Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты: 8:35
|
Кабинет: 1 А
|
Мұғалім:Ибраимова Н
|
Сабақтың атауы
|
Фф дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі,
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Кеспе әріп
Сұрақ-жауап
Жаңа сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Білімділік мәні: Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. Сөйлем ішінен ф әрпі бар сөздерді тауып жазу, ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру, басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру, дыбыстық талдау жасату.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа, дұрыс оқуға, білімді, дарынды, озық ойлы болуға тәрбиелеу. Спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Амандасу,түгендеу
«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамызӨнерменен өрістеп
Өсе берсін санамызМақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл - күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.
Вв дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру
|
Қызығушылықты ояту
|
Футбол өлеңін оқып беру. Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар - ақ. Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап. Сіздерге футбол ойыны ұнай ма?
- Оны қалай ойнаймыз? - Екі топқа бөлініп
Футболды қай жерде ойнау керек? - Арнайы футбол ойнайтын алаңда
- Допты көшеге жақын жерлерде ойнауға бола ма?
- әл - Фараби өлеңін оқып бері, түсіндіру.
- әл - Фараби – ғұлама, данышпан, ғалым.
|
Мағынаны тану
|
- Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?
Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)
Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа. (футболшы)
- Фонтан, футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған?
- Ф дыбысынан
- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ф Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс
Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта
болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
- Ф дыбысын хормен айту.
- Қандай дыбыс?
- Қандай текшемен белгілейміз?
Тақтамен жұмыс. (Суретпен жұмыс жүргізу)
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.
- Мынау не?- Фонарь (дыбыстық талдау жасау)
- Буынға бөлеміз, неше буын бар? фо – нарь- Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен?- Екі дауысты дыбыс бар.
- Суретке назар аударайық. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Балаларды. Олар қандай ойын ойнап жүр?
- Футбол- Футбол сөзін буынға бөлу. Фут - бол
- Неше буын бар?- Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
- Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығыФирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хатТелефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби - адамның атыФ дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.
|
Сергіту сәті
|
Иiлiп оңға бiр,Иiлiп солға бiр.
Денемiздi дұрыстап,Тұрамыз тік ұстап.
|
Ой толғаныс
|
Оқулықпен жұмыс
футбол, әл - Фараби өлеңдерін оқыту..
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.
Сабақты қорыту
- Не үйрендік? Не білдік?
- Қандай дыбыспен, әріппен таныстыңдар?
- Ф дыбысы қандай дыбыс?
- Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Ее дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі,
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
кеспе әріптер,
түсіндіру,сұрақ-жауап
аралас сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Фф дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру
|
Қызығушылықты ояту
|
Жарға шығып ойнайды, Жаңажыл несімен қызық
Ойынға бір тоймайды. Нені айналып ән саламыз ( елка шырша)
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. Ешкі)
Мұғалім жұмбақ шешуін оқушылармен талдай отырып, е дыбысына тоқталған кезде, оныңәрпін көрсетеді.
Оқулықтыңбетіндегі баған буындарын салыстыра, тізбектей оқытып жаттықтыру жұмыстары орындалады.
|
Мағынаны тану
|
— Балалар бүтін тиін басқа бір ағаштың жаңғағын тауып алыпты. Ол жаңғақ емен ағашынікі. Тоқылдақтың қонған ағашы сонымен қандай ағаш екен? (Емен ағашы). Емен ағашының басқа ағаштардан қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар? (оның діңі жуан болады)
Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді, көпір сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар осы емен сөзін буынға бөлейікші. Ее дыбысы орыс алфавитінен енген әріп.Сөздердің басында көбінесе кездеседі.Елка, Еж,Шахтер,Монтер т.с.с
Е дыбысын дыбыстату (е-е-е)
Е қалай естіледі? (Әндетіп, созылып)
— Ендеше ол қандай дыбысқа жатады деп ойлайсыңдар? (дауысты)
— Балалар ендеше бүгінгі танысатын дыбысымыз қандай дыбыс екен? (е)Енді е дыбысын өз үйіне орналастырайық.
|
Сергіту сәті
|
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп— теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
|
Ой толғаныс
|
Оқулықпен жұмыс:
Шахтер,монтер,актер,дирижер т.с.с
Сөздерді буынға бөліп оқу.
Сөздегі е дыбысы буында естілетінін табу.
Дәптермен жарыс:
— Балалар біз е дыбысын естіп дыбыстадық, енді оны көзіміз көріп әрпін жазамыз.
Е- көркем жазу
Элементтерімен таныстыру
Үлгі дәптерге е әрпін жазу
Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен танысып, оның таңбалануын жаздық? (е)
Е қандай дыбыс болды? (дауысты жіңішке)
Сабағымыздың соңында мен бір өлең оқимын. Не туралы екенін тыңдап отырыңдар.
Орманға бара жатқандар,
Тіршілік дәмін татқандар.
Орманды қорғаңдар,
Аңдар мен құстарды атпаңдар.
Оларда титтей жүрек бар,
Өмірге деген тілек бар.
Өтінемін түгел бәріңнен,
Орманды өрттен сақтаңдар.
Сонымен балалар табиғатты, орманды, аңдарды қорғауымыз керек. Тоқылдақ құсап ерте тұрып еңбек етуіміз керек екен.
Бүгінгі сабағымызды «өте жақсы» қатынасқан оқушыларға тиіннің жинаған емен ағашының жаңғақтарын сыйға тартамын.
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты: 8:35
|
Кабинет: 1 А
|
Мұғалім:Ибраимова Н
|
Сабақтың атауы
|
Щ дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер.
Түсіндіру, саұрақ-жауап
Жаңа сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Білімділік: Жаңа дыбыспен таныстыра отырып оқуға, жазуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, жұмбақ шешу, сөз сөйлем құрау.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Ее дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру
|
Қызығушылықты ояту
|
"Ой қозғау". Жұмбақ шешу.
Тіс кірлесе тазартар
Киімнің кірін азайтар,
Бәтеңкеңді жаңартар.
Бұл не? (Щетка)
Киімнің болса шаңы бар,
Тазалап оны арылтар.
Қажет заттың аты не?
Басында қандай әріп бар? (Щетка)
Щетка сөзі қандай дыбыстан басталады.
- Щ дыбысынан басталады.
Қане, балалар барлығымыз щ - щ - деп айтып көрейікші, қалай айтылып тұр?
- Дыбысымыз кедергіге ұшырап шығып тұр, олай болса дайыссыз дыбыс екен.
Ал мынау Щ дыбысының таңбасы.
Щ дыбысы қандай дыбысқа ұқсастығы бар?
- Щ - Ш ұқсас.
Айырмашылығы бар ма?
- Щ дыбысының аяғы бар.
ІІІ. Суретпен жұмыс.
- Тақтадан қандай заттарды көріп тұрмыз?
- Щеткалар.
- Щеткалардың бәрі бірдей ме?
- Олардың атқаратын қызметтері әр түрлі.
- Бірі тіс тазартады.
- Бірі киім тазартады.
- Бірі аяқ - киім тазартады.
Ұқыпты, таза жүруіміз үшін осы щеткаларды қолдана білуіміз керек. Деніміз сау болуы үшін тазалықты сақтайық.
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздан Щ дыбысын тауып алайық. Оқулығымызда біз көріп отырған щеткалардың суреттері берілген.
Әліппедегі сөздерді тізбектеле оқимыз.
Щетка, ащы, тұщы, борщ.
Бұл сөздерде Щ дыбысы сөздің қай жерлерінде келіп тұр.
- Сөздің басында, ортасында, аяғында.
Барлығымыз әліппедегі мәтіннің тақырыбын оқиықшы.
Балқаш.
Балқаштың не екенін білеміз бе?
- Жоқ.
Олай болса, Балқаш - Қазақстандағы үлкен көл. Ол Республикамыздың оңтүстік шығысында Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Балқаш көлі Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Оның тұздылығы да біркелкі емес. Батыс жақ бөлігінің суы тұщы болып келеді де, шығыс бөлігінің суы ащы болады.
Енді осы мәтінді оқимыз.
Осы мәтінде Щ дыбысы бар сөздер бар ма?
- Ащы, тұщы.
Щ дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұр?
- Сөздің ортасында.
Дұрыс - ақ балалар.
|
Сергіту сәті
|
Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба.
|
Ой толғаныс
|
Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі танысқан Щ дыбысымыз төрт элементтен тұрады.
а) Щ щ жазып көрсету. б) Ауада жазу. в) Дәптерге түсіру.
Қорыту.
"Табиғатқа саяхат".- Қазір қай мезгіл?- Қыс мезгілі.
- Қыста табиғат қандай өзгеріске түседі?- Шана тебеміз. - Аққала жасаймыз.
Олай болса, біздерде аққала жасайық. Аққаламыз әдемі шығуы үшін әр бөлігінде берілген тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.
- Аққаланың өзі неше бөліктен тұрады?
- Үш бөліктен тұрады.
Сонымен бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Щ дыбысы.
Біздің аққаламыз қалай болып шықты балалар?
- Әдемі, аппақ болды.
- Біз де щетка түрлерін үнемі пайдалансақ әдемі, аппақ, таза болып жүреміз.
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе№ 91
|
Уақыты: 8:35
|
Кабинет: 1 «А»
|
Мұғалім:Н.Ибраимова
|
Сабақтың атауы
|
Ц дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Әріп
Түсіндіру,сұрақ-жауап
Аралас сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Білімділік: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Қорбаңдаған аю
Щ дыбысы мен әрпі
« Сөз ойла, тез ойла» ойыны
а) Щ дыбысы бар сөздерді айту;
ә) Щ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу
щи, борщ, а - щы, тұ - щы, щет - ка
|
Қызығушылықты ояту
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс:
Суретпен жұмыс
Суретке қарап, сөйлемді құрастыру
Циркте сайқымазақ пен ит көрсетті.
Ит шығыршықтан секіруге дайындалып тұр.
Мәтінмен жұмыс:
- Мәтінді мұғалімнің оқуы;
- Сұрақ - жауап
Циркте кімдердің, нелердің ойындарын
көруге болады?
Өзіңе қандай цирк ойыны ұнайды?
Оқушыларға оқыту
Сайқымазақтың үшінші бөлігін құрастыру
Дәптермен жұмыс:
Ц әрпінің емлесімен танысу.
Ц әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу
|
Оқулықпен жұмыс
Сауатты оқу
Сөйлемдер құрастыру
Цц әрпін ауада жазып үйрену
|
Сергіту сәті
|
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
|
Ой толғаныс
|
Шығармашылық жұмыс:
«Концерт» тақырыбына әңгіме құрастыру
Мектепте мерекеге арналған концерт болды. Досан домбырамен күй орындады. Маржан ән айтты. Айбек өлең оқыды. Айгүл би тобы би
биледі. Балалардың өнері тамаша болды.
Сайқымазақтың бесінші бөлігін құрастыру
Сергіту сәті:
«Қарлы кесек» ойыны
Соңғы дыбысқа сөз ойлау
Айна, ағаш, шеге, етік
Сайқымазақтың алтыншы бөлігін құрастыру
Сабақты қорытындылау:
- Ц дыбысы қандай дыбыс?
- Ц қатаң дауыссыз дыбыс.
- Ц дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сөздің басында, ортасында кездеседі.
« Кім тапқыр?» ойыны
Түсіп қалған әріптерді орнына қой
... ирк, кон... ерт, ... ех, ... емент
а... ы, тұ... ы, ... етка, бор...
Сөзжұмбақ шешу:
1. Көру мүшесі
2. Түрлі көкөніс қосып пісірілетін тағам
3. Циркке кім барды?
4. Сандарды жазу үшін пайдаланамыз.
5. Құрылыс материалы.
6. Сайқымазақтың өнер көрсететін орны.
7. Астың дәмін келтіретін тағам
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Ээ дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі,
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Суреттер,кеспе әріптер
Түсіндіру,сұрақ-жауап
Жаңа сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Білімділік: Оқушыларға Э дыбысы мен әрпін таныту.Э дыбысын сөз ішінен ажырата білу, жуан –жіңішкелігін айыра білуге үйрету.
Дамытушылығы: Э дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін,шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортасымен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Ойыншығым көп менің
Цц дыбысы
|
Қызығушылықты ояту
|
- Олай болса, айтылған жаңа сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Э
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Э э дыбысы мен әрпі.
б) Э дыбысы қандай дыбыс екенін анықтау.
Экскурсия ұнайды.
Бар адамға "тамаша!"
Әнмен серуен құрғанда,
Қуанады балаша.
1. Хормен әндетіп айтқызу.(- э - э - э)
2. Оқулықтағы жаңа сөздерді оқып, буындық талдау жасау.
Э - лектр э - ле - ва - тор экс – ка - ва - тор
Э - ки - паж э - ко - ло - ги - я эс - ка - ла - тор
3. Э - дауысты дыбыс, сөздің бірінші буынында кездеседі.
4. Оны қалай ажырата алдыңдар? Дәлелде.
(Дыбысты айқанда ауа еш кедергіге ұшырамай, ұзақ айтылып тұр. Оқулықта қызыл түспен берілген, буын құрайды.
- Ендеше, э әрпін дауыстылар қатарына салайық.(Әріптер салған қалтаға салу.)
5. Э - әрпінің баспа, жазба және бас, кіші әріптерімен таныстыру.(интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.
Кіші және бас әрпін ауада жазып көрсетемін, оқушылар қайталап жазып қол үйретеді.)
в) Дыбыстық талдау жасау. Кестемен жұмыс.
1 Сөзді оқы-------------------------- Экскурсия
2 Буын санын анықта ---------------Экс - кур - си - я (4 буын)
3 Әріп санын анықта ----------------9 әріп
4 Дыбыс санын анықта -------------10 дыбыс
5 Неше дауысты дыбыс бар------- 4 дауысты дыбыс
6 Неше дауыссыз дыбыс бар -----5 дауыссыз дыбыс
|
Мағынаны тану
|
Сурет бойынша жұмыс.
электр шамы, элеватор, экскаватор, экспрес суреттерін көрсете отырып, жеке сөздердің мағынасымен таныстыру.
Электр – қуат күшінен алынатын жарық.
Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.
Экспрес - ірі стансаларға қатынайтын жүрдек пойыз, кеме, автобус.
Экскаватор - кен өндірісінде, құрылыста, тас, топырақ, кен қазатын, тиейтін машина.
Эскалатор – Жылжымалы баспалдақ.
Техника қауіпсіздігі жөнінде айтып түсіндіру.
- Электр шамы бізге не үшін керек?
- Жарық береді.
- Оқу бізге не үшін керек?
- Білімді боламыз.
- Білімді болсақ, болашағымыз жарық болады.
- Дұрыс айтасыңдар!
Білімдінің күні жарық,
Білімсіздің күні қараң - деген мақал тегін айтылмаған екен.
- Ендеше, мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.
|
Сергіту сәті
|
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
|
Ой толғаныс
|
Элеватор астық сақтайды.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
"Электр" өлеңін оқи отырып түсіндіру. Электр
- Жай отыннан жаралдым,
Найзағайдан нәр алдым.
Ә дегенше шарқ ұрып,
Кең әлемге таралдым.
Қызмет етем адамға,
Қолғанатпын маманға.
Бойым толған күш - қуат,
Тау құлатам табанда.
Түсінген мазмұнын айтқызу.
Іштей оқыту. Жеке - жеке дауыстап, мәнерлеп оқыту.
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Ч ч дыбысымен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Ч ч әрпі,
Түсіндіру,сұрақ-жауап
Аралас сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
1. Ч ч дыбысы мен әрпін таныстыру.
2. Оның дауыссыз (қатаң) дыбыс екенін аңғарту
3. Ч ч дыбысы бар сөздерді буынға бөлгізіп оқыту (сөйлемдер құрату)
4. Сөздерге дыбыстық талдау жасату
5. Баспа әріптерді дұрыс жазғызып, ермексаздан Ч ч әрпін мүсіндету.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
Тербеледі ағаштар
Ээ дыбысы
|
Қызығушылықты ояту
|
Жаңа сабақ.
1 тапсырма: Жұмбақ шешу
Орындық тұр – қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Ч)
2 тапсырма: “Чемодан” сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3 тапсырма: Еске сақтау диктанты. (ауызша)
Чек, чемпион, чемодан, Мичурин – осы сөздерді балалар шатыспай айтып беру керек.
4 тапсырма: Ч ч дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсың?
5 тапсырма: Ч ч дыбысы буын бола алама?
Осы тапсырмалар орындалған соң гүл щоғы балаларға қалады.
Тапсырманы орындаған балалар жұлдызшамен бағаланады.
2. Ч ч әрпін ауаға, тақтаға жазып көрсету, екі элементтен тұратынын, айтылу артикуляциясын түсіндіру.
Сөздік жұмысы: Чемодан, чемпион, чек.
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
Біз чемпион боламыз
Бір, екі, үш, бір, екі, үш
Торғайда біз боламыз
Чирик — чирик – чирик — чирик — чирик – чирик
Оқушы боп орнымызды табамыз
|
Ой толғаныс
|
4. Орталықпен жұмыс:
Еңбек орталығы: Алдарында берілген “чупа-чупс” кәмпитінің бейнесінде ермексаздан Ч ч әрпін жапсырмалап, мүсіндеу керек.
Оқу орталығы: Әліппе дәптерінде берілген сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, балаларға хормен және жеке буындатып оқыту, “чек” сөзіне дыбыстық талдау жасату (қызыл-көк текшелермен)
Жазу орталығы: Дәптерге Ч ч дыбысының бас және кіші әрпін қарындашпен жазғызу.
5.Сергіту сәті: үнтаспадан музыка ойналады, балалар орталық орындарын ауыстырады.Осылайша балалар орталық орындарын үш мәрте ауыстырады.
Әр орталықта белсенділік көрсеткен балалар жұлдызшалармен бағаланып отырады.
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?
3. Дауысты дыбысты ата.
4. Сенің есімің қандай дыбыстан басталады?
5. А а дыбысына сөз ойла.
6. Сен қай ауылда тұрасың?
7. Б б дыбысына сөз ойла.
8. Сенің ұлтың кім?
9. П п дыбысына сөз ойла.
10. Мектеп неше қабатты?
11. Мичурин сөзін буынға бөліп айт.
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Оқу ісінің меңгерушісі
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Ь белгісі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Көрнекілігі: ь белгісі
Түсіндіру,сұрақ-жауап
Аралас сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
1. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, ь дыбысының жіңішкелік белгісі екенін меңгерту
2. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаза алуға, сөз ішінде жіңішкелік белгіні дұрыс пайдалануға дағдыландыру
3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Сабаққа зейіндерін аудару
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
II. Өткенді пысықтау
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ч дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ч дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?
|
Қызығушылықты ояту
|
Мағынаны тану
|
III. Жаңа сабақ
Мақсаты: жаңа ь дыбысын таныстыру, оның орыс тілінен енген дыбыс екенін айтып өту
1) мағынаны тану
- ь – жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылып айтылады. ь дыбысы орыс тілінен енген дыбыстардың бірі.
2) жұмбақ жасыру
- Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль)
3) ь дыбысы кездесетін сөздермен таныстыру
Мақсаты: ь дыбысы кездесетін сөздердің айтылу ерекшелігін меңгерту
- лагерь, рояль, альбом, циркуль, фильм, рельс, коньки, компьютер
- Сөздердің мағыналарын түсіндіру
Лагерь – балалардың демалыс орны
рояль – музыкалық аспап
альбом – сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық
циркуль – өлшеуіш құрал
фильм – кино
рельс – пойыз жолы
коньки – сырғанақ жабдығы
компьютер – техника
- ь дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу
- ь дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу
- осы сөздерді буынға бөлдіру
- 1 буынды сөзді тапқызу
- 2 буынды сөзді тапқызу
- 3 буынды сөзді тапқызу
4) Суретпен жұмыс
Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ойлау кеңістіктерін кеңейту
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Осы суретке байланысты мәтін құрату
- мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату
|
Сергіту сәті
|
- Дидактикалық ойын: «Жоғалған буындар»
..... – бом, ла -....., ро -.....,..... – ки
|
Ой толғаныс
|
5) Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Өлең жаттату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
- «Лагерь жыры» өлеңін оқу
- Өлең не туралы екенін түсіндіру
- Өлеңді жаттату
6) Дәптермен жұмыс
- ь әрпінің жазылу түрін көрсету
- Ауада жазу
- Тақтаға жазу
- ь әрпіне берілген сөздерді жаздыру
- диктант жаздыру
ь, лагерь, альбом, фильм, коньки, циркуль, компьютер. Балалар жазда лагерьге барды. Оқушылар лагерьде қызықты ойындар ойнады.
IV. Сабақты қорытындылау
- Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Оның жазылу түрін кім көрсетеді?
- ь дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
ъ белгісі (айырма белгісі)
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөздер және әріптер
Түсіндіру,сұрақ-жауап
Аралас сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
1) Оқушыларды ъ белгісімен таныстыру, оның дыбысталмайтынын түсіндіру, ъ белгісі бар сөздерді дұрыс оқуға және жазуға, есте сақтауға, дыбыстық талдау жасауға үйрету;
2) Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сауатты сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту
3) Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Өткен әріпті еске түсіру:
1. ь белгісі бар сөздерді оқу:
Лагерь, альбом, фильм, рояль, циркуль, рельс,
2. «Лагерь жыры» өлеңді мәнерлеп оқу
3. Сұрақ - жауап алысу
|
Қызығушылықты ояту
|
Мағынаны тану
|
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе
- Балалар, біздің «Әріптер қаламызда» бір есік ашылмай қалыпты. Сол есікті ашу үшін тапсырмаларды орындауымыз керек. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, есік ашылып ең соңғы әріппен танысамыз.
а) Қалып қойған әріптерді тап:
лагер..., ал... бом, фил... м
ә) Сөздерге сөйлем құрастыру
2. Жаңа әріп ъ (айырма белгісі)- әріп, дыбысы жоқ. Біздер көреміз, жазамыз, бірақ дыбысталмайды.
а). Оның баспа және жазба түрін көрсету.
ә). Көрнекіліктер арқылы ъ белгісі бар сөздермен таныстыру
б). Сөздерді оқу ( разъезд, подъезд)
в). Сөздерге дыбыстық талдау жасау:
подъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - о, е, 4 дауыссыз - п, д, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
разъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - а, е, 4 дауыссыз - р, з, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
|
Сергіту сәті
|
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
|
Ой толғаныс
|
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Оқулықпен жұмыс:
а). ъ белгісі бар сөздерді оқу.
ә). «Біздің үй» мәтінін оқып беру, оқушыларға оқыту.
б). «Миға шабуыл» сұрақ - жауап алысу.
в). «Ой қозғау» Біздің үй қандай?
3. Дәптермен жұмыс:
а). Үлгі бойынша ъ белгінің әріп таңбасын жазу (ауада, дәптерге)
ә). Көшіріп жазу
Ү. Қорыту.
- Балалар бүгін біз қай әріппен таныстық?
- Қай мәтінді оқып үйрендік?
- Неше қабатты үйде тұрамыз?
1. Ойын «Кім жылдам?» Көрсетілген сөздерді кім жылдам оқыса жұлдызша беріледі. Көп жұлдызша жинаған оқушы үйдің төртінші қабатына жылдам шығады.( хабар, аю, кофе, вагон,...)
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Достарыңызбен бөлісу: |