Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет2/14
Дата15.09.2017
өлшемі2,98 Mb.
#32634
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 6. Тарих және уақыт

Сабақтың мақсаты.

  • Білімділік: Оқушыларға уақыт, оның кажеттілігі мен әр түрлі елдердегі уакыт өлшемдерінің пайда болуы тарихын түсіндіру. Ертедегі қазақ даласында мекендеген тайпаларда қолданылған уақытты өлшеу есептері туралы түсініктерін қалыптастыру.

  • Дамытушылық: Оқушыларды уақыттың маңызын саналылықпен түсінуге, салыстыра білуге үйрету. Уақыт адам дүниетанымының негізгі іргетасы түсінігін қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Уақыт деген ұлы өлшем, сондықтан оқушыларды уақытты босқа өткізбей үнемді және дұрыс пайдалана білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі күнтізбелер, құмсағат, сағат. Уақыт сызығы көрсетілген плакат.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берген тапсырманы жалпы сыныптан тексеріп шығамын. Одан кейін үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақтар бойынша талқыға салу.

1. Тарихи өлкетанудың тарихты зерттеуде маңызы қандай?

2. Тарихи өлкетану ғылымы өз алдына қандай міндеттер қояды?

3. Өлкетану қашан жеке ғылым саласы болып қалыптасты?

4. Өлкетану тарихтың қандай салаларымен тығыз байланысты?

5. Мұрағат дегеніміз не, ол жерде қандай деректер сақталынады?

Қорытындылау. Біз өткен сабақтарда Өлкетану ғылымы және онымен тығыз байланысты тарих салаларымен таныстық. Олар бізге тарихи оқиғаларды тереңірек, жан-жакты меңгеруге көмектесетінін білдік. Ал осы әр түрлі тарихи оқиғалардың барлығының өзінің белгілі бір болған уақыты, тарихи кезеңдері бар. Бүгін біз сендермен осы тарихи оқиғалардың уақыты қалай белгіленгені немесе қалай анықталғандығы жөнінде білеміз, -деп қорытынды сөзді жаңа сабақпен байланыстырып жіберемін.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың жоспары.

1. Тарихи уақыт межесі.

2. Алғашқы уақытты жылмен есептеудің пайда болуы.

3. Ертедегі қазақтар арасында тараған уақытты өлшеу түрлерінің ерекшелігі.

4. Қазақша жыл санау. Мүшел дегеніміз не?

5. Хижра.

Алдымен үстелдің үстіне қойылған сағат түрлеріне балалардың көңілін аударып, олардан уақыт қалай өлшенетінін сұрайды. Әсіресе балаларға құмсағаттың жұмыс істеу тәртібін айтып шығып, көрсету оларға ерекше қызық болады. Оқушылармен бастауыш сыныптарда алған білімдері бойынша:

1. Бір сағатта неше минут бар?

2. Бір тәулік неше сағаттан тұрады?

Одан кейін тақтаға ілінген әр түрлі күнтізбелерді көрсетіп:

3. Бір жылда неше күн бар?

4. Жыл неше маусымнан тұрады деген сияқты сұрақтармен оқушылардың өздері білетін білімдерін қайталап шығамыз.

Оқушыларға тақтаға ілінген күнтізбелердің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын табу тапсырмасы беріледі.

Уақыт ұғымының техника дамымаған ерте заманның өзінде адамзат баласы үшін зор маңызы болған. Ертеде адамдар уақыт межесін, оның ішінде, әсіресе жылдың белгілі бір мезгілде қайталанып отыратынын табиғат құбылыстары күннің жылынуы, суытуы, жаңбыр, қардың жаууы т.б. арқылы анықтай білген. Адамдар ерте заманда табиғатқа бас иіп, оның әрбір құбылысын бақылап отырған. Қазақ халқы өзіне тән шаруашылық дәстүріне байланысты уақытқа есеп жасап отырғанын айтып кеткен жөн. Ең алғаш уақытты жылмен есептеген ежелгі египеттіктер екенін айта отырып, қазақтарда осындай уакытты ірі тарихи тұлғалардың өмірімен есептеу сияқты түрлері болғандығының, оның ерекшелігін айтады. Бұдан кейін жер бетінде болып өткен оқиғалардың барлығы не б.з.б. немесе б.з-да болғанын айта келіп, б.з.б. деген шартты атау қай кезеңге дейінгі жер бетінде болып еткен тарихи оқиғаларға қатысты айтылатынын атап көрсетемін.

Жоспар бойынша берілген «Қазақша жыл санау» дәстүрі туралы қысқаша аңыз әңгімені айтып келіп, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындатқызамын.

«Хижра» деп аталатын мұсылмандардың жыл санауы туралы тақырыпшаны 1-2 балаға кезек-кезек оқытып, басқа балалардан оның мазмұнын сұрап шығамын. Егер оқушылардың жауабы толық болмаса, оларға төмендегідей сұрактар қоямын.

Мысалы:1. «Хижра» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2. Мұсылмандардағы жыл санау қандай тарихи оқиғамен байланысты?

3. «Хижра» жылы санауы қай жылдан басталады?

4. Мұсылмандардың Хижра жыл санауынан бері қазіргі күнге дейін қанша жыл өтті?

Осылайша жаңа тақырыпты меңгеріп шыққаннан кейін ой қорытындылап сабақты бекітеді.

Бекіту сұрақтар: Біз неліктен уақытты жылмен есептейміз? Оның біздер үшін мәні мен маңызы қандай?

Сабақты былай қорытындылаймын, жер бетіндегі адамзат баласы пайда болғаннан бастап оларға табиғат құбылыстарының өзгеріп отыру ерекшеліктерінің мәнін білу, тіршілік үшін маңызды болды. Бұл сонау замандардың өзінде ғылыми білімнің негізі қалыптаса бастағанын, уақытты өлшеу түрлерінің өркениеттің бір көрсеткіші екенін түсіндіріп өтеді. Мұғалім қазақтың өзіндік шаруашылық ерекшеліктеріне сәйкес басқа елдерден, ұлттардан кем түспейтін уакыт өлшемі болғандығын айтып сабақты қорытындылаймын.



Бағалау:

Үй тапсырмасы: 6-параграфты оқып келу. Оқушы дәптерлеріне «Уақыт сызығын» сызып, мына оқиғалардың болған уақытын ата-аналарының көмегімен белгілеу:

1. Бұдан 5 мың жыл бұрын алғашқы сурет жазулар шықты.

2. б.з.б. 4 ғасырда археология ұғымы пайда болды.

3. 622 жылдан мұсылмандардың жыл санауы басталады.

4. Өз ата-бабаларыңның өмір сүрген кезеңдерін анықтап әулеттік уақыт кестесін жаса.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 7. Тарих және кеңістік

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: Ертеден дүниенің шексіздігі туралы ұғымның қалыптасқандығы және оны белгілеу үшін кеңістік ұғымының пайда болғаны, Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен қазақ халқының кеңістік туралы өзіндік өлшемі мен түсінігі болғандығы жайында білім беру.

  • Дамытушылық: Кеңістік туралы алғашқы ғылыми түсініктері мен білімдерін қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Ертеден қазақ арасына кең тараған және бізге жеткен дүниенің шексіздігі туралы аңыздар негізінде әлемнің, жаратылыстың ұлылығын ұғыну және соның негізінде Отанды сүюге, Жеріміздің бүтіндігі үшін күресуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдісі: баяндау

Пән аралық байланыс: география, бейнелеу.

Көрнекілік:

1. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы.

2. Плакатқа жазылған тірек кестелер.

3. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың кеңістік туралы түсініктерін бейнелейтін тасқа салған суреттері.



Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын ауызша бірнеше баладан мына төмендегі сұрақтар бойынша сұрап шығамын.

1. Уақытты жылмен есептеген кімдер және олар неге арқа сүйеді?

2. Қазақтарда уақытты өлшеудің қандай түрлері болды?

3. Қиклдік есеп дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Бір түзулік уақыт өлшемі дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Кім қазақша жыл атауларын жатқа айтып береді?

6. Хижра сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Үйге берілген «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырмаларды жаппай тексеріп шығып, 1-2 оқушыға дауыстатып оқытамын, қалған оқушылар «Жұмыс дәптерінде» орындап келген үй тапсырмасының қатесін тексеріп, түзетіп отырады. Оқушыларға біз осы уақытты ұтымды пайдаланып жүрміз бе деген сұрақ қойып үй тапсырмасын қорытындылаймын.

Жаңа тақырыпты жоспары:

1. Кеңістік ұғымы.

2. Қазақстанның көршілес елдері.

3. Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары.

Жаңа сабақ 5-сынып оқушыларының деңгейіне біршама қиындық туғызады. Бұл кеңістік туралы ұғымды барынша жеңіл түсіндіруге тырысамын. Ең алдымен оқушылардың назарын терезеге қарап біз жердің, аспан әлемінің шегін көре алмаймыз. Сондықтан ерте кезден адамдар өздеріне мәлім емес кеңістікті мифтік өлшемдермен өлшеген. Мысалы, жеті қат жер, жеті қат көк немесе жер асты әлемі т.б. Кеңістік ғылымның түрлі салаларында қолданылады. Ол: саяси кеңістік, философиялық кеңістік, тарихи кеңістік, географиялық кеңістік т.б. Тарих ғылымы үшін кеңістік жиі қолданылатын ұғым. Мысалы, қандай да бір оқиға қай жерде болды, оның сипаты, ерекшелігі қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз. Бұл кеңістікті анықтау болып табылады. Жер кеңістігінде орналасқан Қазақстан өзінің жан-жағында шектескен кершілес елдері арқылы өзінің аумағын айқындайды.

Картадан Қазақстанмен шектескен көршілес мемлекеттерді көрсетеді.

Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдарын төмендегі сызбаларды пайдалану арқылы түсіндірген қолайлы болады.

Қола дәуірінде өмір сүрген арий, тур тайпаларының кеңістік туралы түсінігі.



сол

АЛДЫҢҒЫ

оң

ӘЛЕМ

АРТҚЫ

Сақтардың әлем туралы түсінігі.



ЖОҒАРҒЫ - АСПАН ӘЛЕМІ

ОРТАҢҒЫ - ЖЕР ӘЛЕМІ

ТӨМЕНГІ-ЖЕРАСТЫ - ӘЛЕМІ

Сабақтың жалғасын оқушыларға қызықтырақ болу үшін «Ер Төстік» ертегісінен үзінділер оқып беремін. Түріктердің Күнді неліктен ерекше құрметтегенін айта келіп, оның мысалы ретінде ежелгі дәуірде тас бетіне салынған күн суреті бейнеленген көрнекіліктерді оқушылардың назарына ұсынамын. Одан әрі оқушыларға қызықты болуы үшін ертедегі адамдардың жер, аспан құбылыстары туралы түрлі түсініктерін қазақ ертегілері мен аңыздарын пайдаланып әңгімелеп беремін.



Бекіту сұрақтары:

1. Кеңістік ұғымын қалай түсіндіңдер?

2. Ертедегі көшпелі тайпалардың кеңістік туралы қандай түсініктерімен таныс болдыңдар?

3. «Ер Төстік» ертегісінің мазмұнынан ертеде кеңістік туралы қандай түсінік болғандығын әңгімелеп беріңдер.

4. Ертедегі көшпелі тайпалардың Күнді ерекше құрмет тұтып, қастерлегенін неден көруге болады?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §7 оқу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындап келу.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 8. Тарихи карталар

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: Картаның пайда болуының алғышарттары, ерте заманнан біздің күнге дейін жеткен карталардың тарихы, оларды құрастырған ғұламалар туралы білім беру.

  • Дамытушылық: Картаға қарай отырып, ондағы берілген шартты белгілер арқылы картаны оқи білу, оны тақырыпты түсінуде, сабақты айтуда көмекші құрал ретінде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, өз елін, жерін бағалай білуге, қорғауға, өзге елдің тарихын, дербестігін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың көрнекілігі.

1. Дүниежүзінің саяси картасы.

2. Қазақстанның физикалық картасы.

3. Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы.

4. Ежелгі карталардың үлкейтілген суреті.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын «Жұмыс дәптері» бойынша өткіземін. Берілген тапсырмаларды тездетіп тексеріп шығып, одан кейін өткен тақырыпты мына сұрақтар бойынша оқушылардың дайындығын бағалаймын.

1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?

2. Ежелгі Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірі тайпаларының түсінігі бойынша әлемнің неше бұрышы болған?

3. Сақтардың түсінігі бойынша әлем қандай құрылымнан тұрады?

4. Ежелгі түріктердің діни нанымы туралы баянда.

5. Ертедегі адамдардың түсінігі бойынша отбасы қамқоршысы кім болды?

6. Түріктер үшін қасиетті болып не есептелінеді?

7. Б.з.б. Ш-ІІ мыңжылдықтарда өмір сүрген арий, тур және сақ тайпалары Күнді құрметтеп, неліктен оның құрметіне тек жылқы малын құрбандыққа шалған?

8. Қазақтар кеңістікті тағы қалай атаған? Синонимдерін ата.

9. Үй тапсырмасын оқушылардың сұрақтарға берген жауаптарына сүйеніп, ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың кеңістік, уақыт туралы тиянақты түсініктерінің болғандығын, негізінен олардың наным-сеніммен тығыз байланысты екендігін дәлелдеп үй тапсырмасын қорытындылаймын.



Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Карта ұғымы туралы түсінік.

2. Ерте замандағы адамдардың пайдаланған карталарының сипаты.

3. Бізге дейін жеткен карта түрлері мен олардың авторлары.

4. Орта Азия мен Қазақстанды сипаттаған карталар.

5. Осы жоспарды оқушылардың дәптеріне жазғызып, оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын қысқаша айтып кетемін. Ең алдымен «карта» ұғымына түсінік беріп, оқушыларға:

1. Сендер картаның қандай түрлерін білесіңдер?

2. Картада жердің бедері, су, мемлекет т.б. қандай белгілермен белгіленеді?

3. Картаның қажеттілігі неде?

4. Ерте дүние адамдарының өміріндегі алғашқы карталардың пайда болуының алғышарты неде? деген сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың білімін бекітемін. Оқушылардың карта туралы түсінігін дамытып, мәтінді кезек-кезек оқыту арқылы тың ұғымдарды меңгеруге көшемін. Алғашқы қауым адамдарының өміріндегі жер-су туралы алғашқы түсініктің қазіргі ғылыми білімнің негізі болғанын атап айтамын.

Алғашқы ғылыми білім туралы адамдардың түсінігін оқушылардың өзіне мәтіннен тауып алғызып, бір оқушыға дауыстатып оқытамын.

Одан кейін оқушыларға ежелден белгілі карталар мен оның авторлары туралы қысқаша айта отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін мына төмендегі кестені толтыру ұсынылады.



СұРАҚТАР

ЖАУАБЫ

Әлемде алғаш карта жасаған мемлекет.




Геродоттың кескін картасында қай елдер сипатталған?




«География» кітабын жазған, ежелгі дүние ойшылы...




Әл-Хорезмидің карта тарихы жайындағы еңбегі.




Қазак жерінің картасын жасаған швед офиқері.




Орыс ғалымы С. Ремезовтың картасы.




«Жер беті суреті» картасының авторы.




Ыстыккөлді алғаш картаға түсірген қазақтың ұлы ғалымы.




Ол үшін алдын ала дайындалған плакатты тақтаның ортасына іліп қойып, ал тақтаның бір шетіне оның дұрыс жауаптары жазылған, алдын ала дайындалған қағаз қиындылары жапсырылады. Бұл оқушыларға қойылған сұрақтың дұрыс жауабын табуға мүмкіндік береді. Әр топтан, әр қатардан өз еріктерімен бір-бір оқушыдан шығып, дұрыс жауап жазылған қағаз киындыларын кестедегі сұраққа қарама-қарсы бос орынға жапсырады. Оқушыларды ынталандыру үшін қай қатар немесе топ көп дұрыс жауап бергенін белгілеп отырамын.

Қазақ жері туралы карталық мәліметтер тақырыпшасы бойынша Ұлы Жібек жолының бағыттары көрсетілген картаны және қазіргі Қазақстан Республикасының саяси картасын салыстырмалы түрде пайдалана отырып, Ұлы меридианалды жол мен Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бүгінгі Қазақстан қалаларын атап шығамын.

Ұлы меридионалды жол бойынша қосымша дерек ретінде пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

Ә. X. Марғұлан. Бетпақдала арқылы өтетін көне керуен жолдары//Мир казаха. Жинақ. Құрастырған Е. М. Арын, Д. Ә. Марғұлан. Алматы, 1997.

Тақтада ілінген әр түрлі карталардың шартты ерекшелігі мен ортақ белгілерін аныктауға тырысады. Осы сәттерден оқушыларды контур, атлас картамен жұмыс істеуге дағдыландырамын. Бұл тақырыпты оқығанда мектеп балаларына арналған бірнеше картаны пайдалануға болады. Соның ішінде: Қазақстан тарихы. Атлас. Ібөлім. 5-7-сыныптар. Құрастырған П. Косович. Ред. Басқарған Ж.О. Артықбаев. Астана, 2005.

Оқушыларға мына сұрақтарды қоя отырып тақырыпты қорытындылаймын.

1. Картаның маңызы қандай?

2. Бүгін сендер карта жасаған қандай авторлармен таныстыңдар?

3. Дүниежүзінің саяси картасынан Қазақстанның шекарасын анықтауға тырысыңдар.

4. Қазакстанның саяси-әкімшілік картасынан өздерің туып-өскен облыс, қала, туған аудандарды анықтап көрсетіңдер.

5. Картадан Қазақстанның 14 облысын атап көрсетіп шығыңдар.

Осы сабақты картаның маңызын баяндай отырып оқушылардың сұрақ -тапсырмаларға берген жұмыс жауаптары бойынша қорытындылаймын..

Үйге тапсырма:

1. 8-параграфты оқып келу.

2. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды оқушылардың деңгейін ескере отырып беремін.

3. Қазакстанның картасын оқушы дәптеріне салып, оған негізгі қалаларды белгілеу.



5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 9. Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Картаның көмегімен оқушыларға Қазакстанның аумағы бойынша әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі ретінде сипатын беріп, ондағы жер-су атауларының өзіндік тарихы туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Қазақстан картасымен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақстанның ұлан-байтақ жері ата-бабаларымыздан найзаның ұшы, білектің күшінің арқасында мұра болып қалған қастерлі жер екенін оқушыларға түсіндіріп, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы.

Ойын қалташықтары және сөздер жазуға арналға қағаз қиындылары.



Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын 2-3-оқушыдан ауызша түрде сұрап, қалған оқушылар толықтырады. «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырмаларды жаппай тексеріп шығып, бір, екі оқушыға тапсырманы дауыстатып оқытқызамын. Қалған оқушылар өздерінің «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларын тексеріп отырады.

Қорытынды. Кеңістік — тоқтаусыз құбылыс. Оның мәнін білу қажет дей отырып, өткен сабақта біз Қазақстанмен көршілес мемлекеттер туралы айтып кетсек, бүгін біз Қазақстанның әлемдегі жер көлемі бойынша ірі ондыққа кіретін мемлекет екенін дәлелдейміз деп бүгінгі тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1.Қазақстан әлем картасында.

2. Қазақстан - Еуразия кіндігі.

3. Топонимика - жер-су атауларын зерттейтін ғылым саласы.

4. Туған жер тарихынан.

Тақтаға жазған жаңа тақырыптың жоспарын оқушылар дәптерлеріне көшіріп алады.

Одан әрі жұмысты оқушылармен ойын түрінде өткіземін. Ең алдымен сыныпты топтарға бөліп алып, ала дайындалған сыныптағы топтың санына байланысты бірнеше қалташық дайындап қоямын. Әр топқа әр түрлі кескінде қағаз қиындыларын үлестіріп, оның санын уақытқа қарай мөлшерлеймін.

«Қазақстан - әлемдегі ірі мемлекет» сөз тіркесін ұсынамын, топтағы балалар бірден мен үлестірген қағаз киындыларына өздерінің білгендерін кезек-кезек жазып отырып, өз тобына арнайы белгіленген ойын қалташығына әр топ өз толықтыруларын енгізеді. Бұл үшін мен берілген уақыт мөлшері қанша екенін оқушыларға ескертіп қоямын. Осы белгіленген уақыт бойынша әр топтан түскен жауап парағының мөлшерімен топтың ұпай саны анықталады. Қойылған талапқа сай емес сұрақтардың жауаптары есептелмейді. Одан әрі тақырыпты жалғастырып, Қазақстан әлемдегі ірі құрлық Еуразияның дәл ортасында орналасқан, сондықтан оны «Еуразия кіндігі» деп айтамын. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде мемлекеттер арасында тоғызыншы орын алады. Ұлыбритания, Франқия, Германия, Италия, Испания сияқты Еуропаның дамыған елдерінің жер көлемі Қазақстан аумағына еркін сыйып кететінін атап айтьш өтеді. Бұл оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін тудырады.

Одан әрі Қазақстанның әкімшілік-саяси картасына оқушылардың көңілін аударып, мұндағы белгіленген таулар мен өзен-көлдер, елді мекендердің де атаулары тарихына белгілі жер атауларына тоқталамын.

Бұл жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым саласын топонимика деп атайды. Жаңа сөздің анықтамасын тақтаға жазамын. Оқушылар дәптерлеріне жазып алады. .

Одан әрі оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында төмендегі кестені толтыру ұсынылады. Оқушылар өз өлкелеріне қатысты жер-су атауларының шыққан тарихын төмендегі ретпен орналастыруы керек.

Тарихи оқиғаларға байланысты жер-су атаулары

Табиғат жағдайына қатысты койылған жер-су атаулары

Тарихи тұлғалардың атына қатысты жер-су атаулары

Пайдалы кен байлықтарына қатысты қойылған жер-су атаулары













Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша нешінші орында?

2. Қазақстанды «Еуразия кіндігі» деп неліктен атайды?

3. Елімізді жан-жақтан қоршап тұрған ірі тауларды атап шығыңдар.

4. Топонимика нені зерттейді?

5. Топонимика ғылымының тарихты жазуда маңызы қандай?

6. Өз туған жерлеріңде Қазақстанға танымал тарихи тұлғалардың есімімен аталған қандай жер-су атаулары бар?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 9-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы орындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет