Сабақтың тақырыбы § материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: Сағат реті №1



бет43/66
Дата05.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#22823
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Топқа бөлу.
Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу Халық дегеніміз не?
Кіріспе сұрақ: Азия елдеріне қандай елдер жатады?
Анықтаушы сұрақ:Азия дүние бөлігінің жер көлемі?
Нақтылаушы сұрақ: Оңтүстік – Батыс Азия елдері қандай дүние бөліктерімен тоғысып жатыр
Тікелей сұрақ: Оңтүстік – Батыс Азияның қандай елдеріне туристер көптеп келеді, не себепті?
Түсінік беруші сұрақ:Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі
Ассоциацияларың: Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің пайдалы қазбалары
Жабық сұрақ: Шығыс Еуропа елі мен Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің шаруашылықтарының ерекшеліктері
Ашық сұрақ:Оңтүстік – Батыс Азия жер бедеріне қандай ерекшеліктер тән

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді,даптер кітаптарын дайындайды

Тұсаукесер.
(POWER POINT)

3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Оңтүстік – Батыс Азия елдеріне байланысты суреттер көрсетіледі
-Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық
-Дұрыс айттыңдар Шығыс Еуропа елдері
-Шығыс Еуропа елдерінің негізгі шаруашылығы?
-Дұрыс айттыңдар, балық аулау, балық өңдеу
-Олай болса, бүгін біз сабақта Оңтүстік – Батыс Азия елдерімен тереңірек танысамыз.






Негізгі бөлім:
Білу

5 минут

Азия дүние бөлігінің жер көлемі 44 млн км2, халқының саны 3,5 млрд-тан астам. Оңтүстік – Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері, мен Иран таулы қыратын алып жатыр. Құрамына Түркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғанстан, Сирия, Израиял, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, БАӘ, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт елдері жатады.

1.Оқулықпен жұмыс, беттері. Оқушылар 108-112 бет, дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.



Түсіну

5 мин



Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Оқулықпен жұмыс.
1 топ Азия дүние бөлігі.
2топ Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің географиялық орны
3топ Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің жер бедері
4топ Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің пайдалы қазбалары



Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы оқушылар материктің халқы және елдері мен танысады



Қолдану



5 мин

Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма. Кластерлеу арқылы Азия елдерінің ерекшеліктерін көрсет
1-топ. Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің пайдалы қазбаларының ерекшеліктері.
2-топ. Оңтүстік – Батыс Азия жер бедерінің ерекшеліктері.
3-топ. Оңтүстік – Батыс Азия елдерін, Шығыс Еуропа елдерімен ерекшелігін атау
4-топ.Оңтүстік – Батыс Азия елдерінің негізгі проблемалары жер бедеріне байланысты

2 тапсырма. Оңтүстік – Батыс Азия елдерін картадан белгілеу





Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.
Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, картамен жұмыс орындайды.

Сергіту сәті



2 мин

Сергіту сәті.
«Жұптық ойын».
Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.

Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар сергітуді орнында жасайды.

Талдау

5 мин

Мақсаты:
Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар «Оңтүстік – Батыс Азия елдерін Шығыс Еуропа елдерімен салыстыру» тақырыбына эссе жазады.
«Ойтолғаныс» кезеңі.

Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.





Жинақтау



8 мин

Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау.
Картамен жұмыс



Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында табиғат зоналарымен ерекшеліктермен танысады
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.

Қорытынды
Рефлексия

6 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.
Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім













1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.



Үйге тапсырма

1 мин

Оңтүстік - Батыс Азия елдері. Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріне жалпы шолу жасау.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.




Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет