ІІІ.Қорытындылау бөлімі.
ІІІ.1. Жаңа сабақты қорытындылау үшін сөзжұмбақ шештіріледі.
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1.Сілкіп ойналатын аспап түрі (Асатаяқ)
2.Қазақтың ұлттық аспабы (Домбыра)
3.Аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылатын ұрмалы аспап (Дабыл)
4.Бақташылардың қурайдан жасалынған сүйікті аспабы (Сыбызғы)
5.Тілшесін саусақпен тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап (Шаңқобыз)
ІІІ.2. Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тиянақтау мақсатында «Топтастыру» дидактикалық ойыны ойналады. Ойынның тәртібі:партаның үстіне жаңа сабақта өтілген ұлттық аспаптардың суреттері жайылып қойылады. Оқушылардың ішінен төрт оқушы шығып, суреттерді төрт топқа жинақтайды:ішекті, ұрмалы, үрмелі, сілкімелі.
ІІІ.3. Музыка тыңдау.
Ойын жүріп жатқан кезде оқушыларға оркестрдің орындауында Құрманғазының «Сарыарқа» күйнен үзінді тыңдайды. Мұндағы мақсат-оқушылардың жаңа сабақтан алғандарын одан әрі дамыту. Оркестрдің құрамындағы әр аспаптың дауысын мұқият тыңдай білуге үйретеді.
Күйді тыңдап, тақтадағы төрт оқушы аспптардың суреттерін жинап болғаннан кейін мұғалім:
-Қане, сен қандай аспаптарды жинадың?
-Сенің жинаған аспаптарың қай топқа жатады?
-Оқушылар мына Асланның жинаған аспаптары дұрыс па?
-Ардақтың жинаған аспаптарын кім атап бере алады?
Деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойларын пысықтайды.
ІІІ.4.Сабаққа қатынасқан оқушылар бағаланады.
ІІІ.5. Үй тапсырмасы-тақырыпты түсініп оқу, «Домбырасыз сән қайда» әнән дәптерге жазып алып, жаттау.
Құрманғазы
(1823 - 1896)
ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы-теңдесі жоқ ұлы күйші.
Ол- өз заманындағы қоғамдық әлеуметтік қайшылықтарға зорлық-зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Қаршадайынан әділетсіздік пен алысып, азапты ғұмыр кешті.
Құрманғазы өзі басынан кешкен өмірі мен халықтың мәселелерді «Кішкентай» атты тұңғыш шығармасынан бастап, өмірінің соңына дейін күй тілімен жырлап өтті.
Құрманғазы «Кішкентай» күйін Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арнаған. Дарынды күйші ұлы шайқасқа қатыспаса да, халық қайғы-қасіретін, еркіндікті аңсаған ел мен ерлер бейнесін айқын суреттеп берді.
Құрманғазы- күй өнері арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрескен дара тұлға. Оның «Серпер», «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын», «Ақбай», «Көбікшашқан», «Кісенашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол» және т.б. көптеген күйлері- асыл туындылар.
Сарыарқа
(Үзінді) Құрманғазы
Достарыңызбен бөлісу: |