Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Заттың атын білдіретін сөздер Тоған басында
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Білімділік: Заттың атын білдіретін сөздермен таныстыу. А. Құнанбаев туралы мағұлымат беру. Жаңа сабақты меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың оқу жазу дағдыларын қалыптастыру. Ойын, сөйлеу мәнерін тілін дамыту. Қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сауатты көркем жазуға, жақсыны үйренуге, жаман қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер. Суреттер, слайдтар.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, Ұжымдық жұмыс.
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран. (42 әрiп)
Елдерi мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегiс тақтай-ды,
Өзенi де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзiң тауып ал. (Карта)
Қаласы бар, елi жоқ,
Даласы бар, шөбi жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегiс,
Кең жазықтан әр түстi,
Шығыс пенен батысты –
Бар әлемдi табасың,
Өзiң таң боп қаласың! (Географиялық карта)
Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi. (Класс)
|
Мағынаны тану
|
193- тапсырма
Мәтінмен танысу
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады
194-тапсырманы орындау.
|
Сергіту сәті
|
Орманның бiз емшiсiмiз
Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)
Құрт бiткендi жоқ етемiз
Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.
|
Ой толғаныс
|
Ән айту
Кел балақай, кеш жарық!
Келіп жүрме кеш қалып.
«Кеш жарықтан» бастайық,
Көп қызықты еске алып.
Қайырмасы:
Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
«Кеш жарықты» көріп тұр.
Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.
Қайырмасы:
Құлақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер — алдыңда.
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау,автор туралы мәліметтер жинақтау. 195-тапсырма
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Заттың атын білдіретін сөздер Кішілерге қамқор бол
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздермен таныстыру
Сабақтың міндеті:
l Заттың атын білдіретін сөздер білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау
l Оқушылардың таным аясын кеңейту
l Оқушыларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке , отансүйгіштікке, ержүректілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті сурет,карточкалар
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi. (Глобус)
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы. (Сөмке)
Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (Алфавит)
Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм. (Күнделiк)
Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не? (Күнделiк)
Кепкен жарғақ,
Шеңберге керiлген,
Соқсаң сарнап,
Үн шығады төгiлген. (Барабан)
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс .
196-жаттығу.
а)Оқушыларға Кішілерге қамқор бол өлеңін мәнерлеп оқып беру
ә) Оқушылар өлеңді шумақ бойынша кезекпен оқиды
б) Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
Сүйкімді бала атану үшін не істеу керек?
Сүйкімді бала қандай болады?
Кішкентай балаларға қандай қамқорлық жасайсың?
Үлкендерді қалай сыйлайсың?
Көркем жазу. Балалар дәптерлеріне Қ,қ, Қамқор сөзін көркем жазады.
5.Дәптермен жұмыс:
197-жаттығу. Көп нүктенің орнана тиісті сөздерді қойып,сөйлем құрап жаз.
Сүйкімді бала бол.Үлкенді сыйла.Кіші балаға қамқор бол.
198-жаттығулар.Заттардың орнын тап.
|
Сергіту сәті
|
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
|
Ой толғаныс
|
«Кім жылдам!» Сұрақ-жауап.
Ал балалар осы жолғы сабақтан біз құлпынай жидегін тереміз,ол жидектерді теріп себетке салу үшін бірнеше сұрақтарға жауап берейік.
Оқушыларға сұрақ қою.
1.«Әдепті бала» дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Біздің сыныпта әдепті бала бар ма?
3.Әдепті бала қандай болу керек?
4.Сүйкімді бала атану үшін не істеу керек?
5.Кішкентай балаларға қандай қамқорлық жасайсың?
6.Үлкендерді сыйлай білесіңбе?
|
Үйге тапсырма
|
Өлеңді оқу
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |