Домбыра-қазақтың ең көп тараған ішекті, көп пернелі музыкалық көне аспабы. Дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті күшті тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді ағаштардан, негізінен екі түрлі әдіспен құралып не ойылып жасалады. Сырт нұсқасына, бөлшектеріне, ішек санына, дыбыс ауқымы мен ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «желбезекті», «тұмар», «қуыс мойын», «бүктемелі», «қос шанақты», «үшем» аталатын түрлері бар.
Асатаяқ - екі түрлі: асатаяқ және құтпатаяқ. Біріншісі (аса арабша таяқ, таяқша деген сөз)-абыздар ұстап ой толғайтын «сүйенші», бірақ оны ұшына үшкір темір орнатқан таяқ – Асай-мүсеймен шатыстыруға болмайды. Екіншісі-бақсы, зікіршілер тұтынған құтпатаяқ кезінде «қағушы» ұғымын берген, кейін саз аспабына айналған құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |