Сабақтың атауы Менің Отаным Қазақстан Сілтеме Әліппе оқулығының әдістемесі



бет6/17
Дата17.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#43054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Оқу ісінің меңгерушісі:


Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Уу дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

У у дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді оқып жаттығу.
Сабақтың міндеті:
1.У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
2. Адамгершілік тәрбие беру.
3. Сана сезімін, ойлау қабілетін дамыту.

Топқа бөлу

Түрлі-түсті карындаштар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.



Қызығушылықты ояту

ІІ. Кеспе әріптермен жұмыс
Мақсаты: Оқушыларға жеке әріптерден буын құратып үйрету.
Кеспе әріптерден а, т, ғ, н, п, р, л әріптерін пайдалана отырып, буын, сөз құрату.
Құраған сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
Т – қатаң, дауыссыз дыбыс
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
III. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру
1)р дыбысы қандай дыбыс?
-р дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?
-р әрпіне берілген сөздерді оқыту.
Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
Ойлаған сөйлемді сызба арқылы көрсет
2) 1 буынды сөздерді тапқызу
жар, тар

Мағынаны тану


Ойын «Жасырынған буынды тап»
Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін тексеру. Қалып қойған буындарды тапқызу арқылы ойлану қабілеттерін дамыту.
... – ға ... – на
Па - .... та - ...
Ар - ... пар - ....
V. Мағынаны тану
Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып кездесетіндігін түсіндіру
- У у дыбысын оқушыларға 3 рет хормен айтқызу
- А уа, ау, на уа, тау сөздерін айтып, у дыбысы қай жерде кездесіп тұрғанын анықтату
- У дыбысының емлесіне түсінік беру
- У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса дауыссыз дыбыс болады. Мысалы: а - у, та –у
- У у дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін айтылса дауысты дыбыс болады. Мысалы: н – у, т – у
VI. Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Оқулықтағы сөздерді дұрыс оқуға, буынға бөлуге, қатесіз оқи білуге дағдыландыру. Оқу дағдыларын қалыптастыру
1)Берілген суреттерге байланысты сөйлем құрату. Сөйлемдерін сызба арқылы көрсету.
Сөйлем неше сөзден тұратындығын анықтату
2)Берілген а-уа, ау, ну, на-уа, тау, ту сөздерін тізбектей оқыту.
VII. Тақтамен жұмыс
Мақсаты: Көркем және сауатты жазу дағдыларын дамыту
- Ауа, науа, тау, Алатау сөздерін тақтаға жатқа жаздыру
- Сөздердегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз дыбыстарға ажыраттыру

Сергіту сәті

Жел уледі ,
Құйын келіп биледі.
Қатты – қатты жел соқты,
Жапырақтар қол соқты

Ой толғаныс

X. Дәптермен жұмыс
Мақсаты: У у әрпінің элементтерінің жазылуымен таныстыру, У у әрпін жазуға және басқа әріптермен байланысуын үйрету, сауатты жазу дағдыларын дамыту
1) У у әрпінің бас және кіші әріптерін ауада жаздыру.
2) У дыбысының бас әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
3) У дыбысының кіші әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
4) Буындық диктант жаздырту: уа, ау, ауа, тау, анау, ну, ту, туу, науа
XI. Кері байланыс
Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету
Жасыл түс – түсіндім
Сары түс – әлі де мағлұмат керек
Қызыл түс – түсінген жоқпын
Сигналдық карточкамен жұмыс

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Уу дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Көрнекіліктер: текшелер, суреттер, кеспе әріптер, құстардың суреттері (көгершін, бұлбұл, сауысқан)

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мақсаты: У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу. Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Дыбыстық талдау жасауға, үйрету.

Топқа бөлу

Түрлі-түсті карындаштар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол!

Қызығушылықты ояту

Ерте - ерте, ертеде орманның ішінде бір құс өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатумен болыпты. Қатты дыбыстан мең - зең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар құсты орманнан қуып жіберіпті. Құс кетіп, біраз күн өткен соң ормандағы ағаштардың жапырақтары қурап, бұтақтары сынып, діңдеріне құрт - құмырсқа түсіп, шіри бастайды. Құрт ауруына шалдыққан ағаштар күні - түні көмек сұрап, зарлай береді екен. Оның дауысын естіп, бір күні көгершін ұшып келеді.
Мән - жайды түсінген соң мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп келейін деп көгершін ұша жөнеледі.
- Балалар, ағаштарға сендердің көмектескілерің келе ме?
- Олай болса, көгершінмен бірге дәрігер іздеп жолға шығайық. Алдымен мына тапсырманы орындап жіберейік.
І. Суреттер көрсету. Суреттегі заттардың атын атау.
У әрпі қандай дыбыстан кейін келіп тұр, оның дауысты, дауыссыз екенін түсіндіру.
Тауық ------------ у дыбысы дауыссыз сауысқан
уық --------------- у дыбысы дауысты қоңырау
Уық сөзіне сөйлем құрастыру.
- Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың қасына келгенде құйқылжыта ән салып отырған бұлбұлды көреді. Ол бұлбұлдан ағаштарға көмектесуін өтінеді. «Кешір, көгершін, мен үшін әуре болма. Менің қолым тимейді. Менің әнімді тоғайдағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра», - дейді. Олай болса, бұлбұлдың тілегін орындап бір сергіп алайық.

Мағынаны тану


Сергіту сәті

«Ұйқасын тап» ойыны.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім?... (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады... (құлын)
3. Бата алмас түлкі
Үсті тікен... (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы... (арыстан)

Ой толғаныс

У дыбысы бар сөздерді айту У дауысты ма, дауыссыз ба, ажырату.
Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да «ағаштарды емдей көр» деп өтініш айтады. Сонда аққу:
- Мен қасиетті, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл - кеңес сұрайды. Осы тоғайда үйсіз - күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, сен солардың біреуін тауып, өтініш айт. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, ағаштарды емдеп қалар, - дейді. Кәне, көгершінге ілесіп, мына тапсырманы орындайық.
Көгершін аққудың ақылын тыңдап, орманды аралайды. Онда бос жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап, орманға келіп, ағаштарды емдеп құрт ауруларынан жазған екен дейді.
- Ол қандай құс болуы мүмкін, сендер қалай ойлайсыңдар?
Орманның біз емшісіміз,
Тоқ - тоқ - тоқ.
Құрт біткенді жоқ етеміз,
Жоқ, жоқ, жоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ,
Тоқ - тоқ - тоқ.
Міне, балалар, ақымақ ағаштар тоқылдақтың пайдасын түсінбей, орманнан қуып жіберіп, өздері құрып кете жаздады. Тоқылдақтың кешірімді, ақылдылығының арқасында ағаштар құрт ауруынан құлан - таза айықты. Қазір орман жайқалып өсіп тұр дейді.
Дәптермен жұмыс
Сөздеріне дыбыстық талдау жасату арқылы У дыбысының сөздегі орны мысалмен түсіндіріледі.
Өткен дыбыстармен у дыбысы қатыстырылып буын, сөздер оқытылады. Ауызша хормен қайталанады.
Дәптердегі үлгі бойынша У дыбысының кіші және үлкен әріптерін үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ыы дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

түрлі суреттер, таблица, интерактивті тақта «Буквы» слайдтары, Әліпбилік өлеңдер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Ы дыбысы және әрпі туралы білімдерін толықтыра  отырып, дыбыс туралы білімдерін қалыптастыру, ы ыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді  оқып    жаттығу,    еңбексүйгіштікке, білімпаздыққа баулу, сөздік  қорларын  молайту, сөзге дыбыстық талдау жасау туралы білім қалыптастыру

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.



Қызығушылықты ояту

Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз, 
Бәрінің атын не дейміз? (ыдыс)

Мағынаны тану


1 топ: Кесте толтырады  

2-топ: Ы әрпі бар сөздер ойластырады

3-топ:  ыдыс сөзіне 5 жолды өлең(синквейн) құрастырады

Кесте бойынша әр топ Ы дыбысы туралы білім қорытады.

«Сөз ойла, тез ойла ойыны  Оқушылар Ы дыбысы бар сөздерді айтады.

 ***  «Уақыт шеңбері» стратегиясы бойынша  алғыр оқушылар  «Ыдыстар» тақырыбына байланысты сөйлемдер құрайды.

Сөздерді оқыту

Ы әрпі бар суреттерді оқу, жазбаша жазу



Дәптермен  жұмыс  жүргізеді, жазуларды жазады

Әдемі, сауатты орындату 


а)Ы әрпінің жазба түрін жазу үшін қолдарын жазуға даярлау: 
ә) ы әрпін ayада жазу. 
б) Ы әрпін қолымен үстінен бастыр.

Ы- ның бас әрпі.       1. Ауада жазып үйрену.

ы- ның кіші әрпі.                  2. Дәптерге жазу.

Тіл дамыту: 

Шалшық-

Балшық,


Балшық-

Шалшық,


Балшықтан ал шық.

Сергіту сәті

Жазу.

Дәптерімізді ашайық


Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық

Ой толғаныс

Оқушылар не білгендерін, сабақ туралы не ұнады, не ұнамады, қандай ұсыныстары бар екенін айтып шығады.

 Бағалау

Әр оқушы өзін жеке бағалайды: 

Сабақ ұнаса- көк, жақсы жеп санасы- жасыл, орташа деп санаса- сары, ұнамаса- қызыл түсті дөңгелек көрсетеді.



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дд дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Оқулық, суреттер, Д әрпінің баспа ,жазба түрі, кеспе әріптер, кеспе буындар

суретті плакат.



Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Оқушыларды Д дыбысы және әрпімен таныстыру. Ол арқылы берілген

сөздерді оқу мен жазуға үйрету.



2. «Д» дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың

білімі мен тілін дамыту. Логикалық ойларын , сөздік қорларын, танымдық

дағдыларын  дамыта отырып, дұрыс оқи алуға , әдемі жазуға машықтандыру.

3.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Топқа бөлу

Жұлдызшалармен бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.


Қызығушылықты ояту

Ойын: «Кім жылдам?»

Берілген сөздерді оқытып,оқыған сөздеріне сөйлем  құрату.

Ырыс,ыдыс,ынта,Ықылас.


Мағынаны тану


Жаңа сабақ: Д дыбысы мен әрпі.

Бала біткен соғады

Жеңіл шарды домалақ

Ұрсаң,  ұшып жоғары

Жерге түсер домалап.   Ол не?                            (Доп)

Балалар айтылған жұмбақтың шешуі қандай әріптен басталып тұр?

-          Д  дыбысынан.

-          Өте дұрыс. Бүгінгі танысатын , үйренетін жаңа дыбыс Д  дыбысы мен әрпі.

-     Дыбыс дегеніміз не?

-    Дыбысты естиміз,айтамыз.

-          Әріп дегеніміз не?

-          Әріпті көреміз,жазамыз.

Оқушыларға доп сөзін қайталап айтқыза отырып, Д дыбысының  орнын анықтау.

Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атау.(дауылпаз,домбыра,дуадақ)

-          Д  дыбысы дауыссыз  дыбыс. Сөздің басында, ортасында кездеседі. Д дыбысынан басталатын немесе «Д» дыбысы кездесетін сөздерді айту: Дала, достар, Дулат, дүрбі ,дәптер .

-           «Д» дыбысы көк үйге қонаққа барады.

-          Динара  сөзіне дыбыстық талдау жасау:

Д   И  Н    А     Р  А

Оқулықпен жұмыс

а) Сөздерді буынға бөліп оқу


ал                                               су

ды                                                лы

ор                                               шу
а                                  о                                      ау
шыл                            рыл                                   ла
ды                                ды                                   ды
Буындық талдау жасау.

ә) «Аула» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.

б) Демалыс – сөзінен сөздер шығару

Демалыс :   мал ,  сыла  , мыс , дем, алыс

г)  Буындардан сөздер құрастыру:

дә.......            дор...........            дуа........

да.......            дәп.............           дель.......

Дәптермен жұмыс.

Ауада жазу.                            Тақтаға жазу.           Дәптерге жазу

«Д» әрпі мен сөздер жазу.

Әріп элементтерін көрсету


Сергіту сәті

Қане қанат қағайық ,

Көгершінге ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Әдемі етіп жазайық

отырыңдар сәл тынығып алдық.


Ой толғаныс

ә) Дәптерге жазу.  Әріп диктант жаздыру.

(А, О, Р, Л, Ш, С, У, Ы, Д)

7. Ой толғаныс:  Мәтіндегі негізгі ой.

Венн диаграммасын құру



«Дос» тақырыбындасюжетті сурет бойынша жұмыс.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тт дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Әліпби,суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1) Білімділік: Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу.
3) Тәрбиелік: Әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Қуан, шаттан, алақай!
Қуанышты күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, Қайырлы күн
Балақай!
II қайталау
а) Дөңгелек құрып кілемге отыру
ә) әліпби қайталау
III үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ жасыру:
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай да шу. /түлкі/
1. Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып, текшеге тізу.
а) ас — осы буынға "т" дыбысын қосу арқылы сөз құрату "тас".
ә) өлшем құру.

Мағынаны тану


— Ненің суреті? Не байқадыңдар?
— Тау.
— "Тау" сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Тт — дауыссыз дыбыс. Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді.
а) Кеспе әріптен "т" дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу. -та; -то; -ту; -ти.
ә) тай, тас, тос, тон т. б.
4. Ойын: "Т" дыбысын тап.
АӘБИТШЗТНКД
5 Дәптермен жұмыс.
Әдемі, сауатты орындату
а)Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып,
қолдарын жазуға даярлау:
ә) Т әрпін ayада жазу.
б) Т әрпін қолымен үстінен бастыру.
в) Т әрпін жаздыру.
6. Торсықпен жұмыс.
а) "Тор-сық" буынға бөлгізу.
ә) Дыбысын тапқызу.
б) Торсықтың қасиетімен таныстыру.
7. Торғайдың суретін көрсету:
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып-ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
а) Торғайдың суреті арқылы қасиетін түсіндіру.
ә) Торғай қалай ұшады?
б) Қанатын қалай сермейді?
в) Сергіту сәтімен жалғастыру.
8. Қорытынды
1) Көз жұма отырып т дыбысын жаздырту
2) Тіл ұстарту. Жаңылтпаш, өлең жаттап айтқызу
3) Ермексаздан т дыбысын жасау
Балаларға: тақия, торсық,тостаған сөздерін анық және дұрыс айтқызу.

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.

Ой толғаныс

Топпен жұмыс
1 топ: Торғайдың суретін салады
2 топ: Т дыбысыта байланысты жанылпаштар тақпақтар айтқызу
3 топ: Т дыбысы бар сөздер айтқызу.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мм дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Мм әрпінің баспа, жазба түрі, әріптер кассасы, суреттер, шығармашылық тапсырмалар үлестірме материалдары, слайд, кесте т, б.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Мм дыбысы мен әрпін таныту. М дыбысының үнді дауыссыз дыбыс екенін және сөз ішінде келетін орнын, буын, сөз соңында дыбысталу ерекшелігін таныту.
2. Мм дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасап, сөз, сөйлем құратып шығармашылық іскерліктерін қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұжымдық сыйластыққа, бір - бірін қадірлеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, адамгершілік қағидаларды ұстана білуге тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Мысық,мақта,майдың суреттері арқылы топтарға бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Әліппе сенің сырласың,
Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы,
Дәптеріңе қонады.
Айтқан сөзін құпта да,
Ұстазыңды құрметте,
Дәптеріңді күт бала,
Дәптеріңді құрметте!

Қызығушылықты ояту

Ә) «Әріптер еліне саяхат»
Қызыл үйшік......
Көк үйшік.........
(Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй, Оо, Ққ, Дд)
Дыбысталу ерекшелігіне қарай үйлеріне орналастырайық!

Мағынаны тану


А) Сөз жұмбақ шешейік:
1. Қыздар алқасы (м) оншақ
2. Үй жануарларын бір сөзбен не дейміз? (м) ал
3. Көйлек неден тігіледі? (м) ата
4. Киім тоқылатын ақ ұлпа? (м) ақта
Сөзжұмбақ шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбыстарына мән беріп қарайық.
Мон - шақ, мал, ма - та, мақ - та сөз басында Мм дыбысы естіліп тұр.
Олай болса, барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік.
Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады. Олай болса, Мм дауыссыз үнді дыбыс.
Мм әрпін баспа, жазба түрін таныстырып, ауада жазу
Ә) Сурет бойынша жұмыс: (Оқушыларға әңгімелету)
Моншақ
Бұл - моншақ. Қыздар моншақты әсемдік үшін тағады.
Комбайн
Бұл - комбайн. Комбайн мақта алқабында мақта орды.
Мақта
Бұл - мақта. Мақтадан киім тоқылады.
Оймақ.
Бұл - оймақ. Оймақты іс тіккенде қолданады.
Б) Оқулықпен жұмыс:
- Бағанда берілген сөздерді оқыту
- Мәтінмен жұмыс: «Тамақ»
Тамақтың адам үшін маңызын ұғындыру.
В) Сөздік жұмыс:
Мол - көп
Мақал - нақыл сөз
Оймақ - іс тіккенде саусаққа киетін бұйым.
Қармақ - балықшы құралы
Г) Дәптермен жұмыс:
Мм әрпін жазу

Сергіту сәті

Дәптерімізді ашайық.
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық.
Көркем етіп жазайық.

Ой толғаныс

Ой толғаныс: Шығармашылық тапсырмалар:
А) Бір сөзден көп сөз ойла:
1 топ: ----------------------------- 2 топ: -------------------------- 3 топ:
Моншақ ----------------------------- Оймақ ------------------------- Мақта
(Он, шақ, ошақ, монша) ------------(ақ, ой, май, қой, ай) ---------- (Мата, ақ, ақта, тамақ)
Ә) Пирамида құрастыру:
---- 1. Бүгін танысқан әріп (М)
-------- 2. Бастағы негізгі мүше (Ми)
------------ 3. Тамақ (Май)
----------------- 4. Киім тоқылатын бұйым (Мата)
Б) Дүкеннен азық - түлік алу:
Мына жұмбақсөз шешімін тауып, кәрзеңкеге салайық:
1. Ас атасы -(нан)
2. Өзі тәтті, тез еріген
Шәйдің дәмін келтірген. (қант)
3. Нанмен бірге жағылған
Барлық бала дәм алған - (май)
4. Домалақ оның пішіні.
Ол да бір нанның үлгісі –(тоқаш)
5. Сүттің де бір түрі бар ұйытылған ішуге арнайылап қойытылған -(айран)
Кәрзеңкедегі сөздерді оқу, бұларды бір сөзбен не дейміз?
- Тамақ дейміз.
- Тамақ не үшін қажет?
- Адам өмірі үшін тағы да нелер қажет?
- Тамақ сөзіне дыбыстық талдау жасау

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Нн дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттер,таратпалар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік: алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.       Ол арқылы  сөзерді оқу және жазуға үйрету.

Дамытушылық:  оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін, танымдық ойын қалыптастыру,  танымдық ойын дамыту.

Тәрбиелік:  ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.  

Үйренеді:

 Өзара түсіністікке, бірлесе жұмыс жасауға үйренеді

 Суреттердің айырмашылығын айтуға  үйренеді

 Өз ойларын  айта алады ,сурет арқылы әңгімелейді



Топқа бөлу

Алманың сары,жасыл,қызыл түсіне сай топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз!



Қызығушылықты ояту

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс?    

 Ойын: Қай топ әдемі жазады?  Өткен әріпке шолу

 «Ас атасы –нан»  деген мақалды пайдаланып сабақты бастадым.

Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай  сабақтарын көріп, әжесінен:

-Мынау өсіп тұрған не?- деп сұрады.

- Науанжан, бұл пісіп тұрған нан,- деп ,жауап берді әжесі.

- Нан болса, таба наны қайда?

-Таба нан да  осы дәннің  ішінде.

- Ақ тоқаш ше?

- Ол да осы дәннің ішінде .

- Бауырсақ ше ?

- Бауырсақ та дәнге сиып тұр.

- Әже, кіп-кішкентай қауызды  дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? – деп Науан таңғалды.

- « Ас атасы –нан, нан атасы –дән! деген. Осынша мол дүние ,тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.

Осы жерде  оқушылардың назарын  нан, дән деген сөздерге аударту. Нн дыбысының әрпімен таныстыру.

 Н әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту  

Жұмбақ арқылы ашу

  Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталған қарашы. (Н)

Екі тіреу, басқышы біреу.  (Н)

 Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. (найзағай) .     

Маса, мол, алма,  тақта, мал, мамыр.

Нан мәтінінде не туралы айтылған? Мәтінді тізбектеп оқыту.



Мағынаны тану


Буындармен жұмыс. Шарларда жазылған буындарды оқу, олармен сөз құрастыру.Тақтада жұмыс. Су, на, шу, ма, ну, ал, ра, ор, ау, са.

Ал-ма, ор-ма, са-на, ма-са.  Сөз, сөйлем құрастыру

Н-ның бас әрпі жазып,  нар сөзіне дыбыстық талдау жасалып, боялады.  Шынар сөзін көшіріп жазады.

Бекіту.Диктант.  ата, нан, нар. ыдыс, аула.

Оқушылар нан туралы тақпақтарды айтады.

Ойын «Ұйқасын тап!» Дан-дан-дан. Жасадым ұя тақтайдан. Са-са-са шағып алды маса.

Ойын «Сөз құрастыр» Тақтадағы буындардан сөз құрастырады..

Ойын «Жалғастыр» Алғашқы буынды айтамын, оқушылар сөзді айтады.


Сергіту сәті

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Тоғайларға тастаңда!



Ой толғаныс

        І- топқа   «Н» әрпі бар сөздер айту

ІІ- топ   «Н»  дыбысы бар сөздерге  сөйлем құрау

1.Н әрпінен басталған сөздерді  табу

А)жапырақ

Ә) Нан

Б)көктем


2. «Нар» сөзіне дыбыстық талдау жасау

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ң дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Әріптер кассасы, тақырыптық, заттық суреттер

ң әрпінің баспа, жазба түрі, дыбыстық талдауға арналған фишкалар.



Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау- жинақтау, проблема туғызу,

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Оқушыларды ң дыбысы мен әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқату.

2. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке ,ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Домбыраның көмегімен топтарға бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді, көңілді.

Би билейміз ырғақты, ырғақты,

Біз бастаймыз сабақты , сабақты.



Қызығушылықты ояту

А) Суретпен жұмыс:

-Балалар, суретте не бейнеленген?

-Қасқыр.

-Түлкі.


-Аю.

-Тиін.


-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Аңдар.


-Аңдар қайда өмір сүреді,оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?

-Орманда. Олар жабайы жануарлар.

-Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма?(сиыр,қой,жылқы)

-Жоқ.


ә)Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру.

-Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?

-ң (қайталап айту).

б) ң әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

в)Логикалық жұмыс: ң әрпіне ұқсас нәрселерді атау

г)Сызбамен жұмыс: ң әрпі бар сөздерге мысалдар келтіру.



Мағынаны тану


Сергіту сәті

Қолды жайып ұшайық,

Қыран құсқа ұқсайық.

Сол қанатты тербейiк,

Оң қанатты сермейiк.

Бір, екі, үш, төрт, бес деп,

Биiктерге өрлейiк.



Ой толғаныс

Сұрақ- жауап:

-Балалар әріптің баспа түрін біз қандай жағдайда пайдаланамыз?

-Сөздерді ,мәтінді оқығанда.

- Олай болса оқулықтағы жаңа сөздерді оқып көрейік.

а)Оқулықпен жұмыс

аң аң шы таң жа ңа жаң ғақ

оң қам шы тоң жа ңа лық жаң быр

-Ал әріптің жазба түрі бізге қандай кезде қажет?

-Жазу жаз.анда.

-Олай болса дәптерімізге бүгінгі жаң ң әрпін әдемі етіп жазайық.

Ң әрпінің жазба түрімен, әріп элементтерімен таныстыру.

ә)дәптермен жұмыс



ҮІ . Шығармашылық жұмыс:

Әр оқушы жаңғақ, аң ,жаңа сөздеріне текшелерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жасау.



 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет