Сабақтың атауы Зат есім, Менің отбасым Мақсаты



бет44/48
Дата18.03.2017
өлшемі9,86 Mb.
#12008
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48



Қазақ тілі

Кабинет:

Уақыты:

Сабақ 123

Сабақтың тақырыбы

Жайлауда. Саяхатқа шығу.

Сабақтың жалпы мақсаты



Жайлау және оның орналасқан жері, ерекшелігі, ағаш үйдің құрылысы, жабдықтары, үй жануарлары туралы түсінік алады.Туған өлкеге деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезіміне оянады.

Күтілетін нәтиже:Табиғаттың кереметтілігін ұғынады және оны қорғауды біледі. .



Әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл,Ыстық орындық,Суретпен әңгіме,Жалғасын тап.

Көрнекіліктер







Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Допты лақтыру арқылы бір - біріне жақсы тілектерді айту .



Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар сұрақтарға жауап береді , өткен сабақтан алған білімдерін пысықтайды.

Қызығушылықты ояту

Суретер әлеміне саяхат

Суреттер арқылы өз ойларын ортаға салу




Жаңа материалмен жұмыс.

Балалар міне менің қолымда «Үлкен жүрек» бар. Әр баланың өзінің жүрегі бар. Үлкен жүрек «Адам - анада» және «Табиғат анада» бар. Әркім өзінің қолындағы жүрекшесін анасына деген тілегін айта отырып, үлкен жүрекке әкеліп саламыз. Енді балалар қазір барлығымыз орнымызға отырайық, сабағымызды бастаймыз. Бүгін біз «Табиғат еліне» саяхатқа шығамыз. Әртүрлі аралдарды аралаймыз.
1. Табиғат аралына шығу үшін, сұрақтарға жауап береміз:
- табиғат деген не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
Балаларға суреттер үлестіріп, суреттерді өз жағдапйына байланыстыі табиғатқа орналастыру.
- Сенің  демалысыңда саяхатқа шығасың ба?

- Саяхатқа қайда барасыңдар?

-  Саяхатқа шығудың пайдасы неде?

Б.Тәжімбетов «Жайлау көркі» өлеңі.

Табиғат әлемі, Сайға түс, қырға шық,

Гүл толған әдемі. Жүресің гүл басып.

Ұйқы ашар сағаттай Көбелек алдайды,

Бозторғай әуені. Бір қонып, бір қашып.

Ойынпаз қозы-лақ,

Кетеді тез ұнап.

Жайлауды бір көрсен,

Қимайсың өзің-ақ.

Балаларға сұрақтар:

-жайлауда қандай үйде тұрады?

-жайлауға қандай мақсатпен көшеді?

-киіз үй неден құралады?

-киіз үйдің қандай бөлшектері бар?

Суреттерді көрсетіп киіз үй және оның құрылысы, жабдықтары жайлы әңгімелеп беру.

-Жайлауда қандай тұрмыстық заттар керек?

-Киіз үйдің ішінде қандай заттар , жиһаздар тұрады?

-Қандай ою-өрнектермен безендіріледі? - Қазақ халқының қандай ұлттық оюларын білеміз? Балалармен «Төрт түлік және оның төлдері» деген дидактикалық ойынды өткізу. Балалар алған білімдерін бекіту мақсатымен төрт түлік төлдерінің қалай аталатынын айтады.

Сергіту жаттығуы: «Жайлауғаа саяхат»


2 Төмендегі  сөйлемдерді  пайдалана отырып,  мәтін  құрастыру.

Маған ( бізге) Қазақстан  бойынша  туристік  маршруттардың  сызбасы керек

Мен (біз)  турбазаға  орналасайын  (орналасайық) деп едім (едік)

Біз қаланы  (ауылды, мұражайды,  көрікті  жерлерді) аралап көргіміз  келеді.

Менің (біздің)  тауға   саяхатқа  барғым (барғымыз ) келеді

Біз саяхат жоспарын  жасап қойдық.

Қажетті  жабдықтарды   алдым (алдық)

Тарихи  жерлерді   араладым (араладық)

3 «Құстар» аралы Сұрақ- жауап


- Көктемде ең бірінші келетін құстар? (Ұзақ, тырна, үйрек)
- Олардың қандай пайдасы бар? (ағаштарды құрттардан тазалайды)
- Құстар немен қоректенеді? (Құрт, жаңғақ бүрлері)
- Адамадардың досы қандай құс? (Қарлығаш)
- Орман дәрігері қандай құс? (Тоқылдақ)
- Өз атын шақыратын құс? (Көкек)
- Қандай құс хат тасушы? (Ақ көгершін)
- Достық, махаббат символы қандай құс? (аққу)
Құстар туралы тақпақтар айту.
.«Ойшылдар» аралы
Тиым сөздер айту
Гүлді жұлма,
Ағашты сындырма,
Құсты атуға болмайды,
малдың сүйегін отқа салма,

малдың басынан ұрма т.б.


Суретпен жұмыс («Жақсы – жаман»)
Суға қағаз лақтырған (жаман)
Ағаш егу (жақсы)
Құстарды ату(жаман)
Малды қуып ,тебу (жаман)
Үлкен кісіге орын ұсыну (жақсы)
Табиғатты қорғау үшін не істейміз? Балалардың пікірін тыңдау.
Жұмбақтар «Ауа, су, жер, күн» жөнінде
Көзге көрінбейді,
Ұстасаң білінбейді. (ауа)
Түсі жоқ,
Иісі жоқ
Шөл қандырады. (су)
. «Экологиялық тұжырым»

Ой толғаныс

Мәтінді оқушылар тізбекпен оқып шығады.

Жұмбақтарды шеш

Дәмі  аузыңнан  кетпейді,

Қызыл  алша  шырын  бал

Көктей  тісің   өтпейді,

Піскен  кезде  үзіп  ал. (Алма)

Ағайынды  бәрі,

Шықса  жасыл

Түссе  сары.  (  Жапырақ  )

Тәтті,

Тәттінің  іші  қатты,

Қаттының  іші  тәтті.  (  Өрік  )

Көк  лағым  көгенде  жатып  семіреді.   (  Қауын 



Үйге тапсырма беру.

Әр топ «Табиғат» жайлы сурет салады және оны қорғайды


Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет