Сабақтың атауы Тақырыбы: Адамның дене мүшелері Сілтеме Қазақ тілі
Дата 08.09.2017 өлшемі 68,18 Kb. #30835 түрі Сабақ
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
Нұрмағанбет Жанар 5 сынып оқушының саны- 15
Ақмола облысы
Шортаны ауданы
Андреевка орта мектебі
2 апта
09.04.2013ж.
1-сабақ 09:00-09:45
Сабақтың атауы
Тақырыбы: Адамның дене мүшелері
Сілтеме
Қазақ тілі
Авторлары: Т. М. Артықова , Ж. Н. Қыстаубаева
Слайдтар, сабақ жоспары.
Жалпы мақсаты
Ма,ме,ба,бе, па,пе шылауларының сөйлемге сұрау мәнін
Үстеп, сұраулы сөйлем жасаудың бір жолы болып табылатынын және олардың өзі тіркескен сөзден бөлек жазылатыны туралы түсіндіру. Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы ма, ме, ба, бе, па,пе шылауларын
Шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ой түйін жасауға бағыттау ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашыл ылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дене мүшелері туралы ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын байыту.
Міндеттер
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау .
5. Дене мүшелерінің адам өміріндегі маңызын ашу.
6. Денсаулығына баса назар аударуға бағыт беру.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығуы.
2.Мұғалімнің оқуға бағыттап отыруы.
3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.
4. Қазақ тілін еркін меңгеруге қалыптасу.
5. Сөздік қорының молаюы
6. Топпен жұмыс істеуде ұжымшылдыққа, бірлікке қалыптасуы.
Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері
1.Қызығушылығын ояту:
2.Ой шақыру әдісі -тж
3. мәтін оқу-жж
4.Карточкалармен жұмыс-жж,жж
5. Деңгейлік тапсырмалар орындау-жж,тж
Тәсілдер:
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.мұғалім мен оқушы арасындағы диалог.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету- 1топ- презентация жасайды
3.оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау- бағалау парақшасы арқылы
4.АКТ-пайдалану- жаңа тақырыпқа презентация, оқушылардың қорғауы
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту- флефчарт жасау- 1 топқа берілді. Ол топта бұл санаттың оқушылары бар.
Стратегия: Блум таксаномиясы- Жіңішке сұрақтар.
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, бағалау парағы,
үлестірмелі материалдар, слайдтар, флепчарт, маркер, адам қаңқасы.
Күтілетін нәтиже
1.Шылау туралы ұғымдары кеңейеді.
2. Адамның дене мүшелерімен танысады.
3. Жаңа сөздермен танысу.
4.Жаңа білімнің өмірде бар екендігін , оны біз пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
5. Денсаулығын қадірлеуге қалыптасады.
6. Әр дене мүшесінің атқаратын қызметін біледі және оларды күту, қорғауға, барды қадірлей білуге машықтанады.
Ұйымдастыру
кезеңі
-Сәлемдесу; Көңіл-күй көтеру сәті.
3-топқа оқушыларды үш түрлі геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтастырыру.
Топ басшысын тағайындау. Өздерінің қалауы бойынша.
Кеңесу, ақылдасу орталығын құру.
Кеңесші тағайындау.
Бағалау парағы таратылады. Топ басшысы- 2 мин
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Жаңа сабақ 2 мин
2 . Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ой шақыру әдісі
1.Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем.
2.Ауа-райы қандай?
-Жылы. Күн шауғын шашып тұр.
-Иә,күн шуағын шашқан көктем келді.Слайд. Көктем.
-Балалар қазір, мен сендерге жұмбақ тығамын ,шешуін табыңдар.
Жұмбақтар
Бiрi қысқа
Бiрi ұзын
Бес бұтақ. Қол мен саусақ
Үңгiр толы асыл тас.
Тіс
Алқапта бар биiк тау,
Алды тiк жар қиық тау.
Қос үңгiрi желдетiп,
Ауа жұтар селдетiп.
Мұрын
Екі қалқан жабысқан.
Жақын барсаң маңына,
Сезе қояр дыбыстан.
Құлақ.
Слайд. Бас. Қол. Аяқ –суреттері.
-Балалар, мына суретті топтайық. Қалайша атаймыз.
-Адамның дене мүшелері.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбымыз да осы.
Слайд. Адамның дене мүшелері.
-Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен танысамыз. Әр мүшенің атқаратын қызметін анықтаймыз.
-Адамның сұлбасы арқылы сабақты баяндау.
Дәптерімізге бүгінгі күнді жазамыз.
Кітабымызды ашамыз.
1.Оқиды, ойлайды, өз ойларын қорытады.
Жыл мезгілдерін еске түсіреді.
Табиғатты бейнелейді.
Жұмбақ шешеді.
Суреттерді топтайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Оқулықпен жұмыс 21 мин
3. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Өзара оқыту әдісі . мәтінді іштей оқу-2 мин.
1-топ Мәтінді оқиды.; 2-мин
2-топ Мәтінді аударады.; 3мин.
3-топ Мәтіннің мазмұнын баяндайды.; 3 мин.
Оқушылардың жұмысын бағалату ;
Тиісті мәліметті оқиды.
1-топ Дене мүшелерінің неден тұратынын оқиды.
2-топ Мәтінді аударады .
3-топ –Мазмұнын баяндайды.
Топ басшысы оқушылардың жауабын бағалайды. 2 мин.
Бекіту 4 мин
4. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Топқа карточка бойынша тапсырма беріледі.; жұптық жұмыс.
Карточка тапсырмаларына жауап береді.
Екі оқушыға ортақ. Тез жеке орындайды. Бір-бірін тексереді.
Оқушылар бағалайды.
Қорыту Күтілетін нәтиже 4 мин
6 .Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Деңгейлік тапсырма:
1-топқа: 3-деңгейдің тапсырмасы.
Дене мүшелерінің аттарын атап, орыс тіліне аударыңдар.
Олардан сөз тіркесін құрастырыңдар.
2-топқа: 2-деңгей тапсырмасы.
Дене мүшелерінің атқаратын қызметі туралы жазыңдар.
Шылау сөздерінің астын сызыңдар.
3-топқа: 1-деңгей тапсырмасы.
Дене мүшелерінің әрқайсысы туралы мәлімет беру. Презентация. Флепчарт.
Шылау сөздерінің түрлерін ажыратыңдар.
Сергіту сәті
Блум таксаномиясы бойынша тапсырма: жіңішке сұрақтар:
1.Дене мүшелеріне бас жата ма?
2. Бастың бөлшектеріне шаш жатама?
3. Көзді күту қажет пе?
4. теледидар алдына жақын отыруға бола ма?
5.Қыста бас киімсіз жүруге бола ма?
6. Біздің қолдарымыз иіліп, жазыла ма?
7. Аяғымыз табанмен аяқтала ма?
Топтастыру әдісі бойынша флепчартқа жоғарыдағы мәліметтерді топтастырту, топ алдында қорғату;
Ойларын дәлелдейді, қорытады.
Флепчартқа жазып, әр топ өз түсінігін қорғайды.
Бағалау 2 мин
7 . Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Бақылау парағындағы ұпайлар есептеледі.
Үйге тапсырма 1 мин
8 . Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Тапсырмалар тақтадан жазылады.
1. Дене мүшелеріне эссе эазу. Сурет салу. Мәтінді оқу.
Күнделікке жазады.
Достарыңызбен бөлісу: