Сабақтың атауы Менің Отаным Қазақстан Сілтеме Әліппе оқулығының әдістемесі



бет5/17
Дата17.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#43054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Оо дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Әдістеме

Сабақтың жабдығы

Әліппе, мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба – кесте.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. О әрпімен оқушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын – әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ – жауап, жұмбақ, қайталау.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар ақылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған  жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)



Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту

Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.
- «әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?
- Ал, балалар, ол баққа мен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр.
- Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?
- Онда қарап отырмайық.
- Ал, балалар, ойнайық.
Ойнайық та ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

1. «Оюда» бармын,
«Допта» бармын,
«Түнде» жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
«О» дыбысын 3 рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау.
- «О» қандай дыбыс?
- Ол сөздің қандай буындарында кездеседі?
- Кім осы дыбыспен мақал келтіреді?

Жаңа сабақ


Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы.
Нешеу болды барлығы?
- О дыбысы кездесетін сөздер барма?
- Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға оқулықтағы үзік сызықтарға қосуымыз керек.
- Одан әрі жүріп келе жатқанымызда алдымыздан түлкі шықты.
- Егер оқулықтың осы бетіндегі «Ою» сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана.
- Баққа жақындаған қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды.
Ойын «Күн мен Түн». «Білім» көлігімен баққа келеді. Олар:
- Балалар, қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді оқуға берді.
- Балалар сөздерді оқып, олармен сөйлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды.
1. Қошақан әні
2. Қамажай биі
3. Тақпақ, жұмбақтар айтылып ішіне «О» дыбысы табылып, сөздер буынға бөлінеді. «О» әрпін келтіре отырып «Отан» тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Балалар Отанын сүйетіндігін айтты. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсті.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды,
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап қорғайды,
Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – пана,
Қазақстан – туған ел.
- Сонымен, әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман есен өз мекенімізге оралдық.


Ой толғаныс

Алдар көсе сыныпқа келеді. Оның қоржынында бір тапсырма бар. Ол балалардың сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін, О әрпімен сөздер құрастырғызады.
- Енді балалар, Алдар көсе өз ауылына аттанады. Ол сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың мына сыйлықтарды тапсырады.

 Бағалау

Мадақтау

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Оо дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Әдістеме

Сабақтың жабдығы

Кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар ақылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

а) Сұрақ-жауап:
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т. с. с.

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Жаңа сабақ.
а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
- Олар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
- Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
1. Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
- Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
- Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу
3. Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.



 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Лл дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Құстардың түрлеріне қарай 3-топқа бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.



Қызығушылықты ояту

тілген дыбыстарды еске түсіру.
Ойын «сөз ойла - тез ойла»
Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті.
Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті
Жеті лақ ертегісін ала келіпті.
Сендер лақты көрдіңдер ма?
Лақтың анасының аты кім?
Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін.
Лақ сөзін қайталап айтып көрейікші.
Қандай дыбыс естіліп тұр.
Л дыбысын айтып көру.
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау.
Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз.
Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?
Жол дорбамен бірігіп тіл жаттықтыру жаттығуын жасайық.
Ра - ра келді ұшып ара
Ла - ла араның үсті ала
Сурет бойынша әңгіме.
Суретке ат қоямыз.
сурет бойынша әңгімелеу

Мағынаны тану


Л дыбысын ауа арқылы жазу.
Л дыбысын баспа түрде жазып үйрену.
Тақтамен жұмыс
Сөздерді оқу.
Ойын «Кім тапқыр»
1 - ші себетке Л дыбысы бар суретті салу.
2 - ші себетке. Л дыбысы кездеспейтін суретті салу
Бүгін бізге кім келді?
Қандай ертегі ала келіпті?
Л - дыбысы қандай дыбысқа жатады?

Сергіту сәті

Армысың аспан ата
Армысың жер ана
Армысың алтын күн
Бәріміз тату болайық
Бәріміз дос болайық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Ұстаздарды құрметтеп
Бас иеміз біз.

Ой толғаныс

А. Т. Н. Р.
Алма, тауық, нан, радио
Жеті лақ ертегісі
Ешкі
Ертегі кейіпкерлерімен танысты.
Л дыбысы
Л дыбысы кедергі арқылы айтылды.
Дауыссыз
Лаура, лақ, балық, гүл
Лаура мен лақ дос.
Дәптерімізді ашайық
Әдемі етіп жазайық.
Л Л Л
Ала, тал, ла, ал.
Тал, алдар көсе, гүл, телефон
Аю, банан т. б.
Жол дорба
Жеті лақ
Дауыссыз дыбы

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Лл дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын дамыта оқыту технологиясы.

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, «Л» дыбысынан келетін суреттер, текше, ойыншықтар.




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

«Л» дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішінде таба білуге үйрету, сұрақ-жауап өткізу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, сауатты, әрі көркем жазуға үйрету.

Топқа бөлу

Күннің суреттері арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Күлімдеп күн келді

Жарқырап нұр берді.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн

Бізде қазір сауат ашу сабағы.

Өтілген сабақты пысықтау.



Қызығушылықты ояту

«Ой ашар» кезеңі

-Балалар біз өткен сабақтарда дыбыс пен әріпті қалай ажыраттық?

-Дыбыс дегеніміз не?

-дыбыстар нешеге бөлінеді?

-әріп дегеніміз не?

-дауысты дыбыстар қалай айтылады?



Мағынаны тану


Тастан-тасқа секіреді

Қалқиып қос құлағы

Ойын болып көкірегі,

Алуа оның тұрағы

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым!

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың

Бұл қай әріп?

Жұмбақтың шешуін тапқан соң, сұраққа жауап алу.

-Лақ деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?

-олай болса, бүгінгі Л дыбысымен және әрпімен танысамыз.

-Қане, бәріміз бірге айтайықшы

-Л дегенде не естіліп тұр?

-Дауыссыз, ұяң дыбыс

Л, л әрпінің баспа және жазбаша түрлерімен таныстыру.

Суретке балалардың назарын аудару.

Суреттегі заттардың аттарын атау.

Лимон, лай, леген, орамал

Л дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.



Сергіту сәті

Л дыбысын ауада жазу

Жазып өшіретін тақтаға жазу

Л дыбысын көркем жазу

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға


Қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз

«Ойлан тап!» ойыны

-Балалар, мен мына матаны ашамын, сендер оның астынан бірнеше суретті көресіңдер, суреттің атын атап буынға бөлесіңдер.

Ли-мон, гүл, түл-кі, ле-ген, а-лау.

-сонымен, балалар, бүгін біз қандай жаңа дыбыспен таныстық?

- Л дыбысы қандай дыбыс?


Күтілетін нәтиже

Білуі тиіс: Л,л дыбысын және әрпін

Түсінуі: Л дыбысы дауыссыз

Көрсете білуі: Жазады, тани біледі. Суретке қарап сөйлем құрайды.


 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ш ш дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Флипчарт, шана, шортан, шар, шахмат, шегіртке, шаян суреттері, кеспе әріптер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушыларға Ш дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ш дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ш дыбысының орнын анықтату, сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу

Топқа бөлу

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.



Қызығушылықты ояту

Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып, байлауға болады. (Шар)
Мұғалім оқушылардан шар сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбысты шығарып алуға болады (Ш-ш-ш-ар). Сөйтіп, оқушылардың өздеріне тапқызып, дыбыстату арқылы жаттығу жұмыстарын бастау керек. Дыбыстың әрпімен таныстыра отырып, оқулықтың 28-бетіндегі суреттерге байланысты сөздермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар сөздің алғашқы екі дыбысын жалғастыра оқу арқылы келесі дыбыстарды табады. Мұнда жаңа сабақ тақырыбы назарда болу керек.

Мағынаны тану


Оқулықтағы баған түрінде берілген буындарды оқу және оларға дыбыстық талдау жасау. Мазмұнды суретке байланысты мәтінді оқыту.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық
Жазу дәптеріндегі Ш ш әрпінің жазба, басна түрін салыстыра отырып, графикалык талдау жұмыстары жүргізіледі. Осы беттегі тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен жүйелі орындалады.
Оқуға жаттықтыру үшін берілген буындар мен сөздерді оқыту арқылы мұғалім оқушыларды сөздерді тұтас оқуға үйретеді.
Сызба үлгісіне қарап, сөйлем құрау, оны талдау жұмыстары ұйымдастырылады.
Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.

Сергіту сәті

Отырып -ақ орнымда
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең, егерде
Былай ескек есемін.

Ой толғаныс

апқышбектің тапсырмасын орындау. Жауабы:
Ол - көгершін. Ол – шаян. Ол - қайшы. Ол - шегіртке.
Сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу.
Дәптердің 26 –бетіндегі үлгі бойынша Ш ш әрпін жазуды үйрету. Олардың ішінде шапан, шие сөздеріне байланысты шығармашылық бағытта жұмыстар орындалады. Дыбыстық, буындық талдау орындау.
«Әліппе серігіндегі» «Шие тергенде» мәтінін оқып береді. Ш дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Шш дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Кеспе қалта, кеспе әріп, кеспебуындар, суреттер, дидактикалық материалдар, «Ойын-саяхат» схемесы, суретті таблица, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, интерактивті тақта.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік: Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және Әрпімен таныстыру, түсіндіру, қатаң дауыссыз екенін ұғындыру. «Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.

2.Тәрбиелік:Ұжымдық жүмысқа үйрету,әдептілік пен ұқыптылыққа баулу.

3.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.


Топқа бөлу

Қар қиыршықтарының түріне қарай топтарға бөлінеді

Ынтымақтастық атмосферасы

-Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Түлкіні!

-Дұрыс,бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп тұр.Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен.Үйіне барайын десе, сол аңдар жолына тұрып алыпты.Балалар, түлкіге көмектесеміз бе?

-Иә!


-Өте жақсы, олай болса түлкіге шытырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік.Ол үшін жолда түлкіні күтіп жүрген аңдардың тапсырмасын орындайық.

Қызығушылықты ояту

1) «Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы

Үй тапсырмасын қайталату.Осы уақытқа дейін өтілген әріптерді , түсіру.А дыбысынан бастап У дыбысына дейін қайталату.Әрбірдыбысқа сөздерден мысал келтіру. «Буын қос» ойыны а-та, а-па, а-ға, а-ра, а-ла, а-уа.



2) «Қорбаңбай аюдың» тапсырмасы:

-Балалар, аю тапсырмасын қағазға жазып жіберіпті.

-Тыңдаймыз ба?

-Тыңдаймыз!

-Хатты оқимын .Онда, балалар, дыбыс пен әріптің айырмашылығын кім айтып береді? Мен әлі де оқи алмаймын.Дыбыс деген не, әріп деген не?

(балалардың жауаптары тыңдалады, мысал келтіреді)



3. «Жолбарыстың тапсырмасы»

-Балалар, жолбарыс бізге «Алтын сандықша» беріп жіберіпті.Сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін сендер жұмбақтар шешулерің керек.Жұмбақ шешкілерің келе ме?(Сандықтың ішіне Ш әрпін салып қоямын)

-Онда мұқият тыңдаңдар:

1.Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

2.Жас кезінде қара орман,

Қартайған соң ағарған.(Шаш)

3.Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.(Шаңғы)

4.Жазда тынығады

Қыста зымырайды.(Шана)

Сонымен,балалар, -Айырға аздап ұқсайтын,

Сабы жоқ бірақ ұстайтын.

Тарақты еске салатын

Қайсы әріп, кім бар табатын?


Мағынаны тану


Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Ш-әрпінің жазба және баспа түрімен таныстыру.

Қос қолда қос қайшысы,

Ш-дан келер шаян да.

Ш-дан сөздің қайсысы

Басталарын баянда! «Күн мен түн» ойыны арқылы балаларға Ш-дыбысы бар сөздерді тапқызу.

Сөздерді буынға бөлу; Шыр-ша,шаш, шаң-ғы, ша-на, шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла.



4. «Қасқырдың тапсырмасы» Оқулықтағы берілген сөздерді оқыту.

5. «Тиіннің тапсырмасы» Сергіту жаттығуын жасату;

Бір, екі үш.Бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

6. «Қоянның тапсырмасы»-Баспалдақтан түсу-шар-ар-р, шие-ие-е,.

IY.Жаңа білімді тексеру; Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады? Соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Ү.Дәптермен жұмыс; Дәптерлерді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық!(Музыка ырғағымен әдемі жазуға үйрету)

Ш ш әріптерін жазып үйрену.



Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр,

Иiлiп солға бiр.

Денемiздi дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап.



Ой толғаныс

ҮІ.Білімді бекіту;-Біз қандай әріпті танып, білдік?-Ш!

-Ендеше, мен қазір сендерге тапсырма беремін, бұл тапсырма «Тырнаның тапсырмасы»

Сендерге парақтар таратамын, онда сөздер жазылған.Сөздерді оқимыз.Өзімізге таныс әріптердің астын сызамыз.

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз түлкіні аңдардан құтқардық.Ол өз үйіне жетіп те қалды.Түлкі үйінің есігінде бізге арналған тапсырма бар сияқты.Хатты алып оқиық.Онда:-Балалар, сендер менсияқты ешкімді алдамаңдар!Біреуді алдаған дұрыс емес.Мен енді ешқашан ешкімді алдамауға уәде беремін.Сендер де уәде беріңдер, мына жаңылтпашты үйден жаттап келіңдер:-Шаңқ-шаңқ етіп шағала,

Шабақ ілер жағада.


1.Жаңылтпашты жаттау

2.Оқулықтағы сөздерді оқу.

3.Дәптердегі тапсырманы орындау.


 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Оқу ісінің меңгерушісі:

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сс дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттер, кеспе әріптер, буындар, буклет, Салт - дәстүрлер кітапшасы.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Білімділігі: Сс дыбысы мен әрпін таныту, Сс дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету, Сс дыбысы қатысты болатын жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту, сөздер, сөйлемдер ойлату.
2. Дамытушылығы: Сурет бойынша сөйлемдер ойлап, әңгіме құрастыру. Сөзжұмбақтар шешуге үйрету. Баяндап жатқа жеткізе айту қабілеттерін қалыптастыру, диктант жазу.
3. Тәрбиелігі: Қазақтың салт - дәстүрлерімен танысу. (Тоқымқағар, Жас санау, Қозы жасы, Қой жасы, Жылқы жасы, Патша жасы)

Топқа бөлу

Төрт түлікке байланысты топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

- Кеше қандай әріппен таныстық? Бб
- Ол қандай дыбыс? Дауыссыз Неге?
- Сөздің қандай бөлігінде кездеседі?
- Басында келетін сөз ойлайық.
- Ортасында келетін сөз ойлайық. Бас, бала, балапан, бақа, балық, бақыт, таба, сабын, қарбыз, арба, дорба, жаңбыр.
- Қазіргі заманда адамдар қандай болып тұрғысы келеді. Бай.
- Басты байлық не? Денсаулық,шара.шағала,шана
Денсаулық туралы қандай нақыл сөздерді білеміз? Денсаулық - зор байлық.
Күн нұрындай шуақты да арайлы, Барлық байлық денсаулықтан тарайды.
Денсаулыққа нелер пайдалы дедік? Көкөністер
Кітаптан сөздер оқиық. Кезектесіп буындар оқу.
Ар ба, ба ла, бо та, дыбыстық талдау жасау, тақтаға жазу.

Қызығушылықты ояту

Сансызбай деген бала болыпты. Оның Сандуғаш деген қарындасы бар екен. Ол екеуі бір күні тоғайға серуенге шығыпты. Тал түбінде өсіп тұрған нені көріпті? Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға қарай жүріңкірегенде ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың сүргі деген құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып қалып еді. алдынан сылдырап су аға жөнелді. Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина, сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға сол бойда су жағасынан бір ғажайып сандық ашыла кетті. Сақина мен сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен бір бүктелген қағаз алды. Оның сыртында мынандай жазу бар екен. Біреу мұны ай деді, біреу орақ деді. Мына заттардың атын қайта - қайта айта береді. Қандай дыбыс шықты? С С С. Міне, мынау С әрпі. С с дауыссыз дыбыс. Олар әлгі бүктелген қағазды жазып көріп еді, толған жазу екен. Мен оларға көмектесіп оқып берейін. Жеке сөздер оқылады, мағынасы түсіндіріледі. Сс әрпінің жазбаша түрі түсіндіріледі. Ауаға жазылады.

Мағынаны тану


Кітаппен жұмыс.
А) Әріп сағат бойынша сөйлеу. Сағат, Сара, су.
Ә) Сурет бойынша сөйлем құрау. Талдау үлгісі Сабақ - са - бақ, са - буын, 5 - дыбыс 5 - әріп.
Б) Тізбектей оқу. (Жақсы оқығандарды мадақтап сақина, сырға, сағат, сәукеле суреттерін беріп кету).
З) Дәптермен жұмыс.
4) Тақтамен жұмыс.
Суретті сөзжұмбақ шешу.( Cағат, сона, сан суреттері )
5) «Балық аршу» ойыны (Шығармашылық тапсырма )
Бір қабығын алған сайын С дыбысы бар сөз тауып, оған сөйлем ойлап айту. Мысалы: Самат судан балық ұстады. Олсазан екен. Балық өте семіз болды. Самат оны сатты.

Сергіту сәті

Қанат жайып қалықтап,
Құс сияқты күйге енем.
Асықпаймын үйге мен.
Жаңа әріппен танысып,
Жазу жазып үйренем.

Ой толғаныс

6) Диктант. Бір жолға Аа Бб Сс, екінші жолға ауа, бас, саба, үшінші жолға Сара сабаққа барды.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:


Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

С дыбысы

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

С әрпі, Сиқырлы сандар, сағаттың суреті,буындар, кеспе әріптер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділігі: оқушыларға"С" дыбысы мен әрпін таныстыру.
"С" дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
"С" дыбысына байланысты сөздер ойлауға дағдыландыру. "С" әрпінің баспа түрін жазып үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін мен шығармашылығын дамыту. Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: адамгершілікке тәрбиелеу, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Ынтымақтастық атмосферасы

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

17. Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)



Қызығушылықты ояту

Армысың, сұлу күн!
Армысың, ашық аспан!
Қайырлы күн, баршаға!
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар, өткен сабағымызда қандай дыбыспен танысып едік? (Ш,С)

Мағынаны тану


а ) Ойын «Сиқырлы сандар».
-Балалар, қазір біз сиқырлы сандар ойынын ойнаймыз.Біз білімді, әрі тәртіпті болсақ, бұл сандардың не жасырып тұрғанын білеміз. Мен сендерге сұрақ қоямын, әр сұраққа жауап алынса, сандар алынып астынан сурет шығады.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп дегеніміз не?
- Сауат ашу сабағынан өткен әріптеріңді атап шығыңдар?
/ сағаттың суретін құрастырады /.
- Балалар сағат сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? (С с)
- "С " дыбысын хормен қайталату.
- "С " дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.
ә) Топтастыру әдісі
- Мен С әрпін жазамын, сендер С дыбысы бар сөздер тауып айтасыңдар.
сағат садақ
С
сабақ сан
сәбіз

Сергіту сәті

б ) Артық сөз
1) сан, нан, сары, сағат
2) Аса, сәбіз, ата, сиыр
в) Сиқырлы буындар
Суреттерді көрсете отырып буынға бөлгізу
Са-ғат, са-бақ, ма-са т.б
ІV. Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға, солға иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Ой толғаныс

V.Оқулықпен жұмыс. С әрпіне байланысты са,со,су буындарын, бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.
VІ. Дәптермен жұмыс
1. "С" әрпін жазу.
Ауада жазу, тақтаға жазып көрсету . Арнайы дәптерге "С" әрпінің үлкен және кіші әрпін жаздыру.
Ойын. « Кім зейінді?»
-Балалар, мен сендерге өлең оқимын. Зейін қойып тыңдап отырыңдар.
Сара сауды сиырды,
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қырда,
Сан шаруаны тындырды.
Осы өлеңнен С дыбысынан басталатын сөздерді атату.

 Бағалау

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет