Домбырасыз сән қайда
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев. Өлеңін жазған Х. Талғаров.
Көңілді
1.Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған.
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған
2.Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүрекке от жақсын деп,
Елге күйін арнаған
Қайырмасы:
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма?
3. Абай, Жамбыл, сал Біржан
Таңғалдырып ән салған.
Жүрегіңді жандырған,
Естіген жан тамсанған
4. Домбырамен сөйлеген
Махаббаты халқымның.
Жігер беріп күй деген,
Шақырады алтын күн.
Достарыңызбен бөлісу: |