Сабақтың тақырыбы : Қазіргі қазақ тілі. Сабақтас құрмалас сөйлем



Дата25.05.2018
өлшемі75 Kb.
#40725
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі. Сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтаң мақсаты: Мәтін мазмұнын қазақша айта білу,түсіну,сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау,тіл дамыту,қазақ тілі туралы білімін кеңейту
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Көрнекі құралдар: Слайд-кестелер,тіл туралы тұсаукесер,тест тапсырмаларын,интерактивтік тақтадан көрсету

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі – Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу, айдың нешесі,аптаның қай күні екенін тақтаға жазу,оқушы назарын сабаққа ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау

Өткен сабақта берілген үй тапсырмасы бойынша білім деңгейін

тексеру

Қазақстан мемлекетінің ұлттық теңгесі туралы( сұрақтарға жауап беру )



1.Мемлекеттің басты белгілерінің бірі не?

2.Теңге айналымға қай жылы түсті?

3.Қазіргі теңгенің алғашқы теңгеден айырмашылығы қандай? Салыстырып айту

4.Теңге неше рет ауысты?

5. Ақша (валюта) ненің белгісі?

Оқушылар өздері дайындаған презентацияны көрсетеді

Сөздікті тексеру :дербес-самостоятельный

арнайы тапсырыс-специальный заказ

белгі – знак

айналым –оборот



III.Грамматикалық тақырыптарды қайталау

« Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері» тақырыбы бойынша

1.Құрмалас сөйлем нені білдіреді және оның неше түрі бар?

2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесі және сызбасын көрсету.

3.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері мен сұрақтарын айту


  • «Тыныс белгілері» тақырыбы бойынша

1.Тыныс белгілері-пунктуация ережесі

2.Тыныс белгілерін қазақша атау

3.Нүкте қай сөйлемде қойылады ,нені білдіреді?

4.Сұрау белгісі қандай сөйлемде қойылады?

5.Леп белгісі қандай сөйлемдерде қойылады?

6.Тырнақшамен нені белгілейді?

7.Үтір сөйлемдерде қандай қызмет атқарады?
Енді жаңа сабақ тақырыбына көшеміз

Жаңа сабақтың тақырыбын , мақсатын айту

Балалар! Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- Қазіргі қазақ тілі (мәтін)

Сабағымыздың тақырыбы мемлекеттік тіл-Қазақ тілі болғандықтан белгілі ақындар -Қ.Шаңғытбаевтың «Қазақ тілі» және М.Айтқожинаның «Ана тілім,күмбірле сарайымда!»атты өлеңдерін оқудан бастаймыз. (2оқушы жатқа оқиды)
IV. Жаңа сабақты түсіндіру: - а) Кіріспе сөз ( презентацияны пайдалану-«Мемлекеттік тіл- менің тілім»)

Ә) Мәтінмен жұмыс- мәтіннің 3 бөлімі бойынша оқып,аудару жұмысы жүргізіледі(оқушылар 3 топқа бөлінеді)


VI. Сабақты қорытындылау.

  1. Бүгінгі сабақта біз мәтін бойынша қазақ тілі туралы жаңа білім алдық.

  2. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталадық. Тест тапсырмаларын орындау әдістері,өз бетімен жұмыс жүргізілді

  3. Шәкәрімнің өлеңі « Мен кетемін, келеді....»


VII. Оқушылардың білімін бағалау

Барлық оқушылар да белсенді қатысып отырды

Өлеңдер оқыған балаларды ерекше атап өтуге болады. Барлық қатысқан оқушыларға «5»-тік баға қойылады


VIII. Үйге тапсырма беру

Ана тілі туралы нақыл сөздерді орысшаға аудару -112бет



Қазіргі қазақ тілі

Бірінші бөлім бойынша -1-ші топ
1.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ немесе солтүстік-батыс тобына жатады.

2.Қазақ тілі біздің Отанымыздан шет жерлерде қолданылады.Қытайда,Моңғолияда,Ауғанстанда және басқа да елдерде тұратын қазақтар қазақ тілінде сөйлеседі.

3.Ертедегі әдеби жазба ескерткіштер –Жамиғат Тауарих ( Шежірелер жинағы) XVI ғасыр , Бабырнама -XIVғасыр, Темірнама –XVIғасыр,Әбілғазиевтің Түріктер шежіресі-XVIIғасыр

Екінші бөлім бойынша -2-ші топ

4.Қазақ тілінде 9 ерекше дыбыстар бар.Олар орыс тілінде жоқ.

Ә,І,Ң,Ғ,Ү,Ұ,Қ,Ө,Һ Оларды үйрену қиын,себебі орыс тілінде бұл дыбыстарға ұқсас дыбыстар жоқ.

Қазақ тілінің ерекшелігі екпінге де қатысты.Қазақ тілінде тұрақты екпін- сөздің соңғы буынына түседі.Мысалы: ба-ла, ба-ла-лар

Қазақ тілінің грамматикалық құрылымының да ерекшелігі бар.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты.


Үшінші бөлім бойынша – 3-ші топ

  1. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы Республика Жоғарғы Кеңесінің XVI сессиясында 1989 жылдың 22 қыркүйегінде қабылданды және 1990 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қолданылып келеді.Бұл құжатта Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл- қазақ тілі - деп көрсетілген.Орыс тілі республикада ұлтаралық қатынас тілі болып саналады.

Заңға сәйкес қазақ тілі барлық оқу орындарында бағдарлама бойынша міндетті болып есептеледі және оқу орнын бітіру туралы құжаттағы пәндер тізіміне енгізілді. Республикада жоғары оқу орнын бітіруші түлектер қазақ тілін білуге міндетті. Олар тілді өзінің кәсіби міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде білуі тиіс.

V. Бекіту

Тестпен жұмыс істеу(жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіру) 4 оқушы интерактивті тақтада дұрыс жауапты қалай тез табуға болатынын көрсетеді.

1. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Күн суық,әрі қар борап тұр.

Ә) Күз келді,күн салқындады.

Б) Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.

В) Саяхатқа баратынымды хабарламақ болып, класс жетекшімді іздедім.

Г) Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды.
2. Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Мұғалім айтқан кезде ғана,ол жаза бастады

А) Шартты

Ә) Мезгіл

Б) Мақсат

В) Қарсылықты

Г) Қимыл-сын
3.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А)Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.

Ә)Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық.

Б) Не ексең,соны орасың.

В) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,балаңдай мәпеле.

Б) Жанат хатты төрт-бес рет оқып шықты.




  1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.

А) Не мақсатпен ?

Ә) Не себепті ?

Б) Неге ?

В) Неліктен ?

Г) Қашанға дейін ?


Өз бетімен жұмыс

Тест тапсырмаларын орындау және талдау ( екі нұсқа беріледі)

1-нұсқа

1.Бітеу буынды сөз а) заң ә) әуен б) ұста

2.Тура толықтауыш сұрағы а) кімде ә) кімге б)кімді

неде неге нені

3.Қатыстық сын есім:

а) қалалық мәслихат ә) қала әуежайы б) қала әкімі

4. Алтын киімді сақ жауынгерін тауып зерттеген археолог-ғалым

а) Қ.Ақышев ә) Қ.Сәтбаев б) Ш.Уәлиханов

5.Негізгі түбірлі сын есім

а) көркем ә) көркемсөзші б) көркемдеу

6.Қазақстанда « Тіл туралы» Заң қабылданды

а) 01.12.1991ж ә) 22.09.1989ж б) 30.08.1995ж

7.Атау мен іліктен басқа септіктердің сұрақтарына жауап беретін

сөйлем мүшесі а) пысықтауыш ә) анықтауыш б)толықтауыш

8.Қазақстанның жер көлемі

а) 2,7 млн. шаршы шақырым ә) 15 млн б) 15мың шақырым

9. «Диуани лұғат ат-түрік»сөздігін құрастырған

а) А.Йассауи ә)Қорқыт б) М.Қашқари

10.Жай шырайдағы сын есім

а) саналылау ә) саналы б)саналырақ


2-нұсқа

1.Ашық буынды сөз

а)бос ә) осы б)ақ

2.Орфоэпия деген не?

а) сөзді дұрыс жазу

ә) сөзді дұрыс оқу

3.Бастауышы жоқ сөйлем

а) жақсыз ә) жақты б) толымды

4.Анықтауыштың сұрақтары

а) қайда,қашан ? ә) кім үшін,не үшін? б)кімнің,ненің?

5.Мемлекеттік нышандар қашан бекітілді?

а)11.07.1997ж ә)04.06.1992ж б)22.09.1989ж

6.Қатыстық сын есім

а) кешкілік келді ә) кешкі шай б) кешкілік соғармын

7.Шартты райдағы сөз

а) сүю ә) сүйсе б) сүюдің

8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

а) 10 ә) 8 б) 9

9. Тұйық буынды сөз

а) ісі ә) ін б) іні

10.Қазақ тілі білімінің атасы

а) А.Байтұрсынов ә) А.Йассауи б) Ж.Баласағұн


Тапсырмалар ( интерактивті тақтада орындалады)

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінің сұрақтарын сәйкестендір

1.Шартты бағыныңқы - қайткенмен?

қайткенше? не ете тұра?

2.Қарсылықты бағыныңқы - қайтсе? не етсе?

не еткенде?

3.Себеп бағыныңқы - қашан?қай кезде?қашаннан бері

4.Мезгіл бағыныңқы - неліктен? не үшін? не себепті?

5.Қимыл-сын бағыныңқы - не мақсатпен? не үшін? не етпек болып?

6.Мақсат бағыныңқы - қайтіп? не етіп? қалай?
Ұлы адамдар айтқан нақыл сөздерді толықтырып жаз


  1. Егер ісім өнсін десең - ............................ Абай

2.Барлық істе дерлік ең қиыны - .................. Ж.Ж.Руссо

3.Жақсы басталған іс - .................................... Платон

4.Пікір күшті болса, ......................................... У.Шекспир

5.Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.



Ең әуелі,.......... керек,одан соң .........керек,

одан соң ...........керек. М.Әуезов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет