Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Ии дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Әліппе оқыту әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Көрнекілігі: кеспе әріптер, оқулық, мазмұнды сурет
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
1. И и дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіру
2. И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту
3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулу
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
- Оқушылармен амандасу
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу.Сабаққа зейіндерін аудару
II. Өткен сабақты еске түсіру
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Дыбысты естиміз. Әріпті көреміз, жазамыз.
Бб дыбысы
|
Қызығушылықты ояту
|
III. Мағынаны тану
1) Жұмбақ жасыру
- Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды. (инелік)
- Тұмсығына жібін байлап
Сүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты. (ине)
- Ине, инелік сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
- И дыбысынан басталып тұр. И дыбысын айтып көрейік
- И - и – и Қалай айтылады?
- Созылып айтылады Созылып айтса қандай дыбыс болады?
- Дауысты дыбыс. - Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Қызыл түсті текшемен. И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі?
- Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық? Й әрпімен таныстық
- И және Й әріптерінің айырмашылығын түсіндіру.
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
Бойды сергек тік ұста,Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,Үш бұрыш сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,Шеңбер жасап тынбасын.
|
Ой толғаныс
|
4) «Әжесі мен немересі» мәтінін оқыту
Инеш әжесіне көмектесті.Әжесінің көзі көрмейтін болды. Инеш әжесіне киінуге көмектеседі.
- Мәтін не туралы?- Инеш не істейді?- Мәтінде неше сөйлем бар?
5) Тақтамен жұмыс
- «Әжесі мен немересі» мәтінінің бірінші сөйлемін тақтаға жаздыру
- Сөйлемді дауысты, дауыссыз дыбысқа ажырату
- Екінші сөйлемді жаздырту- Сөздерді буынға бөлдіру
6) Дәптермен жұмыс
- И әрпін ауада жазып көрсету
- И дыбысының бас, кіші әріптерін тақтаға жазып көрсету
- Ине, инелік, шие сөздерін жаздыру
|
Бағалау
|
Мадақтау
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Йй дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
|
Көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер.
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
1. Білімділік: Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау, буын ішінде бекіту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сөздік, сұрақ-жауап.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Амандасу.Түгендеу.Назарларын сабаққа аудару.
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
|
Қызығушылықты ояту
|
- Балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын. Кім жылдам шешеді екен?
Ти десем, тимейді,
Тиме десем, тиеді.
|
Мағынаны тану
|
Жаңа тақырып.
Й әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастау.
Й әрпі. Бұл Й-дың сөз басында,
Болмайды көп керегі. Йог пен йодтың расында,
Алдында тек келеді. Соңында ол айдың да,
Соңында ол тайдың да. Тұрады ол ортада
«Айбын» менен «Айдында».
- Балалар, сонымен бүгін біз қандай дыбыспен танысады екенбіз?
- Й қандай дыбыс?
Тіл ұстарту: Й дыбысына сөз құрай отыра, буын ішінде бекіту.
Мысалы: ой-на, ой-ла, Сай-ран, Ай-ман, ой-лан.
Оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
|
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.
|
Ой толғаныс
|
Сурет бойынша оқыту.
Тапсырма бойынша үстел үстіндегі әр түрлі суреттерге қарап, тақтаға шыққан бала й дыбысының қай жерде тұрғанын анықтайды. Егер жаңылысса, жұмбақ не тақпақ айтады.
Ойын: «Кім көп сөз ойлайды?»
- Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді ашып, үлгіге қарап сызықтарды қосып, «Й» әрпінің баспа түрін жазамыз.
Қорытынды.
- Балалар, бүгін біз қай дыбыспен таныстық?
- Й дыбысы келетін сөздерді секіріп көрсету арқылы буынға бөлгізу: Ай-дын, ай-на, ай-ла, Ай-ша.
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Гг дыбысы мен әрпі туралы
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, буындар, интер тақта
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Г г дыбысын таныту. Г дыбысы бар сөздерді дұрыс оқыту, дыбыстық талдау жасауға үйрету, оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Әсемдікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Сабаққа әзірлік.Назарларын сабаққа аудару.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Психологиялық дайындық
Ой – жүйрік, тіл шебер
Танытса шындықты
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты.
|
Қызығушылықты ояту
|
«Гүлдер, гүлдер көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер» - деген өлең не туралы айтылған?
Гүл жайында айтылған екен. Гүл сөзі қай дыбыстан басталады ?
Бірге айтайық. Г - г - г
Г- дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен белгілейміз.Тағы да қандай сөздерде
г дыбысы бар. Назар салып тыңдайық. (газ, кереге, гүл, көгершін)
|
Мағынаны тану
|
1. Жұмбақ шешу.
Қыр басында әрқилы,
Сары теңіз толқиды.
(егін)
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.
(жүгері)
Егін, жүгері сөздерін буынға бөлу.
е - гін, жү - ге - рі
екінші буында қандай дыбыс естіліп тұр? Г г
Г г дыбысымен таныстыру.
Г - дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысына ұқсас.
г - жіңішке, ғ - жуан, ұяң.
|
Сергіту сәті
|
Тербеледі ағаштар
|
Ой толғаныс
|
Бір, екі, үш
Дем аламыз жинап күш
Қолға қалам аламыз
Көркем етіп жазамыз.
Дәптермен жұмыс
Г әрпін ауада жаздыру
Балаларға қол шапалақтау арқылы сөздерді буынға бөлгізу. Гүл, көгершің, кереге,гармон .
-Қазір серуенге шыққанда айналамен таныстыру кезінде гүлдің суретін салып,бақшадан гүл тереміз. Деп сабағымызды қорытындылаймыз. Балалар бүгін сабағымыз ұнады ма?
- Қандай әріппен таныстық?
- Г қандай дыбыс? – деген сұрақтар арқылы балалардың түсінгендерін тағы бір пысықтаған соң, өте жақсы деп бағалау,мадақтау айтылады.
|
Әліппе №64
|
Уақыты:8:35
|
Кабинет:1 «А»
|
Мұғалім: Ибраимова Н
|
Сабақтың атауы
|
Гг дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Суреттер, әріп
Түсіндіру,сұрақ-жауап
қайталау
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Г дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың Г дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Білімділігі: Г дыбысымен әрпін таныстыру.
Дамытушылығы: Г дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Қол жаттықтыру Г әрпінің баспа және жазба түрлерімен танысу. Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, дүниетанымын ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды тазалыққа , ұқыпты жүруге тәрбиелеу
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Балалар сабағымызды бастамас бұрын біздер бір - бірімізге жылы лебіздер тілейік.
- Аспанымыз ашық болсын ! - Еліміз тыныш болсын !
- Деніміз сау болсын ! Тілектеріңіз қабыл болсын.
Оқу, дәптерлерін тексеру
|
Қызығушылықты ояту
|
- Балалар, тақтадағы «Гүл» сөзінен құралған сөз жұмбақты шешу.
А) Балалар, мына суретте не көріп тұрмыз? (галстук)
-Ә) Қазір қандай жыл мезгілі? (күз)
-Б) «Кіші» сөзіне қарама- қарсы сөз? (үлкен)
-Балалар, енді мен сендерге әріптік жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар!
А) Газда бар, ауада жоқ,Гүлде бар, жуада жоқ. – бұл қай әріп? (Гг)
-Ендеше бүгін сендермен Гг дыбысымен танысамыз.
-Гг дыбысы қандай дыбыс?-Балалар, алдарындағы дауыссыз дыбыс белгісін көтереді.
-Гг дыбысы қалай айтылады?-Шұғыл айтылады.
-Балалар, мынау Гг дыбысының баспа түрі. Бұл газет- журналдарда жазылады. Ал , жазба түрі дәптерге қаламмен жазамыз. Гг дыбысы тіл ортасының таңдай тию арқылы айтылатын дауыссыз дыбыс. Гг дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Ал, сөздің аяғында кездеспейді.Ол өз алдына жеке буын құрай алмайды. Неліктен?
-Дауыссыз дыбыс болғандықтан.-Гг дыбысына ұқсайтын қандай әріп бар?
-Ғғ әрпі.-Гг мен Ғғ әріптерінің қандай айырмашылығы бар?
-Ғғ дыбысының белінде сызығы бар, ал Гг дыбысының белінде сызығы болмайды. Екеуіде дауыссыз дыбыс.
-Балалар, сендер Гг дыбысынан келетін сөздерді білесіңдер ме?
-Балалар, дыбыс деген не? Әріп деген не?
-Дыбысты біз естиміз, айтамыз. Ал, әріпті біз көреміз, жазамыз.
-Тақтаға Гг дыбысының жазба түрін түсіндіре отырып балаларға жазғызу.
-Солға қарай иілген қармақша. Сол жағы тұйықталған түзу сызық.
-Балалармен ауада жазу.Тақтамен жұмыс:
-Тақтаға үш оқушыны шығарып, Гг дыбысының таңбасын, егіз, шеге т.б сөздерін жазғызу.Оқулықпен жұмыс жүргізу.
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық, Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық, Солға-солға түзу түр.
Оңға-оңға түзу түр, Алға қарайбір адым,
Артқа қарай бір адым Бойымызға күш жинап, Бір дем алайық.
|
Ой толғаныс
|
Дәптермен жұмыс: -Балалар арнайы дәптерлеріне Гг әрпінің үлкен және кіші таңбасын жазады. Дәптерімізді көлбеу қойып, әдемілеп жазамыз.
Қорытындылау: «Көбелектер» ойыны арқылы қорыту.
«Кереге» сөзін буынға бөл. «Шеге» сөзіне дыбыстық талдау жаса. Көгершін қандай құс?
Қандай гүлдің аттарын білесің? Тақтаға «егін» сөзін жаз.
-Сонымен, біз бүгін қандай дыбыспен танысып үйрендік?-Гг дыбысы дауыссыз.
-Бүгін сабаққа «өте жақсы» қатысқан оқушыға «қызыл гүл», «жақсы» қатысқан оқушыға «көк гүлмен» мадақтаймын.
|
Бағалау
|
Мадақтау
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты: 8:35
|
Кабинет: 1 «А»
|
Мұғалім:Ибраимова Н
|
Сабақтың атауы
|
Зз дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Әріп
Түсіндіру,сұрақ-жауап
Жаңа сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Жалпы мақсаты: З дыбысы мен әрпін таныту. З дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, дауыссыз дыбыс екенін меңгерту. З әрпінің баспа, жазба түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту, мәтінмен жұмыс жасату.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Амандасу,сабаққа әзірлік
Психологиялық тренинг.
Айтыңдаршы балалар,
Болашаққа жол ашар
Іші толған әріпке
Білімдіге жарық не?
Гг дыбысы
|
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Қызығушылықты ояту
|
Қызығушылығын ояту
От шашады жалындап,
Қатты ұшқанда зымырап. (зымыран)
Қазақ ғарышкерлері кім?
Олар туралы не білесіңдер?
Егер мен ғарышкер болсам... (Оқушыларын өз ойларын айтады)
Зымыран, жұлдыз, қарбыз, зырылдауық суретін әр топқа беру. Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
|
Мағынаны тану
Жаңа сабақ
|
Оқулықпен жұмыс.Мәтінді іштей оқыту.Мәтін мазмұнын төрт оқушыға айтқызу.Зз дыбысы дауыссыз дыбыс,сөздерде 1-2-3 кездеседі.Зз дыбысының баспа үлкен,кіші әріпін жазып көрсету.Жазу жұмысы:педагог З дыбысын ауада жазып көрсетеді. Балалардың өздеріне ауада жазғызады. Сонан соң дәптерге жазу .
Дәптермен жұмыс.Әдемі,сауатты жазу. Суреттердің аттарын жазу.Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.
Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ыз-ыз-ыз
Анар –сүйкімді қыз.
|
Сергіту сәті
|
Ал, қанеки ойнайық, Ойнайық та, ойлайық.
Байлап қойып көзіңді, Қоршап тұрмыз айнала.
Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?
|
Ой толғаныс
|
Қорытынды. “Сиқырлы таяқша”
Қолдарына таяқша ұстап «З» дыбысы бар сөздер айтып шығу
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Зз дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
|
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі:кеспе әріптер,касса,суреттер,текшелер
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
қу іс-әрекетінің мақсаты:сөзге дыбыстық талдау жасау жасай білуге уйрету,сөздерді буынға дұрыс бөле білу,сурет арқылы заттың атауын білу,логикалық ойлау қабілетін арттыру.Жазу дағдысына үйрету.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру.
|
Топқа бөлу
|
Пазл арқылы топтарға бөлу
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Жел соғады гу-гу
Жаңбыр жауады тырыс-тырыс.
Жаңбыр басталады.
Күн ашылады.
|
Қызығушылықты ояту
|
Жұмбақ шешу.
Ләзатта бар,
Жанатта жоқ.
Азатта бар,
Қанатта жоқ.(З әрпі)
Жауабын айтқан бала сол З дыбысына сөз ойлап айтады.
«Сөз ойла,көп ойла» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты:Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып,доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады.(Сөздің басында,ортасында,соңында З дыбысы).Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.
Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
2.Тіл ұстарту жаттығуы.
Ыз-ыз-ыз
Анар –сүйкімді қыз.
3.Дәптермен жұмыс.
Жүзік,зымыран,жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы З дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне З дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында,келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.Балығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы:педагог З дыбысын ауада жазып көрсетеді. Балалардың өздеріне ауада жазғызады. Сонан соң дәптерге жазу .
Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату.
Мысалы:Атам қарбыз өсірді.Қарбыз бақшада өседі.
Сөзжұмбақ шешеді.Шешуі:қазына.Қазына сөзіне сөздік жумысын жүргізу.
Қазына- түрлі бағалы заттар ,дүние мүлік,байлық.
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
Ұзын қанат инелік ,
Инелікке тимелік,
Ұшақты біз жасадық
Инеліктен үйреніп.
Зу-зу,зу-зу,зу-зу. (Қимылмен көрсету)
|
Ой толғаныс
|
1.Тақтаға әріптер тізбегі жазылған плакат ілінеді.Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше Сөз құрату.
Қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р--е-з-е
2.Құрастырған сөздердің ішінен З дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу.Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
3.Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдері бекітіледі.
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты: 8:35
|
Кабинет: 1 «А»
|
Мұғалім:Ибраимова Н
|
Сабақтың атауы
|
Ұұ дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Әріп
Түсіндіру,сұрақ-жауап
Аралас сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Мақсаты Балаларды Ұұ дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін және қолданылуын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже Ұұ дыбысының жазылуы мен айтылуын меңгереді, суреттер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, сөздік қорлары молаяды.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Амандасады. Сынып іші тап-таза
Дайын екен тақта да Ойымызды жинақтап
Отырайық партаға.Көздерің көруге дайын ба?
Құлақтарың тыңдауға дайын ба?
Тілдерің сөйлеуге дайын ба?
Саусақтарың жазуға дайын ба?
Зз дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру
|
Қызығушылықты ояту
|
-Балалар, енді, тақтадағы суреттерге назар салайық. Не көріп тұрмыз? Енді, осы сөздердің барлығына ортақ қандай әріп бар?
Дұрыс айтасыздар, ұ дыбысы бар. Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ұұ дыбысы болмақ. – Ұлу, ұя, ұшақ, ұл, құс, тұз, ұн, алмұрт.
Олардың барлығында да ұ дыбысы бар.
Негізгі бөлім
25мин Ұ дыбысы қандай түске боялған? Иә, балалар, себебі, ол-дауысты және жуан дыбыс. Менің соңымнан қайталаймыз «Ұұ».
Ұ-ұ-ұ- ұлу Ұш-ұш-ұш-ұшақ
Бұ-бұ-бұ-бұлақ Құ-құ-құ-лақ
Тақтадағы өлеңге назар аударамыз. Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.Құс, жұмыртқа, бұтақтың
Ортасында келемін.Сонымен, ұ дыбысы қай жерлерде, қалай жазылады?
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
«Сенде не бар?» жұптық жұмыс.
Көршілес отырған оқушылар бір-біріне «Сенде не бар?» деп сұрайды.
«Бірге ойланамыз» әдісі.Бұл не?
Тақтадағы суреттерді айту.Ұ-Ү дыбысына сөздерді топтастыру.
Сөздер: ұшақ, бұлақ, ұл, ұн, тұз, үйрек, үй, үлкен, дүкен.
|
Ой толғаныс
|
Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Тұз мұздай
Мұз тұздай.
Шалшық-балшық
Балшық-шалшық Қызыл түске.
Ұұ – дауысты дыбыс.
Мұғалімнің соңынан қайталайды. Тілдерін жаттықтырады.
Ұ дыбысы сөздің басында және ортасында жазылады.
Сөздің соңында ұ дыбысын жазбаймыз.
Оқушылар дәптерлеріне Ұұ дыбысын бастырып шығады.
Оқушылардың алдарында түрлі суреттер тұрады. Сол сурет бойынша олар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Оқушылар тақтадан шыққан суреттерді көріп, бірге ойлана отырып жауап
Қорытынды
– Ұ дыбысы дауысты ма?
– Ұ дыбысы сөздің соңында жазылады ма?
– Үй деген сөзде ұ дыбысы бар ма?
– Ұ дыбысы жуан ба?
– Алмұрт деген сөзде ұ дыбысы бар ма?
Жарайсыңдар, балалар!
Сабақтан алған әсерлеріңді, білімдеріңді бағалайтын сәт те келді. Балалар, мен сендердің барлығын да бүгін өте жақсы жұмыстанды деп есептеймін, сондықтан барлығыңызға да «Жарайсың!» деген смайлик сыйлап, алда да тек сабаққа осылай қатысып отырады деп үміттемін!
Мадақтау
|
Бағалау
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Ұұ дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары
|
Сабақтың жабдығы
|
Сабақтың көрнекілігі: Әліппе оқулығы Ұұ дыбысының баспа, жазба түрлері, ұ дыбысына байланысты суреттер, буындық кестелер, жеміс – көкөністің шаблондары.
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Сабақтың мақсаты: «Ұұ» дыбысы мен әрпін таныту.
Сабақтың міндеттері:
1)Оқушыларға Ұұ дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2)Ұ дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.
3)Ұқыптылыққа, тазалыққа, салаутты өмір салтына тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
|
Топқа бөлу
|
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Биік болып өсеміз,
Елкадай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді бос ұстап,
Билеп-билеп аламыз.
|
Қызығушылықты ояту
|
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Иә, жеміс – жидектер, көкөністер піседі, жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Міне, бізде де жеміс, көкөністер пісіп, жерге түсіп қалыпты, кәне, осы жемістерді теріп алайық.
Бұл жемістер жай жемістер емес, оларда әртүрлі тапсырмалар бар екен. Соларды орындайық.
Сұрақтар: (жеміс, көкөніс жапырақтарда жазылған)
1. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2. Ұұ дыбысы қандай дыбыс?
3. Ұұ дыбысына байланысты қандай сөздер білесің?
4. Ұұ дыбысына сөз ойлап, оны буынға бөл.
5 Ұұ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
|
Мағынаны тану
|
1. Жұмбақ жасыру:
а) Білімнің жолбасшысы,
Шәкірттің қолбасшысы (Ұстаз)
ә) Шәкіртке жанашыр, мейірбан кім? (Ұстаз)
2. Ұстаз сөзіне буындық талдау жасату, .
3. Ұұ мен Уу дыбыстарының айтылуы мен жазылуын,олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру,анықтау.
4. «Құстарға көмектес» ойынын ойнату арқылы,буындармен жұмыс жүргізу. Мысалы: буындарды дұрыс тауып қойса, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
5. Оқулықпен жұмыс.
а) Бағандағы сөздерді оқытып, сөздердің мағынысын түсіндіру.
ә) «ұлт», «мұрат» сөздерінің мағынасынын түсіндіру.
б) Жұмбақ оқу, шешу.
Құстай ұшар
Қанатты тұлпар.(ұшақ)
«Ұшқыш болу – арман» мәтінін оқу
в)«Ұшұыш болу-арман» мәтінін 3-4 оқушыға бөліп оқыту, сұрақ қою арқылы түсінгендерін анықтау.
|
Сергіту сәті
|
Кәне, қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып, ұшып алайық,
Қайта отырып жазайық.
|
Ой толғаныс
|
7. Дәптермен жұмыс
Ұрт құрт мұрт жұрт сөздерін жаздырып , дыбыстық талдау жасау.
ІҮ. Сабақты бекіту
Сөздік диктант
Ұшақ, ұшқыш, ұста, жұмыс, сұрақ, ұрпақ, құлын, құрық, құлақ, жұмбақ.
Сөздердің ішінен дауысты дыбыстардың астын сыз
Ү. Сабақты қорыту
- Сонымен қандай дыбыс туралы айтылды?
- Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
- Ұ дыбысы бар сөз ойла, сөйлем ойлап тап
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Кері байланыс
|
Оқу ісінің меңгерушісі:
Әліппе
|
Уақыты: :35
|
Кабинет:1 А
|
Мұғалім:Ибраимова Н
|
Сабақтың атауы
|
Үү дыбысы мен әрпі
|
Сілтеме
|
Сауаташу оқыту әдістемесі,
|
Сабақтың жабдығы
Сабақтың әдісі
Сабақтың түрі
|
Әріп
Түсіндіру,сұрақ-жауап
Аралас сабақ
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
1. Ү дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық, буындық талдау жасату.
2. Ү дыбысының әріп элементтерін, сөздерді дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету, тілін дамыту.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
|
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Үй тапсырмасын тексеру
|
Амандасу.Сабаққа әзірлік
Орнымыздан тұрайық
1,2 деп бастайық, топ-топ басайық
Сәл дем алып болған соң
Орнымызға барайық.
Ұұ дыбысын оқу,дәптерлерін тексеру
|
Қызығушылықты ояту
|
Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады: Үйрек десе – бірінші,
Бүйрек десе - екінші.
Бұл қай әріп екенін,
Біреу айтып берсінші. (Ү)
Дұрыс балалар, ү дыбысы екен.
|
Мағынаны тану
|
Дәптермен жұмыс
Ауада жазу
Тақтада жазу.
Оқушылардың жазуы
Ү ү Ү ү Ү ү Ү ү Ү ү
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс)
- Мынау не? - Үкі
- Үкі - түн құсы. Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү - кі. (екі буын)
- Үзеңгі сөзін (үзеңгінің мағынасын ашып кету) буынға бөле қойыңдар.
- Ү - зең - гі (үш буын бар)
- Үкі, үзеңгі, Үміт, үш, үйрек деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Қызыл түспен белгіленеді.
- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында жазылады?
- Сөздің басқы буындарында жазылады.
Ү - дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.
«Ү» әрпінің баспа, жазба түрлерін көрсету. Ауада жаздыру.
Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.
Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
Суретпен жұмыс
Суретте салынған «үйрек» туралы айту. Үйректің пайдасы және оны өсіру.
Дыбыстық, буындық талдау жасау. Үйрек - үй - рек..-...
Тірек - сызба бойынша сөздерді оқыту, мағынасын айту. (үн, үш, үр, үз, үк, үй)
Ү - н, з, й, р, ш, к
|
Сергіту сәті
|
Ойын «Сөз ойла, тез ойла» доппен ойналатын ойын (допты балаларға бергенде алып тұрып ү дыбысы бар сөзді шапшаң ойлап айтулары керек)
|
Ой толғаныс
|
Тірек – сызба бойынша затты сипаттау:
Гүл (қандай?) - әдемі, хош иісті, қызыл
Түлкі (қандай?) - қу, қызыл, айлакер
Тақтадағы сөздерді оқыту
Гүл, үтік, күз, жүгері, күрек, түлкі
Сабақты қорытындылау:
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Ү дыбысы қалай айтылады?
- Бас, кіші әрпін жазып көрсет.
«Өз орныңды тап» ойыны. Әріптерді өз орнына қою:
ү, т, л, і, к - түлкі і, к, ү - үкі р, к, е, й, ү - үйрек
|
Бағалау
|
Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |