Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет13/14
Дата15.09.2017
өлшемі2,98 Mb.
#32634
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 55. Қазақстан-Егемен мемлекет.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.

  • Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершішк сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы, Н. Ә. Назарбаевтың суреті.

Сабақтық барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын сұрауды бастаймын. Үй тапсырмасын карточқалық сұрақтар арқылы тексеремін.

Сұрақтар:

1. Қ. Сәтбаевтың Қазақстан ғылымындағы орнын анықта.

2. Қазақстан мәдениетінің дамуының басты факторлары қандай?

3. Қазақстанда өнер, әдебиет саласындағы қандай жаңашыл іс-әрекеттерді білесің?

Осындай проблемалық сұрақтары бар карточқаларға оқушылар жауап береді. Жұмыс дәптерлерін тексеруге жинап аламын. Өткен тақырыпқа шолу жасай отырып оқушылардың жауабын толықтырып, үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап шығамын.

III. Жаңа сабақ.

Үй тапсырмасын тексергеннен кейін жаңа сабаққа көшемін.

Жаңа сабактың тақырыбы, жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады.



Материалды түсіндіру жоспары:

1. КСРО-ның ыдырауы.

2. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.

3. Н. Ә. Назарбаев.

Кіріспе сөзде отар, тәуелсіздік, егемендік, одақ сөздеріне түсінік беріп оқушылардың дәптерлеріне жаздырамын.

Бұрынғы КСРО картасы мен Қазақстан картасын көрнекі құрал ретінде пайдаланумен қатар, салыстыра отырып сабақты түсіндіремін.

1922 құрылған Еуразиядағы алып мемлекет КСРО-ның құрамында 15 одақтас ел болды. Одақ құрамындағы барлық республиқалардың өз бетімен қандай да бір мәселені шешуге құкығы болмады. Барлық билік тек қана Мәскеудің қолында болды. Әсіресе Қазақстанда жағдай барған сайын қиындай түсті. Қазақтар өз ана тілінен, салт-дәстүрінен айырылды. Көптеген қазақ мектептер жабылды. Сонымен қатар Қазақстан өз байлығына өз ие бола алмады. 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алғаш рет жастар отаршыл империяның саясатына қарсы шықты. Олар басшылыққа қазақ азаматының келуін талап етті. Алаңға шыққан жастар қатаң жазаланып таратылды.

1991 жылы КСРО өмір сүруін тоқтатты. Құрамындағы республиқалардың барлығы өз тәуелсіздіктерін жариялады.

1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Әлем картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындаған. Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнаткан.

Оқушылардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы не білетінін сұраймын.

1. Президенттің басты қызметі қандай?

2. Н.Ә. Назарбаев жайында не білесіңдер?

Бұдан әрі ҚР Президенті Н.Ө. Назарбаев жайында қысқаша әңгімелеп беремін.



    • Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Теміртау қаласында жоғары техниқалық оқу орнын бітірген. Мамандығы инженер-металлург. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастап, басшылық қызметтерге дейін көтерілген.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкіл-халықтық Президент сайлауы өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Респубикасының Президенті сайланды.

Ата Заң бойынша Президент - татулық пен бірліктің кепілі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент қарулы күштердід бас қолбасшысы болып саналады.



Қорытынды кезең

Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын.

1. КСРО ыдырауының алғы шарттарын ата.

2. Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті деп ойлайсың?

3. Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы неде?

4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алға қойған мақсаты қандай деп ойлайсың?

5. Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы не білесің?

6. Президент мемлекет үшін кім?

Оқушылардан жауап ала отырып бүгінгі такырыптың негізгі мәселелерін қамтып сабақты қорытындылаймын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 55-параграфты оқу. Тәуелсіз Қаз. жайында шағын әңгіме жазу.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §56. Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы жайында мағлұмат беру, Ата заңның ерекшелігімен және негізгі жүйесімен таныстыру, тәуелсіз Қазақстанның заңдық негізі туралы білім беру.

  • Дамытушылық: заңдық білімдерін жетілдіру, конституциялық құрылыс жайында өз ойларын білдіру дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, өз пікірлерін түйіндей білуге үйрету;

  • Тәрбиелік: еліміздің Ата Заңын құрметтеу баршамызға міндет екенін түсіндіру, әр азаматтың конституциялық міндеттерімен және құқықтарымен таныстыру. Ата Заңды құрметтей білуге үйрету, құқықтық тәрбие беру, азаматтық жауапкершіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.

Пән аралық байланыс: құқық

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызады.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болғаннан кейін үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын әңгіме түрінде өткіземін.

Алдымен сыныпқа ортақ сұрақ қоямын:



Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер?

Әр топтан бір оқушыдан жауап беруі керек.



Сұрақ: Тәуелсіздік бізге қалай келді?

Бұл сұраққа да бір оқушыдан жауап беруі керек.

Ең соңында бір-бір сөзбен жауап беретін сұрақ қоямын.

Сұрақ: Президент - ол:

Бұдан кейін оқушылардың үйде жазған әңгімелерін тексеруге жинап алып, жаңа тақырыпқа кірісемін.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын алдын ала тақтаға жазамын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын. Осыдан кейін әр топқа ҚР Конституциясын таратамын.

Тақырыпқа мынадай жоспар құрылады:

1. Ата Заңының тарихы.

2. Ата Заңның құрылымы.

3. Мемлекет, адам құқығы және Ата Заң. Ең алдымен жалпы сұрақ қоямын:

Конституция дегеніміз не?

Әр топ ақылдаса отырып бір парақ қағазға жауап жазады. Оны бір оқушы шығып түсіндіріп береді.

Осыдан кейін оқушылардың сәйкес келетін жауабын іріктеп ала отырып, Конституция сөзінің мағынасын түсіндіріп өтемін.

Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Мемлекетте қабылданатын барлық заңдар, ережелер, қаулылар, құжаттар конституция негізінде ғана жасалады. Осылардың барлығы конституция талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

Одан әрі еліміздің Ата Заңының тарихын оқушыларға баяндап беремін. Оны мына бағытпен түсіндіремін:


  • Алғашкы Ата Заң (1993 жылы 28 ақпан).

  • Соңғы Ата Заңның қабылданған уақыты (1995 жылы 30 тамыз).

  • Қандай тәртіппен қабылданды? (Бүкілхалықтық референдум негізінде).

Ата Заңның құрылымымен таныстырғанда тақтаға схема түрінде сызып көрсетемін. Бұл схеманы ҚР Конституциясын пайдалана отырып, оқушылар жеке-жеке толтырып шығады. Артынан Ата Заңның құрылымы туралы айтып беремін.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы (9 бөлім, 98 бап)

Бөлімдер

Тақырыбы

Баптар саны

I бөлім

II бөлім

III бөлім

IV бөлім

V бөлім

VI бөлім

VII бөлім

VIII бөлім

IX бөлім








Алдымен жоспардың үшінші бөлімі бойынша сабақты түсіндіремін. Онда мына бағыттарды негізге аламын:

    • Азаматтардың конституциялық құкығы мен міндеттері.

    • Мемлекеттің сипаты. Топтық тапсырмалар.

Әр топқа ата заңның бірінші, екінші бөлімінен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін тауып жазуды тапсырамын. Тез орындаған және көбірек жазғанға көңіл бөлемін.

Әр топқа келесі тапсырманы беремін. Төрт плакатты таратамын. Ондағы схема бойынша топпен ақылдасып отырып, тапсырманы орындаймын. Оқушылар алдындағы түсіндіргенімді естеріне түсіреді.



Қазақстан Республикасы

Демократиялық

Зайырлы

Құқықтық

Әлеуметтік













Толтырылған схеманы тақтаға іліп бір оқушы түсіндіріп береді.

Қорытынды кезең.

Сабақты қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар:

1. Конституцияның мемлекет өміріндегі орны қандай?

2. Ата Заңның басты ерекшелігі қандай?

3. Референдум дегеніміз не?

4. Азаматтардың конституциялық құқықтарын атап беріңдер.

5. Конституцияда Қазақстан мемлекетіне қандай сипат берілген?

6. Неліктен Конституцияны құрметтеу біздің борышымыз болып саналады?

Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылаймын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы.

1. 56-параграфты оқу.

2. Конституцияны оқып мазмұндау.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 57. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: оқушыларға рәміздер жайлы мағлұмат беру, еліміздің негізгі белгілері болып табылатын мемлекеттік рәміздермен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру, рәміздер тарихымен таныстыру.

  • Дамытушылық: рәміздер жайлы білімдерін дамытуға көмектесу. Олардың маңызын түсіндіру арқылы өз бетімен түсіну қабілеттерін дамыту, шығармашылық әрекеттерін жетілдіруге көмектесу.

  • Тәрбиелік: мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіре отырып оны құрметтеуге үйрету, рәміздерді әрқашанда қастерлеп мақтан тұтуға шақыру, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық рухқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: құқық, әдебиет,бейнелеу.

Көрнекілік: мемлекеттік рәміздер (Елтаңба, ту, әнұран), Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

Ұйымдастыру кезеңінен кейін үй тапсырмасын сұраймын. Алдымен жалпы өткен тақырып бойынша екі-үш оқушыдан мазмұнын сұраймын.

Оқушыларды тыңдағаннан кейін өткен тақырыпты қорытындылаймын. Тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқтала отырып, Конституцияның маңызын тағы да оқушылардың естеріне саламын. Сөз арасында өткен тақырыпты жаңа сабақпен байланыстырамын.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып қоямын. Оқушыларға рәміздермен олардың бастауыш сынып кезінен таныс екенін естеріне салып, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып өтемін.

Тақырыпты төмендегі жоспар бойынша түсіндіремін.

1. Рәміз белгілер ұғымы.

2. Қазақ елінің рәміз белгілерінің тарихы.

3. Қазақстан Республикасының рәміздері.

Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.

Рәміз дегеніміз не?

Көрнекі құралдарды қолдана отырып әлемдегі барлық мемлекеттерде өздерін айқындайтын, бір-бірінен ажырататын белгілі бір нышан белгілері болатынын айтамын. Оны рәміз деп атайды. Рәміздердің қатарына елтаңба, ту, әнұран жатады. Осыдан кейін оқушыларды қызықтыра отырып, рәміздер қандай жағдайда қолданысқа енетінін түсіндіремін. Мәселен, мемлекеттің туы шетелде елбасы сапары және олимпиада жеңімпаздарын марапаттаған кезде көтеріледі. Сонымен қатар осы жағдайда әнұран да ойналады.

Оқушылардың назарын мынаған аударамын: «геральдика» - елтаңбаларды зерттейтін, «виксикология» - туларды зерттейтін ғылым.

Бұдан кейін жоспардың екінші бөлімі бойынша әңгіме түрінде түсінік беріп өтемін. Түсіндіру бағыты:



    • Түркі кезеңіндегі рәміз-белгілер, таңбалар.

    • «Бөрілі байрақ» туы.

    • «Таңбалы тас».

    • Қазақ хандығының белгінышандары.

    • Ру таңбалары.

    • Үран.

    • Кеңестік Қазақстанның рәміздер тарихы.

Осы бағытпен оқушыларға жан-жақты баяндап беремін. Арасында оқушыларды да әңгімеге тартамын.

Оқушыларға қызықты болу үшін бұрынғы кездегі әр рудың таңбалары мен ұрандарын жаздырамын.

Найман тайпасының ұраны - «Қабанбай», Албанның ұраны - «Райымбек», Керей тайпасының ұраны - «Ақ-жол» т.б.

Жоспардың үшінші бөлімі бойынша түсінік беремін.



    • Елтаңба - авторлары Ш.Уәлиханов, Ж. Мөлібеков. 1992 жыл.

  • -Ту- авторы Ш. Ниязбеков. 1992 жыл.

  • - Әнұран - авторлары Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев, әні Ш. Қалдаяқов.

Өздік жұмыс.

Оқушыларға рәміз белгілерді, немесе аттары жазылған қағаздар таратамын.

Олар: елтаңба, ту, әнұран.

Оқушылар оларға сипаттама жасайды. 5-10 минуттан кейін жазғандарды жинап алып, үш оқушыға көрнекі құралдарды пайдалана отырып талдап айтқызамын.



Қорытынды кезең

Өткен сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын:



1. Рәміз дегеніміз не?

2. Мемлекеттік рәміздер қандай жағдайда колданылады?

3. «Таңбалы тас» туралы айт.

4. «Бөрілі байрақ» жайлы не білесіңдер? Неге солай аталады?

5. ҚР елтаңбасы мен туы қандай жағдайда қабылданды?

6. Әнұран жайлы не білесіңдер?

Оқушылардың жауабын жалпылама толықтырып, бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылап шығамын.



Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 57-параграфты оқу.

2. Рәміздер жайлы мәліметтер жинау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 58. Ұлттық теңге-мақтанышымыз.

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеті туралы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау.

  • Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.

  • Тәрбиелік: өз елінің мәдени-экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, патриоттық, азаматтық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Пән аралық байланыс: құқық

Көрнекілік: Банкноттар (теңге).

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Алдымен жоспар бойынша ұйымдастыру кезеңін өткіземін. Бұдан кейін өткен сабақты қайталау мақсатында үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.

Ең алдымен үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.

1. Рәміз, белгілер не үшін керек?

2. Тулар тарихы қай кезден басталады?

3. Еліміздің туы шетелде қандай жағдайда көтеріледі?

4. Бұрынғы қазақ тайпаларының таңбалары туралы не білесіңдер?

5. Бұрынғы кезде қазақтар қандай жағдайда ұран шақырған?

6. Халқымызда ерлікке шақыратын қандай әндерді білесіңдер?

Бұдан кейін үш оқушыға еліміздің елтаңбасы мен туы, әнұраны жайында қысқаша сипаттама жасатамыз.

Соңында оқушылардың жауабын одан әрі толықтыра отырып өткен сабаққа, үйге берілген тапсырмаға қорытынды жасаймын.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып қоямын. Алдымен оқушыларды сабақтың негізгі мақсатымен таныстырып, өткен сабақтың тақырыбы өздеріне мәлім екенін ескертіп өтемін.

Тақырыпты түсіндіру жоспары:

1. Нумизматика ғылымы.

2. Теңгенің шығу тарихы.

3. Теңгенің рөлі.

«Теңге» деген жазуы бар плакатты тақтаға іліп қоямын. Оқушыларға түрлі түсті қағазға теңгеге қатысты бір-бір сөз жазуды тапсырамын. Оқушылар сөз жазған қағаздарын плакатка жапсырады.

Осыдан кейін жалпылама сұрақ қоямын.

Ақшаның адам өмірінде алатын орны қандай?

Оқушылардың пікірін тыңдап ары қарай жаңа сабақты түсіндіремін.

Ақша адам баласы үшін аса қажетті зат. Ол айырбас ретінде, қандай да бір қажетті заттың орнына беретін ақы ретінде қолданылады. Ақшаның тарихы тым тереңде, сонау тас дәуірінде жатыр. Ол кезде ақшаның орнына түрлі заттарды қолданған.



Нумизматика - ақша, теңгені, оның тарихын зерттейтін ғылым.

Осы жерде оқушыларға әлемнің біраз мемлекетінің қазіргі кезде қолданыста жүрген валюталарын жаздырамын.

Мысалы: АҚШ-доллар, Ресей-рубль, Қытай-юань, Түркия-лира т.б.

Қазақстан Республикасының ұлттьщ валютасы - теңге туралы түсіндіремін. Онда көрнекі құралдарды пайдаланамын.

Мына бағытта баяндаймын:


  • Ұлттық теңгенің қажеттілігі.

  • Ұлттық теңгенің шығу тарихы.

  • Теңге құрылымы.

Оқушыларға еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы ауыр экономикалық жағдай, Ресейдегі бағаның босатылуы, ең соңында еліміздің тәуелсіздік алуы - осының барлығы өзіміздің ұлттық ақша бірлігі - теңгенің қабылдануына басты фактор екенін айтамын.

Қазақстан теңгесін Ұлыбританияның «Харрисон» фирмасы жасап шығарған. Қазіргі кезде теңгені өз елімізде жасайтыны туралы да айтамын.

Теңгенің еліміз аумағында айналымға енген уақыты -1993 жыл 15 қараша.

Теңге құрылымына қыскаша тоқталамыз. Теңге металл және қағаз түрінде болады. Алғашқы шыққан теңгелерде белгілі тұлғалардың суреті салынған. 3 теңгелікте Сүйінбай, 5 теңгелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 теңгелікте Әбілқайыр, 100 теңгелікте Абылай суреттері, ал 1, 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгеліктерде әл-Фарабидің суреттері бейнеленді.

Бұдан кейін оқушылармен теңге жайында шағын әңгіме өткіземін. Онда теңгенің адам өміріндегі орны жайында пікірлесеміз.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту үшін карточкалық сұрақтарды пайдаланамын.

1. Нумизматика ғылымы.

2. Валюта деген сөзді қалай түсінесің?

3. Ақшаның қажеттілігі туралы айт.

4. Неліктен ақшаның бетіне белгілі адамдардың суреті салынады?

Қосымша бір-екі оқушыға тақырыптың мазмұнын айтқызамын. Ақшаның маңызына, теңгенің шығу тарихына, қазіргі кезде теңгеге енгізілген өзгерістерге тоқталып өтемін.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 58-параграфты оқу.

2. Теңге жайлы шағын әңгіме жазу.


5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 59. Астана-Қазақстанның бас қаласы.

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: қазіргі елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.

  • Дамытушылық: өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.

  • Тәрбиелік: Астана арқылы мақтана білуге үйрету, елордаға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық тәрбие алуға көмектесу, рухани-материалдық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ әдісі: әңгіме, пікір алысу.

Пән аралық байланыс: құқық

Көрнекілік: Астана қаласының суреттері, Қазақстан Республикасының саяси картасы, Астана қаласы туралы деректі фильм кассетасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы тексеру және бағалау мақсатында төмендегідей сұрақтар мен тапсырманы беремін.

1. Ақшаны пайдалану қай кезде пайда болған?

2. Нумизматика ғылымының негізін салушы кім?

3. Қандай металдан ақша жасайды?

4. Теңге кашан айналымға енгізілді?

5. Теңгені айналымға енгізудің себептері мен алғышарттарын көрсет.

6. Теңге бетіндегі түлғаларды ата.

Оқушылардың дәптерлерін үйде теңге жайлы жазған әңгімелерін тексеруге жинап аламын. Өткен сабақты көрнекі құралдарды пайдаланып, оқушылармен әңгімелесе отырып қорытындылаймын.

III. Жаңа сабақ.

Өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспарын алдын ала тақтаға жазып қоямын. Сонымен қатар оқушылардың назарын сабақтың тақырыбына, жоспарына, мақсатына аударамын.

Тақырыптың жоспары.

1. Бұзоқ - ортағасырлық қала.

2. Алматыдан Ақмолаға.

3. Астана - ел мақтанышы.

Сабақты көрнекі құралдарды пайдалана отырып бастаймын. Бір оқушыға Қазақстан картасынан Астана қаласын көрсетуді сұраймын. Осыдан кейін тақтаның ортасына «Астана» сөзін жазамын.

Теледидар мен бейнемагнитофонды іске қосып оқушыларға Астана қаласы жайында деректі фильмді көрсетемін (7-10минут).

Тапсырма

Оқушыларға бейнефильмде көргендерін, яғни әсерін қағаз бетіне түсіртемін. Тапсырманы орындаған кезде көрнекілік ретінде Астана қаласының суреттерін де таратып беремін. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін төрт-бес оқушыға жазғандарын окытып, пікірлерін білемін.

Мұғалім оқушыларға Есіл өзенінің жағасында орналасқан орта ғасырдағы Бозоқ қаласы жайында айтып беруі керек. Бозоқ қаласының орнын мұғалім картадан көрсетіп береді. Бозоқ қаласын археолог К.Ақышев бастаған ғалымдар зерттеді.

Оқушылар назарын XX ғасырдағы Қазақстан астанасы болған қалаларына аударамын.

1. Орынбор (1920-1924 жылдары).

2. Қызылорда (1924-1929 жылдары).

3. Алматы (1929-1997 )жылдары.

4. Астана(1997жылдан).

Қазақстан астанасының Алматыдан Акмолаға көшу тарихын баяндаймын.

Ақмола Қазақстаннын орталығында (Еуразияның кіндігінде) орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Төрт жағынан электрлендірілген темір жол келіп кіреді. Жері өте қолайлы, жазықта далада, Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

Астананы Ақмолаға көшіру туралы жарлық 1996 жылы 6 шілдеде шықты. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Осы жылы Ақмола қаласына Астана атауы берілді.

Жоспарда көрсетілген үшінші бөлім бойынша түсіндіргенде бейнефильмді пайдаланамын. Бейнефильм бойынша әңгімелеп беремін. Астана көркі болған әр ғимарат жайында кеңірек тоқтала отырып түсінік беремін.



Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында екі-үш оқушыны шығарып тақырыптын мазмұнын айтқызамын. Арасында сұрақ қойылады. Бір оқушыдан тақырыпқа байланыста картадан білімін тексеремін. Астана ғимараттарының суретін үш-төрт оқушыға таратып беріп, пікірлерін білемін.

Соңында сабақты қорытындылаймын. Онда елорда тарихына қысқаша тоқталып, Алматыдан Ақмолаға бағытталған Ұлы көш жайында, Астананың бүгінгі жағдайына шолу жасаймын. Астананың дамуы Қазақстанның дамуы екенін атап көрсетемін. Астана XXI ғасырдың қаласы, еліміздің жүрегі іспеттес.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 59-параграфты оқу.

2. Астана қаласы жайында сұрақ, сөзжұмбак құрастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет