Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды химиялық элементермен және олардың таңбаларымен
таныстыру.
Дамытушылық : Оқушылардың ой-өрісін дамыты отырып, білім тереңдетуге ізденіс қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ғылым құштарлыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: периодтық кесте, интерактивті тақта,шар, плакаттар
Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика, шет тілі
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, есептер шығару, бағдаршам
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Қайталау
А)топқа бөлу
Б)тапсырмалар
IV.Бекіту .Кестені толтыр
V.Бағалау
1.Оқушылармен амагдасып, түгелдеу
2.Өткен тақырыптардан сұрақтар қою
1.Құбылыстар дегеніміз не?
2.Заттар нешеге бөлінеді
3.Жай және күрделі заттар дегеніміз не?
4.Атомдар мен молекулалар дегеніміз не?
3.Жаңа сабақ
1.Оқушыларды шаңырақ әдісі арқылы топқа бөлу 12 оқушы (шаңыраққа үш түрлі түсті (қызыл, сары, жасыл, ) ленталарды байлаймыз, оқушылар өздері ұнаған түстерін таңдап алып сол бойынша 3 топқа бөлінеді.)
2.Осы топтарға тапсырмалар беру
1 тапсырма: Адасқан элементтер (1 қорапқа 20 элемент таңбаларын салып оны араластырып оқушыларға таңдату. Таңдалған элементтеріне периодтық жүйе бойынша жалпы сипаттама беріп, қазақша , латынша аттарын айту.)
Ca,Fe,F,Na,K,Mg,Mn,Cl,S,Si,Hg,Ba,O,H,Br,I,Ag,Au,C,Cu,Zn,P
2 тапсырма: 3 топқа үш тақырыпқа байланысты тапсырма беріледі (үрілген шарлардың ішіндегі тапсырмаларды орындау, шарларды жару арқылы.).Оқушыларға берілетін тақырыптар: 1.Қоспалар 2.Физикалық және химиялық құбылыстар 3.Химиялық реакция типтері.(қысқаша түсінгендерін айту)
3 тапсырма: Әр топқа есептер беру.(есептің шығару жолын түсіндіру, және формулаларды түсіндіру)
1 топқа :
№1
Алюминий гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.
№2
Массасы 49 г күкірт қышқылының зат мөлшерін есептеңдер.
№3
1,5 моль натрий сульфатының массасын табыңдар.
№4
Массасы 10г неон газында қанша атом саны болатының табыңдар.
№5
Зат мөлшері 10 моль көмірқышқыл газының молекула санын есептеңдер
№6
Зат мөлшері 1,5 моль оттек газының көлемін (қ.ж) есептеңдер.
№7
Көмірқышқыл газының 66 грамында қанша молекула болатынын табыңдар.
№8
Көміртек оксидінің СО2 салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар
№9
Аммиактың NH3 салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар
№10
Құрамында 42,8% көміртек және 57,2% оттек бар қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар.
№11
Судың 5 молінде қанша молекула болатының есептеңдер
№12
Судың 2 молінде қанша молекула болатының есептеңдер
4.Бекіту
1.Кестені толтырыңыз:
№
|
Химиялық элемент
|
таңбасы
|
Оқылуы
|
1.
|
натрий
|
|
|
2.
|
|
К
|
|
3.
|
|
|
аргентум
|
4.
|
фосфор
|
|
|
5.
|
|
|
хлор
|
6.
|
алтын
|
|
|
7.
|
|
Zn
|
|
8.
|
|
|
цезий
|
9.
|
оттегі
|
|
|
10.
|
|
Mg
|
|
11.
|
темір
|
|
|
12.
|
|
|
күкірт
|
5.Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: «Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауын қайталау
8 сынып
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік - зат, химиялық құбылыстар, атом, молекула, жай және күрделі заттар, валенттілік, химиялық формула, химиялық теңдеулер ұғымдарын қорытындылау.
ә) тәрбиелік – еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық - оқушылардың химиялық сауаттылығын, химиялық формулалар мен химиялық теңдеулерді құра білу біліктілігін, сезім эмоциясын, ойлай білу дағдысын дамыту.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі, үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
1 Сайыс. «Танысайық»
2 Сайыс. «Кім жылдам?»
3 Сайыс. «Химик - эрудит»
4 Сайыс. « Мақал-мәтел сайысы»
ІІІ. Қорытындылау.
1 Сайыс. «Танысайық»
(Әр топқа төмендегідей үлестірмелер таратылады)
Мына заттардың қайсысы химиялық элемент, химиялық қосылыс, қоспа екенін анықтаңыздар. Дұрыс жауабын анықтағанда химиялық элементтің аты шығады.
Атауы
|
Химиялық элемент
|
Химиялық
қосылыс
|
Қоспа
|
Магний
|
Г
|
Д
|
Ж
|
Ауа
|
З
|
К
|
Е
|
Су
|
П
|
Р
|
С
|
Мыс оксиді
|
Т
|
М
|
Н
|
Темір
|
А
|
Б
|
В
|
Сүт
|
Г
|
О
|
Н
|
Сода
|
Х
|
И
|
К
|
Оттек
|
Й
|
Л
|
М
|
Атауы
|
Химиялық элемент
|
Химиялық қосылыс
|
Қоспа
|
Кальций
|
Т
|
Р
|
Д
|
Құм
|
А
|
Ы
|
Е
|
Барий оксиді
|
Л
|
Х
|
Ф
|
Күкірт
|
Н
|
Ж
|
О
|
Қаймақ
|
Н
|
Ю
|
Е
|
Күміс
|
Ц
|
Ж
|
В
|
Темір сульфиді
|
М
|
И
|
Э
|
Шаң
|
Ш
|
У
|
Й
|
2 Сайыс. «Кім жылдам?»
Бұл сайыста тарау бойынша оқушылардың білімдерін тексеруге арналған сұрақтар қойылады. Бірінші болып дұрыс жауап берген топ әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан алады.
1. Реттік нөмірі 6 химиялық элемент ( көміртек)
2.Судың салыстырмалы молекулалық массасы ( 18)
3. Біртекті қоспалардың әртекті қоспалардан айырмашылығы қандай ? (Біртекті қоспалардың жеке бөлшектері байқалмайды)
4. Темір мен ағаш үгінділерінің қоспасынан темірді қандай әдіспен бөледі? ( Тұндыру)
5. Авогадро саны нешеге тең? (6,02•10 23)
6. Оттектің латынша аты (оксигениум)
7. Қай химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы 127-ге тең? (Йод)
8. Қосылу реакциясы дегеніміз не? (Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы)
9. Зат массасының сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген ғалым ( М.В.Ломоносов)
10. Қалыпты жағдайда 1 моль газ қанша көлем алады? ( 22,4 л)
11. Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз не? ( Химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу)
12. Валенттілік дегеніміз не? ( химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті)
3 Сайыс. «Химик - эрудит»
Бұл сайыста оқушылардың валенттілік ұғымын қалай меңгергендігі, химиялық формулалар құрастыру және химиялық реакция теңдеулерін жаза білу, есеп шығару біліктіліктері мен химиялық реакциялардың типін ажырату деңгейлері тексеріледі. (Әр топқа төмендегідей үлестірмелер таратылады)
Үлестірмелер бойынша оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды.
1- тапсырма.
1. Химиялық элементтерді атаңыздар.
2. Валенттілігі тұрақты элементтердің валенттік мәндерін жазыңыздар.
3. Валенттілігі айнымалы элементтердің оттекті қосылыстарының формуласын жазыңыздыр.
4. Валенттілігі тұрақты элементтердің оттекпен қосылу реакция теңдеуін жазыңыздар.
5. 78 г Na2 О-нің (165 г BaО –нің) молекула санын есептеңіздер.
6. 12 г СаО (45 г AI2O3 ) қанша зат мөлшеріне сәйкес келетінін есептеңіздер.
2- тапсырма.
