Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық саз аспаптарының ежелгі түрлерін таныстыру



бет5/11
Дата17.02.2017
өлшемі2,49 Mb.
#9770
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дауылпаз-ағаштан жасалған, шанағының ойық беті терімен қапталған ұрып ойнайтын қазақтың көне музыкалық аспабы. Ертеректе соғыс құралы ретінде айбар беріп, жауға қыр көрсету үшін қолданған. Жорықтарда сардарлар мен жеке батырлар ұстап жүрген. Аңшылық пен құсбегілікте де қолданылған.


Дүңкілдек-ұрмалы, дауыл,шулы аспап. Екі шанақты. Бірінің беті әбден кепкен, жұқа шыңылтыр терімен, екіншісі қалыңдау шала иленген көн терімен бостау керіліп қапталады. Бұлардан шыққан үн әркелкі. Екі шанақты бойлай жуандығы 3 мм кендір не қайыс ішек тағылады.

Жетіген-шертіп ойнайтын жеті ішекті ұлттық музыкалық көне аспап.

Жетіген ұзынша, жәшік тектес, шанағы тұтас ағаштан ойылып, беті жұқа тақтай қақпақпен жабылады, үн шығаратын ойықтар жасалады. Көне жетігеннің ішектері жылқының қылынан тағылып, тиектердің орнына қой асықтары пайдаланылған. Бұрауы жоқ. Құлақ күйі шанақтың екі басындағы ішекке бекітілген діңгектерді бұрау және тиектерін жылжыту арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерін екі қолдың саусақтарымен іліп қағу арқылы шығады. Аспаптың пайда болуы туралы ел аузында «Жетігеннің жеті әуені» деген аңыз бар.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет