Сабақтың барысы: Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті



Дата07.05.2024
өлшемі380,82 Kb.
#201840
түріСабақ
Байланысты:
«Табиғаттағы экологиялық мінез-құлықты қалыптастыру» 06.05
8645dde8ca15e97dd53b5cf22e13d437 original.25268, «Тоғызқұмалақ, шахмат ойнау» 01.04, «Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі. Үй өсімдіктерінің отаны» 15.04, «Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды» 22.04


Білім беру ұйымының атауы

«№25 ЖББМ» КММ

Мұғалімнің аты жөні

Акшаева Айзада

Күні:

06.05.2024ж.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Табиғаттағы экологиялық мінез-құлықты қалыптастыру»

Құндылық

Талап

Мақсаттары:

Салауатты өмір салтын ұстану.

Күтілетін нәтиже:

Қоршаған орта тазалығын сақтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлеметсіздер ме, оқушылар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға дайынсыздар ма? Тәрбие сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып, сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптастыру үшін «Shopping» ойынын ойнайық.
Ойын барысында барлығымыз өз бойымыздағы «жағымсыз» қасиеттерімізден арылып, бойымызға «жағымды» қасиеттерді жинаймыз.


2.Топқа біріктіру. Кеспе қағаздар арқылы 3 топқа бірігеді.
І топқа «Суға» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.
ІІ топқа «Ауаға» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.
ІІІ топқа «Топыраққа» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.

І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар сәлемдеседі.
Шаттық шеңберінде тұрып, өз бойындағы бір «жағымсыз» қасиетін сатып, өзіне жанында тұрған досының бойындағы жақсы бір қасиетін сатып алады. (Мысалы, Аділет: мен өз бойымдағы «ашуланшақ» қасиетімді сатып, жанымда тұрған Аружанның «сабырлық» қасиетін сатып аламын.)
2.Топқа біріктіру.
Оқушылар қолдарына алған кеспе қағаздар арқыла қай топта отыру керектігін анықтап, «Су», «Ауа», «Топырақ» топтарынан орындарын тауып отырады.


1-cлайд

2-cлайд
Кеспе қағаздар

булану



құнарлы



мөлдір, таза


Соңы(бекіту)



3.Тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін бейне ролик көрсетіледі
https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/adam-zhane-tabihat
Оқушылар өздерің көрген бейне роликтен қандай ой түйдіңіздер және бүгінгі тәрбие сағаты не туралы деп ойлайсыздар? Әрине бүгін біз табиғат туралы, қоршаған ортаның ластануы туралы және оның шешу жолдары туралы айтатын боламыз.
1.Адам табиғаттың ажырамас бөлігі дегенге келісесіздер ме?
2.Қоршаған ортаның ең басты мәселесі (проблемасы) не?
3.Қоршаған ортаның ластануының ең басты әсер етуші фактор не?
4.Қоршаған ортаның ластануының қандай түрлерін білесіздер?
4.Twig-bilim.kz –тен бейне ролик көрсетіледі.
«Су» тобына
https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-water
«Ауа» тобына
https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-air
«Топырақ»тобына
https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-land

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы ойларымен бөліседі.


5.Суретпен жұмыс.


Оқушылар, қоршаған ортаның мәселесі ғаламдық мәселе. Ғаламдық мәселелер көп жерде баршаға ортақ тіл ағылшын тілінде жазылатындығы бесенеден белгілі.Ендеше мына берілген суреттердің мағынасы туралы өз ойларыңызды бөлісіңіздер.

6.Қорытындылау кезеңі


« 9 гауһар» әдісі
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды күшейту керек.
Табиғатты таза ұстауды әркім өзінен бастау керек.
Табиғи жолмен тез ыдырайтын заттарды пайдалану керек
Қоқыстарды қайта өңдеу керек
Суды үнемдеу керек.
Жанармаймен жүретін көліктердің орнына, велосипедпен не жаяу жүру керек.
Жарықты пайдаланып болған соң өшіріп жүру керек
Баламалы энергия көздерін пайдалану керек
Топыраққа кері әсерін тигізетін химикаттарды қолданбау керек.
Мұғалім: Мінекей оқушылар, сабағымызда өз мәресіне жетіп қалды. Өздерің әр түрлі бейне роликтерді , табиғат туралы мәліметтерді оқып, қоршаған ортамызды қорғауды өзімізден бастау керектіген түсіндіңіздер деп ойлаймын. Өйткені табиғат тағдыры-адам тағдыры. Ендеше сабағымызды мына өлең шумағымен қорытындылайық.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысын
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, сабақтың тақырыбының табиғат туралы және оның ластануы туралы екендігін айтып,әр топ өз ойларымен бөліседі. Сұрақтарға жауап береді.
4.Twig-bilim.kz –тен бейне ролик көрсетіледі.
Әр топ бейне роликтерді көріп болған соң, аталмыш мәселелердің шешу жолдарын «ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы талқылап, ортақ шешімге келіп, көрсетілген мәселелердің шешу жолдарын постерге түсіріп, барлық сыныптастарына түсіндіріп береді.

5.Суретпен жұмыс.


Әр топқа бір суреттен беріледі. Оқушылар топта суреттің мағынасын ашып, өз ойларымен топта бөліседі.

6.Қорытындылау кезеңі
Оқушылар қоршаған орта ластануының шешу жолдары жазылған кеспе қағаздарды, әр топ өзара ақылдаса келіп, маңыздылығына, өзектілігіне қарай, жоғарыдан төменге ромб тәрізді етіп, қойып шығады.

Оқушылар өлең шумағын хормен айтады





Bilimland.kz


Экология курсы

Twig-bilim.kz


Плакат, маркер

Суреттер


bilimland.kz


9 г ауһар




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет