Сабақтың тақырыбы § 1 Материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: 7 Сағат реті №1



бет13/14
Дата18.02.2017
өлшемі2,77 Mb.
#10310
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

§41 – 42 Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Күні:

Сыныбы: 7



Сағат реті № 37-38

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §41 - 42 , 160 - 165 б.

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік




Оқушылармен Оңтүстік Америка табиғат зоналарының таралуы туралы түсінік қалыптастыру. Материктегі табиғат зоналарын қалыптастырушы факторлар туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, материктерді ажырата білуді, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.

Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.


География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.

Негізгі идея

Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналарын басқа материктен ерекшелеп көрсету және табиғат зоналарын қалыптастырушы факторларды ажырата алуға ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже

Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.


Таным деңгейлері

Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер

Ресурстар

Уақыт

Оқыту кезеңдері

Қызығушылықты ояту

Білу

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою.



Ойсергек . Сәттілік тілеу.

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі анық жауап береі (бұл орайда өткен тақырыптар бойынша және табиғат зоналары т.б ).




«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».


Географиялық диктант

Оңтүстік американың табиғат зоналарының картасы



5 мин

Түсіну

Картамен жұмыс жасаттыру, Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналарын анықтай отырып, табиғат зоналарының түрлерін ажыратып,картадан көрсету. Материктің биіктік белдеулеріне кіріспе жасап өту.

Картамен жұмыс жасайды. Ерекшелік еткен факторларын атайды,оңтүстік

жарты шарда орналасқан материктермен байланыс жасалады және материктің табиғат зоналарына

толық тоқталып өтеді.


«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы

«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау.



Оңтүстік Американың табиғат зоналарының

картасы, контур карта, оқулық мәтіні.



10 мин

Оқыту кезеңдері.




Қолдану

Оқушыларды сырттай бақылау

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік.

А4 форматтағы табиғат зоналарының кескіні

7 мин




Сергіту.

АКТ

3 мин

Талдау

Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру.

І топ. Материктің аумағында таралған табиғат зоналарын анықтау.

ІІ топ. Материктің табиғат зоналарын қалыптастырушы факторларын анықтау.

ІІІ топ. Әрбір табиғат зонасын анықтап, сипаттама беру.

IV топ. Әрбір зонадағы өсімдіктердің таралуын анықтап, түсіндіру.

Vтоп. Әрбір зонадағы жануарлардың түрлерімен танысу



Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік оқыту.

Оқулық, А4 , қаламсап

7 мин

Оқыту кезеңдері

Ой-толғаныс кезеңі.

Жинақтау.

Шығармашылық тапсырма беру. А4 форматтағы кескін картаға табиғат зоналарында кездесетін:

-орналасқан аумағын;

-климатын;

-ең жоғарғы, ең төменгі температурасын;

-жауын-шашын мөлшерін;

- топырағының түрін анықтау.




Тапсырмаларды орындайды. Берілген рет бойынша сұрақтарға жауап береді.

Диалогтік

АКТ


А4, қаламсап, Оңтүстік Америка табиғат зоналарының картасы, контур карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Бағалау.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырмаОңтүстік Америка материгінің табиғат зоналарына шолу жасап келу.

3 мин


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

§ 43 Халқы және елдері. Америка Құрама Штаттары

Күні:

Сыныбы: 7



Сағат реті № 40

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §43 ,163-166 б.

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік




Оқушылар санасына материгінің халқының Оңтүстік Америка таралуы мен елдерінің орналасуы бойынша түсінік қалыптастыру. Материктің мемлекеттерінің ерекшеліктері туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.

Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.


География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.

Негізгі идея

Оңтүстік Америка материгінің мемлекеттерін және онда қоныстанған халықтың ерекшеліктерін бір-бірінен ерекшелеп көрсету және оқушылардың нәсілдер мен ұлттарды ажырата алуына ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже

Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.


Таным деңгейлері

Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер

Ресурстар

Уақыт

Оқыту кезеңдері

Қызығушылықты ояту

Білу

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Америка Оңт.стік материгінің елдерін анықтай отырып онда қоныстанған халықтарға сипаттама беру.

Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою.


Ойсергек . Сәттілік тілеу.

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі жылдам жауап береі (бұл орайда материктегі халық, мемлекеттер және т.б).




«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».


Үлестірмелі карточкалар

А4 форматтағы карталар

Географиялық диктант


5 мин

Түсіну

Картамен жұмыс жасаттыру, Солтүстік Амерка материгінде орын тепкен мемлекеттерді картадан тауып, қоныстанған халқына сипаттама беріп, астаналарын атап картадан көрсету. Материктегі ең дамыған ел Бразилия мемлекетіне толық тоқталып өту және оны картадан көрсетіп, қазіргі таңда маманданған салаларын атап көрсету.

Картамен жұмыс жасайды. Мемлекеттер шекаралары анықталып астаналары картаан көрсетіледі. Аймақта қоныстанған халыққа сипаттма беріледі. Меретиктің ең дамыған мемлекеті анықталып, әлемдегі орнының мағызы анықталады.

«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы

«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау.



Оңтүстік Американың материгінің саяси картасы, контур карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Оқыту кезеңдері.




Қолдану

Оқушыларды сырттай бақылау

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік.

А4 форматтағы мемлекеттер

Кескіні


7 мин




Сергіту.

АКТ

3 мин

Талдау

Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру.

І топ. Материктің қоныстанған халқына шолу жасау

ІІ топ. Материктегі мемлекеттерді атап, астаналарын табу.

ІІІ топ. Халық тығыз қоныстанған аймақтарды анықтап, себебін түсіндіру

IV топ. Шығыс жазық елдеріне шолу жасау

Vтоп Анд таулы елдеріне шолу жасау



Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік оқыту.

Оқулық, А4 , қаламсап.

7 мин

Оқыту кезеңдері

Ой-толғаныс кезеңі.

Жинақтау.

Шығармашылық тапсырма беру. Әр топқа кескін карта беріледі. Материктегі мемлекеттерді белгілеп, астаналарын көрсету.


Тапсырмаларды орындайды. Кескін картаны толтырады.

Диалогтік

АКТ


А4, қаламсап,

Оңтүстік Америка материгінің саяси картасы, контур карта, оқулық мәтіні.



10 мин

Бағалау.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырма: Оңтүстік Америка материгінің халқы және елдерін оқу. «Анд елдері» немесе «Шығыс жазық елдері » тақырыбына слайд жасау.

3 мин


Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: География

Күні:

Сыныбы: 7



Сағат реті № 31

Сабақтың

Тақырыбы


§59 Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы.

Сілтеме

География. Материктер мен мұхиттар география 7сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт). Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық.Авторлары: Бейсенова Ә., С.Әбілмәжінова К.Каймульдинова Алматы «Атамұра», 2012, 256 бет

Мақсаты


Мақсаты:

Білімділік мақсаты - оқушыларға Антарктида материгінің географиялық орнының ерекшелігі мен оның қалай ашылып зерттелуіне жалпы мағлұмат бере отырып, оқушылардың білімін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты - оқушыларды өз бетінше оқуға, ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты - Білімге құштарлығын , дүние танымдық көз қарасын, жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.

Күтілетін

нәтижелер




Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық ғылыми тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, тарихи мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Биология, география, тарих т.б пәндер.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Есімдерді атау», «Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластерлеу әдісі», «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы,жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау. Топтық таныстырылым,электронды оқулық тапсырмасы,кесте мен картамен жұптық,топтық жұмыстар,венн диограммасы

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар


Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Антарктиданың физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, Интерактивті тақта, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар


Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері



Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе


2 мин

3 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

Топқа бөлу.

Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.

Психологиялық ахуал туғызу. Материк дегеніміз не?

Кіріспе сұрақ: Қанша материк бар?

Анықтаушы сұрақ: Антарктида материгінің орналасуы

Нақтылаушы сұрақ: Антарктида материгінің жаағлауын қандай ағыстар құрайды?

Тікелей сұрақ: Антарктида материгі не себепті суық?

Түсінік беруші сұрақ:Антарктида материгінің алып жатқан ауданы?

Ассоциацияларың: Антарктида материгінің жағалауын қандай теңіздер шайып жатыр?

Жабық сұрақ:Материктің қандай өзіне тән ерекшелігі бар

Ашық сұрақ: Материкті зерттеген ғалымдар


Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді,даптер кітаптарын дайындайды


Тұсаукесер.

(POWER POINT)



3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Антарктида материгіне байланысты суреттер көрсетіледі

-Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық

-Дұрыс айттыңдар Мұхит аралдары

-Мұхит аралдарының саны қанша?

-Дұрыс айттыңдар, 7 мыңнан асады

-Олай болса, бүгін біз сабақта Антарктида материгімен тереңірек танысамыз.




1.Оқушылар берілген тапсырманы ой қозғау арқылы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

2.Дәптерге электронды оқулықтан берілген мәліметтерге көз жүгірте отырып керікті мәліметтерді дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады.



Негізгі бөлім:

Білу


5 минут

Антарктика(гр. ἀνταρκτικός — Арктикаға қарама-қарсы) — жердің ең оңтүстігінде орналасқан құрлық. Антарктиканың ортасы шамамен оңтүстік полюспен сәйкес келеді. Құрлықтың ауданы 14,4 млн км². Антарктика ресми түрде 16(28) қаңтарда 1820 ж. Фаддей Беллинсгаузен және Михаил Лазарев басқарған орыс экспедициясымен ашылды. Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны "Арктикос"- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады. Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.

1.Оқулықпен жұмыс, 219-222 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.


Түсіну

5 мин


Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

Оқулықпен картамен жұмыс

Антарктиданың физикалық-географиялық орнын көрсету.

1.Әр топқа тапсырма:

І топ – географиялық орны; жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер;

ІІ топ –материктегі теңіздер.

ІІІ топ – Зерттелу тарихы


1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

1.Топтық жұмыс: оқушылар

оқулықтан оқи отырып ,постерге берілген тапсырмаларды тортасып отырып сипаттама береді.
2-жеке жұмыс: Оқушылар «жадыңда сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді.


Қолдану


5 мин

Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1 тапсырма. Кластерлеу арқылы материктің ерекшеліктерін көрсет

1-топ. Антарктида материгінің басқа материктерден ерекшелігі

2-топ. Антарктида материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.

3-топ. Антарктида материгін зерттеген ғалымдар

4-топ. Антарктида материгіндегі ірі мұздықтар.


2 тапсырма. 1. Карточкаға жауап беру:

1

1. Антарктида материгінің географиялық орнын картадан көрсетіп, сипаттама бер?

2. Жағалауын қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатыр?

2

1.Антарктида мен оның жағалауында болып қайтқан зерттеушілерді атаңдар?

2.Антарктида материгінің ашылған жылы мен күні?

3

1. Антарктида материгін кімдер ашты?

2.Қазақстандық зерттеушілер Антарктидаға қай жылы барды?



Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.

Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, тест жұмысын орындайды.



Сергіту сәті


2 мин

Сергіту сәті.

«Жұптық ойын».

Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.


Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар сергітуді орнында жасайды.



Талдау

5 мин

Мақсаты:

Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.

Оқушылар «Антарктида материгін басқа материктермен салыстыру» тақырыбына эссе жазады.

«Ойтолғаныс» кезеңі.


Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.




Жинақтау


8 мин

Мақсаты:

Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау. Картамен жұмыс

Теңіздер мен мұхиттарға сипаттама бергенде төрт мұхитқа таяу бөліктерінің географиялық орнын, ұзындығын, енін суреттеу үшін картамен жұмыс жасайды.


Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында

Кескін картаға материк жағалауындағы жылы және суық ағыстардың бағыттарын белгілеп, олардың пайда болуын түсіндіреді. Ағыстардың материк табиғатына тигізетін әсерлеріне нақты мысал келтіреді.

Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.


Қорытынды

Рефлексия



6 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.

Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім













1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.




Үйге тапсырма

1 мин

Антарктида материгінің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы. Антарктида материгінің табиғатына жалпы шолу жасау

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет