Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі


Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары



бет16/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,73 Kb.
#96409
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
био каз-11 ОГН

Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: ___11_____
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу».
Мақсаты : 11.1.2.4 - фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру
Қысқаша конспект
1840 жылы Ю. Либих(1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық
қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын
дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдылығының өнімділігін анықтауда
қоректтік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер
жүргізді. Ю.Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2 Н2О
және т.б) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес оған аз мөлшерде
қажет және топыраққа жеткіліксіз болатын (мысалы. Бор) заттарға тәуелді
екенін анықтайды.Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді. Экологиялық фактордың тек жетіспеуі минимум ғана емес, оның артық мөлшері де максимум шектеуші әсер ете алады.
Минимум қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан
1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толерантылық заңы:
Экологиялық фактордың минимумы ғана емес ал олардың арасындағы
ауытқу диапазоны толерантылық шамасын латын тілінен аударғанда
tolerantiaшыдау төзім яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін
анықтайды. 1840 жылы неміс химигі Ю.Либих көрсетіп ол "минимум зандылығын" тұжырымдады. Минимум зандылығы бойынша өсімдіктердің өнімділігі, топырақ құрамындағы ең аз мөлшердегі химиялық элементке байланысты болады. Химиялық элементтіқ мөлшерін кебейту арқылы, өсімдік өнімділігін жоғарылатуға болады екен. Бұл өнімділікті көбейту белгілі бір мөлшерге жеткенше тоқтайды, себебі, енді басқа химиялық элемент ең аз мөлшерде болады. Казіргі кезде" минимум зандылығы" басқаша, "шектеуші факторлар зандылығы" деп айтылып жүр. Бұл зандылыкты 1905 жылы Ф.Блегман тұжырымдап, шектеуші фактор әсері қолайлы факторлар жиынтығынан асып кететіндігін көрсетті. Экологиялық факторлардың ең жоғарғы мөлшерін максимум шегі деп атайды. Ал максимум және минимум шектерінен шығып кеткен факторлар, ағзалар үшін шектеуші фактор болып саналады. Орта жағдайының шектеуші факторлары кез-келген түрдің географиялық таралу аймағына тікелей әсер етеді. Мысалы: көптеген өсімдіктер мен жануарлардың таралуына ылғал жетіспеуі шектеуші фактор болса, керісінше сол түрлердің солтүстікке таралуына жылу жетіспеуі шектеуші фактор болып саналады. 1913 жылы американ зоологы В.Шелфорд" толеранттык, зандылығын"тұжырымдады. Бұл зандылық бойынша ағзаға экологиялық фактордың тек минимуммөлшсрі гана емес, максимум мөлшерінен артық кеткен әсер шектеуші болып табылады.

Оқушыларға арналған тапсырмалар


1. сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=zyeIN0oqeng осы видеоны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер ,талдаңдар.
1. Жұмыстың мақсатымен танысып шектеуші факторлардың фотосинтездің
интенсивтілігіне әсерін зерттеңдер.
2. Шектеуші факторлардың әсерін анықтап ,нәтижесін дәптерге жазып
қорытындылаңдар.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет