Саз сырнай- саз балшықтан күйдіріліп, бетіне өрнек ойылып жыланкөзбен көмкерілген, алты тесікті үрлеп ойналатын музыкалық аспап.
Мүйіз сырнай- атауы айтып тұрғандай, мүйізден жасалады. Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесікті үрлемелі музыкалық аспап.
Ауыз сырнай- үрмелі, уілдекті аспап. Ұзындығы 15 см, ені 4-5 см. Екі жақтаудан тұрады, сыртына күмістен, сүйектен ұлттық өрнектер жүргізіліп, ортасына дыбыс беретін ойықтар жасалады. Үн беретін жұқа металдан тілшелер орнатылады. Жасауы өте күрделі болғандықтан, ел ішінде сирек табылады.
Қоңырау- тот баспайтын сапалы металдан, сыртына жұқалап алтын, күміс жалатып жасалған, жеңіл таяқшамен соғып ойнайтын саз аспабы.
Достарыңызбен бөлісу: |