Реакция теңдеуін аяқтап, коэффициенттерін қойыңыз. Реакция типтерін анықтаңыз. Реакция типтерін дұрыс анықтағанда химиялық элементтің аты шығады.
Реакция теңдеуі
|
Қосылу
|
Айырылу
|
Орын басу
|
Zn + HCl → Zn Cl2 + ….
|
Ц
|
Ч
|
Ф
|
Fe + ….. → FeCl2
|
Е
|
Э
|
Ю
|
AI(OH)3 → AI2 O3 + …..
|
Т
|
Р
|
К
|
Na + ….. → Na2 S
|
М
|
Н
|
О
|
HgO → ….. + …..
|
Ш
|
И
|
Х
|
Mg + HCl → ….. + H2
|
Л
|
Н
|
Й
|
Реакция теңдеуі
|
Қосылу
|
Айырылу
|
Орын басу
|
Cu + ….. → Cu S
|
Ф
|
Г
|
А
|
AI + HCl → AICl3 + ….
|
Е
|
З
|
Р
|
Na + ….. → Na Cl
|
А
|
М
|
И
|
AgO → ….. + …..
|
О
|
Н
|
Н
|
Mg + O2 → …..
|
Ц
|
Ж
|
Е
|
NH3 → N2 + …..
|
Т
|
И
|
К
|
Ca + HCl → ….. + H2
|
Ф
|
А
|
Й
|
4 Сайыс « Мақал-мәтел сайысы»
1. Ақыл арымас , ....... (алтын шірімес)
2. Қойдың сүті – ....... ( қорғасын)
3. От көмір жейді ,....... ( тот темір жейді)
4. Аз сөз - алтын, ........ (көп сөз - күміс)
ІІІ.Қорытындылау
Сыныбы – 10 сабақ реті: №1 күні________
Тақырыбы: §1.1 Химикалық элементтер, олардың периодтық жүйедегі орны.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту.
Дамытушылық: Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.
Тәрбиелік: Химиялық сауаттылыққа үйрету.
Құрал – жабдықтар: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы жасалған кесте. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.
Тірек білім мен біліктер: Атомның құрылысы туралы және периодтық жүйені оқыту барысында алған білімдері.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру:
Оқушылардың білімін тексеру. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
* Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан?
* Периодтық жүйе қалай құрылған?
* Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
* 4-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар.
* Периодтық жүйеде неше топ бар?
* Топтар қалай бөлінеді?
* Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
* І топтағы ең белсенді металды және VII топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар?
Жаңа тақырып бойынша түсіндіру: Оқушылар назарын химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына аударамыз. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына қарап элемент туралы көп мәлімет алуға болады. Барий элементін мысалға алып, периодтық жүйедегі орнына сай оған сипаттама беру. Жоспар бойынша. Барий тұздарының формуласын құрастырамыз, олардың судағы ерігіштігіне назар аударамыз. Периодтық жүйе дегі орнына сай элемент туралы қанша көп нәрсе айтуға болатындығын атап өтеміз. Осы тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту үшін,кез келген элементке сипаттама берудің үлгі жоспарын ұсынамыз:
* Элементтің периодты жүйедегі орны.
а) реттік нөмірі;
ә) периоды, қатары;
б) тобы, топшасы;
в) атомдық массасы;
* Элементтің атомдық құрылысы.
а) атом ядросының заряды;
ә) атом құрамының формуласы (р,п,е сандары);
б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е);
в) электрондық формуласы(1s2,2s….);
г) кванттық ұяшықтар;
д) сыртқы қабаттағы электрон саны=>металл немесе бейметалл;
* Элементтің жоғары валенттілік көрсететін қосылыстарының формуласы.
а) оксидтері;
ә) гидроксидтері;
б) ұшқыш сутекті қосылыстары;
* Химиялық қасиеті.
а) оксидінің (негіздік,екідайлы, қышқылдық);
ә) гидроксидтері (негіз, екідайлы,қышқыл);
* Элементті көрші элементпен салыстыру.
а) период бойынша;
ә) топ бойынша; (металды бейметалмен салыстыруға болмайды).
Оқушылардың білімін бекіту. Оқушыларға төмендегі кестенің оң жағын толтырту арқылы бүгінгі өтілген сабақты қорытындылаймыз.
Периодтық жүйенің атом құрылысы теориясымен байланысы
Түсініктер мен заңдылықты атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
Мысалдар
|
1 Элементтің реттік нөмірі және ядро заряды атомдағы электрон санына сәйкес келеді.
2. Период нөмірі берілген элемент атомының энергиялық деңгейінің санына сәйкес, яғни атомдағы энергия қабатының мөлшері сан жағынан элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.
3. Элементтердің химиялық қасиетінің периодты өзгеруі электрондардың энергиялық деңгейде периодты орнала суына байланысты. Элемент атомының ядро зарядының өсуіне байланысты бірдей валентті электрон бар эле менттер периодты түрде қайталанады.
4.Элементтердің жоғары оксидтерінде валенттіктерінің өсуі сутекті қосылыстарында кемуі (периодта солдан оңға қарай) ішкі энергиялық қабатта электрон санының өсуімен түсіндіріледі.
5. Периодта солдан оңға қарай ядро заряды біртіндеп өседі, ядро мен валенттілік электрондардың ара қашықтығы кемиді. Осыған орай электрондарды беріп жіберу қиындап, металдық қасиет әлсіреп бейметалдық қасиет күшейеді.
6. Элементтің жоғары оксидтегі валенттілігі сыртқы электрон қабатындағы электрон санына, топ нөміріне сәйкес болады. Ал сутекті қосылысында валенттілігі сыртқы электрон қабатын аяқтауа жетіспейтін элек трон санымен анықталады.
7. Негізгі топтың элементтерінде атомдық массаның өсуіне қарай (жоғарыдан төмен қарай) валенттілік электрон мен ядроның ара қашықтығы ұлғаяды, сондықтан элементтің электрон беру қабілеті мен металдық қасиеті артады. Негізгі топ элементтерінің сыртқы электрон қабатындағы электрон саны топтың нөміріне сәйкес келеді.
|
Натрий элементінің реттік нөмірі–11. Атомның ядро заряды– +11, оның айналасында теріс зарядты 11 элетрон орналасады.
Кальций элементі 4-ші периодта орналасқан. Оның атомында электрондар 4-ші энергиялық деңгейде орналасқан.
Азоттан фосфорға, одан мышьякқа қарай қасиеттердің периодты қайталануы, осы элементтердің сыртқы энергиялық деңгейінде 5 электроннан орналасуымен, яни сыртқы энергиялық деңгейде электрон санының қайта лануымен түсіндіріледі.
Кремний элементінен (ішкі қабатта 4 электрон) фосфор элементіне қарай (ішкі қабатта 5 электрон) жоғары оксидтерінде валенттілік 4–тен 5–ке дейін, сутекті қосылыстарында 4-тен 3-ке дейін кемиді.
ІІІ периодта натрийден (Na →СІ) хлорға қарай металдық қасиет азайып бейметалдық қасиет басым болады. Мұндай заңдылық барлық периодта сақталады.
Хлор элементі VII–топта, сыртқы электрон қабатында 7 электрон орналасқан. Осыған орай хлордың жоғары оксидінде валенттілік VII, ал сутекті қосылысында–1.
4–ші топтың негізгі топшасындағы көміртегі элементті бейметалл, ал ең төменгі қорғасын - металл.
|
Үйге тапсырма: §1.1 7,8-жаттығулар.
Бағалау.
Сыныбы – 8 сабақ реті: №1 күні________
Сабақтың тақырыбы: I тарау . ХИМИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ ҰҒЫМДАР
Химия пәні. Заттар және олардың физикалық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химия пәні туралы алғашқы ұғым беру, заттардың қасиеттерін, таза зат және қоспа ұғымдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Заттарды анықтауға және олардың қасиеттерін сипаттай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танысу сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: Химияның маңызын көрсететін көрнекі құралдар, үйде және зертханада /лабараторияда/ қолданылатын әр түрлі заттан тұратын бірдей денелерді көрсету. Мысалы, шыныдан, фосфордан, металдан жасалған стакандар немесе алюминийден, темірден, мыстан жасалған сым, қасық, т.б.
Пәнаралық байланыс: физика, биология.
Тірек білім мен біліктер. Дене, зат және заттың қасиеті туралы түсініктер.
Оқушыларды жаңа пәнмен таныстыру. Оқушылардың химияның алғашқы сабағына үлкен қызығушылықпен келетін жөн. Химия кабинетінің жабдықталуы, жаңа нән, жаңа мұғалім баланың көңіл күйіне ерекше әсер етеді. Сондықтан да алғашқы сабақты мазмұнды, қызықты етіп өткізу керек. Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды зертханада жұмыс істеу ережелермен таныстырған жөн. Оларға кабинетте кітаппен ғана емес,зертханалық құралдармен жұмыс істеу тапсырылатынын ескертудіңмәні зор. Сол себепті кұралдар мен оқу жабдықтарын дұрыс пайдалану қажеттігі айтылады. Сабақ оқу кезінде негізгі құрал оқулық болғандықтан мұғалім оның мазмұнымен, құрылымымен таныстырады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұл сабақта оқушылар химия ғылымының алғашқы ұғымдарымен танысады, оларды салыстыра білуге үйретеді. Алғашқысабақта оқушылардың жаңа пәнге деген қызығушылығын арттырудың зор маңызы бар. Сол себепті мұғалім төмендегі сұрақтардың мәнін ашуы керек.
1. Жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі химияның рөлі.
2. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа пәндермен
байланысты.
3. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі.
Одан кейін физика курсынан таныс зат, дене ұғымдарын оқушлардын есіне түсіру керек:
а/ денелер деп нені айтады?
ә/ денелерге қандай қасиеттер тән (пішіні, мөлшері, массасы, түсі, дәмі, исі, тығыздығы, қаттылығы, т.б.) ?
Мұғалім заттың алуын түрлілігіне, жаңадан алынып жатқан заттардың қасиеттеріне, айырмашылығы мен ұқсастығына тоқталады. Сонан соң заттрдың касиеттеріне қарай әр түрлі болатындығын түсіндіреді, яғни оқушыларды бір заттың басқа затпен салыстырғанда ұқсастығы мен ерекшелігі неде екенін ажырата білуге үйретеді. Сол сияқты оқушыларды зат және физикалық дене ұғымдарын ажырата білуге үйреткен жөн. Осы екі ұғымды ажырата білу білігін қалыптастыру үшін төмендегі тапсырманы орындатамыз. Келтірілген тізімде заттар және физикалық денелер берілген: су, сызғыш, сода, қант, алюминий, стақан, қасық.
Осы тізімнен заттарды іріктеп жаз / I нұсқа/.
Физикалық денелерді іріктеп жаз /II нұсқа/.
Оқушылар заттың физикалық қасиетімен танысқанда жай заттың қасиетімен танысу ережесін еске түсіреді, әсіресе сандық айырмашылығына баса көңіл аударады. Себебі, химия пәні дәл есептеуді қажет ететін пәннің бірі. Сандық қасиеттерді анықтауға арналған кейбір құралдармен /ареометр, термометр/ таныстырады. Зертханалық тәжірибелерді өткізеді. Оқулықтағы сипаттау тапсырмаларын алғаш мұғалім жасап көрсетеді кейін оқушылар ондай тапсырманы өздігінен орындауы керек. Заттың қасиетін төмендегі кестені толтыра отырып сипаттаса оқушылардың ісінде көбірек сақталады.
Салыстыру
белгілері
|
Заттың қасиеті
|
Жинақтап
қорытындылау
|
Темір
|
Күкірт
|
1. Агрегаттық күйі
|
|
|
|
2. Түсі
|
|
|
|
3. Жылтырлығы
|
|
|
|
4. Иісі
|
|
|
|
5. Қаттылығы
|
|
|
|
6. Иілгіштігі
|
|
|
|
7. Электр өткізгіштігі
|
|
|
|
8. Жылу өткізгіштігі
|
|
|
|
9. Суда ерігіштігі
|
|
|
|
10. Тығыздығы
|
|
|
|
Үйге тапсырма беру: Кіріспе, §1 16, 17-жаттығулар.
Бағалау.
14 .10.2011 жыл 8 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Тарауды бекіту. Химиялық алғашқы ұғымдар
Сабақтың мақсаты:
«Химиялық алғашқы ұғымдар» тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету.
Химиялық эксперимент кезінде сарамандық білігін қалыптастыру; химиялық формула, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару, химиялық тәжірибе жасау біліктерін дамыту.
Өздігінен жұмыс жасап, ең негізгісін ала білу, қорытынды жасай білу; халықтық тәрбие беру, ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу
Пәнаралық байланысы: матем., физика, биология
Пайдаланатын көрнекіліктер: периодтық кесте, сабақтың жоспары, дидактикалық үлестірмелер, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар, жетондар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Ұжымдық әдіс; «Бақытты сәт», «Полиглот», т.б. ойын түрлерін қолдану
Сабақ барысы: Оқушыларды екі топқа бөлу
Оқушаларды бағалайтын кесте
Оқушылардың аты-жөні
|
I
кезең
|
II
кезең
|
III
кезең
|
IV
кезең
|
V
кезең
|
1.
2.
3.
|
|
|
|
|
|
Сабақ мынадай өлең жолдарымен басталады:
Жер қойнауына химия, Қызыр болып қазағыма,
Өткір назар салсаңшы Қазына көзін ашсаңшы- деп химиядан алғашқы ұғымдар бойынша алған білімімізді жинақтау үшін бірінші сайысымызды бастаймыз.
I кезең «Бақытты сәт» ойыны арқылы «Химиялық алғашқы ұғымдар» тарауына шолу. Екі топ та қойылған сұрақтарға тез жауап беруі керек. Дұрыс жауап берген оқушыға ұпай қою үшін жетондар беріледі.
1-топқа қойылатын сұрақтар:
1. Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? (Зат)
2. Заттардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін белгілер ... деп аталады. (Қасиеттері)
3. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)
4. Көмірдің жануы қай құбылысқа жатады? (Химиялық)
5. «Бөлінбейтін» ең ұсақ бөлшектер. (Атомдар)
6. Екі жай зат бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде, бір күрделі заттың түзілуі қандай реакция типіне жатады? (Қосылу)
7. Оттегінің салыстырмалы атомдық массасы. (16)
8. Мыстың латынша аты? (Купрум)
9. Плюмбум - ... (Қорғасын)
10. О әрпімен белгіленетін элемент. (Оттегі)
11. Таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазылған реакциялар. (Химиялық теңдеулер)
2-топқа қойылатын сұрақтар:
1. Заттардың агрегаттық күйлері? (Сұйық, газ, қатты)
2. Заттардың өзара ұқсастығын көрсететін белгілер ... (Қасиеттері)
3. Құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспалар қалай аталады? (Әртекті)
4. Жаңбырдың жаууы қандай құбылысқа жатады? (Физикалық)
5. Бір күрделі зат пен жай заттың әрекеттесуі, қандай реакция типіне жатады (Орынбасу)
6. «Эс» таңбасы... (Күкірт)
7. Кремнийдің латынша аты (Силициум)
8. Мырыштың таңбасы (Zn)
9. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар? (Коэффициенттер)
10. «Аргентум» ... (Күміс)
11. Темірдің салыстырмалы атомдық массасы? (56)
II кезең. Деңгейлік есептер шығару.
1-топтың деңгейлік тапсырмасы
1-деңгейлік есеп: Мына химиялық элементтердің таңбаларын жазыңыздар: алюминий, кальций, фосфор, кремний, хлор. (3 ұпай)
2-деңгейлік есеп: Валенттіліктері бойынша мына химиялық элементтерден формулалар құрастыр: I II IV III II III
NaO, C O, PH, HS, AlO (4 ұпай)
3-деңгейлік есеп: Элементтердің валенттіктерін ескеріп, мына сызба бойынша реакция теңдеуін құр және коэффициенттерін қой:
Al + Cl2 → (5 ұпай)
2-топтың деңгейлік тапсырмасы
1-деңгейлік есеп: Мына химиялық элементтердің таңбаларын жазыңыздар: азот, калий, темір, оттегі, мырыш. (3 ұпай)
2-деңгейлік есеп: Валенттіліктері бойынша мына химиялық элементтерден формулалар құрастыр:
I IV III III IV
KO, S O, NH, FeO, SiO (4 ұпай)
3-деңгейлік есеп: Элементтердің валенттіктерін ескеріп, мына сызба бойынша реакция теңдеуін құр және коэффициенттерін қой:
Li + O2 → (5 ұпай)
III кезең «Полиглот» ойыны. Сұрақтарда кездесетін элементтердің қазақ, орыс, латын тілінде айту керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай, жартылай жауапқа 5 ұпай.
Сұйық металл (сынап – ртуть - гидраргирум)
Ауаның негізгі құрам бөлігі (оттегі – кислород - оксигениум)
Қай элементтің жетіспеуітіс ауруына ұшыратады? (фтор – фтор - фторум)
Сүйек қатайтатын элемент (кальций – кальций - кальциум)
Қай элемент бактерияларды өлтіріп, денсаулығымызды қорғайды? (хлор – хлор - хлорум)
Ақыл арымас, алтын шірімес (алтын – золото - аурум)
Темірді қызған кезінде соқ (темір – железо - феррум)
Мысықтың кейінгі екі әрпін алып тастаса, қандай элемент шығады? (мыс – медь - купрум)
IV кезең Тестілермен жұмыс. Екі ұжымдық топқа жазбаша тест сұрақтары беріледі, топ оқушылары бір-бірінің жауаптарын тексереді. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі
Мына оксидтердің ішінде бір валентті металдарды көрсетіңіздер:
а) CaO, MgO ә) Fe2O3, H2O б) K2O, Li2O в) NaCl, CO2
Жай заттар:
а) O2, H2 ә) CO2 , HCl б) K2 SO4, NaCl в) Cl2, Fe
Француз ғалымы Куртуа 1811жылы ... ашты. Ол теңіз балдырларының күлін зерттейтін-ді. Бір күні ол күлге байқамастан қышқылды көбірек құйып жіберіп еді, ыдыстың бетінде күлгін бу пайда болды. Бу суығаннан кейін металдық жарқылы бар қара кристалл түрінде ыдысқа шөкті. Бұл элемент гректің «күлгін»деген мағынадағы сөзі. Медицинада, шыны алуда, фотографияда, үй тұрмысында кеңінен пайдаланылады.
Бұл қай элемент: а) хлор ә) йод б) бром
V кезең. «Химик-экспериментшілер». Химияны жаңа бастаған жеткіншектердің химия лабораториясындағы топтық жұмысы.
1-топ 1-ші тапсырмасы
Тұз бен құмның қоспасы берілген. Екеуін бөліп алу керек. Бұл қандай қоспа? Мұндай бөліп алу әдісі қандай әдіске жатады?
2-ші тапсырмасы
Темір мен күкірттің қоспасы берілген. Екеуін бөліп алу керек. Бұл қандай қоспа? Мұндай бөліп алу әдісі қандай әдіске жатады?
2-топ 1-ші тапсырмасы
Тұз ерітіндісі берілген. Тұзды ерітіндіден бөліп алу керек. Бұл қандай қоспа? Мұндай бөліп алу әдісі қандай әдіске жатады?
2-ші тапсырмасы
Құм мен судың қоспасы берілген. Құмды судан бөліп алу керек. Бұл қандай қоспа? Мұндай бөліп алу әдісі қандай әдіске жатады?
Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.
Сабақ соңында оқушылардың ұпай сандары саналып, бағаланады.
Үй тапсырмасы: Қайталау, бақылау жұмысына дайындық.
Достарыңызбен бөлісу: |