Сабақтың атауы Менің Отаным Қазақстан Сілтеме Әліппе оқулығының әдістемесі



бет9/17
Дата17.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#43054
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Оқу ісінің меңгерушісі:


Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Пп дыбысы мен әрпі



Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Сабақтың әдісі

Сабақтың түрі

парта суреті, күн  суреттері, п дыбысының баспа және жазба әріп үлгілері,
 түсіндіру,сұрақ-жауап

аралас сабақ



Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік: п әрпі мен дыбысын таныту, оқи, жаза білуге үйрету.
Дамытушылық: п дыбысы қатысты жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың тілін, ойлауын  есте сақтау қабілетін дамыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқуға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: п дыбысы қатысты  жұмбақ, мақал-мәтелді өлең шумақтарын, тілек сөздерді қолдана отырып кітап оқуға баулу, достыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Үй тапсырмасын тексеру

Амандасу.Түгендеу.Сабаққа әзірлік
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті.
Төрімізге еніпті

Үү дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру



Қызығушылықты ояту

Мұғалім: – Балалар, өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?
–         Ү дыбысы.
–         Үй тапсырмасын тексерейік. Ү дыбысы бар сөздер ойлап, сөйлем құрап айтамыз. Дұрыс жауап берген оқушы алғысхатқа ие болады.
–         Ү  дыбысы қатысты өлең шумағын кім мәнерлеп оқиды?
Үстел берсең кіргенде,
Үлкен кісі есіктен.
Үлкен екен демей ме,
Үйренген ғой бесіктен.

Мағынаны тану


Тақтаға парта суреті ілінеді. Оқушылардан парта туралы білетіндері сұралды.«Партада оқушы отырады. Парта ағаштан жасалады. Оны фабрикада жасайды. Партаны күтіп ұстау керек.»
Мұғалім: -Парта сөзінде бізге таныс емес дыбыс қайсы?
-П дыбысы.
-Бәріміз бірге п дыбысын айтып көрейік. П-п-пы, п-п-пы.
Не байқадыңдар? П дыбысы қалай айтылып тұр?
-П дыбысы кедергімен айтылады. Сондықтан дауыссыз дыбыс болады.
Мұғалім : – П дыбысы еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша  кілт ашылуынан жасалатын шұғыл дауыссыз  дыбыс. Сөздің басында  да, ортасында да, соңында да кездесе береді.
П дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.
–  П дыбысы дауыссыз болғандықтан оны өтілген дауысты дыбыс әріптерімен достастыпып, буын құрайық. Па, по, пе пи, пі, пы.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артынаҚиығын салып көзінің.

Келе  жатқан томпандап, Көжегі екен өзінің.



Ой толғаныс

   Бағанда берілген сөздерді кезектестіріп оқыту.қап       пішен      шопан        әріп       Талап
тап        пәтер       шапан        кітап       Жақып
Шапан, шопан, әріп, кітап сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасалады.
Сөздерді п дыбысының орналасуына қарай тиісті қорапшаларға салады.
П…                            ..п..                                      …п
     Кітап» мәтінін оқушылар кезектестіріп жүргізіп оқиды.
Кітап – білім бастауы.Кітапты оқи білу -өнер. Кітап- адамның ақылшы досы. Оны жұрт құрметтейді. Кітаптағы қызықты ертегі, әңгіме, өлеңдерді жазушылар, ақындар жазады. Суретшілер суретін салады.
Мәтінді талдау:
-Мәтін неше сөйлемнен құралған?
-Бірінші сөйлемді тауып оқып шық.
-Бірінші сөйлемде «кітап» сөзі қалай ерекшеленген?
-Неліктен?
-Үтір арқылы ерекшеленген сөйлемді тауып оқы.
-Үтірмен ерекшеленген сөздерді теріп айт.
-Неліктен үтір қойылды?
-Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап. Тапқышбектің логикалық тапсырмасын орындау. Тірек суреттеріне қарай әр заттың жеке аты мен көп затты білдіретін атауларын үйрету.
дәптер- не?                   Кітап-не?                            Қарындаш-не?
дәптерлер- нелер?      Кітаптар- нелер?                 Қарындаштар- нелер?
   мазмұнды сурет бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып ауызша әңгіме құрап айтады.Суретке ат қояды.
– Шәріп қайда тұрады? -Ол нешінші сыныпта оқиды?
– Шәріп қайда барады?  -Кітаптар қайда жиналған?.
    Дәптермен жұмыс.
Мұғалім:- Пойыз қандай жолмен жүреді? Рельс неге ұқсайды? Сендердің дәптерлеріндегі жазу жолына ұқсайды. П әрпін ауада жазып үйренейік.
« П кіші әрпін жазу үшін қаламды жазу жолының үстіңгі сызығына қойып төменгі сызыққа жеткенше тік қиғаш сызамыз, жанастырып жазып қайта жоғары көтерілеміз, оңға қарай доға жасап иіп тік қиғашпен төмен түсіп ілмектейміз»
Оқушыларды ілестіре отырып, жазу әдісі бірнеше рет қайталанады.
Мұғалім:    Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Бүгінгі өткен п әрпін
Көркем етіп жазайық,-деген өлең жолдары арқылы оқушыларды п кіші әрпін үлгіге қарап көркем жазуға даярлайды.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:


Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Пп дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттер,кеспе әріптер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік: П дыбысының  әріп таңбасымен таныстыру.Жаңа сөздер үйрету.Сөздерге дыбыстық , буындық талдау жасату.

Дамытушылық: жеке сөздерді оқуға, біртіндеп тұтас оқуға дағдыландыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін,  қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Аңдарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,  баяндау.

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз.


Қызығушылықты ояту

-Балалар біз көңіл-күйіміздің әрқашан көтеріңкі болғанын қалаймыз.Көңілімізді ешқашан кірбің, бұлт шалмаса екен деп ойлаймыз. Аспандағы күніміз де әрқашан жарқырап тұрсын. Бірақ күніміздің бетін бұлт шалыпты. Күн көзінен бұлтты сейілту үшін мына бұлттардың артында сұрақтар берілген.Сол сұрақтарға жауап бере отырып күнімізге көмектесейік.

1. Әріп дегеніміз не?

2. Дыбыс нешеге бөлінеді?

3. Әріптің жазба түрі қайда жазылады?

4. Дыбыс дегеніміз не?


Мағынаны тану


Ызақор бұғып жатыр,

Сақалын тығып жатыр./ пияз /

Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

П дыбысы жауыссыз дыбыс.П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді.

-Қане айтып көрейікші

П әрпінің үлкен әрпімен таныстыру.

П әрпі үш элнметтен тұрады.

5.Сиқырлы кітап.  Суреттерді сөйлету, буынға бөлгізу.

Бүлдірген, мектеп, доп, қолғап, шапан, кітап т.б



6. Шығармашылық жұмыс: Авторлық орындық.

Алма алып бара жатқан кірпіге өз жанынан әңгіме құрастыру.Авторлық орындыққа отырып айтып беру.



Оқулықпен жұмыс: « Күш білімде, білім кітапта»

Сөздерді оқыту.

П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс кедсе, п дыбысы б-ға айналады:

Доп-добы,     көп-көбі,    тап-табу

Топ-тобы,     шөп-шөбі    шап-шабу

Кірпі мәтінді оқыту.

Рөлге бөліп оқыту.

Кірпі тіршілігімен таныстыру.

Кірпі-талғаусыз қоректенетін жануар.Ол түрлі жәндіктерді аулап жеміс-жидектерді жақсы көреді, өсімдіктерді жейді. Жақсы естиді және иісшіл болады. Күндіз інінде ұйықтап, ал түнде жорыққа шығады.Балалары жұмсақ инесімен туылады.Кірпі қыста ұзақ ұйқыға кетеді.


Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық



Ой толғаныс

Ой толғаныс. Біз не білдік?

.Кубизм әдісі. Кубизмнің әр қырындағы әріптерге сөздер ойлап табу.

Сыңарын тап  ойыны. Әр фигураның ішіндегі сөздердің жартысын тапқызу  оны қосып оқыту.

Шапан, шопан, кірпі, апта, сынып, мектеп



 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Оқу ісінің меңгерушісі:


Әліппе

Уақыты: 8:35

Кабинет: 1 А

Мұғалім:Ибраимова Н

Сабақтың атауы

Һ дыбысымен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі,

Сабақтың жабдығы

Сабақтың әдісі

Сабақтың түрі

Суреттер,һ әрпінің жазбаша және баспа түрі

Түсіндіру,сұрақ-жауап

Аралас сабақ


Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері:

1.Ақпараттық құзіреттілік: Х,Һ дыбысы мен әрпімен танысту.

2.Проблема шешу құзіреттілігі: Жаңылтпаш,санамақтар,жұмбақтар шешу арқылы тіл байлықтарын арттыру,сөздік қорларын

3.Коммунмкативті құзіреттілік: Игерген білімдерін бекіте отырып, жаңа Х,Һ дыбысы және әрпімен таныстыру, жаңа әріппен байланыстырып сөз ойлап, сөйлем құрастыра білуге уйрету, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуін дамыта отырып,ұғымталдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Үй тапсырмасын тексеру

Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

-Біз-ақылды баламыз

Оқып білім аламыз,

Тоқтар,Талғат ағалардай

Біз ғарышқа ұшамыз!

Пп дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру



Қызығушылықты ояту

Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Әріпжұмбақтар.

Табада бар,Танада жоқ.Сабада барСанада жоқ?/Б/

Егер К-ден бастасаңТісі жоқтың бірімін.

К-ні алып тастасаң,Аяқ киімнің бірімін./кетік-етік/

-Мынау қандай әріптер?Осы әріптерге байланысты қандай сөз,тақпақ, мақал-мәтел,жаңылтпаш білесіңдер?


Мағынаны тану


Буындарды оқыңдар.Буындардан сөздер құраңдар.

Суреттерде нелер бейнеленген?

Сөздерді оқып,сәйкес суретін тауып,сызық арқылы қос.
Суретке қарап,сөйлем құраңдар.
Һ дыбысымен танысу


1.Ай+гүл

2.Алма+гүл.

3.Гүл-нұр.


КӨЗ

АУЫЗ

АЯҚ

Балалар сөздерді оқып,суреттермен сызық арқылы байланыстырады.
Мен алма жедім.

Мен алмұрт жедім.

Мен балмұздақ жедім.

Мен кәмпит жедім.

Мен бұзауға сүт бердім.

Мен балапанға жем бердім.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.



Ой толғаныс

Жұмбақ:

Сәлем айтып алыстан

Туысынан,таныстан

Келетұғын «хат» «хабар»

Қай дыбыстан басталар?

1.һ дыбысын дұрыс айтқызу.

2.һ әрпімен таныстыру.

Жазба,баспа түрімен таныстыру.

Әліппе дәптермен жұмыс.

Х дыбысына сөз ойлату.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Буынға бөлу,сөйлем құрау.

Қол жаттықтыру жұмыстары.

1.һ әрпін ауада жазу.

2.Үзік сызықтарды бастыру.

3.Дымбілмеске жоғалған әріптерді

Табуға көмектесу.


Һ дыбысы.
Балалар һ дыбысын айтады.Оның дауыссыз дыбыс екенін ажыратады.
һ дыбысына сөздер ойлап тауып,

Сөздерден сөйлем құрайды.


Балалар өз беттерінше қол жаттықтыру жұмыстарын орындайды.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:


Әліппе

Уақыты: 8:35

Кабинет: 1 А

Мұғалім:Ибраимова Н

Сабақтың атауы

Яя дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі,

Сабақтың жабдығы

Сабақтың әдісі

Сабақтың түрі

кеспе әріптер,

түсіндіру,сұрақ-жауап

аралас сабақ


Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік: Я я дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Дамытушылық: Я дыбысы қатысты сөздерді білдіру арқылы оқушының ой - өрісін сөздік қорын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Я дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Үй тапсырмасын тексеру

Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Үлкеге де сіз Кішіге де сіз,


Сәлем бердік сіздерге Құрметпен біз.
Парта саған төсек емес жатуға,Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,Сымбаттылық болсын сенің бойында

Һ дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру



Қызығушылықты ояту

1)- Дыбыс дегеніміз не, әріп дегеніміз не? - Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс ше? - Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
- Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын қай дыбыс?
- Қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?
2) Дыбыстарды шарты белгілермен көрсету (дыбыстық сигналдармен)
3)«Шашылған әріп» ойыны. И н т ұ м ы р (Итмұрын )
4) Буындардан сөз құра: Ба, жа, сан, қа, лақ, бұ, лық, рыс, жу, ла, (Балық, жусан, жарыс, қала, бұлақ )
5)«Артық сөзді тап» ойыны
а ) Бір, бала, шана, бас, балға, боран, балық
ә) көже, көке, көлік, сөз, көмек, көз, көлшік

б) әже, әсем, әке, ешкі, ән, әдемі, әпке,



Мағынаны тану


- Балалар жылдың неше мезгілі бар? - Қазір қай мезгіл?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?(күн суытады, аяз болады т. б.)
-«Құстар» туралы не білеміз?Құстар
- Құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?(жем беремін, ұя жасаймын)
- Ендеше ұя сөзінде таныс емес қандай дыбыс?
- Дыбыстайықшы. Қандай дыбысқа жатады?
(Я дыбысының артикуляциясымен таныстыру. Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның я әрпімен таңбаланатынын түсіндіру)
- Баспа, жазба түрімен танысайық.

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей,Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндейИіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,Жаттығу оңай-ақ.


Ой толғаныс

1. Шығармашылық жұмыс. (Сурет бойынша әңгіме құрау)
2. Бағандағы сөздерді оқыту (хормен), мағынасын түсіндіру. Сөйлем ойлату.
3. Шаян сөзіне дыбыстық талдау жасау.
4. «Ұя» өлеңін оқыту. түсіндіру.
5. «Орныңды тап» ойыны.(Ретсіз жатқан сөздерді сандардың реті бойынша орналастыру.
6 Дәптермен жұмыс. Я дыбысының таңбалануын таза, көркем жазу.
Буындар. Сөздер. (бөліп жазу)
а о ұ түл бал қал бот қой дүр жыл сор
яқ яз ян яу ял яң кі ға та қа шы бі қы па
1. «Буындардан сөз құра» ойыны 2 Бағандағы сөздерді оқыту, «Ұя» өлеңін оқыту.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты: 8:35

Кабинет: 1 А

Мұғалім:Ибраимова Н

Сабақтың атауы

Юю дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың әдісі

Сабақтың түрі

Суреттер,кеспе әріптер

Түсіндіру,сұрақ-жауап

Аралас сабақ


Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділігі:оқушыларға Ю ю дыбысын тыныстыру,әріптің жазылу элементтерін үйрету.сөздегі орны туралы түсінік беру.Ю дыбысы кездесетін сөздерді дұрыс оқу мен жаза білуге дағдыландыру.Ю ю дыбысының орыс алфавитінен енген қосарлы дауысты дыбыс екендігін меңгерту,өлең жолдарын шапшаң оқи білуге үйрету

2.Дамытушылығы:Ю ю дыбысына қатысты жаңа сөз ойлату,сөйлемдер құрау. Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрістерін,тілін дамыту.

3.Тәрбиелігі:оқушылардың ой-өрісін,тіл байлықтарын,тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін дамыту


Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Үй тапсырмасын тексеру

Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Әнімізге ұласар


Әннің аты Әліппе.
Бәрімізге тілашар
Кітабымыз Әліппе.
Яя дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру

Қызығушылықты ояту

1«Сұр қоян» өлеңін жатқа айту.
- Балалар, байқайсыңдар ма, «Сиқырлы әріптердің» бізге берген тапсырмасы да қоянға байланысты екен, ендеше осы өлеңді қимылмен, хормен жатқа айтайық.
2.2 Ендігі тапсырма «Бес сөз» ойыны.
« Я» дыбысы бар сөздерді ойлап табу
1- қатар – Бес қыздың аты;
2- қатар – Бес ұлдың аты;
3- қатар – Жер - су аттары.
Сонымен, балалар, өткен сабақта біз қандай дыбысты оқып үйрендік?
Я дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Қандай дыбыстардың қосылуы арқылы жасалады?
И + У әрпінің қосындысы.
- Балалар, бұл қандай дыбыс?
(Дауысты дыбыс, қосарлы дыбыс).

Мағынаны тану


- Балалар, тақтаға қараңдаршы «Сиқырлы әріптер» бізге тағы да тапсырма дайындапты.
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Ою.
- Астындағы тапсырманың сырын табалық, мұнда бір дыбыс белгілі,
ол – О, ал белгісіз дыбыс қандай дыбыс?
- Белгісіз дыбыс – Ю. Ендеше, балалар бүгінгі өтетін, танысатын дыбысымыз – Ю. (Оқушылармен Ю дыбысын хормен айтып, дыбыстық мінездеме жасаймыз).
Дауысты дыбысты айтқанда өкпедегі ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай шығады, яғни Ю – дауысты дыбыс.
Ю дыбысы тағы қандай сөздерде кездесуі мүмкін?
Мынау ненің суреті ? (Аю)
Қанша дыбыс естіліп тұр? (Яғни бұл дыбыс қосарлы дыбыс)

Ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.


Ю – Й + У

Сергіту сәті

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)


Ой толғаныс

Балалар, тағы да «Сиқырлы әріптердің» тапсырмасы. Қима буын арқылы сөз жазу.
Со То Ба
«Мағынаны тану»
Оқулықпен жұмыс:
• Сөздерді оқыту
• Мәтінді оқыту
• Жазба сөйлемді оқыту.

Суретпен жұмыс. «Әжемнің оюы».


«Әжеме көмек» ойыны.
Әжеміздің оюы сияқты біз де дәптерімізге әдемілеп, Ю ю әрпін,және Ю әрпі бар сөз жазайық.
Сабақты қорытындылау.
Бұл «Сиқырлы әріптердің» соңғы тапсырма
Сызбамен жұмыс.
Жұмбақ шешу.
Ұстап әкеп шеңберді,
Байлап қойдым бағанға (Ю)
Мадақтау.
«Сиқырлы әріптер» ұлтымыздың ою - өрнектерін сыйға тартады.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:


Әліппе

Уақыты: 8:35

Кабинет: 1 А

Мұғалім:Ибраимова Н

Сабақтың атауы

Хх дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі,

Сабақтың жабдығы

Сабақтың әдісі

Сабақтың түрі

Әріптер

Түсіндіру,сұрақ-жауап

Аралас сабақ


Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздыққабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Үй тапсырмасын тексеру

Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Тербеледі ағаштар


Юю дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру

Қызығушылықты ояту

Өткенді пысықтау.
-Я,Ю дыбыстаны қайталау, Жарыс мәтінін оқу, түсінік айту.
-Ең алдымен Дараның кітаптарын үстелгі жинайық. Ол үшін біздер үй тапсырмасын қайталап алайық.
Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя,баяу,шаян, тақия,сая,аю,ою, қою,құю,есею,азаю,үлкею,көбею..

Мағынаны тану


-Бүгінгі танысатын х дыбысымен танысамыз. Қане дыбыстап көрейікші? Қандай дыбыс? Х-дауыссыз дыбыс,себебі? ауа кедергіге ұшырап тұр. Х - әріптернің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Суретергі назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.
- Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.
- Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: хат, шахмат, шах..
оқулықпен жұмыс.
-тізектеп бағандағы сөздерді оқып шықсақ,х дыбысының астын сызып шықсақ көпірден өтеміз. Х дыбысы сөздің қай жерінде орналасады?
-тізбектеп оқу, түртіп алу, осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?
-хат -хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін.
Хор-музыканы қосылып оpындайтын әншiлеp тобы.
Хан-ел билеушi .
Саяхат - алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp.
Дәріхана-Дәpi-дәpмек даяpлап және оны сататын оpын;
Хабар-жаңалық
Халат- үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.
Хадис- діни кітаптарда айтылған қасиеттi сөздеpi, өсиеттеpi.
Шахмат-ойын
Хаттама- жиналыстың, мәжiлiстiң баpысы туpалы жазылған қысқаша мазмұндама.
Ұстахана-темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.
Шеберхана-әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын.

сурет бойынша әңгімелеу.


кітапхандан алынған кітаптарды қалай күтіп ұстау керек екенін айту.
-Мәтінді оқу.
Мынау біздің кітапхана. Кітапханада көптеген газет-журналдар да бар.Кітапхана қоры- кітап. Оқушылар кітапханаға жиі келіп тұрады.
Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.
Іші өте таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін кітапханашы жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.
Кітапханада тыныштықты және тәртіпті бұзуға болмайды.

Сергіту сәті

Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.






Кітап туралы нақыл сөздер айтқызу.
Өмірде ең жақын кеңесші - кітап.
Кітапсыз үй – жансыз дене.
Кітап – ғажап дос.
Білім – біздің шамшырағымыз.
Кітап – біздің ұстазымыз.
Кітап - ақылды қуаттандыратын құрал.
Ақылшы
Ұстаз

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Оқу ісінің меңгерушісі:


Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Вв дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі

Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі

Сабақтың түрі

Көрнекілігі: кеспе әріптер мен буындар, тақырыптық суреттер, вагон суреттері

Түсіндіру,сұрақ-жауап

Жаңа сабақ


Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мақсаты: Оқушыларға В дыбысы мен әрпін таныту. В дыбысына қатысты жаңа сөздердің оқылуын, жазылуын меңгерту, мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрату арқылы білімін кеңейту;
Сөйлеу тілін, сөздік қорын ойлау, есте сақтау, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, кішіпейілділікке тәрбиелеу;

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Үй тапсырмасын тексеру

Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Хх дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру



Қызығушылықты ояту

Біз әдепті баламыз


Тату - тәтті тұрамыз
Жүрекке жылу толтырып,
Қайырымды боламыз.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз
Барша жанды құрметтеп
Бас иеміз біз

Мағынаны тану


«Кім жылдам?» әріпті жұмбақтар В -?
О - «торсық» сөзінің екінші әрпі.
К - «Көкек» сөзінде үш рет айтылатын дыбыс?
З - 10 - ның алдындағы санның соңғы әрпі.

А - ең жақын, ең аяулы адам кім?


Л - ешкінің төлінің бірінші әрпі
Бүгін қыстың бірінші айының екінші күні. Тәуелсіздік мерекесі туралы айту Вокзал - 6 дыбыс, 6 әріп, 2 буын бар
В - дауыссыз, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Баспа, жазба түрімен таныстыру.
«Вокзал» суреті бойынша әңгімелеу. «Білім» еліне саяхат
Вагон, тепловоз суреттерімен таныстыру.
Бүгін біз вокзалға барып, пойызға мініп, «Білім»еліне саяхатқа аттанамыз.
Олай болса, «білім»еліне барғанша, әр вагондағы жолаушылар мен жолсеріктерге өз білімдерімізді көрсетейік. Кім сабаққа жақсы қатысса сол оқушыға «Білім» елінде Ақыл атайдың бізге дайындаған сыйлықтары бар екен.
- Ендеше, жолға шығып бара жатқан жолаушыға қандай тілектер айтылады? - Жолыңыз болсын! - Сәт - сапар! - Ақ жол! - деп айтады.
Оқулықпен жұмыс
1. Бағандағы сөздерді оқу (мағынасын түсіндіру)
Вагон, автобус, велосипед, волейбол
Вокзал, трамвай, аквариум, витамин
Оқушыларға оқыту
2. Мәтінмен жұмыс
1. Вокзал мәтінін оқу.
2. Мазмұнын ашу (сұрақ - жауап)
3. «Үлкенге құрмет - балаға міндет» (мағынасын түсіндіру)
4. Мәтінді оқушыларға оқыту
6. Сұрақ. Қыс мезгілі. Қар қалың жауған. Жер тайғақ. Сен мектепке келе жатырсың. Сабақ басталуға аз уақыт қалды. Бір кезде сенің алдыңда келе жатырған дайындық сыныбында оқитын медет тайып құлады. Шамасы аяғын ауыртып алған сияқты. Сен не істер едің? Көмектесесің бе?

Сергіту сәті

Келді бізге көбелек (қолдарын жаяды)
Достастық біз керемет (екі қолды айқастыру)
Пана боп оны қорғаймыз (қолды шатыр сияқты)
Жаңбыр жауса себелеп (саусақпен партаны тырсылдатады)

Ой толғаныс

Ауаға жазу. Тақтаға жазу. Дәптерге жазу.
Суретті диктант «Автобус, велосипед» суреттеріне қарап тақтаға жазу, талдау.
«Кім тапқыр?» Кеспе буындардан сөз құрастыру. Сөйлем құрау. Трамвай, аквариум
Қорыту. Инсерт әдісі Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Міне, балалар біз «Білім» еліне де жеттік. Вагондардың артына сөздер жазылған екен. Соны оқиық «Тәуелсіздікке - 23 жыл»
- Тәуелсіздік мерекесі қай күн?
- Тәуелсіздікті нешінші жылы алдық?
- Елордамыз қай қала?
- Елбасымыз кім?

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет