Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай Сабақтың мақсаты



бет5/12
Дата06.07.2018
өлшемі0,9 Mb.
#47976
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

IV. Қорытынды. – Балалар,Абай атамыздың асыл сөздерін,өлеңдерін оқи отырып бүгінгі сабақта не үйрендік?Абайды біз кім дейміз?

Осы сұрақ бойынша оқушылар дәптерлеріне топтастыру жүргізіп жазады.

Абай:ұлы ақын,ғалым,философ,көркем әдебиеттің темірқазығы т.б.

V.Білімдерін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы: 6,19 -қарасөзін оқу,үзіндіні жаттау, қалаған қарасөздерін қосымша оқу.

«Адамның бекер мал шашпағы» жайында Абай атаға еліктеп қарасөз жазып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы

Ұлы суреткер

Сабақтың мақсаты:

а) А.Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақынның өмірі

І деңгей /міндетті деңгей/

1. Абайдың әкесі кім?

А) Өскенбай В) Ырғызбай С) Кененбай Д) Құнанбай

2. Абай қай жылдары өмір сүрді?

А) 1845-1904 В) 1845-1905 С) 1846-1905 Д) 1946-1906

3. Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім?

А) Әбдіжаппар В) Ғабулжаппар С) Ахмет-Риза Д) Әбдірахман

4. Абай болыс блды ма?

А) Жоқ В) Иә С) мүлдем Д) ешқашан

5. Абайдың рухани ізбасары,әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?

А) М.Жұмабаев В) С.Сейфуллин С) М.Әуезов Д) І.Жансүгіров

6. Сөзжұмбақты шешіңдер.







1







А
















2













Б






















3

А













4

Й
















1) Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты? /қарашұнақ/

2) Абайдың үлкен әкесі,атақты би /Өскенбай/

3) Абай қай айда туды? /тамыз/

4) Абайдың әйелі. /Әйгерім/

ІІ деңгей /алгаритімдік деңгей/

1.Абайдың шын аты кім?

А) Абай В) Телғара С) Ибраһим Д) Ибрағали

2. Әкесі Абайды неше жасында оқуға берді?

А) 9 В) 10 С) 11 Д)12

3. «Кәрі әже» ауылдың кімге қойған аты?

А) Ділдаға В) Зереге С) анасы Д) немересі

4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?

А) әжесі В) қызы С) анасы Д) немересі

5. Абай қай рудан шықты?

А) Арғын В) Тобықты С) Шекті Д) Найман

6.Абай кім?







ІІІ деңгей /эврестикалық деңгей/

  1. Абайдың Ұлжаннан туған ағасы кім?

А) Құдайберді В) Тәңірберді С) Оспан Д) Ысқақ

2. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?

А) 1907 В) 1908 С) 1909 Д) 1910

3. Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер еткен революционер-деомакрат кім?

А) Крылов В) Лермантов С) Пушкин Д) Михаэлис

4. Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?

А) шырын В) Шынар С) Шүкіман Д) Шырайлы

5. Құнанбайдың замандас құрдасы Тана мырзаның мешіт салдырған жерін анықтаңыз.

А) Үржар В) Семей С) Көкпекті Д) Алматы

6.Абайдың қандай ақын шәкірттерін білесіңдер?



IV деңгей /шығармашылық деңгей/

Кестені толтырыңдар.

Абай шығармаларын Мұхтар Әуезов

5 түрге жіктейді



Абай шығармаларын сен неше түрге бөлер едің?

  1. Абайдың жас шағындағы өлеңдері

  2. Абайдың лирикасы

  3. Абайдың поэмалары.

  4. Абайдың аудармалары

  5. Абайдың қара сөздері





Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін» тақырыбында өлең шығару немесе ой толғау.

Күні: 27,28.11.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Шығарма «А.Йасауи –түркі тілдес халықтардың көрнекті ақыны»

Сабақтың мақсаты:

а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;



Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.

Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.

Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.

Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін.

Жоспар

I Кіріспе.



II Негізгі бөлім:

а)

ә)



III Қорытынды.
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Өткен сабақты қайталап келу

Күні: 13.02.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың мақсаты:

а) Шәкәрімнің өмірінен өзінің «Мұтылғанның өмірі атты» ғұмырнамалық дастанынан үзінділер оқыту арқылы таныту;

ә) әдебиеттің әр жанрында жазған шығармаларынан үзінділер оқытып,оны баяндай білу қабілеттерін дамыту;

б) Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі:, Шәкәрімнің суреті ,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге өлең шумақтарын құрылысына қарай талдап келуге берілген соны тексеріп, «Абай кім?» танымдық сызбаны толтырады.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Абай дәстүрін жалғастырушы қазақ халқының аса қөрнекті ақыны, ойшыл ғалымы Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 24 июльде бұрынғы Семей уезіне қарасты Шыңғыстау болысының Кеңбұлақ деген жерінде дүниеге қелді. Әкесі Құдайберді Құнанбай баласы, ұлы ақын Абайдың ағасы, шешесі - Қаракесек руынан шыққан Алдаберген есімді қісінің қызы. Аты-Төлебике. Ол өзінің қолының ашықтығымен, қөпшілдігімен, қайырымдылығымен, дастарқанының молдығымен елдің ықылас ілтипатына бөленіп, кейін келе Дәметкен атанып қеткен мейірімді жан болатын. Шәкәрімнің ерекше ақылдылығы басқа балалардан өзгешелігі 4-5 жасынан-ақ байқалады. Әкесі оны бес жасында өз ауылындағы молдаға арабша оқуға береді

Абай, Сұлтанмахмұт, Сәкен,Ілиястар сияқты Шәкәрім де қазақ поэзиясының өркендеуіне үлес қосты.XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы прозаның дамуына Шәкәрімнің прозалық туындылары «Түрік,қазақ,қырғыз һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шартты трактаттары», «Бәйшешек бақшасы» әңгімелер топтамасы бар.

Шәкәрім өлең-жырларын ұшқырлай түсу үшін олардың көбіне ән жазған.



Дәптермен жұмыс: .Дәптерлеріне Шәкәрімнің өлеңдерін аудармаларын,поэмаларын жазады.

Білімді бекіту: Жоғарыда оқылған үзінділерден ой қорыту. Оқушы Шәкәрімнің шығармашылығының қандай түрлерін біліп шықты.

Мысалшы ақын нақыл сөзші



аудармашысазгер

дастан жазған


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ш. Құдайбердіұлының өмірбаянын оқып келу.

Күні:15.02.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім поэмалары

Сабақтың мақсаты:

а) Шәкәрім поэмалары туралы түсінік бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,үнтаспа

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Шәкәрімнің өмірбаянын «Аквариумдегі балықтар» сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Шәкәрім мұрасының қомақты саласы –поэмалары. Ақынның «Еңлік –Кебек» (1891), «Қалқаман-Мамыр» (1888) дастандары қазақ елінің тұрмыс , тарихынан жазылған. «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны нәзира дәстүрі негізінде,шығыс аңызы желісімен шығарылған. «Еңлік –Кебек» , «Қалқаман-Мамыр» дастандары -сүйіспеншілікті, адал махаббатты,таза сезімді жыр еткен шығармалар. Ел аузындағы махаббат аңыздарын ақын суреткерлік шеберлікпен жырлап, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтереді.


Кітаппен жұмыс: Шәкәрім поэмаларын мәнерлеп оқып, түсініктерін айтады.
Топпен жұмыс: . хронологиялық таблицаны толтырады.

1858 жылы дүниеге келеді

1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барады.

1908 жылы елден жырақта тастақта тұрады

1931 жылы қайтыс болады
Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1 Шәкәрімнің қоғам қайраткері жөнінде не білесің?

2. Шәкәрім өзіне кімді үлгі тұтқан?

3. «Еңлік –Кебек» поэмасында қандай тарихи жағдайға тоқталады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Шәкәрімнің поэмаларын оқып келу

Күні:15.02.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім өлеңдері «Жастарға»

Сабақтың мақсаты:

а) Шәкәрім өлеңдері туралы түсінік бере отырып,ерлікке,адамгершілікке

баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды



елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, үнтаспа

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Шәкәрімнің өмірбаянын «Аквариумдегі балықтар» әдісімен сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

1908 жылдан бастап, Шәкәрім елден жырақ тау арасына саятшылық үшін салынған Саятқора деген қыстауында шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Осы кезеңдерде ақынның көптеген үздік туындылары дүниеге келеді. Птша үкіметі құлағанда Шәкәрім «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» өлеңдерімен жаңа өкіметті қуана қарсы алады. Жаңа өкімет қоғамға көптеген қоғамдық-саяси өзгерістер әкелді.

Жастық, махаббат тақырыбын өзінше жырлаған ақын «Жастық туралы», «Шын сырым», «Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы», Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді» т.б.

Шәкәрім өлеңдерінің тағы бір саласы адамдық, азаматтық тақырыпты қозғайды. Сауық-сайранға толы өмірден бас тартып, Абайға бет бұрған Шәкәрімнің Абайдан ақыл сұрап, жоғын Абайдан іздеуі де өзгеше. Ақын 1897 жылы жазған «Жастарға» деген өлеңінде өзін ұстазы, ақылшысы Абай дәстүрін жалғастырушы екенін көрсетті. Абай жиренген өсек, өтірік, мақтаншақтық, қулық, арамдық, жалқаулыққа білім жолын қарсы қояды. Ұлы ұстазының өзінің өмірінен алатын орны мен мәнін, тіпті кейінгі буын жастарға деген әсер-ықпалын бағалап:

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,

Бір білімді данышпан жан табалық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр баралық!



Кітаппен жұмыс: Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңін мәнерлеп оқытып, бір шумағына талдау жасатамын

Ақын оқу, білімсіз надандық пен қараңғылықтың түнегінде қалған халқын оятып, оның мәдениетті елдер қатарына қосылуы үшін Абай ұстанған жолды жастарға үлгі етіп ұсынады, алдағы жарқын болашақтың тек жастарға байланысты екенін дұрыс түсініп, надандықтан арылуға үндеп, надандардың артында ешнәрсе қалмайтынын ескертеді.



Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Шәкәрімнің қоғам қайраткері жөнінде не білесің?

2. Шәкәрім өзіне кімді үлгі тұтқан?



Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңін жаттап келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Мағауия Абайұлы

Сабақтың мақсаты : а) Мағауияның шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

б) оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру,әдемілікті түйсінуге,туған жердің табиғатына қамқорлық жасау.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар ,суреттер

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген Шәкәрімнің поэмаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Мағауия - Абайдың Ділдадан туған кенже ұлы. Үлкені - Ақылбай Абайдың әкесі Құнанбайдың бауырында өседі, Әбдірахман орысша білім алып, кадет корпусын бітіріп, қызмет етіп жүргенде, не бары 27 жасында дүние салған. Мағауия ауылда мұсылманша хат таныған соң, Семейдегі училищеде орысша оқиды. Екі-үш жылдан кейін ауырып елге қайтады, өмірінің соңына дейін әкесінің қасында болады.

Абай ортасы, Абайдың ақындық мектебі шыңдаған, әке үлгісін бойына сіңіріп өсірген Мағауия орыс кітаптарын да өз бетімен көп оқыған. Әкесінің ақындық үлгісін ғана емес, адамгершілік қасиеттерін де бойына жиған Мағауия өз ауылында елге сыйлы, ббауырмал жан болған. Мағауияның ағасы Әбдірахман ауырғанда, дүниеден өткенде жазған өлеңдері бар.

«Мағауия - әкесінен үлгі-өнеге, мол тағлым алған, ұлы ақынның жолын қуған, білімді, мәдениетті, саналы шәкірті, талантты ақын. Ол 16-17 жасында қолына қалам алып, өлең жаза бастаған. Жас кезінде жазғандарынан біраз өлеңдері сақталған. Оның алғашқы ақындық қадамынан-ақ Абай өнегесі айқын танылады. Айтпақ ойын, сезім-сырын ақын тілімен суреттеп жеткізу, тақырыптан ауа жайылмау, «Бөтен сөзбен сөз арасын былғамау» деген Абайдың ақынға қоятын шартын, Мағауия әуелден берік ұстаған ақын», (Қ. Мұхамеджанұлы «Абайдың ақын шәкірттері», А., 1993, 89 –бет).

Әке ақылымен жазған поэмалары ­– «Еңлік-Кебек», «Медғат-Қасым». Мағауия Абайұлы әкесінен 40 күн бұрын, 1904 жылы қайтыс болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет