тілі жоқ.
Ұстатпайтын қашаған,
Жермен бірге жасаған
2. Шөлге шыдамды жануар.
3. Қыздар тағатын бұйым.
|
|
Үйге тапсырма
|
Мәтінді оқу, мазмұнын айту, сурет салу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |