Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай Сабақтың мақсаты



бет6/12
Дата06.07.2018
өлшемі0,9 Mb.
#47976
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кітаппен жұмыс: Мағауия өлеңдерін, поэмаларын мәнерлеп оқып, түсініктерін айтады.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Мағауия Абайұлының шыққан ортасы,өскен жері несімен ерекшеленеді?

  2. Мағауия шығармаларындағы романтикалық сарын қайдан пайда болды деп ойлайсыңдар?

  3. Абай маңындағы ақындардан Мағауияның жолы несімен бөлек.

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Мағауияның өлеңдерін , поэмаларын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Шәңгерей Бөкеев

(1847-1920)

Сабақтың мақсаты : а) Ақынның өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке адамгершілікке баулу;

ә) Адам баласында кездесетін жаман мінез құлықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Лекция сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, дидактикалық материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Шәңгерей Бөкеев Батыс Қазақстан облысындағы Жасқұс құмында, хан әулетінде дүниеге келген. Қазақ тарихында саяси, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени қызметі, еңбектерімен есте қалған Бөкей, Жәңгір ханның ұрпағы.

Мәдениетке, оқу-білімге ерте араласқан Жәңгір неме-ресі Шәңгерей бала кезінен білім алады. Өнерге, ән-жыр, өлеңге ертеден бет бұрады. Хан ордасындағы медресені аяқтап, Астрахань қаласындағы реальды училищеде оқиды. Орынбордағы кадет корпусында оқып, орыс, еуропа тілін үйреніп, мәдениеті, өнері, әдебиетімен тереңірек танысады. Самар губерниясында сот болып қызмет етеді. Қоғамдағы биліктің мәнін, оның зорлық-зомбылығын, қиянатын көріп, бұндай жамандықтың куәсі болғысы келмей, еліне қайтады. Жеріне, еліне келіп, ағаштан үйлер тұрғызып, мектеп, медресе, мешіт салғызып, балаларды оқытады. Жаңаша тұрмыс құруды мақсат еткен Шәңгерей бақша өсіріп, жеміс ағаштарын баптап, асыл мал тұқымдарын да өсірген. Шәңгерей Бөкеев мектебінде Қазақ тарихын-да көркем кестелі өлеңдерімен бірге қоғамдық-әлеуметттік мәселелерді көтерген көптеген мақала жазған Ғұмар Қарашев мұғалім болып қызмет еткен. Ш. Бөкеев әдебиет пен өнерді, білімді қадір тұтып, саятшы аңшы да болған. 1911-1913 жылдары Орал қаласында шыққан «Қазақстан» газетін қаржыландырған. 1920 жылы қайтыс болған.

Шығармалары. Ш. Бөкеевтің «Қара мұрт» романы, «Сұрақ-жауап» аталатын көлемді әңгімесі болған деген деректер бар, бірақ бұл дүниелер бүгінгі күнге дейін жетпеген. Бұған таптық қайшылықты, бай мен кедей теңсіздігін жоямыз деген кеңес саясаты себепкер болғаны белгілі. Ақынның «Көкселдір» атты өлеңдер жинағы 1912 жылы, «Шайыр» өлеңдер жинағы 1910 жылы басылыпты.

Шәңгерей Бөкеев М.Ю. Лермонтовтың «Қашқын» поэмасын аударған.



Кітаппен жұмыс: Шәңгерей өлеңдерін мәнерлеп оқиды,құрылысына қарай талдайды

Топтастыру стратегиясы:

Тіршілік мәні ғылым-білім оқудың пайдасы




Достық саятшылық табиғат



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Шәңгерей Бөкеевтің шығармаларын оқып келу.

Күні: 11.03.17ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Шәңгерейдің аудармашылығы

Сабақтың мақсаты : а) Ақынның шығармашылығы мен аудармашылығы туралы мәлімет беру.

ә) Адам баласында кездесетін жаман мінез құлықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Лекция сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, дидактикалық материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушымен амандасу, оқу құралдарын тексеру. Оқушының зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыға бірнеше сұрақтар қоямын



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Шәңгерей орыс әдебиетін сүйіп оқып, аудармашылықпен айналысты.Ақын өлеңінде кездесетін сөз қолданыстары, көркем образдар жүйесі орыс ақындарымен үндес болыпкеледі. Шәңгерей өзі көп еліктеген ақыны- М.Ю.Лермонтовтың «Қашқын» поэмасын аударған.

М.Л.Лермонтов поэмада Кавказ табиғатының әдемілігін, ол жерді мекендеуші халықтардың , әсіресе, черкестердің Отаны, жері үшін көрсеткен ерлігіне сүйсініп, оны ерекше бір мақаммен жырлады. Шығармада Отаны үшін шыбын жанын құрбан ете білген тау халықтарының ежелгі ерлік салтын бұзып, дәстүрге кір келтірген қорқақ Һарунның іс-әрекеті суреттеледі.

Поэмада Һарунның екі ағасы, әкесі жаулармен алысып, қан майданда ерлікпен қаза табады. Һарун кек алудың орнына, өз басын аман сақтау мақсатымен қашады.



Қорқақтықтан Отанын сатып, қан төгілген соғыстан бір өзі аман қалған Һарун хал үстінде жатқан досы Сәлімге келіп, паналатуын сұрайды. Һаруннан жақсы хабар күткен Сәлім, оның сөздерінен жиіркеніп, үйден шық, кет! Деп қуып шығады.

Сүйген қызының үйіне келген Һарун одан да түсіністік таба алмай, өз үйіне келеді.

Елін сатып, әкесін, ағаларын жауда қалдырып, қара басының қамын ойлап, жаудан қашқан ұлына ана жүрегі жібімейді:


  • Сөйлеме, залым, кәуір бұ жасыңды,

Қимадың жақсы өлімге бір басыңды.

Кет жалғыз, қашқын болған масқараңмен,

Қояйын қарайтпай-ақ ақ шашымды.

Қорқақ құл енді маған бала емессің,

Сүрттірмен ұятыңды көз жасыммен!

Шешесінің теріс батасын алған Һарун өзін-өзі өлтіріп, бүкіл жұрт алдында

масқара болып, денесі көмусіз қалады. Қанын иттер жалап, балалар денесіне кесек атып, қорлап жатса да, еш адам оған шәһит демейді.Өз жаны үшін Отанын сатқан опасызға, қорқаққа өз үкімін шығарады.

Поэманың негізгі идеясы – өз Отанының бостандығы үшін күресу, ерлікке үндеу, сатқындыққа лағнет айту.

«Қашқын» поэмасы Шәңгерейдің аударма әдебиетіне қосқан үлкен үлесінің бірі болып саналады.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Шәңгерей Бөкеевтің шығармаларын оқып келу.

Күні: 11.03.17ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың такырыбы: Сыныптан тыс оқу Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға көркем әдебиет жайлы толык түрде мэлімет бере
отырып, шығармашылығын қалыптастыру, шығарма оқи білуге дағдыландыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.


Сабактың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың типі:

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер

Сабақтың барысы:

І. ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сэлемдесу.

  2. Кезекші мэлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыға «Көркем әдебиет» тақырыбында мәлімет беремін. Көркем әдебиеттің адам өміріндегі алар орны, ой-өрісінің толысуына, тіл байлығының артуына қосар үлесінің қыруар екнеін айтып түсіндіру. Осы күнге дейінгі оқыған көркем әдебиеттері білетіндерін сұрау, білімін ортаға салу.

Сабақтың қорытындысы: 1 .Сабақ соңында сүрақ қою арқылы тақырыпты қорытындылаймын.


  1. Үйге тапсырма: «Абай жолы» романының ІІ томын оқып бітіруіне тапсырма беремін

Күні: 06.04.17ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Нарманбет Орманбетұлы

«Шал қайғысы»

Сабақтың мақсаты : а) Нарманбет Орманбетұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Нарманбет Орманбетұлы Қарағанды облысында, қазіргі Ақтоғай ауданында, 1859 жылы дүниеге келген. Ақын Нарманбеттің әкесі Орманбет және шешесі Балбырауын сөз қасиетін білетін тілге шешен адамдар болыпты. Нарманбет балалық шағынан бастап тілге, әсіресе шешендік сөздерге жақын жүретінін көрсетіп, өз үйірлігін танытқан. 8 жасынан бастап мұсылманша сауат алған Нарманбет тек қана жадитше білім алып қоймай, Шығыстың ұлы ақындарының асыл сөздерінен сусындап өседі. Оңай өлең шумақтарын төгіп салып, естіген сөздерін тез есінде сақтайды. Өз жанынан жырларды он үш жасынан бастап шығара береді. Ең бірінші өлеңі апасы Қалиманға арналады. Бала ақынның талабын байқаған, ғылым-білімге ұмтылысын сезген әкесі Нарманбетті он төрт жасында Қарқаралыдағы екі сыныптық орыс мектебіне апарады. Бұнда бір жылдай оқыған ақын қалған уақыттарда өз қабілетіменен, ізденуімен білімін толтырады. Жасынан-ақ елге білімді азамат есебінде танылып, тілмәш атанып, орыс, қазақ тілдерін бірдей меңгерген кісі болып көрінеді. Әкесі ауқатты жан 29-30 жасында болыс болып, ел ісіне араласып, қай кезде болса да, жұрт ісінен қолын үзбейді. Бұл оның өлең жазуына, ел ішіндегі қатпар тұстарды түсінуге көп көмектеседі. Ақын өмірінің соңғы кездерінде Қарқаралыда болып, 1917-1918 жылдары уездік соттың төрағасы болып сайланады. 17-ші жылғы Ақпан төңкерісінен кейін, Қарқаралыда құрылған Уездік советтің төралқасында болды. 1918 жылы елге қайтып, кенеттен дүние салған.

Кітаппен жұмыс: Нарманбет өлеңдерін мәнерлеп оқиды,құрылысына қарай талдайды

3 5 4


Қалмады, //ей, Сарыарқа,// сенде қызық, 1 шумақ

Сандалтау, //сары өлкені// алды мұжық. 4 тармақ

Қолыңнан// келер де жоқ, //өнер де жоқ, 12 бунақ

Баласы,// байғұс қазақ,// қалдың мыжып, - 12 буынды


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Нарманбет «Шал қайғысы», «Замана» өлеңдерін жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Спандияр Көбеев

(1878-1956)

Сабақтың мақсаты : а) Спандияр Көбеевтің шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Сабақтың көрнекілігі : электронды оқулық, кітаптар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Спандияр Көбеев 1878 жылы, қазіргі Қостанай облысы-ның Меңдіқара ауданында туған. Әкесі мұсылманша сауатты, еңбекқор, анасы ауыл елге сыйлы жанд7ар болыпты.

1887 жылы Ы. Алтынсарин ашқан мектепке түсіп, оны 1892 жылы бітіріп шығады. Бұдан соң 1892-1895 жылдары Қарағайлыкөлде төрт жылдық оқуда оқиды. 1895-1897 жылдары Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінен білім алды.

Ұстаз болуды армандап, Орынбордағы оқытушылар семинариясынан білім алуға талпынады, бірақ сәті келмей, 1898 жылы Қостанайдағы екі жылдық бастауыш мектеп мұғалімін даярлайтын курсты аяқтайды.



Оқу бітірген соң Ырғыз уезінің Толағай болысындағы Кішіқұм деген жерде С. Көбеев өзі білім алып, хат таныт-қан ұстазы Ыбырай жолымен, ғылым негіздерін үйретуге ынта қояды. А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, А.П. Чехов, И.А. Крылов шығармаларын алыс ауылдағы ел Спандияр Көбеев, мұғалімнің әңгімелеп айтуынан естиді.

Ауылдағы түрлі өрескелдіктер мен адам мінезіндегі жағымсыздықты, ұнамсыздықты сынау үшін И.А. Крылов мысалдарын аударды.

1903-1905 жылдар аралығында Петропавл уезінде мұғалім, 1905 жылы Омбыдағы бір айлық ауыл шаруашылық курсында білім алады, 1908-1910 жылдары Петропавл қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде қызмет етеді.

1910-1919 жылдары Қостанайдың Федоровка ауылында мұғалім болады.



С. Көбеев - өмірінің соңына дейін ұрпақ тәрбиелеп, бі-лім берумен айналысқан ұстаз.

1956 жылы дүние салды.



Кітаппен жұмыс: Спандияр Көбеевтің өлеңдерін мәнерлеп оқиды,құрылысына қарай талдайды

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Спандияр Көбеевтің өмірбаянын оқып келу.

Күні: 09.03.17ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

(1858-1931)

Сабақтың мақсаты : а) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Сабақтың көрнекілігі : электронды оқулық, кітаптар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген тапсырма Ш.Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығын “Қауырсын» әдісі бойынша қорытындылаймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Тақтаға мәшһүр Жүсіп Көпейұлы туралы мәліметтер жазып қоямын. Балаларды екі топқа бөлінеді.



Кітаппен жұмыс: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқиды. Түсінгендерін бір-бірімен бөліседі.
Белгілі ақын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау деген жерде дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Адам Жүсіп. Бұл туралы ақын «Өмірбаян» атты өлеңінде:

Жасымнан қойылған ат Адам Жүсіп,

Жұрт еткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп.

Қолыма қағаз, қалам алған шақта,

Кетемін қара сөзге желдей есіп, -

деп баяндаған.

Мәшһүр Жүсіп кішкене кезінде жұт болып, әке-шешесі бір ат, бір сиырмен ғана қалады да, Көпей баласын оқыту үшін Баянауылға көшіп келеді. Сол кезде аға сұлтан болған Мұса Шорманов Баянауылға медресе салдырып, онда сабақ беруге Омбы қаласында тұратын, Бұхара қаласында білім алған Қамар хазіретті көшіріп әкеледі. Осы Қамар хазіреттен білім алған Жүсіп алғырлығымен, білімге деген құштарлығымен бірден ұстазының назарына ілінеді. Араб, парсы тілдерін жетік білген бала «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Төрт жігіттің өлеңі» т.б. қиссаларды жаттап, жұртшылық жиналған жерде айтып жүреді. Зерек баланың зейініне риза болған Мұса Шормановтың өзі Жүсіпке «Өз заманында халқына мәшһүр болатын бала екен» - деп сүйсінеді. Содан кейін баланың «Жүсіп» деген атына «Мәшһүр» деген ат қосылып айтыла бастайды.

Ән мен жырға толы қасиетті Баянауыл өлкесінің бар мұрасын бойына сіңіре жүріп, Мәшһүр он бес жасынан бастап өз жанынан өлең шығара бастайды.

1872 – 1874 жылдары Бұхардағы «Көкілташ» медресесінде араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгерген ақын өз елінде балаларды оқытумен айналысады. Түркістан, Ташкент, Бұхара,Самарқанд қалаларында болып мұсылманша білімін жетілдіреді, сол өңірлердегі аңыз, шежіре, тарихи әңгіме үлгілерін жазып алады. Орта Азияның Шайық Сағди, ӘбілғазыБаһадүр, Фирдауси, Науай сынды әлемге танымал ақындардың еңбектерімен танысады.

Ақынның «Мәшһүр» аты шығып, халыққа кең танымал болуына тұңғыш қазақ басылымы- «Дала уәлияты» газеті беттерінде жарияланған өлең, мақалаларының да әсері болды. 1905 жылғы халық наразылығынан сескенген Ресейдің сөз бостандығына жол ашқан Қазан манифесі әсерімен Қазан қаласында басылған «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «хал-ахуал», «сарыарқаның кімдікі екендігі» кітаптары ақын есімінің танымал болуына ықпал етті.



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Шайтанның саудасы» өлеңінен үзінді жаттап келу.

Күні: 09.03.17ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Мәшһүр Жүсіп - фольклортанушы

Сабақтың мақсаты : а) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ауыз әдебиетіне қосқан үлесі туралы мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Сабақтың көрнекілігі : электронды оқулық, кітаптар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген тапсырма М.Ж.Көпейұлы өмірі мен шығармашылығын сұрап, қорытындылаймын. Оқушыға бірнеше сұрақтар қоямын.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Мәшһүр Жүсіп халық ауыз әдебиетінің үлгілері – тарихи өлеңдер мен жырларды, дастандар мен хикаяларды жинақтап, жинаған үлгілеріне түсініктеме беріп, мысалдар келтірген. Мысалы: «Ұзатқан қыздың өлеңі» атты 86 жолдан тұратын «Жар-жарға» мынандай түсінік береді:»Қыздың әкесінің үйінен ұзатып жөнелтер шағы болғанда жігіттер жиналып келіп, осы өлеңді айтады:



Жігіттер:

Бір толарсақ , бір тобық санда болар, жар-жар,

Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар.

«Әкем-ай», деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,

Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар.

Қыздар:

Жазғытұрым ақша қар жаумақ қайда, жар-жар,

Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар.

Азар жақсы болса да қайын атам, жар-жар,

Айналайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар.

Ал «Беташар» өлеңі туралы: «Келін күйеудің үйіне келгенде сәлем етіп отырады, күйеудің туғандары, ағайындары – бәрі отырады. Онан соң бір кісі ағаштың басына бір асыл бұйымнан шүберек байлап алып, келіннің басындағы бүркенгенін көтеріп, бетін ашып өлең айтады.Ақын сонымен қатар бата, жоқтау үлгілерін де жинап, қазақ ауыз әдебиетінің хатқа түсуіне өз үлесін қосқан.

Мәшһүр Жүсіп айтыс үлгілерін жинап қана қоймай, өзі де айтыстарға қатысқан. «Дайыр молда мен Мәшһүр Жүсіптің жұмбақ айтысы», Мәшһүр Жүсіп пен Молдағаштың айтысы» деген сөз жарыстары сақталған.

Қазақ ауыз әдебиеті мен Шығыс әдебиеті үлгісінде «Гүлшат – Шеризат», «Шайтанның саудасы», «Ғибратнама», Баяннама» сияқты қисса-дастандарын жазған.

Ақын жиын-тойда, ел жиналған жерлерде бай мен болыстың, би мен бектің қателіктері мен кемшіліктерін тура айтып, бетіне басып отырған.

Мәшһүр Жүсіпе шығармашылығының ерекшелігі туралы сол кездегі орыс ғалымы А.Н. Белослюдов : «Мәшһүр Жүсіп халықтың мұңын жырлай бастайды. Мәшһүр Жүсіп өлеңді жазып шығарды мұның өзі қазақ әдебиетінің тарихында халықтық сипаттағы жаңа бағыттың дамуына зор түрткі жасады. Бұрын өлең көпшілік алдында ауызша айтылатын, ал ақын атану үшін біреумен айтысқа түсетін, жыршы міндетті түрде суырыпсалма ақын болуы шарт еді. Енді Көпеев өлеңдері оқырманға жазбаша түрде ұсынылды, ақын деген сөз тек ақын-жырауларға қатысты ғана емес, өлең жазуға қабілетті талант иелеріне де қолданыла бастады,» - деген пікір айтқан.



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Шайтанның саудасы» өлеңінен үзінді жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Спандияр Көбеев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет